Сіз мындасыз:

Елу ешкі (Аңыз-әңгіме)
Елу ешкі (Аңыз-әңгіме)

Бұл аңыздың желісіне қазақы танымдар мен бестем ойынының желісі арқау етілді.

Бестем деген қария бар еді, ол Ұлы даладағы ақылды қарттардың бірі болатын. Есімінің нақты кім екені беймәлім, бірақ оны құрдастары солай атайтын, себебі, оның он ешкісі болатын да, жыл сайын әлгі ешкілер бір рет егіз, енді бір мәрте үштен лақ туатын. Сөйтіп, жыл сайын ешкілері елуге жететін де, соны он бір ұлдан құралған жанұясына азық, киім-кешек ететін.
Бестем қартты жас басып, он бір ұлы ер жетіпті. Оларға енші бөлетін уақыт келді. Ақсақалда елу ешкі мен орда үйден басқа ештеңе жоқ еді. Содан ол елу ешкіні он бала мен ордасын кенже ұлына қалдырыпты.
Бестем қария өмірден озады. Әрқайсысы бес ешкіге ие болған Бестем қарттың ұлдары ешкілерін бөлек бағып, бөлек аула жасап, соған қамайды екен. Кенже бала болса, ерке, ештеңемен ісі жоқ, қарт анасын қолына түскен олжамен бағып, қамсыз жүре береді. Бірақ ағаларының ылғи да ешкі таласына куә болып, олардың қатар орналасқан он аулаға бөлінген ешкілер өз ауласына тұрмай, мыйдай араласып, ылғи да қожайындарын таластырып қоятынына қарап іштей күліп жүретін. Бірақ бауырларының болмашы нәрсеге араздасып, жақ-жақ болып тартысып, әкесі бардағы ауызбірліктің ыдырағанына сонша уайымдап, жұрттан ұялатын. Бұрынғы сүттей ұйыған әулеттен береке кеткенін руластары да әңгіменің арқауы етіп, бірі мысқылдап, «айдағандары бес ешкі ысқырық пен айқайлары жер жарады» деп күлкіге айналдырса, енді бірі не дерге білмей қынжылатын.
Содан бір күні төбе басында күнұзақ ойланып жатқан кенжеге бір ой сап етті. Ол кешкісін «есі кеткен ешкі бағады» дегендей, ешкі машақатынан шаршаған ағаларын жинап алып, оларға ешкісін бағып беретінін, бірақ бәрін бөлек емес, бірге бағатынын, лақтаса, әділ түрде сол қожайынға беретінін, ол үшін ешбір ақы алмайтынын мәлім етеді. Бұған бірі таң қалып, бірі күмәнмен қарап, енді бірі бірден келіскен ағалары, бірақ толық шешімге келе алмайды. Бірақ кенже бала бір талап қояды, ол ойлап тапқан ойынмен күнде бір ағасымен ойнайды, кім ұтылса, ешкі отарын сол күні ұтылған адам бағатын болады. Бастары әбден қатып, ешкіден қажыған ағалары келіспеске амалдары қалмайды. Оның үстіне қара шаңырақтың иесі болғасын кенже болса да, әкелерінің орнын басқан ұлды бір уақыт тыңдауға келіседі.
Содан сол күннен бастап, елу ешкі бір өрісте жайылып, бір аулада түнейтін болады. Бірақ кенже інімен ойнаған ағалары бір де бір рет оны ұта алмайды, сөйтіп олардың әрқайсысы он күн сайын ешкі бағу кезегіне амалсыз шығатын болады.
Осылайша бір жыл өткенде, кенже баланың әрбір ағасы бұрынғы он ешкіні елу ешкі етіп көбейтіп алғанын бір-ақ сезеді. Кенжеге разы болған ағалары әрқайсысы он ешкіден бөліп, жүз ешкіні шаңырақ иесіне бір отар қылып қайтарады. Бұл жайтқа риза болған Бестем ауылы ойынды жаппай ойнауға көшіп, ақыры ол бүкіл қазаққа тарапты деседі. Содан бері бұл ойын киелі саналатын көрінеді және ешкіні Бестемше көбейту деген ырыммен, ойын «бестем» кейде «бестемше» аталыпты.

 

 

Белгіленді: 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәйкес мақалалар
 

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Август 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июл    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

Жоғарыға

Яндекс.Метрика