Сіз мындасыз:

Астанаға Мәңгілік Қазақ Елі керек емес пе?
Астанаға Мәңгілік Қазақ Елі керек емес пе?

«Астана ақшамы» газеттің өткен сандарының бірінде Еркежан есімді әріптесімнің «Қызмет көрсету көңіл көншіте ме?» атты мақаласын оқыдым. Аруымыз жанын жегідей жеген жағдайды қағаз бетіне түсірген екен. Сатушылардың әлі салғырттығына куә болмасам да, жазған дүниесінен іліп алар жанды тұсын таптым. Яғни, мақаланың негізгі тақырыбы астаналықтардың болмысын ашуға негізделген сияқты. Әсіресе, «астаналықтардың Астанаға деген патриоттық сезімі жасанды, сүйіспеншілігі сұйық» дегенді көзім шалғанда бұл ойды өз дәлелдемелеріммен дамытқым келді.  

Менің де арман қуып ару қала — Астанаға келгеніме  көп болған жоқ.  Жылы орнымды тастап, барым мен нәрімді  қиып, Оңтүстіктен тәуекелге белімді бекем буып жеткен түрім осы. Не де болса, Астананың отымен кіріп, күлімен шығуға бекіндім. Мұнда қажет жұмыстың бәрі «мен мұндалап» алдыңнан шығады дегенге сенгенім бекер болыпты. Амал не, әр кірпішін тіктеп соққан үйімді өз қалауыммен құлаттым, енді тақыр жерден жаңасын соғуға  тура келгендей.  Мейлі, менің айтпағым келесі.  Екі мың жылдық тарихы бар киелі мекеннің топырағында  ұлттық тәрбие мен  мәдениеттен сусындап өскен жанның бірі мен боламын.  Тәуелсіз еліміздің нағыз патриот  азаматшасы болуды сол жақтан бастап үйрендім. Нағыз патриоттардың тобында осы сезімімді еселендіремін деп  жігерлі рухпен жалындап жеттім. Бірақ… мен күткендей болмады. Мұндағы халықтың  жүзінде Астананың ауа райы секілді, салқындық ызғары көбірек есетіндей. Елдің өркендеуі үшін емес, бір күндік  өмірі үшін алаңдаушылық байқалады. Бәрі асығыс. Айналаға зер салып, мейірім мен махаббат барын сезіне білмейтін секілді. Тіпті, қоғамдық көліктерде де жастардың орнынан қарғып тұрып, үлкенге орын беру әдебі саяздау көрінді.

Ал, ең бастысы, тіл мәселесіне келгенде, жүрегім расында да тоқтаусыз жылады. Себебі, Елбасының өзі айтқандай, «қазақпен қазақша сөйлесуді» мүлде ұмытқан. Бесіктен белі шықпаған қазақтың әп-әдемі қара домалақтары мен қаракөздері орысша шүлдірлейді. Бұларға үлгі болатын аға-әпкелерімізді де кезіктірмедім. Астанада «қазақ тілі» сән емес сияқты ма, қалай? Қазақ тілінде жазып келген түйіндемеме «Бұл жақта қазақшаны қабылдамайды, орысша жазғаның жөн болар» дегенді естігенде тіптен жағамды ұстадым. Ата-бабаларымыздың қып-қызыл қанымен жеткен бұл құндылығымызды қалайша менсінбей жүр мұндағылар?  Ананың ақ сүтімен дарыған туған тілімізге менсінбеушілік ел мақтайтын, үлгі тұтатын Астанада одырайып көзге басылғанда, қалған өңір қайтер екен. Елбасы биылғы жолдауында тіліміздің кең қолданысқа еніп келе жатқанын мақтанышпен жеткізді. «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды!» деді. Яғни, осы мәңгілікке жеткізу үшін мемлкеттік – ана тілімізде сөйлеуде көпке үлгі бола білгеніміз жөн. Жөн емес, тіпті тиіспіз! Армандардың мекені, болашақтың ертеңі болған Астана қаласында тұрып, патриот болмаудан, тілімізді шұбарлаудан ұялайық, астаналықтар! Біз Мәңгілік Қазақ Елі боламыз десек әр қайсымыз дәл осыдан бастаумыз керек!

 Ұлжан Шораева 

 

 

Жариялаған: Қазақия газеті

Сәкес мақалалар
 

1 пікір
 

  • Жания Байсеитова

    29.08.2014 - 12:12 Ответить

    Жарайсын курбым! Сен сиякты қазақ еліне,оның тіліне жаны ашитын азаматшалар мен азаматтар көп болса, еліміз дамыған елдердің қатарына әлдеқайда кіріп қоярмеді? Пікірінді қолдаймын!Себебі Арман қала астанаға барғанда, менде сол бейнелерді көріп, қазақ тіліме жаным ашыды!

Жауап беру
 

Бізбен байланыс
 

"Қазақия" қоғамдық-саяси апталық газеті

Газет

Бас редактор: Өмірзақ Ақжігіт

Біздің хабарламаға жазылыңыз!
 

Құрметті, оқырман!
Біздің хабарламаға жазылу арқылы сіз өз поштаңызға біздің сайтымызда жарияланған соңғы жаңалықтардан хабардар бола аласыз.
[mc4wp_form]

Мұрағат
 

Сентябрь 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Жоғарыға