Қазақия газеті » Жеткер Жүсіпов

Бір ағам бар…
Бір ағамыз бар. Бір әулеттің президенті… Бір нәрсе болса мәселе шешуге соны және мені жұмсайды. Ұяламын. Ағамның барған жерде бірдеңені бүлдіріп жүретіні көп. Аңдамай сөйлеп, жаңғалақтықтан адамды жарға жапсырып жібереді.

Ажырасып жүрген екеуді қосуға жұмсады, бардық. Барған жақтың хозайкісі шаңқ-шаңқ етіп жатыр. Күйеуін де үн жоқ. Бізде үндемей әйтеуір шаруаны бітірсек деп отырғанбыз. Ағамыз: «Әй не сендер бөлдек итті байлап қойып, қанденді бос қоя бересіңдер ме?»деп қалды отырғандарға. Ал, басталды дейсің. Тұра қаштық Шиеліден шұбырып…

Жосалыға қыз көруге бардық, бір жамағаттың баласына. Аманшылық сұрап, тым жақсы танысып-білісіп болмай: «Біздің отырып келген баламыз бар-тын, осы үйде 30- да отырып қалған қыз бар деп естігесін келіп отырмыз»,- деп қойып кеп қалмасын ба? Сол сол-ақ екен, бір есік айқара ашылды. Көзі бадырайған, мыртиған біреу жетіп келді де, ағайдың жанына аш бүйірін таянып «не оттап,отырсың» деді.  Бет аузы мыж-мыж болған «селефан» қалтадай екен. Жеңгесі шығар дедім. Жоқ отырып қалған әлгі отыздағы бетпақ осы екен. Ол жерден де өре түрегеліп жолға шыққанбыз.

Ағамызға бәріміз ренжіп жатсақ: «Ана отырған албастының неге отырып қалғанын білдік қой»деп күңк етті.

Соңғы кезде ағам бастаған компаниядан қашатын болдым,сылтау айтып…

Ана жолы Жаңақорғанға барғанбыз екен ғой. Сырттан қонақтар бар екен, бізде қосылдық. Ағам да өкіртті ішкенде. Кеш батты. Ана Алматыдан келген екі қияли бар. Бірі — ақын, екіншісі — жазушы. Том-том кітаптарын ала келген ғой, өтпегесін осында өткізуге. Мен де 5-6 кітаптарын жүксалғышқа лақтыра салдым. Үстелдің астына қойсам да нем кетіп бара жатыр деп. Туалетке жарамайды. Отқа тамызық керегі жоқ, газ құрғызғанбыз. Сонымен түнде үлкен залға төсек салынды. Ана екеумен біз — екеу төртеу жаттық сыриып. Үй иесі түнде шөлдейді деп дәу қара қарбыздың екеуін бауыздап қақ ортасынан төртке бөліп жанымызға қойды. Қарбыз жеп, қор еттік жарықты сөндіріп. Түн ортасында ағам жүр тәлтіректеп есікті таба алмай…  Олай жүрді былай жүрді. Үндемей жатырмын. Сау менің өзім есіктің қайда екенін бағдарлай алмай жатырмын. Жарықтың түймесін сипалады жағамын деп таба алмады. Бір кезде шұр етті бірдеңе… Ағам жатарда өзі жеп болған жарты қарбыздың ішіне «аттың» басын қоя беріпті. Қайтсін жарылып бара жатса. Құрысын дедім, «әйтеуір төсек аман ғой, бір кәрі болар қарбыздың» деп жатырмын.

Бір кезде ақын аунады ағам жаққа. Басын көтерді. Шөлдеп тілі аузына симай тұрған сияқты. Қолымен жан-жағын қарбанып тұрды да жаңағы ағам «атының» басын жіберген қарбыздың «суын» басына сімірді дейсің кеп… Ай,өлтірді-ау, менің ағам ақынды деп тілімді тістеп ұяттан көрпені басыма орап алып мен жатырмын. Ертеңгісін ағама айттым: «Абайламайсыз ба, анау сондай қылды» десем. Ағам: «Қайта ол деген нағыз ем ғой. Не «живая вода» деген шетел дәрігер ғалымының кітабын оқыған жоқсың ба, дәрет барлық ауруды емдейді» деп қарап тұр. Ақын отыр төрде аҺылап-үҺілеп шайды сораптап, тер моншақтап… «Жаққан екен расында» деймін ішімнен күліп, бірақ аузына көзім түсіп кеткенде бір турлі қуыстандым-ау. Ай ағам-ай істемегенің жоқ, істемегенің…

Ағамның баласы үйленді. Той жасады. Бірақ ұжымын шақырмапты. Олар шақырады деп ойлаған. Үш күннен кейін ол жұмысқа барса, бастығы шақырып өкпе айтыпты. «-Ау, біз қуанышыңды бірге бөлісетін ұжымың емес пе?» — деп. Сонда ағам «-Ой, басеке соған да ренжіп, біздің бала аман болса әлі талай қатын алады ғой. Беретіндеріңді жинап, қысып ұстап отыра беріңіздер» — деп қарап тұр дейді ғой. Сол мекемесі бірде алты айлап айлық бермеген. Сонан ішегін үзіп, беріпті. Барсам ағыл тегіл жылап ақша санап отыр «-Ау, ағажан-ау мұның не, мынандай ақшасы бар адамның жылап отырғанын бірінші көруім» — дедім. Қорс-қорс мұрнын тартып алды да бұл ақша осыдан тура алты ай бұрын қолыма тигенде бір дұрыс көлікті болар едім, қазір мынаған оның екі дөңгелегі, бір рөлі ғана келер келсе»-деп тағы еңіреді. Мен: «Аға осылай осылай ақша алғанда екі дөңгелек бір рөл алып машинаны құрастырып алуға да болады ғой»-дедім. Ол: «Әй, мынауың ақыл ғой»-деп күледі. Әпенді ә?

Ауылда той болып жатыр, қоныс той. Ішетіндерді бір жаққа, ішпейтіндерді бір жаққа кіргізеді біз жақта. Жалақтап жүрген той басқарушысы өзге жақтан келген екен. Мұны танымайды. Қорқып кетті ішпейтін жаққа тығып жібере ме деп. «Мен ішетін едім» деп айту тағы ұят. Ойланып тұрды да ойнап жүрген бір баланы шақырып алып, 50 тенгеге үй қасындағы дүкеннен бор алдыртты. 50 тенге балмұздаққа балаға ақша берді. Сөйтті де оған «БҰЛ ІШЕТІН АДАМ «деп қара костюмінің артына жаздыртып алды. Сосын былай былай көлбеңдеп той басқарып адамдарды реттестіріп жүргендердің алдын кес-кестеп жүре берді,жүре берді. Ай бір кезде біреуінің көзіне түсті -ау, жауырындағы жазу. «Ойбай көке кешіріңіз «деп олар оны ішетін жаққа қарай алып бара жатты. Жолай костюмын шешіп жеңімен жазуды сүрткілеп сүрткілеп жіберді. Күңкілдейді тағы да «-Осы адамдар қызық ай айтпаса түсінбейді, жазбаса көрмейді» — деп… Дәруіш қой менің ағам, дәруіш….

The post Бір ағам бар… appeared first on Қазақия газеті.

Қазақтың күні қытайға қарады
Жалпы бүгінде қазақ емес, бұл Қытайға бүкіл әлемнің күні қараған сыңайлы. Олардың қоқыс-тан жасаған құрылыс заттарын тышқанша тасыған ел, ентігін әлі басқан жоқ. Қыс қатты болса да жабылмай, жанына батып жатса да сол есік пен терезесіне құмар, бұл қазақ. Бүрге қаптаған күрткесін киіп болды. Пойызына мінді. Автобустарына тауықша тиеліп жүр. Бірақ, өздері ештеңе шығармаса да, қысық көздерден қоңды қазақстандықтарға олардың пойызындағы жатын жері мен қоғамдық көліктегі орындығы сәл тарлық  жасап жүр. Ал өзбек әкәлар ұшақ пен көлігін өздері шығарып сыртқа сатқалы қа-а-а-ашан?!

«Өлім құдайдан, тамақ байдан» деген ел едік. Қазір астың атасына айналып жатқан жайымыз бар. Қазақстанда ақша көп, самаурынға тамызық қыламыз ба? Болмаса қарызға ала береміз. Сыртқы қарызымыз «Қырық болса, қырық бір» болар көп болса.

Енді қайтпекбіз? Мал баға алмасақ, егін еге алмасақ. Тасимыз сырттан. Болса да Қазақияда Қытайсыз сауда сөресі жоқ.  Дастарханымыз оның мәзірінсіз жайылмайды.

- Қазақстан Қытай шекарасындағы «Бақты» кеден бекетінен алты айдың ішінде жалпы салмағы 25,6 мың тонна құны 30,3 млн АҚШ долларына татитын көкөніс, жеміс-жидек әкелінген,-дейді облыстық кеденнің баспасөз хатшысы Бақыт Орданова.

«Бақты» кеден бекеті арқылы өтетін азық түліктердің негізі 22 пайызы картоп, джем алма, бұрыш, баклажан және жуа өнімдері. Мамандардың айтуынша, «Жасыл дәліз» заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Ешқандай кезекке кептелмейді. Орташа уақыт бұрынғы 240 минуттан 69 минутқа қысқарған. Қысқасы Қытай өз өнімдерін өткізу үшін барын салуды біледі. Біреудің  қаңсығы, бізге таңсық.

Жеткер Жүсіп, Қызылорда

The post Қазақтың күні қытайға қарады appeared first on Қазақия газеті.

«Бұл қазақтар неге арыз жаза береді?»
Сырда Әмірхан Бәкірұлы деген азамат бар. Өзінің саналы ғұмырын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнаған жан. Біртоға, нағыз «үндеместің» өзі. Жо-жоқ, ол туралы пікіріңізді басқа жаққа бұрмай-ақ қойыңыз. Қайта сол «үндеместің» мекемесінде Әмірхандай адамдар болмағанда, оның тіс жармайтын құжаттары, арманда кеткен арыстардың жан дауыстары, жүрек бұлқыныстары бізге мүмкін жетпеген де болар еді. Өз басым оны өлгендерді тірілткен, шерменде кеткенді жарыққа шығарған қаламгер ретінде сыйлаймын. Алыс-берісім жоқ, бетпе-бет кездесіп сыр бөліскен де адамым емес. Мені тәнті еткен оның «тұмсығымен» жер қазғандай бейнеткештігі. Және өмірде «Мен!» демейтіні. Кеуде соқпайтын, жұдырығы жоқ, берекелі бес саусақты кісі ретінде бағалаймын.

Толғауы тоқсан, тараулары тартысқа толы 9 кітап жазыпты Әбекең. Біреулер бар, том-том түсініксіз кітап жазып, оқу орнын жағалап кездесу өткізгіш. Сосын көкжасық дүниесін олардың мойнына «іліп» жіберуге бейім. Ол Әмірханның қанында жоқ. Қажет пе, оқырман өзі тауып оқысын. Әскери адамның бойындағы жазушылық қасиеті сондай. Байсалдылығы басым. Абырой бермейтін өткелге ат салмайтындығы.

Жалпы қаламгерді дүйім жұрт әу дегеннен Мұстафа Шоқайға қалам тартқанынан таниды. Арысты тереңнен тербеді. Өйткені, оның қолында бұлтартпас айғақтар болды. Шаң басқан мұрағат Әмірханның алдында талай сырды ақтаруға мәжбүр болды. Сондықтан, нағыз шоқайтанушылардың өзі онан артық тап басып, дәлелдер келтіре алмауы заңдылық. Әрине, әліне қарай шабатын бұл тұрғыда жүйріктер жоқ дей алмаспын. Бірақ, құжат сөйлеген жерде құрғақ пәлсапалар дәйек бола ма? Көз майын тауыса, таңды таңға ұрған «үндемес» қаламгер, еліне көп нәрсе ұсыныпты. Оның қалам тербесіне терең үңілсең, қазақтың қара қайғысының қалың екендігіне көзіңді жеткізе түсесің.

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің полковнигі Әмірхан Бәкірұлы оны өз шығармаларына сыналай кіргізіп отырған. Сонау зұлматта бірін бірі сатқан, бірінің үстінен бірі арыз тоғытқан ұлтымызға ұяттың пердесінен тығыла қарайсың. Өз бармағыңды өзің шайнайсың. Өз ерніңді өзің тістегенде қалай қан бұрқ еткенін білмей қаласың. Әбекеңнің «Жаңа қызмет» деген кітабын оқи отырып осындай ойға қалатының хақ.

Өкінішке қарай, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұражайында сақтаулы жатқан қай архивтік қылмыстық істі қарасаңыз да, міндетті түрде біреудің біреуге жала жапқан арызына кездесесіз. Тіпті, КСРО НКВД басшысы Николай Ежовтың өзі «Бұл қазақтар неге арыз жаза береді?» деп қатты таң қалған екен. Бұл — Әмірханның қолындағы бұлтартпас дерегі. Қазақтың қазаққа деген сол кездегі қиянаты. Арыстарының басын жалмап, жарамсақтанған сиқы.

Жалпы қаламгердің пайымдауынша біреуге жала жабу, бәле ойлау, сөз тасу кешегі болшевиктер дәуірінен жұққан «ауру». Оның келтірген дерегіне назар аударып көріңізші. «Сұрапыл соғыс жылдары немістер басып алған қалаларда өздерінің әкімшілік органдарын құрғаны белгілі. Осындай қалалардың бірінде орналасқан гестапо қызметкерлері кеңсе есігіне «Мы от жителей больше доносы не принимаем» деп, хабарландыру іліп қоюға мәжбүр болыпты. Өйт-кені, жергілікті тұрғындар «анау коммунист», «мынау партизан» деп, бір-бірінің үстінен негізсіз арыз жазып, қайта-қайта гестапоға келе берген екен»…

Бұл тұрғыда жауыңның өзі бекзаттық танытып тұрған жоқ па? Ақсүйектігінің белгісі бұл. Ал біздің онан бүгінгі күнге дейін арыла алмай келе жатқанымыз өкінішті. Демек, бекзаттықтан адамыз. Лас өсек-өтірікке белшемізден батқанбыз. Сынықтан басқасының бәрі бізге жұғып болған. Онан сілкіне алмай, әлі күнге дейін мешел күй кешіп жүрміз. Ащы бірақ ақиқат осы…

Әмірханды оқып отырып ойға қаласыз. Опық жемейтін опасыз адамдардан жиіркенесіз. Сатқындардан үрейленесіз. Қазір біреу сенің желкеңнен қарап тұрғандай, жұдырығына тас қысып. Біз кімбіз, қайда барамыз деген сұрақтар еріксіз есіңді алады. «Елім-ай» деп еңсесін көтергендердің басын қағып отырған – қазақтың өзі. Ешкім еш жақтан келіп дүрсе қоя бермеген. Өздері ала бүлік, шала бүлінген. Онсыз да сыныққа сылтау іздеген өзгелердің табанына салған саңлақтарын. Зар қақсатып, жанын шырқыратқан.

Бұл сол зұлматты жылдардағы қорғансыздық болсын. Жарайды. Ал Әбекеңнің «Жаңа қызмет» деген бүгінгі тәуелсіздік елдегі туындысын оқып, өзгерген елді, өркениеттенген қоғамды, санасы оянған қазақты көрдім дей алман. Халықтың қаржысын оңды-солды сапырған жемқорлар. Мекеме, аудан облыс басшылары. Қитұрқы істер. Сыбайлас топтар. Балабақша мен мүгедектер мекемесінен бастап, ірі ауқымды нысандардың қаржысын қарбыта берген тойымсыз бәлелер. Өзі сол кезде атқарған қызметі бойынша зерделенген, тексеруге түскен тартымды оқиғалардан тұрады екен. Басшылық пен сол кездегі биліктің аты-жөнінің «тонын» теріс айналдырып жазыпты. Бірақ, олардың мұрты қисаймай қоғамды қан қақсатып, жегі құрттай сорып жүр әлі. Осы кітапта аты бұрмаланып көрсетілген кейіпкерлер — «Қазақия» газетінде бірнеше дүркін жазылған көпір туралы мақала «батырлары». Қайта олар жеген сайын қоңданып, борсықша семіріп бара жатқандай. Өйткені, ондай жегі құрттарды езіп тастайтын бізде ақсүйектік жоқ. Борсықты тұмсықтан ұрып, жалпитатын заң жұмыс істемейді. Жалтақ қазақ, жалпақшешей мемлекет қайтіп оңсын? Мен бұл жерде Әмірханның шығармасымен іштей сырласа отырып, оның ішіндегі қысқа әңгімелерге тоқтала алмай отыруым мүмкін. Зерделі дүниелер. Басшылардың бақастығы. Өз ісіне адал құқық қорғаушылардың кәсіби ісіне тәнті болатын оқиға аз емес.

Шоқайдың саралы ғұмырынан қалам тербеген Әбекең сол өзінің томаға тұйықтығымен қаламын адалдан тербеп келеді. Жылт еткен жаңа дүниесі жарыққа шықса, оқығың келіп тұрады. Өйткені, айтары көп және ақиқат жолдарынан аттап кете алмайсың. Айтпақшы, «өзі тексерген алаяқтар заңсыз құрылыс салып жатыр» деп, Әбекеңнің үстінен арыз-шағым «айдап», басын бірталай шарға салғаны бар-тын. Өйтпесе, ол қазақ бола ма? Расында қазақ неге арызды көп жазады?!.

Жеткер Жүсіп, Қызылорда

The post «Бұл қазақтар неге арыз жаза береді?» appeared first on Қазақия газеті.

Саясаттан сықырлап тұр Сыр бойы…
Анау Андроповтың кезінде Қызылорда облысы, Қазалы ауданында, оның Қазақстанның 40 жылдығы атындағы совхозында, оның осы совхоз орталығынан 250 шақырым жердегі «Шәкен» деген  елді мекенінде екі ауылдас жасырынып, бір бөтелке арақ ішеді. Біреуі сол елді мекеннің ферма меңгерушісіне ұсталып қалады. Ол совхозға хабар береді. Совхоздан парторг пен директор келеді. Әлгіні «Кіммен іштің, арақты кімнен сатып алдың?» деп сұрақтың астына көміп кеп тастайды, жиналыс жасап. Ақыры екеуі де жұмыстан аластатылып тынады. Сол кезде қаланы қайдам, ауыл-ауылда кеш батса парторгі, кәсіподағы, ауыл сәбеті түнде жұрттың жанып тұрған жарығына үңіліп, зықысын шығарған. «Шаш ал, десе бас алатын» сабаздар-ай! Сөйтіп араққа қарсы «күрескен-тін».

Сырдың сондай сыралғы басшылығы тәуелсіздігімізді алсақ та сол «жалбатайлақтығынан» бүгін де арыла алмай отыр. Саясатты орынды-орынсыз жалаулатып, алаулатып жатыр. Қала әкімі Мархабат Жәйімбетовтің кезінде Елбасы Қызылордаға келетін болды. Сол кісі өтетін жерге «Қазақстан-2030» туралы ұранды тасқа да, темірге де, ағашқа да жаздыртып әуреге түсірді мекеме біткенді. Қажет десеңіз, қоқыс қаптаған ескі үйлерді де «2030»-дың барысымен қаптатып тастады. Сонда жоғарыдан келген ресми қонақтың бірі «Бұларың не? Басқа қаладағы «2030»-ды алып тастата  алмай жатсақ, сендер мұнда балалатып жатқандарың не?» деп ұрысқан екен.

Облысқа Қырымбек Көшербаев, қалаға Нұрлыбек Нәлібаев басшылық еткелі Сыр аймағы саясаттан тағы да  сықырлап қоя берді. Ұрандатқан жазбалардан көз сүрінеді. Жазатын жер қалмағандықтан, аялдама біткенді саясат сахнасына айналдырды. Әйнектелген әдемі аялдамалар енді «Қазақстан-2050-ге» толды. «Біздің мақсатымыз — әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болу. Діни келісім — бейбітшілік кепілі. Жаңа қазақстандықтардың патриотизмі — еліміздің жарқын болашағының тірегі» деп басталған аялдамадағы жазу біткен «Байқоңыр — біздің бағымыз» дегенге дейін ұласады кеп.

Осы мәселе туралы жергілікті журналист Сәкен Алдашбаев:

- Иә, әйнекті аялдамалар саясаттан көз ашпай тұр. «2050»-ді сарната бергенше, Шораяқтың Омары, Тұрмағанбеттің не Кете Жүсіптің, болмаса Балқы Базардың пендеге ғибратты ой тастар төрт жол өлеңін жазса ғой. Құр жалаң ұраннан жақсы ғой. Жастар жаттап алар еді, — дейді.

Ой талқысы дұрыс әріптесіміздің. Расында неге солай етпеске? Жазатын түк таба алмаса, ұлтымыздың ұлысы Мұсафа Шоқайдың, не кешегі арыстарымыздың елім деп еңіреген жазбаларынан бір үзік жазса, мұның не деп ешкім айтпас. Сықырлаған саясатта қара халықтың несі бар? Кімнің санасына саясат сары алтын болып құйылады? Соны әкімдердің өзі жаттап жүр ме екен?

- Мен патша болсам «Қазақстан 2050» немесе Жолдау туралы әкімдерден жыл сайын сынақ алар едім. Бір де бірі білмейді оны. Ауыздарына құм құйылар еді сонда. Екі ауыз сөзді қағазға қарамай айта алмайтын бүгінгі тоғышарларды солай жазалар едім, — дейді қызылордалық зейнеткер Айшагүл апай.

- Мұнан өткен жағымпаздық, мұнан өткен көзбояушылық жоқ шығар? Аялдамада отырып өзің ұяласың. Насихат-үгіт жұмысымен талай айналысқан адаммын өзім де. Кеңестік кезде зауытта парторг болдым. Сонда «Бүгінгі нормаңды орындадың ба?» деген плакатты маңдайшаға іліп қойдыратынбыз. Тағы да басқа адамға әсер ететін «Жарықты сөндірдің бе?» дейтін лозунгілер есімде. Мына «насихаттары» ешқандай рамкіге симайды енді. Қайта жұрттың көзін қарып, жүйкесін тоздыратындай, — дейді Әлібек Тойбазаров ақсақал.

- Есіңізде ме? Елбасымыздың «2050» туралы стратегиясы жарық көргенде «Нұр Отанның» жоғарыдағы бір қызметкері «Алла оны кешіргей, хадиске теңегені үшін?» депті. Сонысы рас болса, неге мұны көрінген жерге қызылордалық бастықтар тықпалай берген? Ау, қадірлі бағдарлама, қасиетті жазу болса, бұлай қадірін кетіргені несі? Ит сарып, Иван түкіріп кететіндей «2050-дің» не жазығы бар? Артық қыламын деп тыраштанғандар тыртық қылып алмасын? Біз бұл туралы Елбасының өзіне ашық хат жазуды  ұйымдастырып жатырмыз, — дейді ардагерлер қауымдастығының мүшесі, облысқа сыйлы бір адам.

Мақұл дедік біз ақсақалға. Бірақ ой деген бәле ғой. Ойға қалдық. Расында саясаттарын сықырлатып, ұрандарын бұрқыратып аялдама немесе кез келген жерге жаза бергенше, Отанын шынайы сүйетіні рас болса «Нұротандықтар» немесе бас әкімі бар, жас әкімі бар, басшы біткен арқаларына неге жазып алып жүрмейді. Жасымыз бар, кәріміз бар соларға қарап түзеліп, бәріміз де «Отанды сүйсең, бізше сүй!» деп, әндетіп жүрер едік.

The post Саясаттан сықырлап тұр Сыр бойы… appeared first on Қазақия газеті.

Тамыры тереңге кеткен сыбайлас жемқорлық…
Бүгінде елді кім көрінген басқара беретін болды. Бала-шаға да, ұры да, қары да. Сотталып келген де, сотталып кеткен де ел басқарғандар. Өйткені, қоғам сондай, жүйе сондай. Халық үшін қабырға  қайыспағанда солай болады. Елім деп ет жүрегі езілмеген  басшысы жоқ елді тойымсыздық, ашкөзділік жайлайды. Жоғарыдан басталған жетесіз жүйеге, бар заңдылықты тек өздерінің жеке мүддесіне ғана лайықтап алғандарға тосқауыл қою мүмкін емес. Олар өйткені, сыбайласқан, жемқорланған. Тамырлары тереңге кеткендер. Қоғамның жегі құртына айналғандар. Халқын ханталапайға салып, өздері не нәрсені де қарбытып қоюға бейімделгендер.

Олардың үлкен-кішісі  жоқ. Тек бүлкілдеген көмекейі, тойымсыз қарны бар шенеуніктер. Қай-қайсысының да қолына билік, астына тақ берген күні өз құлқындарының қамымен арпалысып жататындығы сондықтан. Бұл тұрғыда «Нұр Отан» халықтық партиясы қандай мінберден көкісе де, партиялық билеттерін жаңа үлгімен он жерден қайта ауыстырса да сыбайлас жемқорлықпен күресе алмайтындығы енді бесенеден белгілі болды. Оған қанша тыраштанғанымен, соншалықты се-німнен айырылып жатқандығын түсінсе ғой, шіркін! Себебі, өздері сенгендерге, ел сенуден қалды. Өйткені, «тық» деген тауыққа тиеді. Кетпен шырақтың басын бассаң, сабы маңдайға ұрып жатыр. Осы көштің керуен басында өкінішке қарай, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, соның туын көтеріп, кеңірдек жыртып жүргендер болса қайтпексің? Арамза молдаға айналғандар, елдің қай жыртығына жамау болады? Бірақ оны түсінетін  билік қайда? Жалаң насихат, өтірік іс әрекеттері елдің ығырын шығарып, уақыт өткен сайын ызасын тудырып келе жатқандарын түсінгісі жоқ, сабаздардың! Қай телеарнаны қосып қалсаң да, қай газетінің бетін ашып қалсаң да шылқыған өтірік. Олардың құлағы қызарғанша, өзгенің өтіріктен өзегі өртеніп кеткендей. Парақор атанған білім саласы мен ауыл шаруашылығы министрліктері, сыбайлас жемқорлықтан беттер аймандай болып болған, төтенше жағдайлар жөніндегі мекемелерде жиналып алып, дөңгелек үстелдер өткізеді. Және оның атын «Әр ісіңе адал бол, сыбайлас жемқорлықпен күресейік»  деп айқайлатып қояды кеп. Айналып келгенде бәрі елі үшін емес, Елбасының ығына жығылып, ұпай жинау үшін күреседі. Және ол ұпайдың артында халық емес, қара басының қамы, өзінің астындағы тағы ғана тұр.

-Сол сыбайластықпен бүгінгі биліктің күрескеніне 20 жылдың жүзі болды. Біздің ауылда есалаңдау бір кемпір бар-тын. Ибаш деген. Бірдеңені айтады да күледі, айтады да күледі. Жұрт оны «өзі айтып өзі күледі, бейшара» деп мүсіркейтін. Бүгінгі бастықтардың да бәтуасы жоқ. Ибаш сияқты өзі айтып, өзі күлетіндей істер атқарып жатыр. Бірақ, ең өкініштісі олардың сол істеріне өздері емес, өзгелер күлетін жағдайға келдік. Кім кіммен күресіп жатқанын өздері білмей қалған сияқты. Күлтөбенің басында күнде жиналыс. Берекесі жоқ, не бәтуасы жоқ оның, — дейді байырғы «қызыл директор» Есенбай Дәдікбаев ағамыз.

-Сонау күні Елбасымыз «жең ұшынан жалғасқан сыбайластық тиылмай отыр. Осыған орай, еліміздің құқық қорғау саласы өз жұмыстарын ширата түсуі керек» деген-тін. Қалай? Құқықшылардың өзі осы сыбайластықтың батпағына батып кеткені өтірік пе? Қайда барсаң — пара. Тамыр-таныстық. Заң қалды жа-

йына. Ақиқат өлді. Адамгершілік жоқ. Қиянатқа толы қоғам. Зар қағып жүрген қарапайым халық. Осыны патша білмей ме? Үкімет  көрмей ме? Иә, білмейді, көрмейді. Өйткені, бар былық сол жақтан басталған. Біреуін түртсе, жіптің  ұшы тарқатылып кетеді. Сосын бірін бірі ұстап береді. Тықыр таянады бәріне. Сондықтан, олар «Біз күресіп жатырмыз» деп майда-шүйде шабақтарды алға тарта береді. Шетелге қашып кеткендерді де әкелмейді, сотқа тарта алмайды. Былықтары ашылады. Тек жұрттың назарын аударту, күресіп жатқандығын «байқату», — деп отыр байырғы полковник Жамаладдин Ахметқалиев.

-Ақпаратқа қолжетімділік туралы заң қабылдануы керек. Он жыл болды, ол әлі талқылаумен келеді. Дамыған елдің бәрінде ол заң бар. Жемқорлықтың алдын-алу маңызды. Екіншіден, адамдардың сана-сезімін өзгерту керек, — дейді «Экономикалық зерттеулер, бағалау және мониторинг орталығының» қызметкері Ш. Әйтенова қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген бір сұхбатында.

Біріншіден, біздің билік ондай заң қабылдап, өздерін ұстап бермейді. Екіншіден, «адамдардың» емес, бүгінгі биліктің сана-сезімін өзгерту керек. Ол үшін жемқорлықтың жазасы ауыр болу керек. Және ол үлкен — кішісіне қарамай, жария түрде атқарылуы шарт. Әрине, бұл біз үшін әзірге арман ғана….

Қармақшы деген киелі ел бар Сырда. Осы аудан Сырдарияның іргесінде отырып ауыз судың зарын тартып келеді. Оны ешқандай әкім шеше алатын емес. Барғаны құрғақ уәде мен жалған ақпар берумен қайтады. Халық болса таңдайы тас болып кеуіп, ауыз су іздеп сабылып қала береді. Қайран қаржы қайырсыздардың қалтасын қампитып, құмға сіңген судай бола береді. Атқарылған іс болмаса да, бөлінген қаржыны бастықтар бөрідей тартқылап жөніне кете барады. Ипотекаға үй салады. Оның да тоз-тозын шығарып, ақшасын жеп жөніне кете береді. Тексерген болады. Бірақ, жеме-жемге келгенде тісі батпайды. Өйткені, заңнан биік тұрғандар бар анда. Қара халықтан жоғары тұрғандар бар анда….

Қармақшы демекші. Талай чемпиондарды дүниеге әкелген осы ауданда жөні түзу стадион болған емес. Барын байырғы бір әкімі қалаға қызметі ауысқанда тасып кетіпті. Ақ шаңдағын шығарып. Баяғыда ақсақалдар көшкенде бет орамалына сол киелі жердің, кіндік кескен ата мекеннің бір уыс топырағын түйіп ала кететін, жарықтықтар. Ана көшкен әкім сол стадионның тас темірі мен бетон қоршауларын жылан жалмағандай етіпті. Өзі сол жердің тумасы. Облысқа келіп өсті. Талапайға түскен туған жерін қайтсін.

Біреуі жүр, облыстық мәслихатта. Туған шаңырағына, судан бұлдырық болған жерлестеріне қол ұшын берейін демейді. Бірақ, ол да сол ауданның әкімі болып тұрғанда қайыры тимегенде енді не істесін, басын ауыртып? Бірақ, осылардың бәрі билікте жүргенде елім деп еңіреген болады. Сенгіміз келген бұрын, қазір ол сенім өлді, үміт үзілді…

Айтпақшы, сол стадионның құрылысы сол аудандағы басшыларға жақсы болды. Қазір оған бөлінген  қаржыны әрі тартып, бері тартып жұлмалап жатқан жайы бар. Алды облыстық тәртіптік кеңестің алдына келіп жатыр. Қызылордада қазынаны қарбыта беретін басшы көп. Алпауыттарын қашырып жібереді. Көпірдің қаржысын ханталапайға салған облыстық «Нұр Отанның» сүйікті ұлы, бұрынғы облыс әкімінің орынбасары  Мадияр Алдоңғаров сияқтыларды. Бір күні ол да сыбайлас жемқорлықпен күресетін комитеттің төрағасы болып келуі де ғажап емес. Сол кездегі оңды-солды шашылған мемлекеттік қаржыға ешқандай жауап бермей облыс әкімі Болатбек Қуандықов та кете барды. Қызық және олардың бәрі қызметсіз қалмайды, қайта өсе береді, өсе береді. Өйткені, қолынан келген қонышынан баса беретін заман туып тұр. Шын айтам.

Облыс бойынша, соңғы  үш айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғалыпты. Бірақ, осы кезге дейін сот баспасөз қызметі олардың аты-жөнін толық атамай «О», «Н» деуіне қарағанда солардың сотталғандығына сірә, соттардың өзі сенбейтін сияқты. Тиісті мекеменің баспасөз қызметі мүмкін олардың толық аты-жөнін жазасын толық өтеп келгесін жария ететін шығар?..

The post Тамыры тереңге кеткен сыбайлас жемқорлық… appeared first on Қазақия газеті.

Қазақ қарызға қатын да алады…
-Алло! Күләш! Қалайсыңдар? Мен ғой Күміс. Күләш, балам үйленейін деп жатыр. Қиналып тұрмын. Кредит алайын деп едім. Сенің телефоныңды бердім. Қазір «звандайды». «Мені танимын» деші…

Бұл – баласы үйленбекші не қызы тұрмысқа шықпақшы болатын он қазақтың төртеуінің кәсібі. Баласы да не бардың не жоқтың бәсін білмейді. Асхаттың тойы «Жасмин» мейрамханасында өтті. Ол енді қаладағы ең үлкен «Поле чудес» мейрамханасында өткізуі керек. Досының тойынан бұл қалайда асып түсуі керек. Оған тәнті болған дос-жарандары енді бұған тәнті болсын.

Асхаттың әкесі жұмыссыз. Анасы медбике. Соның өзінде баласының үйлену тойын дүрілдетіп өткізді. Жұрт тамсанды. Құстың сүтінен басқасының бәрін қойды дастарханға.Ту бие сойды. Жастар тойы, құда шақыруы қандай тамаша! Құдағай құдашаларға жақұт алқа-жүзік сыйлады. Ел аузын аша тамсанды.

Ернардың ойы осы болды. Әке мен шеше баласының бетін қаға алмады. Қағуға қорықты. Дарияның арғы бетындагі Тәжен баласының айтқанына көнбей, қасарысып бақпақ па еді. Арты не болды.  Өрімдей ұлы өз өзіне қол салды.

«Тәуекел ел ішіндеміз ғой. Аштан өлмеспіз. Көштен қалмаспыз. Кейін келінмен екеуі жұмыс істер, құтылармыз» деді. Сөйтті де Ернұрдың әке шешесі қажетті құжаттарын дайындап банкке қарай беттеді. Сапырылысқан қазақ. Түріне қарасаң біреулері өрт сөндіргендей. Екінші біреулері қан-сөлсіз кезекте сұлқ тұр. Енді біреулері екі құлағы екі езуіне кеткен. Қолына бір бума ақшаны буаттап жатыр. «Қарыз күліп келіп, жылап қайтады» деген мақалға көз жеткізгің келсе осы жерге кел.

«-Алло, мен Ернұрдың әкесімін, Берікпін. Амансыңдар ма? Құдажан, мына бала үйленемін деп. Соған қиналып, ана гарант деген бәлесі бар екен. Соған сіздің телефоныңызды жаздыртқанбыз. «Звандаса»…  Иә, иә, рахмет құдажан».  Міне, қазақ қиналғанда құдасын да «қораға тығып» жібереді деген осы шығар. Бірақ бұлар білген жоқ. Жоғарыдағы Асхаттың әке-шешесі несие аламын деп үйден айырып жатқанын. Бұлар білген жоқ гарантқа келісім берген жан достарынан ренішпен ұрысысқандарын. Бұлар білген жоқ екі жастың кикілжіңі қозып, «сенің кесіріңнен» деп бірі-бірімен бет жыртысып жатқандарын. Бұлар білген жоқ, мың жылдық құда қырын қарап, құдағайдың тілі жалақтап жатқанын. Бұлар білген жоқ. Бірақ бір бума ақшаны алып, банктен шығып бара жатты….

The post Қазақ қарызға қатын да алады… appeared first on Қазақия газеті.

Қарт шойынжолшының әңгімесі
…Ұмытпасам 1955-56 жылдары. Белкөл деген стансанда кезекшімін. Телефон шыр етті «Скорый пойызды 3 минут аялдатасыз»,-деді Қызылордадағы бастығым. «Тоқтмайтын пойызды неге тоқтады екен»,-дедім ішімнен. Отарба тоқтады. Алтыншы вагоннан бір келбетті, әрі тәуір киінген жігіт түсті. Қасында асай-мүсей көтерген бес-алты адам бар. Кілең ұзынша ағаш қорап түсірілді. Әскерилердің құралы секілді жасыл ала түске боялған, соғыс кезде әскерлердің снаряд салған ба, әлде немістердің құпия жәшіктері секілді.

Талтүс. Перронда жан адам жоқ-тұғын. Тура маған келді. Жылы амандасты. Ауылдағы ең үлкен қарияны сұрады. Ауыл шетіндегі мүжілген тоқал тамды көрсеттім. Ол рахмет айтты да, солай беттеді. Қасындағылары ере кетті.

Кейін білдім. Бұл кісі Алматыда бір дөкей кісі екен. Қуғын-сүргін жылдары әкесі халық жауы болып атылған. Ізі осы жақтан шығыпты. Атылғандарды топырлатып бір шұқырға көмген. Біздің ауылдағы қария сол шұқырды біледі екен.

Жігіт сол арқылы әкесінің сүйегін тауып алып, еліне апарып қайта жерлегісі келеді екен. Қасындағылары сүйекші мамандар екен. Ана жәшіктер зертхана жабдықтары болып шықты. Олар шал көрсеткен жерде бір жеті жұмыс істеді. Адам сүйегі көп. Бірақ мамандар жиналып оның әкесінің мәйітін анықтай алмапты. Ақ халатты, ауыздарын тұмашалап алған ақ қолғаптылар бірталай тер төкті. Не істеу керек?

Сонда бір кісі айтыпты: «ана Бірқазан деген жерде 95-те бір шал бар сонымен ақылдас, бір бәтуа айтса сол айтар».

Ол сол жаққа аттанды. Науқастанып жатыр екен ақсақал. Мән жайды сұрап білді, ентіге отырып:

-«Сен сүйектерге саусағыңнан қан шығарып тамыз. Қайсысына қаның сіңеді сол сенің әкеңдікі»,-депті.

Бұлар солай етті. Қан сіңген сүйектерді реттеп, түгелдеді. Ал қан қара қошқылданып,домалай қатып қалған, яғни қан сіңбеген мүрде сүйектерін қайта көмді. Сөйтіп бір жылқы сойып, құран оқытып еліне кетті. Бір-екі аптадан соң Бірқазандағы қария дүние салды.

Сонда әлгі жігіт келіп, өзі бәрін атқарып, басын көтеріп, арулады. Бір баласы дұрыс еместін. Соны Алматыға оқытып адам қылмаққа алып кетті.

Сонда оның айтқаны: «Бұл кісінің көріпкелдігіне тәнті болдым. Апарған сүйектер түгелдей әкемдікі болып шықты». Лаборатория солай деп анықтапты. «Мен бұл кісінің әруағына әрқашанда бас иемін»,- деп көзіне жас алыпты. Міне, біздің жақтың қара шалының қасиеті осындай», деп аяқтады ақсақал әңгімесін.

The post Қарт шойынжолшының әңгімесі appeared first on Қазақия газеті.

Жылан жерік пен жылан ғашық туралы
Бірінші оқиға

Жылан жерік

«Бірлік деген ауылда жолдас баламыз үйленді, ауылдың қызына»,- дейді Ермек деген жігіт. Өзіңіз білесіз, ауылдың көлігі мотоцикл ғой. Лента байламағанмен екі аяқтысы бар, төрт аяқтысы бар, «Уралы» бар, «Ижі» бар бір жеті шуылдаттық.

«Күнде «вечір», күнде той,

Бұл досымыз Әділдің қатын алған күні,біліп қой», — деп гуілдедік. Шымылдырық құрып алғандармен қалжыңдасып жүргенде бірнеше айлар өтіп кеткеінде білмеппіз. Бір күні Әділ ымдайды маған. «Не болды»,- дедім. «Бала, біздің қатын құса береді. Мазаны май ішкендей қылды». «Иә,оның несі бар. Жерік, енді әке боласың», -дедім мен білгішсініп. «Дұрыс қой, бірақ ол жерік болғанда жыланның етіне жерік болып тұр ғой»,-деді ол.  Селк ете қалдым. Денем дір етті. Ертегіде жолбарыстың жүрегіне жерік болды деп жататын. О заманда бұ заман. Жыланға.құдай сақтасын. Естімеппін. Әділ досым болса, жыламсырап жалынып тұр. Ешкімге айтпа ойбай дейді.

«Ауышсың ба, жан досымның жан сырын жұртқа айтып»,-деймін. Қойшы сонымен ботаға емес, төрт аяқты мотаға мініп алып, екеуміз салып ұрып ескі қыстауға келдік. Әншейінде аяғыңың астынан зәре иманыңды ұшырып, құйқа тамырыңды шым еткізіп, сумаң ете қалатын бәле таптырмай қойды.

«Иттің боғы дәрі болса дарияға барып тышады» дегендей. Әйтеуір қуалап жүріп біреуін ұстадық. Білектей екен. Басынан бір ұрып талдырып тастадым, тілін сумаңдатпай. Сосын бір алдын ала дайындаған ыдысқа салып, қақпағын жауып, ауылға зыттық. Құрып кетсін, қуанғанда қатынының екі көзі от шашты. Екі беті бал-бұл жанғанын көрсең! Өй әтесіне нәлет, жек көріп кеттім оны сонда да. Ертеңіне жыланның қалдықтарын үй сыртындпғы күлдіктен көрдім. Пәтшағар терісінен басынан басқа жерін «капут» қылған. Кейін шекесі торсықтай ұл тапты. Оны ұстасам жылан ұстағандай ыршып кететінмін, үйіне барғанда. Кейін үйрендім ғой. Ұмыттым, ұмытуға тырыстым. Сол Әділ досымның баласы қазір қала әкімінің бірінші орынбасары…

Екінші әңгіме

Жылан ғашық

«- Менің 1954 жылға қыз апам болды деп бастады жолаушы серігім. Өте көрікті-тін. Мойылдай көзі мен қолаң шашы ертегідегі арудай-тын. Жақын алыс ауылдағы жігітсымақтар біздің үйдің маңынан күніне бес өтпесе көңілдері көншімейтін. Біздің үйдегі бар шаруаны солар келіп тындыруға таласатын. Бәрі менің апамды бір көріп қалу үшін, неден де тайынбайтын. Сауылдатып бәрі хат жазатын. Өз өздерін азапқа салып, өлең шығарғыштар да көбейді. Қысқасы өз өнерлерін өз біліктіліктерін асырғысы келгендердің бәрі, бәрі біздің шарбақтан не үй маңынан табылып жатты. Ал апам болса кербез. Бірде біріне көз қиығын салмады. Суға барса қауғасын тартады. Самаурын қойса отынын жарады. Мен саусағымның ұшын тигізіп жұмыс істемеппін, апатайымның арқасында. Сол жан апам аяқ асты науқастанды. Бір талай жерге апардық ем қонбады. Көзікті дедік. Бірақ бір емші әкемді жеке шақырып сөйлескенін білем, сонан соң ол кісі сұлқ жүрді. Шешемнің көзінен жас кетпеді. Түнде апам сандырақтайды. «Кел, кел» деп ұшып тұрады кейде. «Сені сарғая күттім ғой, қайда жүрсің», дейді өз өзінен. Ақыры бірде қатты қиналды. Түн еді. Әкем «молда шақырып кел»,- деді. Бардым. Ол кісі апама иман келтірді. Ықылық атып қамыс тамның төбесіне қарағыштап барып үзілді. Сол сол-ақ екен. Бірдеңе сарт етті. Төбеден жылан жерге салп етті. Шошып кеттік. Дыбысымыз шықпай қалды, әрі өлік, әрі жылан. Керіскідей жылан төбеден өлідей түскен екен. Сұлық жатты.

«Астапыралла! Жылан ғашық екен ғой»,- деді молда кісі. Екеуін бірге жерлетті білетіндер…

Міне мен естіген жылан туралы екі хикая…

The post Жылан жерік пен жылан ғашық туралы appeared first on Қазақия газеті.

Әдірәм қалсын құмыраң! (әңгіме)
Көктем болатын.  Базар жалғыз ұлын жетектеп сіңілісінің ауылына келді. Жесір әйел баласының каникулға шыққан кезін пайдаланып, қыдырып қалғысы келді. Сіңілісі Майраммен әңгіме-дүкен құрып, өткен-кеткенді еске алғанға не жетсін! Күйеу баласы оның үстіне бірнеше жыл болды, совхоздың бас есепшісі. Сырдарияның арғы бетінде «Бірлік»»атты үлкен совхоздың бас есепшісі.

Дария демекші. Бұл жаққа көктемде келу өте қауіпті. Аяқ асты күн жылып кетсе, мұз бұзылады, сең жүріп кетуі ықтимал. Оны жергілікті халық «абыржы» деп атайды. Тәуекелге бел байлаған бала мен ана қытымыр аяздың арқасында мұздан аман есен өтіп, Бірлікке келді. Келмегендеріне бірнеше жылдың жүзі болған.

Бас есепші үйді «сәкитіп» қайта салыпты. Көк «Волга» есіктің алдында қаңтарылып тұр. Аман саулық сұрасты. Байқайды сіңілісінің бұларға қабағы онша жыли қоймағандай. Өзгеріс көп, үйдің іші-сырты сыңғырлап тұр. Көздің жауын алатын ыдыс-аяқ сервантқа толы. Люстралары патша сарайындағы інжуден жасалғандай.

Ас-ауқатын қызметші істейді. Білекті жігіттер ас-суын қамдап, қазы-қартасын әкеп жатады. Қойын сойып, бас үйітіп жүр балақтарына сүрініп. О-өмір деп осыны айт.

Базар апасы мұның бәріне таңғала қарайды. Сіңілісі толығыпты. Ақ марқа сұлудың өзі. Бірақ баяғы көңіл жоқ. Әңгімеге сараң. Айнаның алдында көп отырады. Қонаққа барудан қолы тимейтін болыпты. Алтынмен қаптап қойғандай тұла бойы. Шетелде курортта болып қайтқан бойы екен.

Ұзындығы Базар апайдың жалғыз ұлы Асқардың бойындай құмыра әкеліпті ол жақтан. Жалт жұлт. Көз керек оны көруге. Бұл үйде адам болмаса екеуі ұзақ айналып, сол құмыраны, жарқыраған қабырға сағатты қызықтайды.

Сіңілісі бала көтермеген-тін. Сонан ба балаға онша иліге қоймайды. Асқар да бала болғанмен оны іштей сезеді. Сондықтан өз анасына ырбиятын әдетін мұнда келгелі сап тиған.

Базар апай сыртқа беттей бергені сол еді, гүрс еткен дыбыстан селк етті. Тұра жүгірді залға. Ар жағынан үй қызметшісі шықты көзі атыздай болып. «Құмыра»  деді ол албасты атқандай зал жаққа алақ-жұлақ қарап. Қиратып алған. Еңіреп тұр. «Жетім едім. Осы үйден күнімді көріп отыр едім. Енді қайттым. Өлдім ғой енді» деп аңырағанда аза бойың қаза болғандай. «Қой енді соншама таусылмай. Тәйірі адам құны емес қой. Асқар құлатып алды деймін сіңіліме» деп жұбатып бақты оны.

Күйеу баласы мен сіңілісі келді. Көрді. Мән жайға қанықты. Көкпеңбек болып, қатып қалды. Қираған құмыраға қарап. «Жетімегіңді алып, құры» деп айқай салды. Әрі бері басу айтып көріп еді, көкбақа сіңілісі міз бақпады. Байы түпкі бөлмеге кіріп кетті де шықпады. Базар апай амал жоқ алды түн болса да, баласының киімін жаулығына түйіп алды да. Оны жетектеп жолға шықты.

Тас қараңғы. Дария бар сырын ішіне тартып, тым тырыс жатыр. Олар шыңылтыр мұздың үстімен арғы беттегі «Карлам» жаққа беттеді. Жалғыз аяқ жол, қары аршылған, әр жерге белгі қойған «Осымен жүру керек» деп. Асқар да бүрсеңдеп,ашулы анасының қолынан ұстап дедек қағып келеді. Тайғанақтай берген соң базар апай оны арқалап алды. Әншейінде арғы бет жеткізе қоймайтын. Түнде алаңсыз қашықтап кетеді екен, шіркін.

Дарияның орт шеніне келгенде жолдан адасты бұлар. Ешқандай белгіні көре алмады. Базар апайдың жүрегі алқымына тығылғандай алақтады. Кенет мұз күтірлегендей болды. Қызылсу жүріп жатыр! Арт қайда,алды қайда? Олар аңырая қарады жан жағына. Он жасар Асқар жәутеңдеп анасына қарай береді. «Апа кері қайтайықшы» деді жыламсырап. Кері қайда қайтпақшы? Аяқ бассаң қызыл суы шығып жатыр. Күн ыстықта иленген асфальт сияқты болды мұз беті. Жүрген сайын сатыр-сұтыр қозып кетті.  Бағдардан айырылған екеу ентігін баса алмай, жан жағына алақтайды. Қарғыс атқыр жаға көрінбейді. Кенет бұлардың алдынан ағыс көрінді. Мұз бұзылған. Сең жүріп жатыр,зулап. Күтір -күтір,сықыр сықыр еткен көшкін мұз бірі біріне соқтығыса бастады. Ана мен бала табан тіреп тұрған мұз аумағы,бір кезде жылжи бастады. Қараша үйдің аумағындай жердің мұзы сөгілді де Ұлы теңізге қарай жүйтки жөнелді. Үстінде екі бейбақ. Аңыраған дауыстарын гүрілдеген сеңнің ағысы жұтып қойып жатты. Алдан ажалдың аранындай аузын ашып, үлкен теңіз көрінді буырқанып. Бұлады солай қарап,дөңгеленген мұз көшкіні сүйреп барады. Бір кезде ол алдыңғы көшкінге соқтығысты. Асқар қатты соққыдан ұшып кетті. Астан кестең болған сеңнен оның үні де шыққан жоқ. Тұңғиық жұтты да кетті. Базар апай мұздан тілім тілім болған қолын созды. Бірақ ол бос ауаны қарбыды. Өзін зырғытып, көк аспанмен бірге айналдырып мұз легі Ұлы теңізге қарай жөңкітіп ала жөнелді. Хош қос ғұмыр! Әдірәм қалсын сенің құмыраң, әдірәм қалсын!

The post Әдірәм қалсын құмыраң! (әңгіме) appeared first on Қазақия газеті.

Журналист деген қандай-ды?!
Бізде жолы болғыш журналистер құдайға шүкір көп. Биліктің бірі маңынан табылып, ол күлсе күліп, жыласа жылап жүреді. «Төртінші билік»емес ол басшылардың «төртінші құлы» секілді.

Тұрмыс-тіршілігін түгендеп алған. Әл-ауқаты жоғары. Кейбірі кәсіптерін де солардың арқасында дөңгелетіп жүр. Сый-сияпаттары да баршылық. Қарындары шығып, төстерінде сылдырлаған төс белгілер мен медалдарға толы. Бірақ солардың бір мақаласы есімде жоқ. Екінші біреулері бар. Билікті қорқытқанда қан тыштырады «Пәленге» береміз, «Түген арнадан» жамандаймыз «деп аналардың ығырын шығарады, бұлар келісім шартпен жүрген жалдамалылар.

Тағы біреулері бар «Маған билік қысым көрсетіп жатыр, маған қарсы қару қолданды»,- деп байбалам салып, билікті әбден қалтыратып алады. «Тілшіні атқан кім?» деп газеттерді шуылдатады. Артын ешкім тексермейді. «Құтырғаннан құтылған» дейді.  Анау болса көрдің бе мені деп күжірейіп, бейшара тағы жанын беретіндерді қорқыта береді. Қос-қос пәтер алады. «Әкиматтағылар» оның алдында құрдай жорғалайды. Қатын зам әкімдер соның айтқанын екі етпейді. Бірақ сол журналисттің ішін жарсаң бір әріп шықпайды. Жоғарғы жақтағы редакциясы оның жазбаған мақаласын жазып, жазған шатпағын жөндеп, үстемелеп жарыққа шығарып отырады. Ол болса билікті қорқытып тапқанын соларға салып, соғым сүйреп, күріш тасып әлек.

Билік сорлы, ол бейшара. Бірақ бар сылық солардікі.  Алқада алдыңғы орында, «шөпке тышарлар» соның айналасында. Осыны көріп кейде «тупой «тіліші болып кеткім келеді. Бірақ ар жібермейді. Ертең ел кешірмейді, ғой дейсің.

Міне, біздегі «төртінші биліктің» бүгінгі бет пердесі осы. Бірақ сыйлықсыз жүрген журналистерді халық көп сыйлайтындығының куәсі болғанда төбең көкке жеткендей болады. Қанаттанып кетесің көңілің босап, жүрегің боздап қоя береді. Онан артық қандай бақыт керек нағыз жорналшыға?!

The post Журналист деген қандай-ды?! appeared first on Қазақия газеті.