
14 шілде күні Иран мен «алтылық» — АҚШ, Ресей, Қытай, Франция, Ұлыбритания және Германия — арасында осы елдің ядролық қару-жарағына қатысты тарихи келісім-шартқа қол қойылды. Оның мәтіні мынадай көрінеді:
1.Алдағы 5 жыл бойына Иранға қарсы қару-жарақ эмбаргосы өз күшінде қалады. Иран қару-жарақты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне ескерте және оған тексерте отырып сатып алуға хақылы.
2.Иран алдағы 8 жыл бойы шетелдік ракеталық қару мен технологияны ала алмайды. (Иран осы екі шектеудің де біржолата алынып тасталуын талап еткенімен, ол талабы орындалмады).
3. Иран атом энергетикасының, оның ішінде әскери нысандарын БҰҰ инспекторларының тексеруге хақылы. Тек олар емес, әлі 25 жыл бойы МАГАТЭ инспекторлары да тексеріп тұратын болады.
4.Иран сондай-ақ, ең кемі 15 жыл бойы ядролық зерттеулер жүргізе алмайды.
5.Иран ядролық қару, соның ішінде плутоний негізінде жасау ниетінен, үзілді-кесілді бас тартады.
6.Иран қолындағы байытылған уран қорыың 98 пайызынан бас тартады және уранды 3,67 пайыздан артық байытпайды.
7.Осы келісімнің орндалуын Иран мен «алтылық « елдері 2 жылда бір рет тексеріп тұрады.
8.Егер Иран келісім шартын бұза қалса, санкциялар 65 күн ішінде өз күшіне қайта кіреді.
Есесіне Иранға қатысты БҰҰ-ның барлық (қаржылық, саудалық, технеологиялық және энергетикалық) санкциялары алынап тасталады. Одан бөлек Еуроодақтың банк және төлем, қамсыздандыру саласындағы шектеулерінің де күші жойылады.
Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаняху бұл құжатты «тарихи маңызы бар қате» деп бағалады. «Иран бұл келісім нәтижесінде қол жеткізетін жүздеген млрд.доллар қаржыны өз елінде аурухан мен мектеп салудың орнына осы өңірде агрессия мен террор жүргізу үшін пайдаланады» байбалам салды ол. «Өзі ұры өзгені ұры дейді, өзі қары өзгені қары дейді» деген осы шығар… Аталмыш келісімнің қол қойылмауына қолынан келгеннің істеп баққан бұл елдің Сыртқы істер вице-министрі Цибих Катабели тіпті «батыс әлемі Иран бастаған «зұлымдық белдігінің» алдында тізе бүкті» деп те жіберді. Еврейлердің ендігі – соңғы — үміті АҚШ конгресінде. Конгрессті бақылауына алып отырған республикалық партия өкілдері келісімді жерден алып, жерге салып сынауға кірісіп те кетті.
Бірақ, АҚШ президенті Б.Обама болса «бұл құжатқа қарсы Конгресстің кез келген шешіміне мен вето қоямын» жариялап үлгерді. Бұл келісім АҚШ-тың ұлттық мүддесіне жұмыс істейді деді ол.
Жарияланған күннен кейін 3 ай өткен соң күшіне енетін – оған дейін бұл құжат жайлы БҰҰ-ның резолюциясы шығады — Келісім-шарт Иранға бір жылдың ішінде-ақ миллиардтаған доллар инвестиция құйылуына мүмкіндік береді. Сарапшылар Иранның жалпы ішкі өнімі 2016 жылы 8 пайызға өседі деп жорамал жасап жатыр.
Өмірзақ АҚЖІГІТ
































Жауап беру