Сіз мындасыз:

Ахметовтың ақыры ма?
Ахметовтың ақыры ма?

Ең жоғарғы билікте бір-екі азамат ат ауыстырып мінді…

Ұсқындарын көріп, ұнағанын білдік. Қалай десек те, біздің елдің қорғаныс саласы мен аты жоқ «суперқаламыздың» «қалтасы» таяз емес. Бәріне жетеді: бәйбіше-тоқалды былай қойып, құдаша-қуыршаққа да Лондоннан «қазы», оффшордан «қарта» әкеліп беруге болады…

…Бір түсініксізі – американдық ғарыш кемесіндей тым-тым биікке сұмдық жылдамдықпен ұшқан Серік Ахметов, неге екені белгісіз, орыстың гептил құйған қаңқа-спутнигіндей лезде құлдилап құлап, «күл-талқаны» шықты…

Үкімет ісінің жібегін түте-түте жіп еткен Секең қорғанысқа кеткенде, Елбасы әкімшілігінің басшылығына Нұрлан Нығматуллин келді. Білгіштер: «Қарағандылықтар енді қынадай қырады, жауларын аямай жапырады» деп көсемсіп еді. Бұлай болмады, арба алға тартпай, кенет, кері кетті.

Қарағандының бұрынғы «болысы» Бауыржан Әбдіш­ев бастаған «қылмыскерлер» көгендеген қойдай қа­пасқа тоғытылды. Бұл «үр­дістің» үскірігі әлі соғып тұр…

Нұрлан Нығматуллинге жерлестері қатты наразы. «Неге жайсаңдарымызға қалқан болмайды?» деп, қапаланып отыр. Тіпті, қайсыбіреулер: «Осы сұмдықтың режиссері Нұрекеңнің (Нұрлан Нығматуллин. Р.Н.) өзі емес пе?» деп, бықсыған отқа май құйып жүрген көрінеді…

Бұл «қарағандылық жөтелдің» шипасы әзір табылмай тұр. Қанша «хозяйственник» болса да, Серік Ахметовтің аз уақытта қорғаныс қаржыларын құрдымға жіберуі мүмкін емес қой. Әлде, «қарағандылық жөтелді» қоздырған бір кездегі «болыс» Секеңнің жанына жақын һәм жылы болған «Гиппократ» фирмасының әуселесі ме екен? Бұл ұжым Секеңнің үйіндегі жеңгейдің бауырларынікі дейді ғой…

Әй, осы біздің алтын басты жігіттеріміздің ақыры, көбіне, көрпе қыртыстарынан келеді…

Райан НҰРМАНИ

 

Белгіленді: 

Жариялаған: Қазақия газеті

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Қажымұқан ҒАБДОЛЛА - 8 701 111 61 05 8,

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Ноябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Жоғарыға