Қазақия газеті » Қазына

Сыр өңірі қазақтарының рулық құрамы және орналасуы
Сырдария облысы 1867 жылы 11 шілдеде шыққан «Дала облыстарын уақытша басқару жайлы уақытша ереже» негізінде құрылып Түркістан өлкесіне кіргізілген болатын. Оның көлемі 8595 шаршы миль, халқы 818479 адам («Түркістан өлкесінің статистикасының материалдары, 1872 жыл, 12 бет).  Облыс құрамына Қазалы, Перовск, Шымкент, Әулиеата, Ташкент уездері мен Әмудария бөлімі кірген.Облыста қазақтармен бірге орыс, қарақалпақ ұлттары тұрады. Алғашқы төрт уездің негізгі халқы  — қазақтың үш жүзінің өкілдері.

ҚАЗАЛЫ УЕЗІ

Сырдария облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі мен солтүстік батысында Торғай облысымен шектеседі. Батысында шекарасы Арал теңізінің жағасымен өтеді, оңтүстігінде Әмудария бөлімімен шектеседі, оңтүстік шығысында Перовск уезімен шекаралас. 1872 жылдың дерегіне сәйкес уездің жер көлемі 1610 шаршы миль, халқы 89966 адам («Түркістан өлкесінің статистикалық материалдары» 1872 жыл, 12 бет). Табиғаты мен климаты жағынан алғанда уез біркелкі. Сырдария өзені уез жерінің үстінен өткен кезде (оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай) екі жағалауы қалың  ну қамыс пен тоғайға толған, әрі қарай жартылай шөлді дала басталады. Уездің көлемінде Қызылқұм және Арал бойындағы Қарақұм аталатын құмды жерлер басып жатыр. Арал теңізінің қалың қамысқа толы жағалауы да байлыққа толы.

Жергілікті қазақ халқының негізгі кәсіптік шаруасы  -  экстенсивті тұрғыдағы көшпелі мал бағу. Сырдария  өзенінің жағасында өмір сүретін аз ғана қауым егіншілікпен айналысады. Кедей және орташа тұрмыстағы қазақ шаруаларының Сырдария өзені мен оның салалық алқаптарында, жайылымдарында санаулы малға жететін ғана күнкөрістік мүмкіншіліктері бар. Олар жаз шығысымен Сырдариядан жүзіп өтіп ұзаққа бармай   жаз жайлауға қонуға мәжбүр. Олардың жаз жайлауы мен қыстауларының алыстығы да онша емес, 5-10 шақырымнан аспайды. Бір көлден екінші көлге, бір құдықтан (суаттан) екінші құдықтың басына көшіп барып жаз жайлайды. Малы көп байлар ғана кедей туысқандарын көмекші, батырақ есебінде жайлауға ертіп Орынбор мен Сібір ведомстволарына қарайтын жерлерге баруға мүмкіндігі бар. Малы мыңғырған байлар отарларын оңтүстікке, Қызылқұмның құмдарына айдайды. Бұл жақтың қысы Сырдария алқабымен салыстырғанда жұмсақ, ауа райы солтүстікке қарағанда шаруаға қолайлы.

Х1Х ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтардың жайлауға көшу процесіне кедергілер көбейе бастады. Оған себеп – қазақ даласына капиталистік қарым-қатынастардың енуінің нәтижесінде қазақ қоғамының жіктерге бөлінуі, Х1Х ғасырдың аяғындағы Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ даласына көшіріп әкелуі де өз әсерін тигізе бастады. Қазақстанға орыс шаруаларын орналастыру жері құнарлы Торғай және Ақмоланың жерлерінде, яғни Сыр қазақтарының жаз жайлауға  көшетін аймақтарында жүріп жатты. Жерге байланысты осындай шектеулердің нәтижесінде қазақтардың жаз жайлауға қоныстану қашықтығы қысқарып, олар амалсыздан отырықшылыққа, кейбірі көшіп жүріп егін егуге мәжбүр болды.

Қазалы уезінің аймағы Кіші жүздің руларынан, оның ішінде көпшілігі  Әлімұлы, Шекті, Қарасақал, Төртқара, Шөмекей және Кетеден тұрады.  Ең үлкен жер көлемін, Құланды түбегінен бастап (Арал теңізінің  солтүстік-батысы)  оңтүстік шығысқа қарай Қазалыға дейінгі жерді Қаракөл, Қостам және Райым болыстарында тұратын  Шекті руының қыстаулары алып жатады («Түркістан өлкесінің статистикалық материалдары, Санкт-Петербург, 1872 ж, 1-шығ. Е.Т. Смирнов «Сырдария облысы» СПб, 1887, 321 бет).

Райым болысында Шекті руының өкілдері 73,6 пайыз,  қалғандары Төртқара, Қаракесек, Қарасақал және т.б, рулар (олардың пайыздық үлесі

3-тен артық емес). Саны көп емес Қаракесек руының топтары  Қаратал (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігінде) түбегінде өмір сүреді. Оларды Ырғыз уезінің Қабырға болысының аяқ жағы деуге болар. Мұнда Қаракесек руы халықтың басым көпшілігі. Олардан батысқа қарай Қазалы уезіне жататын жерлерде Төртқара руы иелік ететін аймақ басталып, олар Ырғыз уезінің Толағай, Теректі және Қызылжар болысына кіреді.

Қостам болысында  шектілер 81,4 пайыз, Қаракөл болысында 50 пайыздан жоғары. Сүйтіп, Қаракөл, Қостам және Райым болыстарының халқының басым көпшілігі Шекті (75 пайызға жуық, 4693 үй) руынан құралады (Материалы для статистики Туркестанского края, 1872 ж. СПб, Шығ.  124-125 бет)

Қаракөл болысының құрамында (Қазалы қ. аймағында) 456 түтін Қаракесектің (14,8 пайыз) қыстауы бар. Әлімұлына жататын Шекті, Қаракесек және басқа бірнеше рулардың қыстаулары Құланды мен Қаратал түбектерінде, Сырдарияның жағасында және Аманөткел, Райым, Қаракөл, Жалаңаш деген жерлерде, Қамыстыбас, Мақпал, Тұщыбас көлдерінің жағаларында және Қосқұдықтан басталып Арал теңізінің солтүстік шығыс жағалауы мен Бозкөл шығанақтарына дейін жалғасады.

Сарытоғай болысының халқы (бұл болыс Шекті руының жерінің оңтүстік шығысында орналасқан) негізінен алғанда Төртқара (70 пайызға жуық) руынан тұрады. Бұл болыста сонымен бірге Шекті, Қаракесек және тағы басқа рулардың  (0,9-н 3 пайызға дейін) өкілдері бар.

Төртқара руының қыстаулары Сырдария өзенінің бассейнін қамти отырып Қазалы қаласынан шығысқа қарай Төретамға дейін шашылып орналасқан. Сол аймақтағы көлдерді, Жуанқұм мен Қызылқұм құмдарын, Сарытоғай болысының оңтүстік бөлігіндегі құдықтарға дейін алып жатыр. Бұл ру өз құрамында 1184 түтінді қамтиды. Әрі қарай Төртқараның жерінен оңтүстік шығысқа қарай сан жағынан ең көп рудың бірі  -  Шөмекейлердің қыстаулары басталады. Олардың саны 5646 түтін. Шөмекей руының қыстаулары Сырдарияның төменгі ағысындағы жағалаудан басталып солтүстікке қарай Қараөзек өзеншігіне, Қарадүзген-Қабақ және Қарасу алқаптарына, Сырдарияның оңтүстігіне қарай  -  Тарнабай-Тегіс және Жосалы алқабына жетіп, Наурызбай, Жарма каналдарының жағасымен Төрткүл, Бестам, Тортоғай деген жерлермен жалғасып көптеген құдықтар мен жайылымдарды қамтып, Қызылқұмға дейін жетеді (Полевые материалы, КОЭЭ 1958 ж).

Шөмекей болыстарының шығыс жағалауында Байұлыға жататын Алтын руының 400 үйі көшпелі өмір сүруде. Уез аймағында Қарасақал руының 3 ауылы, барлығы 789 түтін көшіп-қонып жүргендігі жазылған. (Материалы для статистики Туркестанского края). Осы еңбекте жазылған «Қазалы қаласының төңірегінде бар болғаны 32 қарасақал түтіні көшпелі өмір сүруде» деген дерек жаңсақ.

Қазалы уезінің өңірінде Қожа руынан (қазақ даласына ислам дінін таратуға жіберілген өкілдердің ұрпақтары) 94 үй көшпелі өмір сүреді. Уездің оңтүстік батыс бөлігінде 39 түтін қарақалпақ көшіп-қонып тұрмыс шегуде. Сонымен бірге жоғарыда аталған еңбектегі дерек бойынша (Материалы для статистики Туркестанского края, 1872 ж) уез көлемінде 3 сұлтан, 11 төлеңгіт болды. Бұл сұлтандар, қастарындағы төлеңгіттерін ертіп Шекті руының арасында солтүстік-батыстағы болыстардың арасында көшіп-қонып жүрген.

Уезд ішіндегі әртүрлі ру өкілдерін пайызға шағатын болсақ, ол былай: Шекті – 40 пайыз, Төртқара – 15, Шөмекей – 30, Қаракесек -4, Қарасақал – 7, Қожа, Сұлтан, Төлеңгіт, Қарақалпақ – 4 пайыз. Қыстаулардан жайлауға көшудің бірнеше жолдары болған. 1- жол : Сырдариядан басталып Ырғыз уезінің Аманқұл болысының үстімен Егізқара тауына дейін;  2- жол: Ырғыз уезіне кіріп Толағай мен Қызылжар болыстарының жерлері арқылы Буратал және Ащыбұлақ өзендеріне дейін барған; 3- жол: Толағай болысы арқылы Үшқамты, Жарбұлақ, Қандай өзендеріне дейін:

Шекті руы жаз жайлауға Ырғыз уезі арқылы екі жолмен шығатын болған. 1-ші:  Толағай, Аралғы болыстары арқылы Қызылжар болысына кіріп Ащысай өзеніне дейін; 2-ші:  Арал теңізі жағасынан Сақпартөбе және Обалы тауларына дейін.

Шөмекей руы Қарақұмнан шығып Ырғыз уезі арқылы екі жолмен жайлауға шыққан. 1-ші:  Солтүстік шығысқа жол тартып Тауық және Кенжеғара болыстарына жетіп Торғай уезіне кіріп Әйке көліне жетіп жайлаған. Сандары аз Қаракесек, Қарасақал сияқты рулар  қай әкімдік қауымға кірсе, сол қауыммен бірге көшіп-қонып жүрген.

Айтқандарымызды қорытатын болсақ, аталған рулардың қазақтары солтүстікке, Ырғыз, Торғай, Тобыл өзендеріне, Мұғаджар тауларына Сырдария облысының шекарасынан өтіп Орынбор облысындағы қазақтар тұратын аймақтарға жайлауға шығатын болған. Арал теңізінің солтүстік батысында қыстайтын Шекті, Төртқара және Қаракесек рулары жайлауға Ырғыз бен Ембі өзендеріне және Мұғаджар тауына жеткен.

Сағат Жүсіп, Қызылорда

(Жалғасы бар)

The post Сыр өңірі қазақтарының рулық құрамы және орналасуы appeared first on Қазақия газеті.

Сағыныш деп қойған кім күздің атын…
Сүйінші!  Ақтөбенің поэзия әлемі тағы бір  тағы бір жыр жинағымен толықты.  Алматыдағы «Хан тәңірі» баспасынан Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы аясында ақын Бауыржан Бабажанұлының «Ниетқабыл» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақжолтай хабар Ақтөбеге өткен аптада жетті.

Қай өлеңінен де қазақы қоңыр болмыстың, адами ақ тілектің, сыршыл жүректің, мұң аралас нәзіктіктің, қазақы қарапайын  философияның сарыны есіп тұратын Ақынның жаңа жинағы да сәтті шығыпты. Оқырман облыс кітапханаларынан таба алады. Ал біз өз тарапымыздан Төлеген- сағыныш тұнған Бауыржан-жырдың бұлағы сарқылмасын дейміз. Құтты болсын, Бауке!

«Қазақия».

ҚАМШЫ ҚҰДІРЕТІ

(баллада)

Әлқисса, біз білмейтін заман екен,

Әрине,  уақыт —  басқа, сана — бөтен.

Аты да ұмытылған бір түбекте,

Оқиға өтті дейді алабөтен.

Сескендірген даңқымен атырапты,

Өзі мықты, халқы да бақуатты.

Бір баһадүр  хан бопты.

Қарсы келген

дұшпанның қабырғасы қақырапты.

— «Тағатын міндерің ғой, ылғи маған,

Естіген сайын іштей бір қиналам,

Ал болсын дегендерің! Шәр салам»,

— деп,

Басып алған елдерден құл жинаған.

Осылай бір ермекті тапты дейді,

Халқы да хан қабағын бақты дейді.

Тек: «Құлды жинай берген дұрыс емес…»

Бір ақсақал қарсы уәж айтты дейді.

Қамқа тоны сәл сырғып иығынан,

Көңлі қалып, билердің жиынынан.

«Құлдан қорқып…

Алжыған деген — осы»

Хан мысқылдап күледі миығынан.

Бұйрық бар:

«Ез!

Аяма!

Жаншы!» — деген,

«Қашқан жауға қатын да ер».

Әлсіреген,

құлға бәрі мәтіби.

Жасауылдар,

бөріктіріп сабайды қамшыменен…

Сегіз өрім бұзаутіс ысқырады,

Ысқырған сайын құлдар ышқынады.

Қарсыласып көргендер болып еді,

Ұзамай қалыбына түсті бәрі.

Бір күні хан жорыққа тағы аттанды,

Көрші елді жауламаққа талаптанды.

Қалың қол жөңкілгенде, арттағы елге,

Азғантай жасақ қана қарап қалды.

Қалың құлдың көзі енді жанды дейді,

Қол кеткесін бастады лаңды дейді.

Аз жасақты қырып сап, қолдарына,

Бір күні ел билігін алды дейді.

Уай, дүние-ай, ару қандай, мыстан қандай,

Бақ жанса, құл қолына құс қонғандай.

Алшаң басып…

Кеште хан төсегінде,

Ханымын ыңырсытып, құшқан қандай.

Кілең құл қарқылдайды, жырқылдайды,

Жарасар бәрі…

Болса, ұртың майлы…

Кешегі сәлем алмас ханшаларың,

Қойнында қара құлдың бұлтыңдайды…

Құл кешегі бағланды тепкілейді,

Азары бұл нәубеттің өтті дейді…

«Осылай да осылай боп жатыр…» —  деп,

Ханға да елден хабар жетті дейді.

Ол дереу бұрған екен аттың басын,

Құдайым іске осындай тап қылғасын…

Құлдарға кешірім жоқ!

Мойнындағы

Құрықты хан тағына лақтырғасын…

Қырамыз бәрін түгел дескен дейді,

…Құлдар да хан қолынан сескенбейді.

Қыл ауыздан күтіп ап  көп жасақты,

Қиян-кескі айқаста дес бермейді.

Иықтан бір албасты басты дейді,

Ханның қолы шегініп, қашты дейді.

Жалт бұрылған  әскердің  түрін көріп,

Не істерін білмей ол састы дейді.

Кенет…

Кенет…

Қарқылдап күлді дейді,

(Мұндайды есі ауысты, жынды дейді).

Уәзір біткен жоламай…

Сол кездері

Бір бала хан алдына кірді дейді.

Хан ием, әуелі Алла деп айтайын,

Содан соң елдің қамын жеп айтайын.

Бала демей,  сөзіме құлақ түрсең,

Дұшпанды жеңер жолды мен айтайын.

Бала да батыл екен, тартынбайды,

Екі көз екі алмастай жарқылдайды.

Уәзірден, қолбасшыдан  қайран болмай,

Баланың әңгімесін хан тыңдайды.

Содан соң дереу қолды жиды дейді,

Басқа заман түсіп тұр қилы дейді.

«Ақыл — жастан» — деген сөз рас екен,

Бала арқылы берді Алла сыйды дейді.

Ал енді, жаршыларым, жар салыңдар,

Әскерім, жауға қарай қарсы ағыңдар.

Қылыш, сүңгі, найзаның бәрін тастап,

Тек қана қолдарыңа қамшы алыңдар.

Хан сөзі екі болмас.

Барсын ерлер,

Қиқулап, ұлы айқайға салсын ерлер,

Құйғытып келе жатыр, міне, ұрандап,

Найзагер емес, кілең қамшыгерлер.

Хан ісі кенет оңға басты дейді,

Бала айтқан айла іске асты дейді.

Қамшыны көрген сәтте-ақ

қалың құлдың,

Зәресі ұшып, құттары қашты дейді.

Бір-бірлеп қуып жетіп, құрықтайды…

Тарихтың тағылымын кім ұқпайды:

Иығына алтын тон ілсе-дағы,

Құл ешқашан қамшыны ұмытпайды.

…Көз алдымда қиқулап сәйгүліктер,

Тұрса-дағы кейде ойды қайғы бүктер.

Осы аңыз есіме ылғи түсе берді,

…Ештеңе айтқан жоқпын, әй, жігіттер.

КӨКТЕМ. ӨЛЕҢ

Көктемнің айтты жайын бар,

Тізбегін құстар бұзбай кеп.

Бүр жарды кенет қайыңдар,

Бойжеткен биыл қыздай боп.

Жан-дүниең қайтіп түлемес,

Сүюдің балын татқанда ой.

Өріктің гүлі гүл емес,

Көктем-қыз жазған хаттар ғой…

Сезімге, бұл сәт, кім ие,

Беймаза бір күй тапты ойлы ұл.

Тал ғана  емес, дүние,

Көңілдер гүлдер шақ қой — бұл!

Аруға, анау,  арна жыр,

Болмайды ол, сірә, кетәрі.

Жүрегі оның дәл қазір —

Бәйшешектердің отаны.

Жұпарын шашып бау-бақ та,

Дүркірер кез ғой, дүркірер,

Жөнеліп жатыр жан-жаққа,

Ақсүйек іздеп күлкілер…

Табады дүр сөз тілерде ел:

«Көктемнің аты — Ізгі үміт!»

«Махаббат!» — дейді біреулер,

«Бақыт!» — дер біреу үздігіп.

Бақыттың аты-затына,

Сенбейтін жанмен дос емен.

…Көктемнің жазған хатына,

Жауабым менің – осы өлең!

САРЫ ЖАПЫРАҚ

Сары шекпенін жамылып атырап бар…

Сап-сары жапырақтар,

Сағыныш   ешкімге опа берген жоқ қой,

Кімді сонша күттіңдер, ақымақтар?!

Иірімінде тұратын жылдар жылап,

Әндеріңді бар ма екен тыңдар құлақ?

«Сағыныш ешкімге опа берген жоқ қой…»

Әй, ақылды тыңдайтын кім бар,  бірақ…

Орта жолдан асқасын Тірлік-Ие,

Қайғыны — әулие тұтасың,

мұңды — кие.

Ақылың не…

Әу баста Хақ бұйрығын,

Тыңдамаудан басталған бұл дүние.

Қырау түсіп… көңілді сыз қылатын,

Күзге келіп, қол берген біз — бір ақын…

Жапырақтар, жандарым, айтыңдаршы,

Сағыныш  деп қойған кім,  күздің атын?

Дәл сендердей сезімтал болмасам да-ай,

Аяғымды,  күйім жоқ,  паң басардай.

Бір сәтке адам көзімен  қараңдаршы,

Сарғайып кеткем бе  екем

мен де сондай?

Бірдеңеден қалғандай, аласұра,

Ей, өмір, сен де зулап барасың, ә?

… Жапырақтар ұшып кеп,

қонып жатыр,

Әкем менен шешемнің моласына.

«ҒАРЫШКЕР»

Құлын-тайдай  тебісіп өскен дос

– Болат Абатұлының аруағына

«Кім болам?»

Тақырыбы —  шығарманың,

Әншейінде көзіңнен ұғар бәрін.

Ағай да шығып кетті.

Сезді ме екен,

Әр кеудеде бүр жарған бір ән барын.

Ағай шығып кетсе де…

Тыныш бәрі.

Тұңғыш рет Үнсіздік…

Ту ұстады.

Бір-бірімен қырылып жатар күнде,

Тентек ұл мен ерке қыз ұрыспады…

Армандау қиын ба екен…

Оқығаннан,

Бақытының көргендей отын алдан.

Сол  сәтте-ақ күллі әлемді кезіп кетті,

Тар класқа сыймаған отыз арман.

Қарлығаш-ой  аспанға қақты қанат,

…Сабақтан соң жөнелдік шапқылап ап.

Ертеңіне мұғалім оқып берді:

— Мен ғарышкер боламын!

—  депті Болат.

Арманы қыр көрсеткен…

Сары балаға,

Қызыға да қарадық, таңдана да.

Тұңғыш рет оянды қызғанышым:

«Қалай менің басыма келмеген, ә?».

«Болмайды…»  —  деп ойламас,

бала, әрине,

Аяқасты  бөленген дара күйге.

Бүкіл класс қарадық….

Тым төменнен

Көкті тілер болашақ «Гагаринге».

Кейін: «Болат ұмытты көкті…»

—  деп ек…

…Аспан жақтан бір хабар жетті ме,

ерек?

Қайран  досым,  отыздан аса бере,

Ғарыш жаққа аттанып кетті кенет.

«Бұл дүние — о дүниенің елесіндей…»  —

десем, дос, мені жынды көресің бе, ей?

…Ауылдың сыртында үлкен

мола жатыр,

Құлаған Жерге ғарыш кемесіндей…

ҚЫЗКҮТКЕН

Бір қыз бар Ақтөбеде, аты — Көктем,

Қалқамның көркем еді нәті неткен!

Бірақ та  әкесінің түсі суық,

Қыс деген — аты да өктем,

заты да өктем.

Аузынан шыққан сөзі, сірә, балдай,

Жігіт ем  қай қызға да ұнағандай.

Далада тұрмын, міне, діңкем құрып,

Еркемді үйден сыртқа шығара алмай.

«Бұл кім, әй?

Бұлай тұрған жарамайды».

Барақ-Жел  айнала үріп, абалайды.

Боз бұлттың жабығынан сығалаған,

Сұлу  Ай күліп,  мені табалайды.

Ойлар кеп бірі мәнсіз, бірі мәнді,

Көңілім көкке қарап ұлыған-ды.

…Түшкіріп, қақырынып-түкірініп,

Қырсық шал жатпай, ұзақ жүріп алды.

Кеудемді тағы күдік кескіледі:

«Ай, осы қашан маған ес кіреді».

Кетейін десем, сол сәт

Қалқатайдың

сыңғыры шолпысының естіледі.

… Үні өшті Барақ-Желдің абалаған,

Қырсық шал да қисайды… (Шамалағам).

«Шығады ол. Әні-міне кеп қалады…»

Жүрегім алдамайды!

Сенем оған!

The post Сағыныш  деп қойған кім күздің атын… appeared first on Қазақия газеті.

Этнографиялық этюдтер
Атақты…  жиенімін

Орысқолдау бір келінім бар.  Жиенімнің жұбайы. Екі ұлы бар. Біріншісін, қазақы ғұрып бойынша, апам мен жездем «алған». Ішіндіретін солар, киіндіретін солар. Себебі бала — «солардікі».

Бірде келінім төркіндеріне бір туған күнге қонақтап баратын болды. Әдеттегідей,  мен — «сарай ақыны», оның айтатын сөзін дайындап, балаларына сөз дайындап бердім. Жаңағы «біздің» балаға, кәдімгі қазақтың қара өлеңінің ізімен:

-Аттымын, жаяулымын, түйелімін,

Келгенде сөйлер сөзге жүйелімін,

Жігіттер, танымасақ, танысайық,

Атақты Төртқараның жиенімін,- деген төрт жол тақпақты жаттатқызып, келінді ауылға шығарып салдық.

Келін сапардан келді.  Құда-құдағи сарқыт беріп жіберген, арқа-жарқамыз. Бір кезде әлгі «біздің» бала:

- Мен, сіз үйреткен тақпақты олай айтқан жоқпын, былай айттым,- де-е-п басып салғаны. «Балалы үйдің ұрлығы жатпас». Әңгіменің қысқасы, Төртқараның орнына (апамның руы), келін өз руының атын қойып айтқызыпты. Апамның «давлениесі» көтеріліп кетті, жездем күрсініп, кабинетіне кіріп кетті..

Мен өтіп кеттім…

…Әріректен қарап келем. Қазақтың жап-жас отбасы. Әкесі, анасы, тұлымшағы желбіреген кішкентай қызы. Төрт-бес жас шамасы-ау.  Көктемнің алғашқы шуағымен бірге  күлімдеген, шаттықтан  жадыраған жүздері бал-бұл жанады. Бақытты екендері  «мен мұндалап» тұр.

Жақындап келем. Олар да. Әрі қарай әңгімесіне құлақ салыңыз, орфографиясына жауап бермеймін.

- Алмируша, морожный алып берейін бе? Бұл — әкесі (папасы).

- Папа, сок,  сок ішем дедім ғой.

- Морожный  беруге болмайды демедім бе? Неге есіне саласың, қасқа екенсің бір… Бұл -  соңғы сәнмен киінген әдемі келіншектің, әйелінің сөзі.

Мен жақындап қалдым. Сән-салтанатына қарасаң, еш жерде, ешкімге бой таластыратын түрлері жоқ. «Менің келінім, менің інім болсын» дейтін-ақ адамдар.

Бес-он  қадам қалды. Менің қазақы «жаман»  ойым… ойран болатын түрі бар.  Екі иығына екі жігіт мінгендей аптал азамат та, оның  жанындағы сұлу, сырғалы келіншегі де  (балапанды айтпай-ақ қояйын)… кідіретін емес. Дұрыс, шашы ағарған, жағы суалған кемпір емес шығармын, бірақ олардан үлкен адам екенім көрініп тұр ғой. Менің (біздің) тәрбиемше, менің ойымша… олар маған жол берулері керек. «Тиіс» деп  әдейі айтпай отырмын, «керек», қазақы тәрбие бойынша.

Екі-үш қадам қалды. Олар екпіндеп келеді. Манадан бері жас отбасына сүйсініп келе жатырған менің де… «жыным» ұстап кетті. Қадамымды ширақтау басып, жақындай бердім. («Кідіріп, жол беретін шығар» деген үміт кеудемде әлі сығалайды).

Бір қадам, жарты қадам… Оларды, еркегі мен әйелін,  қаға-соға, алдарынан өтіп кеттім. «Мынау жынды ма?» дегендей олар маған біртүрлі қарап қалды. Мен өтіп кеттім.

… Енді олар мен үшін менің Қазағымның әдемі жас отбасы емес, бар болғаны  бір үйдің еркегі мен әйелі ғана еді… Бірақ менің Қазағымдікі…

«Түу, папа, сәлем  салайыншы!..»

Гүлсамалым, өз тұстастары тәрізді, «современная»…

Әдеттегідей құдаларға келгем.  Шәй-пәй, сый–сыяпат дегендей. Қызыма қарап отырмын. Үйде жүргенде, қамыр жазса, қолының «аллергиясы» құтырып кететін,  шәй жасаса, қасығын ұмытып кететін қызым… кәдімгідей келін болып қалыпты. Бәрі орынша, бәрі қалпында. Енесі көзімен бағып отыр. Ол сынай қараса, мен… жаным шығып қараймын. Жоқ, ештеңе бүлінген жоқ, шәй құйғанда, кесе сылдырламады, шәйді де «ішсең іш, ішпесең қой» дегендей ернеулетпеді, тәттілеп құйып берді. «Шүкір» деп отырмын ішімнен.

Ет келді алдымызға. Сорпасын да іштік. Енді осы  үйдің келіні, менің қызым табақ алу керек. «Ответственный» мезетті жаным шығып күтіп отырмын. «Не істер екен, үйге қонақ келгенде, сәлем етіп, табақ алу бөлек, бірақ атасына  күнде сәлем ету керек қой».

Тап осы кезде бір маса келіп  үйдің қабырғасының жоғарғы жағына қона қалмай ма? Құдам маса-шыбын дегенді  сүймейтін адам,  қолына сапалақ ала салып, ұшып тұрып кетті. (Ол келінінен де «современный»). Әлгі масаны аңдып, құдам тұр. Бір минут, екі минут…  Құдағи мен екеуміз мырс-мырс. Келіннің шыдамы таусылды-ау деймін, бір кезде атасына:

-Түу, папа, сәлем салайыншы, бері қарамайсыз ба?- дегені. Құдағи екеуміз… жарылдық.

…Сұрап, жалынып болса да атаға сәлем салғанға не жетсін!?

Саят — біздің ауылдың баласы

…Ақтөбе облысының Алға қаласы — облыс орталығынан 40 шақырымдай жер.  Мен облыс орталығына жұмысқа қатынаймын. Журналист «міскіндердің» шаруасы таусылған ба,  үйіме кеш қайттым. Тым кеш. Түнгі бірдің шамасы болар. Алғаның таксилері тоқтап қалған, жолай Қандыағашқа (келесі аудан) өткен біреуіне, «әке-көкелеп» отырып, күре жолдан түсіп қалғам. Үйге дейін он минут жер. Бүгінгі күнді  таразылауға аздап та болса, жететін уақыт.

Көше жым-жырт. Анда-санда кездескен біреу болмаса… Алғаның орталықтағы ең үлкен көшесіне жақындадым (сонда тұрам). Басқасына жарық жетпесе де, орталық жарқырап тұрмай ма, Шоқан атам (Уәлихановты айтам) мен екеуміздің көшеміз самаладай.

…Қыз бен жігіт. (Енді қалай айтсам екен?) Әлгі қыз: «мені сүйесің бе, онда тап осы жарық жерде ернімнен сүй» дейді. Анаусы «ох» дейді де, сүйеді. Жарық жерде тағы не істейтіндерін қайдан білейін, себебі мен үйіме жетіп қалғам…  Орталықтың қапырығынан кейінгі таза ауа да, бүгінгі өткен ақын кездесуі де… быт-шыт бола жаздап еді…

Теледидарды қостым. «Отырмын жақындауға дәтім бармай, жанарым жанарыңмен аймаласып». Саят Медеуов.  (Өлеңі, қателеспесем, Аманжол сері Әлтаевтікі болуы керек, әуені кімдікі екенін айтпады). Әлгі киіктің асығындай қара бала. Дауыс қандай,  сезім қандай?  «Дариға-а-ай» деп созады тағы.

Сол «Дариға-а-айда» бәрі-бәрі жатқандай: кеше күреңтөбелге мініп, әжеме  атам кездесуге келген күреңбел (бірақ, әжем түгілі атам да сүйе алмаған шығар-ау сол күні),  сағынышқа толы арадағы  өткен күндер; оның бер жағында әскерден (армиядан) жігітін күтіп алған шешеміздің де оны көре алмай он күн зарыққаны; тағы да кездесе алмай, шымылдықтан шыққан соң ғана… кездескендері… осының бәрі Саят-

тың бір «Дариға-айына» сыйып кетті. Сол тізбектелген қалпы жан-дүниемді  де тазалап өтті…

Осы Саят біздің ауылдың баласы емес пе екен? Әрине, қазақтың баласы… Саяттың қазақы иіс аңқыған дауысы барда… Қазақ та жоғала қоймас!

…Әлгілер қашанғы сүйісер дейсің, «әсіре, қызыл тез оңар» депті бір данышпан. Ол данышпан да Қазақ екен, айтпақшы…

Шара ЕЛЕУСІЗ, Ақтөбе

The post Этнографиялық  этюдтер appeared first on Қазақия газеті.

Қоянды жәрмеңкесі
1997 жылдың қоңыр күзі. Сахараның жусаны мен изені солғын тарта бастаған шақ. Қыр астында демі білініп тұрған қыстың көп ұзамай келерін сездіргендей суық желдің ызғары, әсіресе таңсәріде анық сезіледі. Газды басып қалсаң, ытқи жөнелетін желісі алабөтен шетелдің жүйрік пырағындай емес, шабандай жүретін өзіміздің «Нива» көлігінде екеуміз. Семейден бүгін шыққан бетіміз. Қарқаралыны басып, Қарағандыға жетпекпіз. Кеншілер қаласында аяқ суытып, келесі күні ертемен Жезқазғанды бетке алып, сапарымызды одан әрі жалғастырмақшымыз. жылдың қоңыр күзі. Сахараның жусаны мен изені солғын тарта бастаған шақ. Қыр астында демі білініп тұрған қыстың көп ұзамай келерін сездіргендей суық желдің ызғары, әсіресе таңсәріде анық сезіледі.

Жол ұзақ. Шабан көліктің рөлі ұзақ жолда жылдам шаршатады. Сондықтан баранкаға  кезек жармасамыз.

- Сенің осы Қоянды жәрмеңкесі жайлы не естіп-білгенің бар?-деп Қарқаралының төбесі көрінген кезде  сапарласым Ғинекең бір тың әңгіме бастады.

Қоянды жайлы мендегі дерек тапшы болатын. Тек:

- «Атыңнан айналайын, Қарқаралы», — деп Мәди жырлаған, Қарқаралының бір сілемі – Бұғылы тауының басына біткен Шайтанкөл Сәбит Мұқановтың  «Сұлушаш» поэмасында тамаша суреттелген,-деумен тоқтадым.

- Пәлі!-деді серігім.- Ендеше тыңда.

Таулар, таулар қашаңғы қасқа алыптар,

Мендей сені сезді ме басқа жұрттар.

Ақ шашты әжем секілді тұрып алды,

Қарқаралы басында ақша бұлттар,- деген өлеңді Сырбай Мәуленов жазған.

Көк таулардың арасынан көз тартып тұратын Жиренсақал шыңын бүгінде халық «Қарқаралы шыңы» деп атайды. Ал анау Бұғылы, Шаңкөз, Көктөбе таулары, Қарқаралының оңтүстік-шығысындағы Кент таулары, ал одан шығысқа қарай Балқантау сілемдері — жер ананың «Қарқарасы» сияқты емес пе?!-деп Ғинекең шабыттана сөйледі. — Расымен де, алыстан мұнартқан көгілдір таулар, Сарыарқаның төскейіне төге салған маржандай сұлу көлдер, көне заманнан келе жатқан қалың орман жер  жаннаты емей, немене?!

Қарқаралы дуан, уез болып тұрғанда, сонау Шу өзенінен бастап Ақшатау, Мойынты, Ағадыр, Ақсу-Аюлы, Бұғылыны қамти келіп Шыңғыстауға дейінгі ұлан-байтақ аймақты алып жатқан аса ірі әкімшілік құрылым болған. Алғашқыда 20 мың отбасы, 60 мың адам мекен еткен дуан халқы 1850-жылдары 146 мыңға, он тоғызыншы ғасырдың соңына қарай 172 мыңға жеткен.

Болыстар — Шұбартау, Нұра, Қызылтау, Ақшатау, Балқаш, Тоқырауын, Едірей, Берікқара, Ақсары, Кент, Темірші, Абыралы, Дегелең тау-өзен деп аталып, жер аттарын иемденген.

Апырым-ай, адамның құпиясы ішінде екен-ау, өзім бір кісідей білемін деген Ғинекеңнің ел-жер тарихына жетік, қызыл тілге бай екенін білсемші бұрын. Мына әңгімесі жаныма жағып барады.

- Оу, ағасы, бастамайсың ба ендеше сол Қояндыға!

- Қоянды қиыста жатыр, — деді ол. – Бұл жолы бара алмаймыз.Алайда, алдағы жазда әдейілеп апарамын. Ал бүгінше мына әңгімені қанағат тұт.

Тарихи деректерде: «XIX ғасырдың екінші жартысында капиталистік қатынастардың ширауымен Қазақстанда сауда дами бастады. Шаруашылықтың типіне сәйкес Қазақстанда сауданың негізгі үш түрі: көшпелі аудандарда – тасымалды сауда, шаруашылық типті жартылай отырықшы аудандарда – жәрмеңке саудасы, отырықшы шаруашылықтары басым аудандарда – тұрақты сауда ( қоймалар, дүкендер, т.б.) болды», — деген дәйектеме айтылады.

Айырбас сауда жасаумен негізінен ел аралап жүріп орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысқан. Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатып, қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрген, жүн мен майды қажетінше сатып алған. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор мен Ор, Қызылжар мен Омбының зауыттарына, сол қалалардың базарларындағы алыпсатар-саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін. Ал бұлар өз кезегінде ол өнімдерді ішкі Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін.

Жәрмеңкелерге әкелінетін тауарлар үш топқа бөлінетін. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнімдері, тері-терсек, жүн-жұрқа, киіз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдің еуропалық бөлігінен киім-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, үн, шай, қант, білтелі шамдар, сабын, фарфордан, темірден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткізілетін. Орта Азия саудагерлері болса әр түрлі шапан, кілем, жібек, мақта-мата кездемесін, ер-тұрман әбзелін, сондай-ақ кептірілген жеміс-жидек өнімдерін сатқан.

Саяси өмірдегі оқиғалар шиеленісіп қыза түскен кездері жәрмеңкелер өкімет билігінің жоғары органына жазбаша шағым түрінде петициялар жолдайтын орын да болып табылды. Мысалы үшін, 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен атақты Қарқаралы петициясы жазылғаны белгілі.

Қазақстандағы тұңғыш жәрмеңке 1832 жылы Бөкей ордасында хан ордасы жанынан ашылғаны белгілі. Кейіннен, бұл 1855-ші жыл болса керек, Семейде екі қалалық жәрмеңке ашылады. Ақмола облысында Тайыншакөл, Константиновск, Атбасарда — Петровск және 50-ден астам ұсақ, орташа жәрмеңкелер жұмыс істеді. Ал кейіннен Семей облысында — Шар, Жетісуда – Қарқара, Сырдария облысында — Әулиеата,  Орал облысында — Ойыл, Темір жәрмеңкелері ашылады.

Дегенмен, осылардың ішінде 1848 жылы Қарқаралы уезінде іргесін қалаған Қоянды жәрмеңкесінің орны бөлек-ті. Бұл атақты жәрмеңке бақандай сексен екі жыл ғұмыр кешті. Заман ығымен 1930-шы жылы тынысы тоқтады.

Қояндыға қазақтың кең сахарасынан өзге мына жағы Батыс Қытай мен Орта Азиядан, ана жағы Сібір мен Оралдан қалың ел сауда жасауға ағылған. Айырбас сауда-саттықта арада екі жасар ісек сауда эквиваленті болған. Бұл бағам 2 рубль күміс ақшаға тең сома болатын.

Жәрмеңкенің алғашқы саудасы қазақ киіз үйлерде жасалса, 1871 жылдан бастап арнайы сауда балағандары салына бастайды. Жәрмеңкедегі басты сауда — төрт түлік мал, оның ішінде қой саудасы негізгі роль атқарған. Сонымен қатар, жергілікті мал және мал өнімдеріне батыс Қытай, Моңғолия, Үндістан, Батыс Сібір, орталық Ресей саудагерлері өз жерінен қолданыстағы сауда бұйымдарын айырбасқа салған. Бұл  жәйт Қоянды жәрмеңкесінің халықаралық маңызының зор болғандығына куә.

1869 жылы Семей губерниясының әскери губернаторы Полторацкий мен Қарқаралы уезінің бастығы штабс-капитан Тихонов Қоянды сауда орнын жәрмеңке ретінде тануға бұйрық шығарады. Осы кезден бастап, бірде «Қарқаралы», бірде «Қоянды» деп аталып жүрген жәрмеңке «Ботов» атауына ие болады. 1869 жылы 12 қыркүйекте Батыс Сібір Бас басқармасының кеңесі Қоянды жерінде жыл сайын 15 маусымнан 15 шілдеге дейін жәрмеңке ұйымдастыруды бекітеді. Қоянды жәрмеңкесі жылдан-жылға күшейе түседі.

Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын. Семей жәрмеңкесіндегі малдың көптігіне таңғалған белгілі саяхатшы Аткинсон: “Семейде мал өткізушімен таныстым. Ол саудаға салуға 300 жылқы, 7 мың бұқа, 20 мың қой айдап келіпті. Мұның жалпы бағасы 100 мың сом!”- деп таңғала жазыпты.

…Қояндыға араға ұзақ жылдар салып, ат басын бұрудың сәті түскен. Тағы да сол Ғинекеңмен, бұл күнде ішкі істер саласының доғарыстағы полковнигі Ғинаят Терлікбаевпен.

Алдыңғы өткен ғасырларда аттай сексен жыл атағы дүркіреп тұрған Қоянды жәрмеңкесі Қарқаралыдан солтүстікке қарай алпыс шақырымнан асар-аспас жердегі Талды өзенінің сол жағасында, Балықтыкөл мен Қарасор көлдерінің аралығында қоныс теуіпті.

Талды өзенінің бойында орналасуының басты себебі, сатуға әкелінген малды уақытша жаюға жері құнарлы, суы мол, шөбі шүйгін. Тау сілемдерінің етегін ала ағып жатқан шағын өзеннің табанындағы елді мекен үстінен Орта Азия мен Сібір аралығындағы ұлы керуен жолы өткен.

- Қоянды жәрмеңкесінің негізін қалаған Орал тауларының иініндегі Ялуторовск деп аталатын шағын қаладан шыққан Варнава Ботов деген саудагер көпес. Талдының бойын ол тегін таңдамаған. Қарашы өзің, қандай тыныш, атшаптырым кең жер десеңші. Мына жерде қазақ саудагерлерінің киіз үйлері тұрған. Одан әрі дүкендер жалғасқан. Анау тұрған қоңыраутұрақ-колокольня таңертең ертемен қоңыраулатып саудаға шақырған,- деп Ғинекең баяғыдағы уағдасында тұра алғандығына хош көңілмен жол бастады.

Ғин-ағаң құдды бір осы Қояндының тарихын қолына қалам алып зерттеген ғалымша қып-қызыл деректерді суша сапырды-ай келіп.

- Сонымен, — деді Ғинекең, — Қоянды жәрмеңкесі жұмыс істей бастаған алғашқы жылдары-ақ, далалық өлкедегі сауда айналымы о замандағы патша сомымен есептегенде төрт миллион рубльге жетіпті. Бұл мөлшер тіпті сол кездегі халықаралық  мәртебесі бар жәрмеңкелерден асып түспесе, кем болмаған сыңайлы.

Оралда тау-кен, металургия өнеркәсібінің негізін қалаған, Туладан шыққан ұстаның ұлы Никита Демидов деген болған. Петр Бірінші шойын қорытатын ғажайып зауыттар салып, жоғары сұрыпты қару мен зеңбірек шығарғаны үшін Демидовтарды дворяндық атақпен марапаттаған. Демидовтар да осындай ауыр жұмыста өздеріне көмектескендерге  қол ұшын созып отырған. Ондайларға жер бөліп берген, алтын мен басқа байлығын да аямаған.

Ботовтар да бір кездері Демидовтардың қызметшісі болған, біртіндеп приказчик дәрежесіне көтерілген,  біраз байлық жиып алған соң көпестікке жеткен. Ялуторов слободасы патшалық Ресейдегі саяси тұтқындардың қонысы болады екен де, Варнава деген бала осы жердегі ағаш өңдейтін, терезе шығаратын зауыттағы тұтқындардың аш-жалаңаш, ауру-сырқау күйін бала шағынан көзімен көріп өскен.

Ұлының саудагер-көпестің жолымен жүруін қалаған Серафим мырза Варнава шіркеу-приход мектебін бітірісімен оны дүкеннің приказчигі етіп қояды, көпестік өнердің қыр-сырына үйретеді.

1814 жылы Серафим тауар саудасын шет жақта өрістетуді қалайды. Жаздың жарқын, жайлы күндерінің бірінде тауар тиелген обоздарын бастап қазақтың кең даласын бетке алып жүріп кетеді. Қарқаралыға жеткені сол екен, әкеле жатқан тауарлары семіздіктен аяқтарын баса алмай әзер тұрған күйлі қой-ешкі, жылқы-сиырға, астыққа қолма-қол айырбасталып жүре берсін.

Серафим өлер алдында баласы Варнаваға: «Саудаңды Қарқаралы ішіндегі қазақтардың арасына барып жасасаң өкінбейсің, ол жақта шай-шалаң, қант-кәмпит, мата-бұл, аяқ киімнің үш есе бағасын бып демей шығарып аласың»,- деген өсиет айтса керек.

Сонымен, ең алдымен салынғаны Қоянды бекеті болды. Варнава Ботовтың өзі алғашқыда бекеттің келушілерге арналған кішкентай пошта үйінде тұрып жатады. Мал қамайтын қорасында тауарын сақтаған. Моншасы мен құдығы қасында болған. Көп ұзамай таяу жерден тауар сақтайтын қойма, шағын шіркеу үйі мен мешіт, дүкен, тіпті трактир тұрғызған.

Ағылшынның керосин лампылары, Туладан шыққан қару-жарақ, самауыр, Германиядан жеткізілген үтік, тігін машиналары, Екатеринбургтің тоқыма бұйымдары қазақ жеріне Ботовтардың сауда жолымен осылай жеткен. Ал қыр қазағы осындай таңсық тауардың есесіне не берді, қалайша есеп айырысты дейсіз ғой? Әрине, малмен, тері-терсек, қой жүні, астықпен, кептірілген жеміс-жидек, тіпті саф алтынмен де.

Сауданың көрігін барған сайын қыздырған Варнава Ботов жәрмеңкенің шеңберін күннен-күнге кеңітеді.

- Біле-білсең, Қарағандыда тамаша тарихи-өлкетану мұражайы бар. Сол мұражайдан студент кезімде 1890 жылы түсірілген Қоянды жәрмеңкесінің суретін көргенім бар,-деді Ғинаят мырза  әңгімесін одан әрі жалғап. — Қояндының көрігі әбден қызған жылдары мұнда 247 дүкен жұмыс істеп, мыңға тарта киіз үй тігілген. Талдының бойындағы жәрмеңкенің ұзындығы 11 шақырымға, ені бес шақырымға созылып жатқан.

Сахарадағы қаланың мәдениеті мен экономикасының өсіп-нығаюына Қоянды жәрмеңкесі зор ықпал еткен. Жәрмеңке қазақ даласының алғашқы сауда элитасын қалыптастырған.

Қоянды жәрмеңкесі – темірдей қызған сауда-саттық, алыс-берістің ыңғайлы орыны болуымен қатар мереке-думанның да ошағы болды. Жәрмеңкеде ұлы Абайдың өшпес ізі жатыр.  Жәрмеңкеге жиналған  мыңдаған халық исі қазақтың мақтаны Біржан мен Майраның, Әміре мен Исаның, Мәдидің, қазақтың ұлы актері Қаллекидің, сиқыршы-акробат Қара Омардың өнерін тамашалаған,  Қажымұқанның алып күші мен күресінің куәсі болған.

Шертпе күйдің атасы Тәттімбет дәп осы Қояндыда «Сарыжайлауын», «Сылқылдағын» сылқылдатып, «Балбырауынымен» балбыратқан. От ауызды Шөже ақын дәп осы Қояндыда талай көкірегімен көк тіреген менмендерді орақ тілімен түйреген.

Орыстың тамаша саяхатшы-жазушысы М.Пришвин ең алғаш «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» қиссасын Қарқаралы қаласына 1909 жылы келген сапарында осы төңіректе естіп, жазып алған. Саяхатшы «Черный араб» очеркінде осы өлкеден естіген жұлдыздар туралы аңыздарын ерекше, сүйсіне сипаттайды. «Сол жұлдыздар көрген адаммен жол бойы еріп отырған екен. Кім біледі, күндердің бір күнінде, Нева даңғылымен келе жатып, мен дәл сол жұлдыздарды мүмкін,  тағы көрермін», — деп, саяхатшы  сары далаға деген сарытап сағынышын қағазға мөлдіретіп түсірген.

Қазақ әндерін тамсана зерттеп, нотаға түсіріп, жинақтаған Александр Затаевич те бұл өлкеде көп жүрген. Өзінің жалпы жинаған әндерінің 154-ін осы Қарқаралы-Қоянды өңірінен жазып алған. Қазақ әндерінен алған әсері соншалық, француздың атақты жазушысы Ромен Ролланға жолдаған хатында: «Даланың әсемдігін, әсіресе атақты Қарқаралы даласының сұлулығын мен өзімнің нашар французшаммен сізге жеткізуге батылым бармай отыр»,- деген А.Затаевич. Ән демекші, Біржан сал өзінің атақты “Айтбай” әнін Қоянды жәрмеңкесін алғаш ашқан кезде тойға базарлық ретінде айтты деген дерек бар. Халық әні деп айтылып жүрген «Қарқаралы басында жалғыз арша, хатқа жүйрік сол қалқа мұсылманша» деген әйгілі әнді Біржан сал Қоянды жәрмеңкесіне келгенде шығарғанын, әннің аты «Жаймашуақ» екенін кеше ғана «Егеменнен» оқып қалдық («ЕҚ», 16.08.2014 жыл).

Қазан төңкерісі жетіп, азамат соғысының оты тұтанған кезде қайдағы сауда, шаруасы қыж-қыж қайнаған Қояндының қызығы тарқады. Десе де, замана ағысына тоқтау бар ма,  1923 жылы Қояндының саудасына қайтадан жан біте бастаған. Тіпті, «Ярмарочный вестник» деген газет шығатын болды.  Осы бір жарнама газетті «Степная правда» басылымының хатшысы болған Николай Иванович Иванов деген кісі шығарады. Кейін атақты орыс жазушысы атанған Николай Ановымыз осы кісі.

- Мен Варнаваның шөбересі Константин Петрович Ботовты көріп, кездескен адаммын,-деп Ғинекең Қарақаралы-Қарағанды тас жолына түсіп арқасы кеңіген шақта тағы бір әңгіменің ұшығын шығарды. – Сонау бір мың тоғыз жүз жетпісінші жылдардың аяғында ол кісі Қарағанды облысы бойынша бас аң инспекторы болып жұмыс істеді. Онымен талай рет аңға шығып, әңгіме-дүкен құрғамыз. Бозбала шағында Қарқаралы ауданында сауатсыздықты жою науқанына ат салысқан. Қоянды жәрмеңкесінің соңғы сән-салтанатын, сарқытын көріп қалған. Манағы жазушы Ановпен талай мәрте кездескенін айтып отыратын.

Анов 28-ші жылы Қояндыда «Ярморочный вестник» газетін шығарғанда, бала Костя осы газетті таратуға қолғабыс жасайды екен. Ликбезде оқып, сауатын ашып жатқан жұрт бала Ботовты көргенде: «Әй, балақай, әлгі кәзетің қайда, басқа оқитын ештеңеміз жоқ, бір оқуға зар болдық қой»,-деп жапатармағай бас салысатын көрінеді.

Шынымен де сол бір жапырақ газет Сарыарқа төсінде бүгінде шығып жатқан ондаған басылымдардың бабасы сияқты.  Ал Варнава Ботов болса, Арқадағы ең алғашқы нарықтық қатынастардың  негізін қалаушы болды десе де сиымды.         Сол ата-тегінен жарыған Ботов мырза сауда-саттықтан түскен байлығын Қазақ елінде жаңа кеніштер мен зауыттар салуға жұмсауды ойластырады. Осы бір жәннат өлкенің керемет байлығына таң қалып, қазыналы аймақтың әлсіз дамып жатқанын түсінген сыңайлы. Шынымен де, апырым-ау, көмір мен темірі, мысы мен мырышы, басқа да қазба байлығы өзінде бола тұра, бұл өлке оны басқа жақтан  неге әкеледі?!

Қалай десек те, Қоянды жәрмеңкесінің негізін қалаған, Сарыарқаның төсінде жаңа нарықтық қатынастың орнауына жол ашқан Ботовтың қазақ елінде өнеркәсіпті де өрістетіп, жолға қоярына шүбә жоқ еді.

Қоянды жәрмеңкесі орналасқан жерге жақын Қарқаралы тауында екі жүз жылға созылған қазақ-жоңғар соғысы кезінде еңсегей бойлы ер Есім, салқам Жәңгір салғызған ұзындығы бес шақырым «Қалмақ қорғанының» іздері сақталған. Төрт жүз жыл бұрынғы осы бекіністі тұрғызуға шамамен 100 мың тас қайрақ (плита) жұмсалған екен.

Сол атағы жер жарған жәрмеңкенің орнындағы Қоянды ауылы бүгінде Қарқаралы ауданындағы ауылдық округ орталығы. 2003 жылғы санақ бойынша бір замандарда даңқы жер жарған Қояндыда қазірде 700-ге жуық адам тұрып жатыр.

Сайлау Төлеуов,Cемей

The post Қоянды жәрмеңкесі appeared first on Қазақия газеті.

Қазақтың «Хан дойбысы» қашан ескеріледі?
Қазақтың  ұлттық спорты десе, есімізге бірден «Қазақ күресі», «Тоғызқұмалақ», «Аламан бәйге», «Көкпар», «Алтыбақан», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Арқан тарту», «Қыз қуу», «Теңге ілу» т. б. ұлттық бояуы қанық спорт түрлері есімізге түседі.

Мейлі, қай ұлттық спортымыз болсын жас ұрпақты төзімділік пен шеберлікке, ұлтжандылыққа баулумен қатар ерік жігерін шыңдауға қосар үлесі көп екенін аңғару қиын емес. Алайда, бүгінгі таңда осындай құнды – ұлттық ойындарымыздың орнын батыстың технологиялық атыс-шабыс мультфильмдері мен ойындары басып бара жатқаны жанымызға батады.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай көптеген құндылықтарымызды жаңарттық. Жаңғырттық. Десе де, қолға алынбай жатқан әлі талай ұлттық ойындарымыздың бар екені анық.

Бүгінде еліміздің әр түкпірінде екі күннің бірінде әр түрлі спорт сайыстары өтіп фжататыны анық. Сол спорт түрлерінің бірі қазақ топырағына ертеден таныс болса, кейбіреулері кейіннен келген, тіпті, бұрын не екенін білмейтін спорт түрлері. Мысалы, «каратэ» сияқты спорт түрлері елімізге тәуелсіздік алғаннан кейін келді. Міне, осындай ұлтымызға жат спорт ойындарының елімізде кең етек алуына ерінбей еңбек етіп, терін төгіп жүрген қазақ азаматтарының да қатары жыл сайын артып келе жатқанын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Әрине, әлемдегі әр спорт түрін меңгергеніміз өзімізге жақсы. Бірақ, өз ұлтымыздың ұлттық ойынын ұмытып кету елдігімізге сын екенін де ұмытпауымыз керек.

Осы орайда, екі мысал келтіре кетейік, аз ғана жылдар ішінде корей халқы қажырлы еңбегінің арқасында өздерінің «таэквондосын», жапондықтар дзюдо күресін Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізіп үлгерді. Ал, біздің бірде-бір ұлттық ойынымыз Олимпиада ойындары түгілі Азиада ойындарының бағдарламасына енбей келеді.

Соңғы жылдары төл күресіміз – қазақ күресін кең көлемде дамытуға күш салып жатырмыз. Бұған да шүкір дейміз. Өкінерлігі кейбір ұлттық спорт ойындары ескерілмей ұмытылып бара  жатқаны жанымызға батады. Соның бірі көнеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойыны – Хан дойбысы.

Қазақтың Хан дойбысы − ұлттық спорт түрінің бірі болып табылады.  Осыдан бірнеше жылдар бұрын аталмыш ойын түрін елмізде дамытуға Әнуар Қабдолдаұлы мен Қайрат Жақияұлы есімді азаматтар ұйым құрып, ойынға арнайы патент алған болатын. Осындай ұлт өнеріне жанашыр адамдардың еселі еңбегінің арқасында хан дойбысы қазақ елімен қайта қауышқан еді.

Алайда, бұл игі бастама соңғы жылдары жалғасын таппай қалды. Тіпті, ел ішінде жарыстар да ұйымдастырылып жатқан жоқ.

Бұл ойынның тарихы тым тереңде жатыр. Айталық, зерттеушілер Алматы облысы Есік қаласы маңынан табылған «Алтын адамға» қазба жұмыстарын жүргізу барысында хан дойбысының ойын тастарын да қоса тапқан болатын. Кигіз үй пішіндес тастар әртүрлі қазақы ою-өрнектермен нақышталып, пілдің сүйегінен жасалынған. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар бұл тастардың қолданыста болған мерзімін үйсін мемлекетінің заманымен сәйкестендіріп отыр.

Хан дойбысы – ойынының ерекшелігі мұнда қазақ хандығының, демократиялық билік жүйесі ойын түрінде көрсетілген.  Жалпы дойбы ойыны – адамзат ақыл ойының жемісі.

Бұл ойынның негізгі атауы «Қазақтың дана би дойбысы» екен. Бірақ, кейіннен халыққа түсінікті болуы үшін арнайы «Хан дойбысы» деген атау берілген. Оның да өзіндік мәні бар. Бұл спорт түрiн насихаттаушылардың сөзiне сүйенер болсақ, «Хан Дойбысы» сонау ертеректе мемлекет тiзгiнiн ұстаған хандардың, билердiң арасында кең таралған ойын түрi. Кезiнде хан, би секiлдi тұтас мемлекет тiзгiнiн қолына ұстаған бабаларымыз қазақтың дана би дойбысын тек ойын тұрғысынан емес, ел басқарудағы саяси құрал ретiнде де пайдаланған екен. Сол себепті де қарапайым халық арасында ашық жарияланбаған, кейіннен хандық дәуір аяқталған соң қарапайым халықтан алшақтап қалса керек.

Жақында аталмыш спорт түрі туралы мынадай жазбаны оқып қалдым: «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деп халық арасында көп айтылып жүрген мақалды, «Төртеуіміз көпке түсінікті, яғни, төрт құбыламыздың тең болып, тура жолдан ауытқымай жүруiмiз. Ал, алтау дегенiмiз кiм? Алтау ол – «Хан Дойбысы» ойынының кейiпкерлерi. Таратып айтар болсақ: Хан, Би, Бек, Алаш, Тентек, Қараша. Ендi, жоғарыда айтып өткен мақалды талдап айтып берер болсақ, әлгi ханның айналасындағылардың барлығы қашанда басшысына құлақ асып, қилы қыстау заманда бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығаруы тиiс. Қысқасы, алтау ала болмауға тиiс. Бұл ойынға қатысушы екi адам ханның рөлiн атқарады. Ал, хан болғаннан соң, қол астыңда бiршама халық болады. Сондай-ақ, жауларың да болатыны сөзсiз», – деп жазылған екен. Міне осыдан-ақ, бұл ұлттық ойынымыздың қаншалық маңыздылығын, ар жағында үлкен философиялық мән-мағына жатқанын аңғару қиын емес.

Бұл ойында қатысушы екі адам ханның рөлін атқарады. Ал, хан болған соң, қол астында біршама халық болады, сондай-ақ, жаулары да болатыны сөзсіз. Алдыңыздағы төрткөз тор тақтаны ертедегі соғыс алаңы ретінде қарайсыз. Кімнің ақыл айласы жоғары болса, саяси ақылы басым болса, сол адам жеңіске жететіндігі белгілі.

Сондықтан, хан дойбысынан философиялық ойдың бұғып жатқанын байқайсыз.

Хан дойбысы  –  білген адамға сыры мен  қыры терең, құны өлшеусіз, философиялық мәні зор, болашағы баянды, ата-бабаларымыздан қалған таптырмас мол мұраның бірі болып саналады. Дойбының ең ғажайыбы оның кестесінде. Кесте – ою-өрнектермен нақышталған.

Ал, тақтадағы ортақ фигура – қазақтың киіз үйі. Киіз үйдің сыртындағы ою-өрнектері, шаңырағының түсі, олардың дәрежесін, нақтылай айтсақ ханы мен қарашасын, би мен батырын анықтауға көмектеседі. Хан кестесі жеті қазына мен жеті ырыстан құралады. Онда төрт қанатты ою хан тағының белгісі, «қарашасыз хан болмайды, құйрықсыз құс болмайды» дегендей ханның екі серігі болады. Оң жағында серкесі, сол жағында қыран бүркіті.

Қорыта келгенде, еліміздің асыл мұрасы болып сақталған хан дойбысы ата-бабамыздан қалған аманат, аманатқа қиянат – күнә. Демек, хан дойбысын дамытып, ұлттық ойнымызды өркендетіп биікке жеткізу, әрі ертеңгі ұрпаққа ұластыру бірнеше азаматтың ісі емес. Қайта барлық қазақтардың парызы болып саналады. Әрі ұлттық ойын түрінің салмағын арттырды. Олай болса, төл ойынымызды дамытуға бірге күш салайық ағайын.

Күнсұлтан ОТАРБАЙ

The post Қазақтың «Хан дойбысы» қашан ескеріледі? appeared first on Қазақия газеті.

Түйе һәм шұбат
Алғы сөз орнына

Аруана жаудың қолына түссе, ботасын шайнап өлтіріп,

Қаралы мойнын қайтадан артқа бұрмастай халге келтіріп.

Жеріне тартып отырады екен, моншақтап жасы боздаумен,

Омырауын шерге толтырып.

Апталап айлап, таңдайын мейлі тасбауыр шөлдер құрғатсын.

Қазығын таппай тоқтамайды екен, мәңгілік тіпті күн батсын.

Туған жер төсін аңсаумен өткен аруана – бауыр дүние,

Сен маған осынау ақ жүрегіңмен қымбатсың.

Төлеген Айбергенов.

Шұбат – ең әуелі  өкпе, асқазан аурулары, қырқұлақ, мешел т.б.  созылмалы түрлі дерттерден әлсіреген ағзаны  қалпына келтіреді. Шұбаттың құрамында кальций, мыс, темір, магнезий, цинк секілді микроэлементтер, фосфор мен күкірт бар. Шұбат – ми мен жүйке жүйесіне пайдалы қант лактозасы, диабет, ісік, аллергия, бауыр қабынуы мен псориазға қарсы дененің иммунитетін арттыратын антителалары  бар қазақтың сусыны. Демек, шұбат – тән саулығы мен жан саулығын қатар әлдилейтін таңғажайып сусын.

Мырзабай  Әл Саржази

Түйе қалай  жаратылған?

Қасиетті Құранда «Қалай жаратылған деп олар түйеге неге көз салмайды?!» делінеді. Мұның өзі түйе жаратылысының хикметті, адам баласына ғибратты тылсымдарының молдығынан хабар берсе керек.

Түйе – ғылыми тілмен айтқанда, сүтқоректілер тобындағы аша тұяқтылардың сапына жатады. Б.з.д. 700-600 жылдардағы деректерде абыз тарихшы Геродот түйелерді әскери ұрыстарға пайдаланудың маңыздылығы жөнінде жазады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, бір өркешті түйе осыдан 4000 жыл бұрын б.з.д. Арабстанда не Солтүстік Африкада қолға үйретілген делінеді. Қазіргі күні түйелер Африкада, Арабстанда, Кіндік Азияда, Үндістанда, Түркменстанда сондай-ақ, Мексика мен Австралияда көптеп кездеседі. Ол көбінесе Маңғолия, Солтүстік Қытай мен еліміздің оңтүстік, батыс аймақтарында көптеп кездеседі.

Иә, расында, түйе – төрт түліктің төресі, ұлық жануар. Ал көшпелілер өмірінде түйенің орны ерекше екені бесенеден белгілі. Халық даналығында қасиетті жануардың жаратылысы жайлы көптеген аңыздар бар. Оның әрбірінің өзіндік тағылымы, ұлттық таным жүйесінде алатын айшықты орны бар.

Түйенің 500С ыстықта 8 күн бойы нәр татпай жүре алатыны өз алдына бір ғылым. Ол осы уақыт аралығында жалпы салмағының 22 пайызын жоғалтады екен. Ол тіпті денесінің 40 пайыз сұйықтығын жоғалтса да өлмейді. (Адам өз денесінің 12 пайыз сұйықтығын жоғалтса өледі). Түйенің шөлге шыдамдылығының тағы бір сыры — күндіз дене қызуы 41 дәрежеге дейін жете алатындығында. Шөлдің суық түндерінде дене жылуы 300С дейін төмендейді.  Клетка қабығы оның көп су жоғалтуының алдын алатындай қасиетке ие. Қан құрамы  болса түйенің денесінде су минимумға түскенде де қан тамырында еркін жүретін пішінде. Бұған қоса шөлге шыдамдылықты арттыратын альбумин белогы басқа жануарларға қарағанда қан құрамында анағұрлым көбірек кездеседі. Қалай болғанда да бұл жануардың жаратылысындағы тылсымдар жеткілікті.

Көне аңыздардың бірінде: «Ертеректе түйені жарату жер дүние мен жан жануарларды жаратушы Тәңірінің ойында болмапты. Иен даланы мекен еткен көшпелілер Жаратушыдан біздің қиын өмірімізді жеңілдететін ешбір түлік жоқ. Жүгімізді көтеретін күш көлігі керек,   деп сұрайды. Жаратушы жануар біткеннің дене мүшелерінен құрастырып, оларға жаңа түлік түрі   түйені жаратыпты» дейді. Иә, аңыз бен ақиқаттың аулы көршілес деген, расында да түйе болмысына зер сала қарасаңыз, оның мойыны мен өркеші құс төресі аққуға, басы қойға, аяқтары бұғыға, жүйріктігі жылқыға, күш қуаты өгізге ұқсайды.

Түйе  жайлы түрлі ертегі, аңыздар түркілерде кең тараған. Мәселен қазақ халқындағы «Түйе су ішкенде неге артына қарай береді?» деген ертегі мен Маңғолдағы «Неліктен түйенің мүйізі жоқ, құйрығы қысқа?» деген екі тәмсіл ортақ мазмұнға ие. Қазақ нұсқасына келейік:

«Ерте кезде түйенің екі сала әдемі мүйізі, құлпырған ұзын құйрығы болған екен. Бір күні су ішкелі өзенге келіп, өзінің сұлу бейнесін тамашалап, масаттанып тұрғанда бұғы:

- Түйе, достым, маған бір күнге мүйізіңді бере тұр, мен сәнденіп тойға барайын,  депті. Түйе мүйізін бұғыға бере салады. Сол кезде бұғыға жолыққан жылқы да түйеге келіп, құлпырған құйрығын сұрайды. Оның да көңілін қимай, тілегін қабыл етеді. Бірақ содан бері талай заман өткенімен, түйеге мүйізі мен құйрығын ешкім де әкеліп бермепті. Түйе бұғыға жолығып, мүйізін сұраса, ол: «Сенің құйрығың өсіп, жерге жеткенде беремін»,  деп мысқылдапты. Ал жылқы: «Сенің мүйізің өсіп, көкке жеткенде беремін»,  деп кекетіпті. Бұғының мүйізі жыл сайын түсіп, түлейтіні – ол өзгенікі. Ал түйе су ішкенде артына қарайтыны   құйрық мүйізімді әлдекім әкеліп берер деп үміттенгені. Жылқының түйені көргенде дір ете түсетіні – құйрығын даулай ма деп қорыққаны деседі». Бұл ертегілерде жан жануарлардың бітім болмысы, мінез–құлқы, жүріс тұрысы, әдет машығы, дене мүшелерінің ерекшелігі бір бірімен тығыз байланыста баяндалады да түйенің аңғал да сенгіш һәм байсалды болып көрінетін алабөтен қасиеті айқындалады.

Түйенің маңғаз жаратылысы себепті жан жануарлар жылға таласқанда жылдан құр қалыпты деген ертегі кең тараған. Бірақ ұлық мал түйені он екі мүшелден қалдырмайтын да аңыз  бар. Бұл ұғым қазақтың жұмбақ айтысында былайша көрінеді:

«Өлеңнің ұзыны бар, қысқасы бар,

Сөздің де айта алатын ұстасы бар.

Қарағым, сен білмесең мен айтайын,

Түйеде он екі жылдың нұсқасы бар.

Шешуі: құлағы – тышқан, бақайы – сиыр, тірсегі – барыс, ерні – қоян, шөккені – ұлу, көзі – жылан, төбесі – жылқы, тісі – қой, жүні – мешін, мойны – тауық, табаны – ит, құйрығы – доңыз. Сонымен ұлық түйеден жылға енген он екі хайуан мүше алған, ал сол он екіні біріктірсек, түйе құрастырылады. Бұл жайында: «Түйені он екі түрлі жан иесінің жиынтық нұсқасы, яғни мүшел он екі жылдың символдық синтезі десе де болғандай. Ботасын бойында он екі ай көтеретіні де мүмкін осы санмен орайлас заңдылық болар»,   деп жазады ғалым Е. Жампейісов.

Түйеге шыдамдылық беретін мүшесінің бірегейі -  өркеш. Түйе өркешінде дене салмағының бесте біріндей май жиналады. Денедегі майдың бір орында жиналуы дененің суға, қорекке қатысты қызметін реттейді. Бұл да өз кезегінде судың барынша аз жұмсалуына жағдай жасайды. Бір өркешті түйе жай күндерде 30-50 килә қорекпен азықтанса, қысылтаяң шақтарда күніне 2 килә кепкен шөппен-ақ бір ай бойы өмір сүре береді. Ондайда дене салмағының 33 пайызын жоғалтады. Түйе күйлі-қуатты кезде оның өркеші тік болады. Ал ауырып яки, арып-азғанда өркеші  де бір жағына салақтап, тіпті жоғалып кеткендей көзге көрінбейтін кезі болады. Түйенің өркештегі майдан бөлек су жоғалтпайтын тағы да мынадай бейімделген ерекшеліктері бар. Cу тапшы кезде түйе ылғалды тінінде сақтай отырып, әбден сүзгіден өткен қою зәр шығарады.

Ақбоз түйе – киелі жануар

Жалпы көне түркі дүниетанымы түйені – рухани, киелі әлеммен байланыстырады. Қазақ ақ түсті аруана, ақ інген, боз інген, ақ бураларды төрт түліктің «басына», «киесіне» балаған.

Қой үстіне бозторғай ұялаған жерұйық жер іздеген Асан-Қайғы бабамыз да осы киелі жануарымен әлемді шарлайды. Мәңгілік өмір аңсаған Қорқыт баба да жел қанатты Желмаясымен жер шолады. Аңыз мазмұнына жүгінейік. Бозбала Қорқыт бірде нағашыларына барады. Олар жиеніне бәсіреге асыл текті ақ бота сыйлайды. Қорқыт бұл ботаны өзі күтіп, суарып, жемдеп мәпелеп бағып қағады. Бота өсіп, бірте бірте әдемі де күшті түйе болады. Ол өмір бойы Қорқытқа адал беріліп, қайда барса да соңынан қалмайды, өзінің иесінен басқа ешкімді де қасына жолатпайды. Ажалдан қашқан Қорқыт соған мініп, дүниені шарлайды. Қара қобызын аңыратып, аждаһа ажалды жолатпайды. Қорқыт күйлерінің бірі өзінің желдей ескен сүйікті түйесі – Желмаясына арналған. Күй тап осылай «Желмая» аталған.

Әдет ғұрыпымызда ел ішіндегі игі жақсыларымыз бен батырларымызды жөнелтуде жерлейтін жерін анықтап, яғни қай жерге түйе шөксе сол жерлерге көметіні туралы ақ боз атан, боз інген, аруаналармен байланысып жататын аңыз әңгімелер де көп тараған.

Бәйдібек бабамыздың жары, көріпкелдігімен, даналығымен Домалақ ене аталған Нұрилә анамыз жайлауда дүниеден өтер алдында, қасына жақындарын шақырып алып: «Мен өлген соң, батырдың қасына қоямыз деп әуре болмаңдар. Ақ боз атан келіп, үй іргесіне шөгер, сол атанға сүйегімді артып, соңынан ілесе беріңдер. Сол атан қайда шөксе, бұйырғаны сол жердің топырағы болар»,  депті (Тұрысов Е. Бәйдібек. Шымкент, 1992).

Анығында да солай болған. Ғайыптан пайда болған ақ боз атан  ақ киізге оралған Домалақ ене мәйітін қос Бөгеннің сағасына жеткізіп, елеусіз жазыққа шөккен. Таулар қоршаған сол жазыққа ұрпағы денесін тапсырып, мазар салған.

Атақты Райымбек батырдың мәйітін ақ түйеге артып, қабірін сол түйе шөккен жерге тапсырған «Райымбек ата»  кесенесі Алматының орталығында. Бұл кесене әлі күнге дейін ел арасында қасиетті орын болып саналады.

Қазақтың бас батыры Қабанбай қазақ қоныстарын шапқан қырғыздардан кек қайтаруға жорыққа шықпақ болып, жетпістен асқан шағында жар салып, қол жинайды. Бердіқожа, Жантай, Керей Жәнібек, Барақ, Шағалақ, т.б. әйгілі батырлар Қабанбай туының астына жиналады. Қабанбай қырғыздың бас батырымен жекпе жекке шығып жеңіске жетеді. Сонда қырғыз батырының қызы ақ атан түйе жетектеп келіп, әкесінің сүйегін беруді өтінеді. Ақ атан түйеге қызыққан Қабанбайдың інісі Дәулетбай ағасынан түйені қатты қалап сұрайды. Қабанбай болса, өзімнің өлігімді арттырамын деп бермейді. Ағайынды батырлардың ақ атан түйеге таласып, ренжіскен кездері де болған екен. Мұндай аңыздар өзге елдерде де көптеп кездеседі.

Абылай хан туралы тарихи жырларда шешуші ұрыс алдында ақ бас атанға көңіл аударған.

Ақ бас атан қараған жаққа жүрсең жеңесің.

Қайшы келсең сен оған, бақты басқа тебесің, — дей келе, ақ бас атан жаудың шабуылын да алдын ала сезгені туралы:

Ақ бас атан боздаса, от жағатын салт еді.

Жау шабуыл қозғалса, сақ тұратын шарт еді, — деп келеді.

Осыған ұқсас келесі деректе «Абылайдың киесі сары бурасы екен» дейді қазақтың біртуар ұлы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы және «Абылай жорықта жеңетін болса, бура жорықтың жолына қарай жатады екен де, жеңбейтін болса, теріс қарап жатады екен». Ал, ақ түсті түйені сою қазақ дәстүрінде өте сирек кездеседі. Бұл тек қатал сертке, қуанышты жайға арналған. «Ақ түйенің қарны жарылды» деп ертеден кіндігінен бала көрмей жүріп, әйелі ұл тапқанда, қанды майданнан батыр елге аман сау оралғанда ақ атанның қарнына қанжар салып алып, жасалатын көл көсір дәм өтұзға елдің қарқ болып, қуанышқа кенелуіне арналған. Бұл сөз аса зор қуаныш пен бақытты білдірген.

Мырзабай Омар: «Таным мәйегі»

The post Түйе һәм шұбат appeared first on Қазақия газеті.

Ұрпақ тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің мәні
Біздің ата-бабаларымыз балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-туысын, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел-жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ер жігіттің үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу ер-азаматқа парыз деп ұққан халық; «Жеті атасын білген ұл, жеті жұртқа жөн айтар» деген аталы сөзді арқау етіп, баласына ата-баба тарихын жастайынан жаттатқан, ел-жұрт тарихын білу ер-азаматты ерлікке, елдікке баулиды деп ұққан. Әкесі, атасы балаға жеті атасына дейінгі бабаларының ел-жұрты үшін жасаған ерлігі, өнегелі істері жайлы да әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата-баба дәстүрін жалғастырса екен деген мақсатты көздеген. Сондай ата-бабасының өнегелі, үлгілі істерінен сусындау арқылы бала бойында өз еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеген.

Дегенмен, ата, ру тарихын білу жақсы. Бірақ, баланы өз руының адамдарын ғана қолпаштап, жақсы, текті, асыл азаматтар тек біздің рудан ғана шыққан деген өзімшілдік, менмендік көзқараста тәрбиелеу дұрыс емес. Басқа рулар мен елдердің де ақылды, шешен, батыр, ақын адамдары сөз қозғап, әңгіме ету, «Жақсы — көпке ортақ», «Жақсы туса — елдің ырысы», «Жақсыда жаттық жоқ, ол халықтың қамқоршысы» деген ой-пікірді жастардың жетесіне жеткізу — азаматтық парыз.

Баланы өз елін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында жүргізілетін тағы бір жұмыс болды. Ол бала 5-7 жасқа келгенде әкесі оны далаға алып шығып, өздері өмір сүріп отырған жер-су аттарымен таныстыру. Әкесі баласына бұл атаулардың шығу тарихы, оған байланысты кейбір айтулы оқиғалар жайлы қызықты тартымды аңыз-әңгімелерді айтып берген. Ел тарихынан осылайша бірте-бірте хабардар еткен, ата-бабасының зираттарын көрсетіп, олардың кейінгіге үлгі-өнеге болар істерін, ерліктерін әңгімелеген.

Сүндет той

Қазақта ер бала өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі оны — сүндеттеу. Сүндетке отырғызу VII-VIII ғасырларда араб елдерінен шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың белгісі болып саналады. Ер баланы сүндетке 5, 7 немесе 9, яғни, тақ жасында отырғызған. Баланы неғұрлым ерте отырғызса, соғырлым ауырсынбай, тез жазылып кетеді. Сүндетке отырғызу көбінесе жазға салым немесе күзге қарай іске асырылған. Себебі ыстық та, суық та балаға әсер етпесін деген мақсат көзделген. Кейде 5, 7, 9 жастағы ауыл балаларын жинап, қожаны шақырып, 3-4 үйдің балаларын бір-ақ  сүндеттеткен. Қожаға баланы сүндетке отырғызғаны үшін қой, тайынша, тай немесе ақша берген. Баланы сүндетке отырғызғанда әкесі, «сүндет атың» деп балаға арнап белдеуге ат байлаған.

Сүндеттелетін бала ел аралап тойға жұртты өзі шақырған. Ол өзінің ерекше көркімен назар аударып тұруы керек. Соған орай балаға жаңа киімдер кигізіп екі иығына, бөркіне үкі таққан. Ердің алды-арты алуан түсті матамен желбіреген. Астындағы атының құйрығы сүзіліп, ақ шүберекпен бунақталған. Жалы өріліп, әрі түсті жіппен байлаған. Кекілі түйіліп, бір шоқ үкі тағылған. Баланың қолына ұстайтын қамшысының сабына да әр түрлі орамалдар байланған. Мұның бәрін жол үстінде кезіккендер бірден байқап, баланы құттықтап, тілектерін білдірген.

Бала ауылдың екі-үш жігітін ертіп, ағайындарды аралатқан. Бала барған ауылдың әйелдері шашу шашып қарсы алған, әр түрлі сәнді түймелерді, күмістерді қадаған. Ал ер кісілер айыл-тартпа, жүген-құйысқан, қамшы сияқты атқа қажетті заттар сыйлайды. Жігіттер тойдың болатын күнін жариялаған.

Сүндет тойы қазақ өміріндегі қыз ұзатудан кейінгі екінші ірі той болған. Оған да арнаулы мал сойылып жиналған, жұртқа табақтар тартылған. Ат жарыс, бәйге, аударыспақ ойындары ойналып, палуандар күреске түскен. Содан кейін көкпар беріліп, той тарқаған.

Келесі күні баланы сүндетке отырғызған. Бұл күн ата-ана үшін де, бала үшін де қуанышты күн. Ересектер сүндеттелетін баланы қошеметтеп, «енді жігіт боласың» деп жігерлендірумен болған. Арнайы бөлмеге жұмсақтап төсек салып, баланы жатқызып, балаға сүндет жидесін (сүндетке отырғызылатын балаға арнайы тігілген, етегі ұзын, әрі кең жеңіл киім) кигізген.

Бүгін үйге молда келеді,

Кәмпит тола дорба береді,

Кәмпитті жыламаған жейді,

Жыламағаны ұнамағаны дейді,

Сүндетке шыдамағаны дейді,

Шыдамасаң масқара-ай,

Мазақ болма басқаға-ай,-деген сияқты тақпақтар айтып баланы алдаусыратып, намысын шындаған.

Баланы сүндетке отырғызар алдында молда сүндет дұғасын оқып «бір, екі, үш, төрт, бес, насыбайым ұшын кес» деп баланы сүндеттеген.

Сүндеттелгенде кесіп алынған тері «сүндет тері» деп аталады. Мұны шүберекке түйіп немесе тұмар жасап тығып қойған. Кейде құдайдан ұл тілеп жүрген келіншектер әдейі келіп ырым қылып қалап алатын да болған.

Ауыл адамдары кейде сүндетке отырғызылған баланың тойына шашу ретінде мал атаған. Бұл мал «сүндет мал» деп аталған. Тойға келушілер «әдеміленген» тойға барамыз деп тұспалдап айтқан.

Демек, сүндетке отырғызу – азаматтықтың белгісі. Мұнан әрі бала ересек адамдардың қатарына қосылып, өзін ересек сезіне бастаған. Бала бойында жауапкершілік сезімі оянады. Жалпы, бұл той бала психологиясына әсер етіп, өзін үлкендерше әрекет жасауға бағыттайды деуге болады. Қазақта сүндет тойынан кейін 12-13 жастағы ер балаға қыз айттырып, құда түсу дәстүрлері орындалған. Бұл баланың психикасына ықпал етіп, өзін үлкейген екенмін деп сезіне бастаған.

Сонымен, жоғары да аталған әдет-ғұрыптар бала өмірінде өзіндік іздерін қалдырып отырған. Бұл әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің орындалуы барысында балалар көпшіліктің ықыласына бөленіп, көңілінде қуаныш, өздерін қоршағандарға бауырмалдық, мейірімділік, сүйіспеншілік сезімдері оянады. Сол мейірімділік ықыластарын есейгенде өзгелерге жасауға үйренеді, ата-баба дәстүрлерін сақтауларына ықпал етеді.

Қазақ халқы «Қыз» деген   сөздің өзін  әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың белгісі ретінде қолданған. Сондай-ақ, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін, сүйкімділігін, шеберлігін, өнер – білімге бейім тұратынын жоғары бағалап,  оның сол қасиеттерін нақыл сөздер арқылы ерекше көрсеткен. Мысалы, «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей», «Қыз – елдің көркі,  гүл жердің көркі», «Жақсы қыз – жағадағы құндыз», «Қызы бар үйдің қызығы бар» т.б.

Сонымен  қазақтың ауыз және  жазба әдебиеттеріндегі қызға берілетін жалпы сипаттамасы  мынадай: «Сұңғақ бойлы, сыңғырлаған  дауысты, оймақ ауыз, күлім көз, жайдары мінез, алма мойын,  ақша бет, ақ тамақ, тал шыбықтай  бұралған бұраң белді, сүмбіл шашты, ұзын кірпікті,  ақ білек, маржан тісті, қыр мұрынды» деп суреттелген.

Халқымыздың ұлттық дәстүрлеріндегі бір ерекшелік – тәлімдік, ақыл-кеңесті  жас ұрпақ санасына, әсіресе, қыз балаға тұспалдап жеткізу, жөн-жосық нұсқап, бағыт-бағдар беру, өнеге көрсету. Бұл салт ауылдық жерлерде әлі де сақталған. «Қызға қырық үйден тыю, ұлға отыз үйден тыю» деген сөздерде тәрбиелік талап-тілектерді бетке айта салмай, тұспалдап жеткізеді. Әсіресе, қыз мүшеліне толысымен «Ұлдың ұяты — әкеде, қыздың ұяты — шешеде», «Қызымның өзі – үйде, қылығы – түзде» деп анаға баса назар аударған.

Халқымыз қыз баланың тәрбиесі жолында әдет-ғұрып, ырым -жораларды қалыптастырды. Мысалы, «Қыз қабағы күрең тартса, елде жұт болады» деп қызды ренжітпеуге тырысқан; қыз баланы босағаға отырғызбаған, қыз бала босағаға отырса, үй иесі бақытсыздыққа ұшырайды деп білген; қыз баланың қолына көбіне ырым етіп «құлып» білезік салған. Бұл тәртіпті, тәрбиелі болсын деген ұғымнан шыққан: бойжеткенде қыздарымыз құстай қалықтасын деп, қыз балаға құс тұмсық жүзік салған.

Құлақ тесу

Қазақта қыз баланы кішкене күнінде құлағының сырғалығын тары дәнімен уқалап етін өлтіріп, отқа қарылған инемен тесіп, оған жіп өткізіп тұйықтап байлап қойған. Кейіннен кішірек күміс сырға таққан. Ол бір жағынан «балаға көз тимесін» деген ниет болса, бір жағынан айналасындағы адамдарға деген ыстық ықыласын мейірімділігін, сүйіспеншілігін оятқан.

Алқа тағу

Қазақ қызы он үш жасқа келген соң, оған екі алқа сыйлап, мүшел жасын тойлаған. Екі алқаны қызының омырауына таға отырып, ана «Сен енді үлкейдің, секірме, текіректеме, жүгірме. Ерсі болады, жәймен, баппен сыпайы жүр. Жақсы жүрсең алқаңдағы күміс қоңырауларың да жақсы әндетеді, одыраңдап жүрсең-берекесіз шолдыр-шұлдыр етіп өзіңді бездіреді» — деп ақыл-кеңес берген, дұрыс жүріп-тұруға, әдептілікке тәрбиелеген.

Қазақ қызды қонақ десе, мүшеліне толғанда «қонақ жасы» деп санаған. Әсіресе, осы кезде қыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Бұрынғы аналар қызының әдепті, ісмер, әсем болуы үшін бар күш-жігерін жұмсаған.

«Шешеге қарап қыз өсер» дегенге сүйеніп, қызды көргенді ету үшін, аналар ең алдымен өзіне шек қойған. Яғни, қыз бойжете бастасымен ол бұрынғы қыдыруын доғарған. Осыған байланысты «Шешесі қыдырмашыл болса, қызы бастаңғышыл болады» деген сөз қалған.

Қазақта «Қыз мұраты — кету, жол мұраты – жету» дегенімен, бойжеткен қызын сыртқа жөнсіз шығудан шектеген. Тек кей жағдайларда аса бір аяулы адамды аттандыруға үйде ешкім болмағанда ғана жұмсайтын болған, жұмсамаса қыздың өзі оны аттандыра алмаған. Себебі – оны кез-келген кісімен кезіктіру қазақы әдептің салтында жоқ, әдепсіздік деп білген.

Қыз бойжеткен   соң, оны құтты жеріне қондыру ата-ананың арманы. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, ер жігітке  серік боларлық ақылды, әдепті, еңбекқор, адал жар таңдау, өнегелі көргенді жерден  қыз алу келешек отбасы бақытының  басты нышаны болған. Қазақтың «Тегіне қарап қызын ал»  деген  нақыл сөзі бар. Текті жердің қызы әдепті, ибалы, іске шебер, қиыншылыққа төзімді, анасы сияқты тәрбиелі болып келеді, ол өскен ортасы мен  ата – анасына жаманат сөз ергізбейді. Сол себепті бабаларымыз «Аяғын көріп асын  іш,  шешесін көріп, қызын ал»   деп өсиет еткен. Әсіресе, қалыңдықтың ақылына ерекше көңіл бөлген. Ол үшін  қызға сыншылар әр түрлі сыйлықтар ұсыну арқылы бойжеткеннің  дүние – мүлікке   көзқарасын, жұмбақ  шешкізіп зейін – зердесін байқаған, аға – іні,  құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасына қарай  бауырмалдығы мен қайырымдылығын екшеген. Киген киімі, істеген ісі, сөйлеген сөзіне қарап, оның ұқыптылығын, іскерлігі және мінез-құлқынан мағлұмат білген.

Ісмерлікке, қолөнерге қазақта балаларды әке-шешелері, ауылдың салиқалы тәжірибелі қарттары, шеберлер баулыған.  Қызына ана алдымен кесте тіккізіп, одан әрі өсе келе түскиізге, тақияға тігіп одан әрі сырмаққа, түрлі бұйымдарды оюлармен жалғастырған. Әдетте кестемен түскиіздер, орамалдар, әйелдердің бас киімі, көйлектері, қамзол, белбеу, белдемелері т.б. әшекейленді. Қазақта қолөнерге икемі жоқ қыздарды «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен.  Жалпы қыздарды қолөнерге баулу арқылы олардың бойына биязылық, адамгершілік асыл қасиеттерді сіңірген. Өнерлі адамның жаны таза болатынын біліп, қызын алдымен еңбекке, ісмерлікке тәрбиелеген. Кішкене күнінен қыздарды тігуге, тоқуға, киіз басуға және сол сияқтыларға үйретеді, дәл сәл өсе келе енді мұның бәрін олардан талап еткен. Себебі, әдепті, арлы, ибалы қыздар ертеңгі күні тәрбиелі ұрпақты дүниеге әкеліп, тәрбиелейтін абзал ана. Сондықтан қыз бала тәрбиесіне халқымыз үлкен мән берген.

Ерте кезден бастап ата-аналарымыз осы бейнелеу өнеріне өте жақын, сонымен бірге біте қайнасып келе жатыр десек артық айтпаспыз. Әжелеріміз кезінде киім-кешек, үйдің іші-сыртын безендіруге керемет-керемет оюлар ойлап тауып, аталарымыз сонау ерте заманды айтпағанда киіз үй мен ер-тұрман, зергерлік бұйымдардың неше түрін жасап, әшекейлеген. Алғашқы дизайнерлік шешімдердің үй тұрмысында қолдануы біздің ұлы шеберлерімізден бастау алғанын мақтанышпен айтуымызға болады. Қазақтың кез келген оюын алып қарасаңыз қайталанбас керемет туынды. Әбілхан Қастеев атамыздан сурет салуды қайдан үйрендің дегенде – «ешкінің мүйізінен, әжемнің киізінен, таудың жотасынан үйрендім» деген екен. Қорыта келе, ұлттық  тәрбиенің ұрпақ тәрбиесіндегі орны ерекше.

Айсұлу Кенжан, педагогика ғылымының кандидаты

The post Ұрпақ  тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің мәні appeared first on Қазақия газеті.

Туған ел, өскен жерім — «Қызыләскерім»…
Қайран, біздің «Қызыләскер» қандай еді кезінде?..

Туған жер өзің дегенде,

Жүремін әр кез елеңдеп.

Бір сезім билеп алады-ау,

Жүрегім дүрсіл қағады-ау, — деп Бәкір аға Тәжібаев жерлесіміз жырлағандай, әр пенденің туып өскен жері өзіне ғана ыстық екені рас. Байғанин атты аудан бәрімізге ортақ, ерекше  болуға тиіс. Әркімнің туған жері «Қайдасың?» деп мен-мұндалап тұратыны да заңдылық. Сол қасиетті де киелі жердің бірі мен өскен, балалық шақ өткен «Қызыләскер» ауылы.

Ебейті, Қопадағы үлкен кісілер мен біздің отбасын танитындар ойлауы  мүмкін бұ несі деп. Иә, менің кіндік тамған жерім сол Ебейтінің Қопасы, бірақ менің 2-3 айлық кезімде осы Қызыләскерге келіп қоныстаныппыз. Содан балалық шағым осы жерде өтті. Ал енді ол жердің орнын, бұдан 50-60 жыл бұрынғы табиғатын суреттеуге менің тілім жетпес. Олай болса, менен бұрын сол жерде өскен этнограф ағамыз Ибрагим  Ермекбаевтың «Тәжімұрат» кітабынан  үзінділер келтірелік.

«Батыс беттегі жусан мен еркек, изен  мен боз араласқан жотаның ар жағында биік қабақ бар. Көктем басталғанда қалың қардан ең алдымен  құтылатын осы қабақ. Осы қабақтың жалғасындай, барғанда  «таудай» болып көрінетін кебірлі тұмсық қырдан аса көзге ұрады. Аралас құм жабысқан піспеген қызыл кемік тастары шығып жатқан құмдауыт «Қызылтұмсық»  ілгері ұмтылып, тағы бір  иінді құрап тұр.

Етекте жерді жарып аққан көктемгі су тасқынымен  арнасы кеңіген  сай  жатыр. Осы сай мен «таудың» арасын бөктерлеп алған ауыл «Қызыләскер»  деп аталатын, ал қазір «Жыңғылдытоғай».

Міне, алдымызда іргедегі сай бойын қуалап өскен, бір баурайды алып жатқан қалың шиді «Құлақши»  деп атайды. Ішінен қысы-жазы мал кетпейді. Оның ар жағында жалпақ дөң, малдың жайылымы мен шабындығы. Оң жағындағы топырақ үйіндісі, ол бір кездегі суарма салу үшін күрекпен  соққан бөгет. Оны әлдеқашан су жарып, терең шұңқыр жасап кеткен, жаз бойы  бұлақ суымен ортаймай, толады да жатады. Бұлақ демекші, мына сол  жақтағы екі-үш қаратал өскен үйдің ар жағындағы әне бір айналмада  бұрқылдаған қара зәрдей  қайнар бұлақ ағып жатыр. Үш-төрт жыл колхоз  пекиндік ақ үйрек ұстап, сай бойы қардай аппақ үйректерге толып кететін. «Қызыләскер» колхозы мәдениетке жақын болды ма, әлде мәдениетті басқармалар басқарды ма, азғантай ауыл осы бөктерде ақ шаңқан тап-таза болып тұратын».

Иә, дәл солай еді. Ал қазір?.. Көп нәрсе өзгерген, бүлінген, тозған, яғни қараусыз қалған, баяғы ақ щаңқан үйлер емес. Сол көп үй, мекемелерден он-шақты үй бар. Қалған кейбір құрылыстар  құлап үйіндегі айналған, мысалы, клуб, кеңсе, дүкен, сарай. ФАП пен мектеп күтім жасағаннан болар сол күйінде, бірақ ФАП-та медбике жоқ, ал мектеп 2013 жылы күзде бала саны жетпегендіктен жабылып қалды.

Ауылдағы сай сумен қазыла-қазыла тереңдеген, екі жағы да тік жарқабақ. Шүкір, бұлақтары әзір ағып жатыр. Арғы бетте қалған бір үймен қатынасу мұң. «Таудың»  ең төбесіндегі «Тәжімұрат апаны» да бала кезде біз ойнағандай емес, су жырып көп өзгерген. Қыс қарлы, жаз жаңбырлы болса, жайлау малға жайлы, ішер суы сайда  әйтеуір.

Кеңес кезінде кеңшардың екі фермасы болды, ауылдың жағдайы жаман емес еді, тек бәрі қысқарып, жекешеленіп кетті. Ал, бірақ, телефон, теледидар, жарық, ауыз су бар қазір, тек жол қатынасы қиын. Көктем мен қатты қыста мүлдем қатынас жоқ деуге болады. Ауыл адамдарының көшіп кетуін дұрыс жол мен көпірдің жоқтығынан көрем өз басым, әйтпесе тұрғыны аз «қажетсіз»  елді мекенге айналмас еді. Керісінше, нағыз шаруа жүргізіп, төрт түлікке қоса құс  өсіріп, бау-бақша егетін жер. Бау-бақша демекші, колхоз кезінде 1959-60 жылдары ауылдан әріректе «Асылқора» мен ортада 7 жар бар еді. Иә, кәдімгі биік жарлар, етегі сулы сайлар болатын-ды. Сол сайдың біреуін «Наркеткен» дейді, сол жерде бақша егіп, қауын-қарбыз, асқабақ т.б. көкөніске қарық болғанбыз, әсіресе балалар. Ол кезде ештеңе сатылмайды, тауар ортақ, әркім қажетінше алады, не әр үйге үлестіреді.

Кезінде солай болған, ел бірлік арқылы тірлік қылған. 1930 жылдың бас кезі мен 1963 жылдың ортасында колхоз, 1964-1996 жылдары бөлімше болды. Мұнда 60 жылдай уақыт ішінде әр салада талай еңбек майталмандары Отан, өз ұжымы, елі мен жері үшін қалтқысыз еңбек етті.

Атап айтар болсақ, олар — Социалистік Еңбек Ері шопан Әлен Мақыбаев,  Ленин орденінің иегері инженер-механик Табылған Нұрғалиев, Еңбек Қызыл Ту орденді тракторшы Оңғарбай Дүйсеғалиев, медальдармен марапатталған шопандар — Сисенбай Қалмағанбетов, Шүренбай Қоңыров, жылқышы  Құдабай Байжанақов, ферма басшысы Ишан Турлин, «III дәрежелі Еңбек даңқы» орденді тракторшы Түгелбай Жылқышин, «Қазақ КСР оқу үздігі» Cпан Құрманбаев, мұғалім Ермекбай Оразалиндер.

Үкіметтен орден, медаль алмаса да, аянбай еңбек етіп, тер төккен ауыл еңбеккерлері, әлеуметтік салалар қызметкерлері, қарапайым еңбек майталмандары қаншама? Дүниеге бірнеше сәби әкеліп, тәрбиелеп, өсіріп, Батыр ана атанып, еңбектен қол үзбеген апаларымыз бен жеңгелерімізді, келіндерімізді толығымен атап өтсек артық болмас еді. Оған кітап болмаған соң, газет беті көтере қоймас…

«Асылы әркім өз басынан өткен, көріп-естіп өскен кездерді ғана жазып, айта алады және ол шынайы болады», — деп жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай, мен де өз жұртым туралы сөз қозғадым. Неге?

Себебі, қиын-қыстау уақытта, соғыстың сұрапыл жылдарында ауыртпалықтарға төтеп беріп, бүгінгі күнге жеткізген аталарымыз бен әкелеріміздің, аналарымыздың өлшеусіз еңбегін еш жібермеуіміз керек. Мен осыны айтқым келді. Ел болып қозғалып, талап етіп, өзіміз қимылдап, жол мен көпір салмасақ, елді мекенімізді жөндемесек, бардан айырылып қаламыз, сөйтіп қазір айтылып жүргендей «келешегі жоқ» мекенге айналамыз.

Бір сөз бір сөзді қозғайды дегендей тағы бір мәселе. Неге ауыл аты «Жыңғылдытоғай» болып өзгерді? Кезінде ешкім мән бермей, берсе де үндемей (бірі мен), науқаншылық сипатпен атау өзгеріп кетті. Ауданның 75  жылдығына шыққан кітаптың (2003) 184 бетінде «Жыңғылдытоғай» Жем өзенінің бойында қалыптасты делінген. Қазіргі Жаңажол ауылдық округі, яғни сол жақта осындай жер атауы болған. Ел көшіп келгенмен, жер атауы сол жерде қалды ғой, ол басқа жерге неге телінген? Жем — үлкен өзен, оның бойында жыңғылды тоғайлар болуы заңды. Ал, Қызыләскер өзен емес, Қызылқұдық пен Шатай сайларының қосылуынан пайда болған үлкен әрі ұзын сай-жылға, яки кіші өзенше, өзек. Қар және жаңбыр суымен қоректенеді, бойында бұлақтары бар. Бұл маңда жыңғыл көрмедік және жыңғыл болыпты дегенді естімедік.

Сонымен, бұл атауды өзгертіп, бұрынғы атын қайтару оңай болмас, мүмкін алыс болашақта бітер. Қазақстанға белгілі, бірнеше кітабы шыққан ақын жерлесіміз Cәбит Баймолдинге бір көше атын бере алмай жүргенде мына атауды өзгертелік деу «мәңгінің  қиялы» болар, алайда шындық орындалып бәрі қалпына келуі тиіс.

Ал, қазіргі өзекті мәселе — жол мен көпір салу: әуелі Жарлы, содан соң Қарауылкелді  жағынан. Көпірді берік, ұзын әрі кең  қылып жасау керек, себебі  ол жердегі сай бұдан 50 жыл бұрынғыдан 3-4 метр тереңдесе, енді 50 жылда 7-8 метрге тереңдеп, әрі арнасы кеңиді. Іс қылатын мамандар мен сол жер үшін бірігіп күш қылатын адамдар осыны ескеру керек. Және бұл істі үкіметтен не сырттан келіп ешкім жасап бермес.

Осы ауылды көркейтемін деп бейнеттенген жерлестерімізге, туған жерімізге арнап энциклопедия немесе жұрты қалған Жарсай мен көркейіп-көбейген Қораши мен Жарлыны қосып, «Көлтабан ауылдық аймағы» деп атап үлкен кітап шығару керек. Көлтабан ауыл округінде туып-өсіп, сыртта жүргендер де ұмытылмаса, кітапқа барлығы, бүкіл тарихи-мәдени, адами мәселелер енгізілсе деймін. Бұл бір адамның қолынан келмес, сондықтан ынталы топ құрып, оған көпшілік көмек қолын созғаны жөн. Өздері үшін, ұрпақтары үшін.

The post Туған ел, өскен жерім — «Қызыләскерім»… appeared first on Қазақия газеті.

Қашақ Момынның хикаясы
Қазақ  өз тарихын енді ғана жинақтауға кірісіп жатыр ғой. Алыс тарихты айтпағанның өзінде, кешегі өткен екінші әлемдік соғыстың бізге айтылмай келе жатқан, ақтарылмаған, ақылымыз жетпейтін, білмейтін қаншама қалтарыс-бұлтарыстары жатыр емес пе. Сондай тақырыптардың бірі — кешегі соғыс кезінде майданға барудан қашқандардың тарихы, басынан кешкендері.

Олардың саны қанша болды? Олар неге соғысқа барудан қашты? Қорқақтықтан қашты ма, әлде басқа себептері болды ма? Себебін ешкім іздеген емес. Оны олардан ешкім ол кезде сұраған жоқ, олар ағынан жарылып айтқан да емес. Енді олардан тірі қалған ешкім жоқ. Ішкі сырларын ешкімге айта алмай, ақтара алмай өздерімен бірге алып кетті. Себебі, оларды түсінетін, олардың сөзін тыңдайтын елі, үкіметі, қоғамы болған жоқ. Тіпті тәуелсіздік алған соң да, бұл тақырып қозғалған кезде сол қашақтарды айыптау тоқталмады. Соғыс қашақтарының тарихы, тағдыры мұрағаттарда қашанғы жата бермек? Мысалы, соғысқа кеткендердің екінің бірі жайлы айтқанда «өз еркімен соғысқа аттанды» дейді. Жазушы Қази Данабаевтың «Қашақтар» әңгімесінің кейіпкері Тілеумұраттың осы жайлы  пікіріне құлақ салыңызшы.

«… — Халықтың қараңғы кезі ғой, олар да соғысқа үкіметтің сұрынан айбынғасын, амалдың жоқтығынан барған шығар.

- Ау, кітаптарда өз еркімен арыз жазып сұранып кетті де, майданда ерлікпен қаза тапты деп жатады ғой….

- Шынымен бала екенсің ғой.. Ол бір, кіріп-шығарыңда арыз жазып жүретін қызмет дейсің бе?.. Ол кез халықта «өз еркіммен соғысқа жіберіңіз» деп жазатын сауат бар ма, кәдімгі «айда шап» қой».

Осы мақаланың кейіпкері Момын Қуандықов жайлы Қызылорда облыстық  «Сыр бойы» газетіне  жарияланған кезде («Сыр бойы», 2009 жылдың 1 шілдесі) газет қызметкері өзі қосып жазған келесі сөздерді оқығанда мақаланы бекер жазғандай болып өкінгенімді айтқым келеді:

«…Әйтсе де кешегі соғыс кезінде жасаған қылмысы ақтауға келмейтін, соған лайық әділ жазасын алған адамдар шоғыры болғанын кейінгі ұрпақ біле бермейді. Олар кімдер десек, соғысқа барудан бас тартып, қашқын болғандарды атар едік. Иә, еркек кіндік Отан қорғауға аттанып жатқанда, ел қорғаудан қашқандарды ақтай алмайсың».

Менің кейіпкерім — Момын Қуандықов Қызылорда облысының Тереңөзек ауданының «Мыңшоқы» деген жерінде 1900 жылы дүниеге келген. Әкесі Қуандық ұста әрі аңшы болған адам екен. Қолындағы азғантай малымен Қарақұмды, Арысқұмды жайлаған көрінеді. Кейін «Қаратөбе» колхозы ұйымдастырылғанда оған мүше болып кіреді. Момын әкесі секілді ұсталықты меңгереді. Қарақұмды жайлап жүрген кезінде Қарақұм көтерілісшілеріне қару-жарақ жасауға көмектескен адам. Оның жас кезінде үйіне қайын жұртынан қонақтан қайтып келе жатқан әрі мерген, әрі батыр Кейкі түстенеді. Сол жолы Момын Кейкіге:

- Аға, сізді елде қолмерген дейді. Бізге сол өнеріңізді көрсетіңізші, — деп қолқа салады. Сонда Амангелді батырдың серігі болған мерген:

- Әй, балалар, қоймадыңдар ғой, — деп жан-жағына қарайды. Дәл сол кезде аспанда бір топ қаз ұшып бара жатады. Кейкі мылтығын көтергені сол, қаздың соңғысы жерге томп етіп құлайды. Жұрт барып көрсе қаздың артынан тиген оқ мойнынан шығып кетіпті…

Сол кездерде, мергенмен аңға шыққан кезінде биік төбенің баурайында бір топ киік жатыр екен. Ішінде тік тұрған жалғыз текені көрсеткен Момын соны атып беруін сұрайды. Мерген оғынан теке төрт аяқтап құлап түскен сәтте қасында жатқан ешкі де аяғын сермеп қалып аунап түседі. Кейкі жан-жағына қарап:

- Текені мен аттым, ешкіні атқан кім? — деп сұрайды. –

- Мен едім, — деп Момын жауап береді.

Әйгілі мерген сонда Момынға:

- Бала, жатқан аңды атушы болма, тұрғызып барып ат, әйтпесе обал болады, — деп ақыл айтыпты.

Соғыс басталғанда ағайынды Қуандық пен Әбіштің үйінен екі азамат соғысқа алынады. Екеуі де сол кеткеннен хабар-ошарсыз мол кетіп, оралмайды. Содан кейінгі тізімге іліккендер Момын мен Мәмбет еді. Әулетіндегі бір атадан екі-ақ үй қалады, екеуінен бір ғана  бала қалыпты, енді бұл екеуі кетсе екі шал мен екі кемпір қалады. Бұлар армияға кетсе екі үйдің жандары түгел аштан қырылары сөзсіз еді…

Ұрпақ қамын ойлаған Момын әскерге барудан бас тартып, Қарақалпақ жағына екі баласы мен әйелін алып қашады. Сол кездегі заң бойынша, әскерге 43 жасқа дейінгілердің ғана алынатынын, көп адамдардың жасын шолақ белсенділер асырып немесе кішірейтіп сыртынан жазып отырғанын — ол кездегі аңқау әрі сауатсыз қазақ қайдан білсін.

Қарақалпақ жағында Момын өзі сияқты қашақтарды кездестіріп, олардың басын біріктіріп топ құрады. Қашақтарды ұстауға НКВД адамдары шығады. Момын бастаған топ қуғыншыларды әркез бұрын байқап, шөлге бет бұрып, әрқашан жалтарып құтылып кетіп отырған. Бірақ, қуғыншылар соңдарынан қалмайды. Ақыры  қуғын соңынан қалмаған соң бұлар Арысқұм мен Қарақұм жаққа ауып, осы жақта соғыстан қашқандармен табысып жасақ құрады. Бұл жасаққа да басшылық жасаушы Момынның өзі болады. Олар ұстахана құрып жақсы қаруланады. Бас ұста Момын, көмекшісі — тереңөзектік Әбдіғаппар деген кісі болыпты.

Қуғыншылардан қорғану үшін олар кезектесіп қарауылға тұрады. Қарауылға тұратын кезекші жатақтан бір шақырымдай жерде тұрып белгі беріп отыратын болған. Белгіні жатақтан дүрбі салып тұрған адамның көзіне айнамен күн сәулесін түсіру арқылы беріп тұрған. Бұлтты күндері кезекші тұрған жерінде бес рет шеңбер жасаса  «қауіп», он рет айналса тыныштық деп сездірткен.

Күнкөріс үшін аңшылықпен айналысқан. Ұстаған аңдарының терісін тері дайындау мекеме адамдарына ұн, қант, шәй секілді азық-түлікке айырбастап отырған. Бұл орайда олар тек екі адаммен ғана байланыс орнатады. Оның бірі Момынға ағайын болып келетін – қызылордалық Жәрмен, екіншісі  — Жезқазған жақтың Әбен деген дайындаушысы. Бұлар қашақтарға азық жеткізіп беруден бөлек, қуғыншылар шыққанын да хабарлап тұрған.

Момын бір жолы қалың шидің арасынан киізге оралып жасырылған винтовка тауып алады. Жасырған адам тот баспасын деп ұңғысына жылқының майын құйып қойған екен. Мылтықтың ұңғысына балғамен қосымша ойық жасап, оқтың шамадын тыс қашыққа жетуіне қол жеткізеді.

Бірде Жаппасбай деген серігі екеуі аң аулап жүріп, алыстан оншақты әскерді және бір жолбасшыны байқайды. Екеуі сайға тығылады, бірақ солдаттар көріп қойса керек. Биіктен сайға түсуге екі солдат беттейді. Біріншісінің отырған  ерінің басын дәл көздеген Момын оны атымен бірге құлатады. Екіншісінің атын Жаппасбай құлатады. Сол жерде екі жақ түні бойы бірін бірі аңдысып атысып жатады. Осы түні екеуінің аты мен түйесі бірдеңеден қайта-қайта үрки беріпті. Қастарынан ыңырсығанға ұқсайтын бір үн түні бойы естіліп тұрыпты. Сөйтсе, қашып тығылған жерлерінде қасқырдың апаны бар болып шығыпты. Жаңағы үн қасқырдың күшіктерінен шыққан дыбыс екенін таңертең ғана аңғарыпты. Осы жолы да жолдары болып қуғыншылардан құтылып кетеді. «Сонда бір қорыққаным-ай» деп Момын кейін айтып жүріпті.

Бірде оның қайнағасы Иса деген кісіні НКВД қашақтарға елші ғып жібереді. Оған «күйеу балаң бастаған топты үкіметке берілуге көндір» деген тапсырма береді. Өз еріктерімен берілген жағдайда жазалары жеңілденетінін айтады. Қашақтар өздеріне келе жатқан Иса мен НКВД адамын алыстан дүрбімен байқайды. Екеуі жақындаған кезде Момын винтовкасымен көздеп НКВД адамының бас киімін, Исаның құранды ерінің басын оқпен ұшырып түсіріпті. Көрініп тұрған ешкім жоқ, бізге атылған оқ «келген іздеріңмен қайтыңдар» деп берген белгісі деп түсінген елшілер кейін қайтуға мәжбүр болады.

Тағы бірде бұларды іздеп шыққан он бес шақты әскердің аттарын атып өлтіріп, оларды кейін қайтуға мәжбүр еткен. Кейін біліпті, жаңағы жаяу қалған әскерлер шөл далада су таба алмай, біреуі шөлден өліп, қалғандары әрең аман қалыпты.

Бірақ, үкімет әскерлері Момын тобының соңынан қалмайды. Үнемі қауіп, қатер. Бұлай жүре беру болмас деп, Момын өзі бастаған топты Ауған жеріне алып кетуді жоспарлайды. Артық қару-жарақтарын, ұстаханаға керекті саймандарын әр жерге шұңқыр қазып жасырады. Жолға аттанар алдында Момын дала кезіп жүрген жерінен тауып алған, өзі асырап баққан екі жетім баланы Жезқазғандағы досына аманат етіп тапсырады. «Өз балаңдай етіп асыра» деп өтініш айтады. Ауған жеріне бет алған Момынның тобы Әмударияның тасып жатқан кезіне тап болып одан өте алмай біраз бөгеледі. Сол кезде соғыстың біткенін естиді. Бұл жаңалықты естіген қашақтар ақылдаса келе үкіметке берілу туралы шешімге келеді. Қызылордаға жақындағанда алдарынан НКВД-ң адамдары шығып қаруларын тапсырып, беріледі. Сонда отряд командирі Момынға қарап:

- Сені жақсы мерген деседі, анау тұрған шиті қамысты қиып түсірші, — деп наганын ұсынады. Наганды алмай, өз винтовкасын сұрап алған Момын қамысты офицер көрсеткен жерден қиып түсірген екен.

Сот үкімімен он жылға сотталған  Момын Алматы түрмесінен 1954 жылы босанып шығып еліне оралады. Еліне оралғасын біраз күн өткен соң, үйіне машинамен келген бірнеше адам «бізбен бірге жүресіз» деп алып кетеді. Отбасымен жаңа ғана табысқан Момынға жұрт аяушылық білдіріп жатады. Өзі де «неге», «қайда» деп сұрауға шама жоқ, солармен бірге еріп жүре береді. Екі айдан соң әлгі адамдар Момынды үйіне  қайта әкеп тастайды. Сөйтсе, олар Жаңадария өзенінің ескі арнасын картаға түсіру үшін Момынды жолбасшылыққа алған екен…

Елге оралған соң, Момын колхоздың жылқысын бағады. Қайта-қайта бірнеше рет сұрап  жүріп, өзіне мінуге жарамды деп бір атты колхоз бастығының орынбасарынан қалап алады. Сол аттың көмегімен және қақпан салумен бір жылда 55 қасқыр алыпты. Момекеңнің атты әбден үйреткені сонша, қашқан қасқырды қуып жетіп, алдыңғы екі аяғымен тарпып өлтіреді екен. Жылқы бағып жүріп Момын баяғы қашып жүрген кезінде тығып кеткен дүниесінің біразын тауып алады. Әйтсе де, мылтық жасайтын ең негізгі саймандарын таба алмайды. Ол жерлерді құм басып кеткен еді.

Сол жылы Қарақұмдағы қойшыларға райпотребсоюздан азық-түлік келмей қалып, қойшылар тарығып қалады. Сонда қойшылар Момынның аулаған киік етімен және қой сүтімен күн көреді. Бірақ, тек ет жей берсе, ұнсыз тамақ қана жесе адамның іші кебеді ғой. Осыны ойлаған Момын жылқысын бірер күнге біреуге тапсырып өзі жинаған аң терілерін үш түйеге артып, қасына 16 жастағы ұлы Ерқанды ертіп, Жезқазған қайдасың деп тартады. Ол жақтан баяғы өзі асыраған екі жетім баланы іздеп табады. Екеуі де адам болып, жақсы қызмет атқаратын қызметкер екен. Солардың көмегімен ұн тиеп, қойшыларға жеткізіп бәріне теңдей бөліп береді.

1957 жылы Тереңөзек ауданында Қазан мерекесінің 40 жылдығын тойлап жатады. Сонда теңге ату жарысы болыпты, бірақ теңгеге ешкім тигізе алмайды. Жиылған жұрт Абай колхозының атынан Момын шықсын деп айқай салады. Мерген аңшы атып қалғанда жіп теңселіп кетеді де, теңге тұра береді. Төреші барып тексерсе оқ теңгенің дәл ортасынан тесіп өткен екен. Сол жолы Момын үлкен сыйлық алып аудандық газетке шығады.

Момын ақсақал жылқыдан шыққаннан кейін де аңшылық кәсібін жалғастыра берген. Қашақтардың тобын басқарған Момынның отбасына сотталып келгеннен кейін туған екі бала қосылады. Аңшы ақсақал солардың бәрінен немере сүйіп, үрім-бұтақ жайып дүниеден өтті.

Момын ақсақал жаратылысынан түсі сұсты, көзі өткір, қараған адамның көзін тайдырмай қоймайтын жан болатын. Қою қара мұрты өзіне жарасып тұрушы еді. Онша көп сөйлемеген, сыр шашып шешілмеген. Тек сенімді деп санайтын адамдарға ғана әңгімесін айтады екен. Басынан кешкен әңгіме, хикаяларын тек Іскендір деген ағасына ғана айтып қалдырған. Ол кісінің әңгімесін немересі Амандық жадына сақтап қалыпты. Мен осы әңгімелерді көпшілікке жеткізгенді жөн көрдім.

Бұл хикаяларды жазбастан бұрын ҰҚК мұрағатына сұрау салып Момын Қуандықов жайлы деректерді алдым. Олардың берген анықтамасы бойынша, М. Қуандықов «әскерге шақырылудан бас тартып, қаруланған қылмыстық топ басшысы ретінде оперативтік топқа қарулы қарсылық көрсеткені үшін 10 жылға сотталған». Оның қылмысы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заңына сәйкес ақтауға жатпайды делінген.

Момын ақсақалдың ақталу-ақталмауын немесе қаншалықты күнәсі бар-жоғын Құдайға ғана тапсыра отырып, ол кісінің бір әулетті  құрып кетуден аман сақтап қалғанын, бүгінгі үрім-бұтақтарының ақсақалдың өмірін жалғастырып, бірнеше отбасы болып мәуелі бәйтерекке айналғанын айтқым келеді.

Момын сияқты соғысқа барудан бас тартқандар қанша адам болды? Олардың бәріне бірдей айдар тағуға бола ма? Түпкі себебін білуге кеңес заманында ешкім мән бермеді, білгісі де келген жоқ. Осындай өз халқымыздың, өз тарихымыздың беймәлім беттеріне деген, сол тарихтың кейіпкерлеріне, олардың артта қалған ұрпақтарының тағдырына деген  бей-жайлық немесе немқұрайлылық тәуелсіздік алған жиырма үш жыл бойы әлі жалғасып келеді. Жалғаса беретін сыңайы бар…

(Қызылордалық зейнеткер Төребек Тәуекеловтің аузынан жазып алынды)

Сағат Жүсіп, Қызылорда

The post Қашақ Момынның хикаясы appeared first on Қазақия газеті.

«Сердце Мира». Высшее знание
Многие известные по учебникам истории деятели – политики, ученые, поэты, пророки (!) и другие, — являлись выпускниками жреческих школ. В определенном смысле их разнообразная деятельность была продолжением и отраслью всеохватывавшей жреческой деятельности. Возьмем грека Пифагора, жившего в VI веке до нашей эры. Он учился у египетских жрецов 22 года, у вавилонских жрецов – 12 лет. После этого несколько лет жил в Греции, где оказал благотворное влияние на деятельность знаменитого Дельфийского храма, куда столетиями   обращались за консультацией правители многих государств. Поселился наконец в Южной Италии в городе Кротон, где основал свою знаменитую пифагорейскую школу посвященных, чьи выпускники стали руководителями большинства городов-государств Греции.  Пифагор посетил и нашу благословенную Среднюю Азию, где нашел сосредоточение и источник всей священной науки (15.1.с.39).  Так вот, в школе Пифагора было четыре ступени посвящения в Знание (155.кн.6).

Первая ступень – «Подготовление послушника».

Вторая ступень – «Очищение. Числа. Теогония», — и как раз на числах-то мы немного и остановимся. Конечно, не на известной из средней школы теореме Пифагора о том, что «квадрат гипотенузы равен сумме квадратов катетов»…

Науку чисел посвященные считали одним из двух ключей, открывающих все двери Вселенной. Каждое число говорило им о важнейших тайнах Вселенной. «Бог, Неразрешимая Сущность, имеет своим числом Единицу, которая содержит в себе бесконечность, именем – имя Отца, Создателя, или Вечно-мужское, знаком – живой Огонь, символ Духа, в котором сущность всего… Диада (число два) представляет слияние Вечно-мужеского и Вечно женственного… и эта природа…не только земная, но и небесная, невидимая…Подобно тому, как мировая троичность сосредотачивается в единстве Бога, так и человеческая троичность сосредотачивается в самосознании и воле, в которых все способности, тела, души и духа,  сливаются в одном живом единстве…проявленный мир — тройствен, ибо как человек состоит из трех различных элементов, сплавленных вместе, из тела, души и духа, так же и вселенная делится на три концентрические сферы: мир естественный, мир человеческий и мир божественный… Человеческая и божественная троичность, заключенная в Монаде (Неделимой Единице), образуют священную Тетраду (четыре)». Пифагор придавал большую важность числам семь и десять: «состоя из трех и четырех, семь означает соединение человека с божеством, это – число адептов, великих посвященных и т.к. оно выражает полное осуществление всего, проходящего через семь ступеней, — оно является изображением знака эволюции. Число десять, образуемое из сложения первых четырех чисел и заключающее в себе число семь, есть совершенное число и оно выражает все начала Божеств, сперва развивавшихся, а затем – слившихся в новом единстве… Шесть – двойная троичность. Девять – тройная троичность. Двенадцать – тетрадная (четверная) троичность… Двадцать… Тридцать… Сорок… Сто…Тысяча…» и т.д.(155.кн.6.гл.4)

Третья ступень обучения – «Совершенство. Космогония и психология. Эволюция души», то есть посвящение разума.

На четвертой ступени  шло посвящение воли – постижение трех совершенств: осуществить истину в разуме, правдивость в душе, чистоту в теле. Прошедший четвертую ступень становился адептом, когда человек приобретает могущество, кажущееся сверхестественным – «иногда исцеляет больных возложением руки или своим присутствием. Проникает в мысли, видит события наяву на расстоянии. Действует на расстоянии, сосредотачивая мысли и волю» и т.д. (155.кн.6.гл.4.). Воля человеческая – второй ключ к тайнам Вселенной, так считали древние мудрецы…

Конечно, в нескольких абзацах не выразишь богатства знаний, почеркнутых Пифагором почти за сорок лет своего обучения (мы включаем сюда и годы посещения Турана). Пифагор женился, когда закончил «студенчество», и сам стал «профессором» и ректором – в 60 лет, полный физических, душевных и духовных сил. Был счастлив в семье, супруга его также была посвященной – у них было трое прекрасных детей: два сына и дочь, тоже ставшие учеными просвещенными людьми. Погиб великий посвященный в 80 лет, сгорел в огне вместе с другими защитниками своей академии при нападении толп невежд, местных и из соседнего города Сибариса, прославившегося своей глобальной ленью и праздностью, отчего и термин остался на тысячелетия – сибарит.

Пифагор передал то, что считал нужным, то есть передал лишь часть, переработанного им, наследия древнейших абызов… То же самое делали и другие, не прямые, наследники…

У  греков убийство собственных гениев, конечно, было далеко не единично – десятилетия спустя уже в самом сердце Эллады «парламент» Афин приговорил к смерти великого философа Сократа – за высокий ум и потенциальную (!)  возможность помешать как-то теневой деятельности самых неумных и нечестных деятелей того собрания – при продолжении таких тенденций разве могла не погибнуть великая древнегреческая цивилизация?..

Сократ не был посвященным, а его ученик великий философ Платон тоже прошел обучение у египетских жрецов. Интересно, что все величайшие открытия в физике XX века сделаны теми, кто в оригинале читал книги древних посвященных, в т.ч. Платона. Вот как о таком случае пишет богослов протоиерей Кирилл Копейкин, являющийся к тому же и ученым-физиком: «…выдающийся физик В.-К.Гейзенберг (один из создателей квантовой механики) был настолько хорошо гуманитарно образован, что читал Платона в подлиннике. Платоновские тексты очень сложные, а он не просто их читал, ему было интересно, он пытался понять свои занятия физикой в широком гуманитарном общемировом контексте. Сегодня этого не хватает… сегодня мы продолжаем жить по инерции в мире, требовавшем от нас узкоспециальных знаний, которые люди могли бы приложить к к своей области и этим ограничиться…»…

Получил Высшее Знание в Египте и Моисей, написавший Книгу Бытия Библии и выведший народ еврейский из Египта, проведя его через воду моря, и сорок лет воспитывавший огнем единобожия его двенадцать племен в пустыне Синая – перед вступлением в священную Палестину… Практически он создал новый народ – по плану посвященных. С миссией распространения единобожия. Когда-то вера в Единого Бога спасла от потопа остатки человечества во главе с пророком Ноем, пишется в Книге Бытия Моисея…

«Египетские жрецы, по словам греческих авторов, владели тремя способами объяснять свою мысль. Первый способ ясный и простой, второй символический и образный, третий священный или иероглифический. То же самое слово принимало, по их желанию, — либо свой обычный смысл, — либо образный, — либо трансцендентный (абстрактный – Т.К.). Гераклит прекрасно выразил эти различия, определяя их как говорящий, обозначающий и скрывающий… Моисей, обладавший герметическим письмом, написал свою Книгу Бытия египетскими иероглифами, заключавшими в себе все три смысла… Когда мы читаем Книгу Бытия в существующих переводах, мы имеем лишь низший, первый смысл ее содержания… Большую роль в истории Адама и Евы играет Змий.  Кн. Бытия называет его Nahash… Змея, свернувшаяся кольцом, означает мировую жизнь» (155.Шюри Э. кн.4.гл.3).

Казахи родственников по женской линии называют нағашы – отголоски древних легенд отом, что саки (скифы) произошли от соединения древнего богатыря со змееподобной девой.

Конечно, возникает воп-рос об истоках Высшего Знания, имевшегося в древности у мировой жреческой корпорации. Практически все источники сходятся, что Начало Мудрости жрецов Древнего Мира нужно искать на территории Турана… Позволим же дальнейшие выдержки из книги французского исследователя Э. Шюри «Великие посвященные: очерк эзотеризма (тайн – Т.К.) религий»:

«Невольно возникает мысль: или истина навсегда недоступна человеку, или же ею владели в широкой степени великие Мудрецы и первые Посвященные земли, если последнее верно, истина должна находиться в основе всех великих религий и в священных книгах народов. Нужно только уметь разыскать и выделить ее.

…священная книга персов Зенд-Авеста упоминает об этом древнем законодателе, называя его Йима (Yima), а Зороастр, основывая новую религию, ссылается на него, как на своего предшественника, как на первого человека, с которым говорил Ормузд, живой Бог, точно так же как Иисус Христос ссылается на Моисея. Персидский поэт Фирдоуси называет этого законодателя Джэм, завоеватель черных. В индусской эпопее Рамаяна он появляется под именем Рамы… В ведические времена Великий Предок (Рама) превратился в Яму… В египетских преданиях эпоха Рамы обозначается как царство Озириса, владыки света… Наконец в Греции древний герой и полубог почитался под именем Диониса» (155.кн1)…

«Разыскать и выделить истину о первых посвященных…» — предлагает французский автор…

Ну, что ж – о двоих из них мы сможем что-то сказать…

Названный Зороастром (Заратуштра) пророк и автор многих песен «Авесты» – из племени тама, родился в степях восточнее Волги, на территории Западного Казахстана, ранее это мы выяснили (об этом пишет лучший специалист мира по «Авесте» Мэри Бойс. О том, что он из рода тама, пророк сообщает в текстах). Своим же предшественником Зороастр назвал законодателя Йиму.

В «Авесте»: «И дал я, Ахура Мазда, ему два орудия: золотую стрелу и золотом украшенную плеть… И прошло триста зим царствования Йимы. После этого наполнилась у него земля мелким и крупным скотом (Авеста.1984.с7,8)»… Исследователи пишут, что стрела и плеть – орудие воина-всадника, и определяют местожительство первопосвященного так: «…деятельность Йимы протекала в  среде…населявших в этот период обширные просторы степей, полупустынь и пустынь Евразии (Л.Галкин. О роли экологических факторов в истории Волго-Уральского междуречья в эпоху бронзы.с.62)».

«Йима» же – каракыпшакское произношение огузо-карлукского – Майкы, который, как известно, тоже из казаха и законодатель. Й – знак жизни и мужественности, М – знак изначальности и первичности; посвященными имена разные к одному и тому же человеку применялись в зависимости от того, на каком из качеств деятеля в этот момент хотели остановиться. Джэм – имя тоже из распространенного ряда нашенских говоров – Жем, Йем и т.д. Река Жем (Эмба) протекает по Актюбинской области, где сохранились, как и в близлежащих местностях, немало и других памятников-топонимов, посвященных абызу Майкы-Йима…

А насчет «завоевателя черных» немного забавная история получается — читая древние предания, некоторые интерпретаторы иногда впадают тут в некий буквализм и даже в расизм – пишут о какой-то  войне между красной, черной, белой и желтой расами – развивая свое вульгарное восприятие текстов древности до пределов ненаучной и прочей фантастики. Дело проще: Майкы – жетируец-алшын (об этом есть у Серикбола Кондыбая, а также о том, что «ал» – «красный»), побеждает воинов торы, т.е кара-кыпшаков («черных» кыпшаков). Которые затем входят в состав объединения племен Сары Арки, т.е. «желтых». Есть к тому же и Ак Арыс – «белые». Это же все подразделения одного цельного степного народа и никакого расового деления между ними не существовало и не существует. В целом же слова қара, қызыл, ақ и сары встречаются во множестве этнических обозначений  и они не означают негроидов, индейцев, европеидов и монголоидов. Например, отец Алаша хана из красного Арыса, мать – из племени Красная Чаша… Или есть распространенное слово – қараторы. Переводится — смуглый, брюнет. А буквально – черный-гнедой… Қарақыпшақ в общем, торы!.. Помню, когда я работал в газете, два водителя, один из племени төртқара, другой из рода әңгіл, каждое утро, приходя на работу, шутливо обменивались приветствиями у ворот: «хэллоу, Бони Эм!», и – «салам, Битліз-деррр!»… «Қара» в слове «қарақыпшақ» выражает большую древность, как и  «қызыл», впрочем…

…Первую ступень посвящения у египтян обычно начинали со знакомства со смыслом священной живописи. «Под каждой из картин виднелись буква и число. 22 символа изображали 22 первые тайны (arkanes) и составляли азбуку оккультной (тайной – Т.К.) науки, т.е. абсолютные принципы, ключи, которые становятся источником мудрости  и силы, если приводятся в действие волей. Эти принципы запечетлевались в памяти благодаря их соответствию с буквами священного языка и с числами, связанными с этими буквами. Каждая буква и каж-дое число выражают на этом языке троичный закон, имеющий свое отражение в мире божественном, в мире разумном и в мире физическом. Подобно тому, как палец, трогающий струну на лире, заставляя звучать одну ноту в гамме, приводит в колебание и все гармонирующие с ней тона, так и ум, созерцающий свойства числа, и голос, произносящий букву с сознанием всего ее значения, вызывает силу, которая отражается во всех трех мирах.

Таким образом, буква А, которая соответствует единице, выражает в божественном мире Абсолютную сущность, из которой происходят все существа, в мире разума единство – источник и синтез чисел, в мире физическом: человека, вершину земных существ, могущего, благодаря расширению своих способнос-

тей, подниматься в концентрические сферы бесконечного» (155.кн.3.гл.3)…

Попробуем применить сказанное на нашем непосвященном уровне, где Знание добывается в ходе собственных исследований, к словам на букву А… 1. Ал. Божественный аспект: Ал – имя Абсолюта, Алау – «Огонь» (знак Абсолюта). Разумный аспект: «ал» — «бери!», «изначальность», т.е.  источник и синтез чисел. Физический аспект: Алшын – «божественный человек», «божественная вершина», «огня человек», «красный человек», «берущий человек», «изначальный человек», Алау – «божественный охотник», «божественный дом», «огонь» (одухотворенный человек), Алим – «мир (вселенная)», «божественный сын» и т.д. 2. Аз (Ас, Аш) – имя Абсолюта, Аспан – Небо (Знак Абсолюта). Аз – «малость», «точка», «центр», т.е. источник и синтез чисел. Ас – имя народа, имя людей, происходящих с небес. 3. АЛАШ – в одном слове два имени Абсолюта, двойная троичность. Ал-аш – «бери-открой (мир)», «изначальный центр», т.е. источник и синтез чисел. Алаш –  Исток, имя священного народа, построенного Майкы бием по плану первых посвященных. 4. Ан – имя абсолюта (156.с.43)… 5. АЛАН – двойное имя Абсолюта, двойной источник и синтез чисел, одно из исторических имен казахов… 6. АСАН – два имени Абсолюта в одном…источник и синтез чисел…небесный человек – Асан Қайғы (Хасан – посвященный в Высшее Знание)… 7.А…

Т. Казиев

The post «Сердце Мира». Высшее знание appeared first on Қазақия газеті.