Сіз мындасыз:

Жеңіс монументіндегі азат етуші жауынгердің қазақстандық екенін білесіз бе?..
Жеңіс монументіндегі азат етуші жауынгердің қазақстандық екенін білесіз бе?..

1945 жылдың сәуір айы, соғыстың соңғы күндері. Берлин қаласының көшелерінде қоян — қолтық кескілескен атыстар жүріп жатты.Әрбір үй, ұлтарақтай жер үшін екі жақта берісер емес. Ажал оғын аяусыз себуде. Ландвар каналы маңындағы ықшам ауданында Гитлердің таңдаулы күзет бөлімдерінің солдатары мықтап бекініп алған. Кеңес жауынгерлерін бір табан аттатпай, ілгері бастырмай орындарынан қозғалтпауда.
Атыс саябырлаған кезде орталық алаң жақтан жылаған сәби дауысы естіледі. Не істеу керек? Егер атыс қайтадан басталып кетсе бейкүнә сәби оққа ұшып жазым болады. Сол сәтте 220-шы гвардия полкінің жауынгері Николай Масалов өжеттік танытып, жанұшыра жүгіріп барып жас немістің қыз баласын баурына басып жауып тұрған оқтың астынан алып шығады. Осы кезді күтіп тұрғандай қым — қиғаш атыс басталып кетеді. Екеуіне де оқ тимеген аман. Сол бір ұмытылмас оқиға кеңес басшыларын терең ойға қалдырған еді.
Соғыс аяқталған соң Берлин үшін шайқаста қаза болған кеңес жауынгерлерінің зираты басына Трептов-гүлзарына, сол қолына сәби қызды және оң қолына семсер ұстап тұрған алып монумент ескерткіш орнатылды.
Бір атап айтарлығы ескерткіштің кейіпкері кім ,білесіздер ме?
Ол — Атбасар ауданы Байғара ауылында 1926 жылы дүниеге келген Иван Степанович Одарченко болатын. Мүсіншілер Евгений Вучетич, Яков Белопольский және Анатолий Горпенконы жоғарыда айтылған оқиға қатты толғандырады. Олар кеңес жауынгерінің көркемдік бейнесін жасап шығаруға бел байлайды. Азат етуші кеңес жауынгерінің жинақтық бейнесін жасау үшін кейіпкер іздейді. Содан тұлғалы, әрі келбетті, балуан пішіндес Иван Одарченконың сымбаты мүсіншілерге ұнап, жарты жыл бойы кеңес солдатының бейнесін сомдайды. И. Одарченконың өзі де Берлиндегі қанды шайқастарға қатысқан жеңіс солдаты.
Содан алып монумент ескерткіштің ашылу салтанаты рәсімі 1949 жылдың 8 мамырында ұйымдастырылады. Иван Степанович ашылу салтанатына қатысып, гүл шоқтарын қояды. Ескерткіш маңайында Берлин үшін шайқаста қаза тапқан сегіз мың кеңес жауынгерлерінің сүйегі жерленген.
«Менің қолымда — Берлин коменданты, генерал Котиковтың қызы Светлана. Ол қазір Мәскеу қаласында тұрады» деп Иван Одарченко естеліктерінде жазыпты. Соғыстан кейін И.Одарченко ата жұртына, Ресейге қоныс аударды. Тамбов обылысын мекен етті. Қарша бораған оқтың астынан тірі қалған неміс қызының тағдыры белгісіз. Ол жас қызды құтқарған жауынгер Н.Масалов соғыстан аман есен елге оралып, Сібір өлкесінде тұрды.

Темірбек Қасымжанов.
Атбасар қаласы
Ақмола облысы.

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Сентябрь 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930  

Жоғарыға

Яндекс.Метрика