Сіз мындасыз:

Бүгін Астанада президентті ұлықтау рәсімі өтеді
Бүгін Астанада президентті ұлықтау рәсімі өтеді

Бүгін Астанада жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президентін ұлықтау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Қазақия  ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

 

Өткен жексенбі 26 сәуір күні елімізде президентті кезектен тыс сайлауы өтіп, 97,75% дауысын жинаған Н.Назарбаев қайта сайланған болатын. Қазақстан Президентінің лауазымына ресми кірісу рәсімінің салтанаты Тәуелсіздік сарайында өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаевты ұлықтау рәсіміне Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, облыс әкімдері, Конституциялық кеңес мүшелерi, Жоғарғы Сот судьялары, қоғам қайраткерлері, Қазақстанда тіркелген шетел димломатиялық миссиялардың өкілдері және мәртебелі қонақтар қатысады.

Рәсім Н.Назарбаев оң алақанын Ата заңға қойып тұрып, салтанатты түрде ант береді. Содан соң Орталық сайлау комиссиясының төрағасы оған президент куәлігін тапсырады, делінген жазбада.

Шара бірқатар республикалық арналарда тікелей эфирден беріледі.

Айта кетейік, инаугурация – Қазақстанда бесінші мәрте өткізілуде. Қазақстан Президенті 1991 жылы алғаш рет ант берген болатын. Сол салтанатты рәсім 10 желтоқсанда Алматыдағы Республика сарайында өткен еді.  Екінші ұлықтау рәсімі 1999 жылы 21 қаңтарда Астанада Конгресс-Холлда өтті. Ал содан кейін Қазақстан Президентін ұлықтау салтанаты 2006 жылы 11 қаңтарда Ақордада өтті. Ал төртінші инаугурация 2011 жылы 8 сәуірде Тәуелсіздік сарайында өтті.

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.

Мұрағат
 

Май 2015
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Жоғарыға