Қазақия газеті » Аймақ

Еңсесі еңкіш тартқан егінді жер
Тәуелсіз тілшілердің назарына іліге қоймаған республика аймақтарының бірі – Қостанай облысы. Оны мың жерден «егінді мекен», «өндірісті орта» дегенімізбен, шатқаяқтап қалған шаруалары да баршылық. Облысты 8 жылдай басқарған Сергей Кулагиннің берекелі іс тындырғаны шамалы. Ол тек егінді жерді «емгеніне» мәз болып отыра берген. «Облысты өзінің «атқорасына» айналдырып жіберді» деседі білетіндер. Олай деудің бір дәлелі – кезінде шу болған құс фабрикасы. «Ет өндіру» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қолға алынған оған 2,7 миллиард теңге бөлінгені мәлім. Тексеру барысында, қаржы ептеп игерілгенімен, жоспарланған нысанның құрылысы тұрғызылмағаны анықталған. Істің басы-қасында жүргендердің бәрі шеттерінен алаяқ болып шығыпты. Одан кейін…

Орысы басым орта болғандықтан…

Жалпы, Қостанай облысы – 1936 жылы құрылған, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектесіп жатқан аймақ. Оған қоса, Ресейдің Орынбор, Челябі, Қорған облыстарымен де шекаралас. Өзіміздікіне қарағанда, сол орыс жеріндегі ықпал басымырақ көрінеді. Қостанай, Арқалық, Лисаков, Рудный қалалары, Алтынсарин, Амангелді, Әулиекөл, Денисов, Жангелдин, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Меңдіқара, Науырзым, Сарыкөл, Таран, Ұзынкөл, Федоров аудандарының ішінде қазақы қалып танытып тұрғандары аз. Арқалық, Амангелді, Жангелдин үшеуінен басқасы – өз тілдерімен айтқанда, «шала казахский». Тіпті, кейбіреулері таза орыстанып алған.

Бұл тұрғыдағы мәселе тікелей жергілікті басшылыққа байланысты болса керек. Мысалы, Таран ауданының әкімі Александр Бондаренко денсаулығына байланысты өз еркімен қызметтен кетуге өтінішін берді. Облыс әкімінің үкімімен оның орнына бұрын Қамысты ауданының әкімі болған Бақберген Өтеулин тағайындалды. Ал, Қамысты ауданының әкімдік орынтағына Ербол Ахметов жайғасты. Қарасу ауданының әкімі Амантай Сейфуллин де өз еркімен қызметінен кетіп, бұл ауданды бұрын Қостанай қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Асан Нұрғазинов басқаратын болды. Аңғарсаңыз, қауырт ауыс-түйіске түскен басшылардың әлгі Бондаренкодан басқасының бәрі де қазақ! Сонда да, мемлекеттік тіл мәселесін шешу жағынан әлі жігерсіздік байқалады.

Бұл облыстың халық саны қазір 879,9 мың адамды құрап отыр. Оның 449,8 мыңы – қалалық және 430,1 мың адам – ауылдық тұрғындар десек,  бұл деректі 100-ден астам ұлттар қамтиды екен. Олардың ішінде 34,9 пайызы ғана қазақ. Орыстың саны одан көп – 41,2 пайыз! Қалғандары 11,9 пайыз украиндықтар, 3,8 пайыз немістер, 8,2 пайыз басқа ұлттар деп есептеледі. Сонда, өз жерімізде осылардың көңіліне қарап, өз тілімізді өгейсітіп отырмыз ба?..

«Бұлар неге босқа түңіле береді?!» дерсіз… Өйтіп қателеспеңіз, қадірлі оқырман! Басқасы басқа, Қостанай облысы әкімдігі сайтының өзі осы күні Сіздің мемлекеттік тіліңізді менсінбейді. Бұлай деуімізге облыс әкімінің ресми блогына жолданған тұрғындар хаты себеп. Олар сайттың қазақ қаріптерін қабылдамай қойғанын айтады. Аты-жөндерін азан шақырып қойылған қазақша нұсқасымен жазса, «некорректное имя» деген жауап шығып тұрады екен. Сайттағы «план работы», «график работы», «оставить обращение» сөздері де Ресейдің мемлекеттік тілін насихаттап тұрғандай, қазақша аудармасы жоқ. Кезінде Кулагиннің «барып кел-шауып келдері»: «Интернет қазақ әріптерін қолдамайды»,- деп, түйеден түскендей жауапты бір-ақ қайтарған. Ал, қазіргі әкімі мүлде ләм-мим демейді. Оның баспасөз хатшысы: «Мұны техникалық қателік деп білгеніміз жөн. Астарында ешқандай саяси идеологиялық мән жоқ. Соңғы кезде интернетте қазақша жаза алмайтын болып жүрміз. Себебін программистерден сұрайын…»,- деген шығарыпсалма уәжбен құтылмақ болған. Міне, ең басты трагедия!

Жем-шөп жетіспей жатыр

Нұралы Сәдуақасов облыс тұрғындарының алдында есеп берген кезде аймақтағы баспана мәселесінің өткірлігі әлі төмендемегенін, тұрғын үй кезегінде тұрғандардың көп екендігін мойындаған еді. Ал, арнайы үй салу үшін бөлінген жер телімдерін түгендеу барысында, облыста пайдаланусыз жатқан 404 жер телімі анықталған. Кейбіреулерінің тосыннан иелері табыла кеткендіктен, оларды мемлекетке қайтару мүмкіндігі шектелді. Мәселен, Рудныйда тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген 549 жер телімі бірден жекеменшікке берілсе де, онда бірде-бір құрылыс жұмысы жүргізіліп жатқан жоқ. Осы шағын ауданға инженерлік коммуникация тартқаннан кейін, әлгі жер телімдері 10 есе қымбаттап кетіпті. Енді сауда-саттық көзіне айналғандықтан, адамдар жер телімдерін үй салу мақсатында емес, оларды қайта сатып, пайда табу үшін алған. Қазақ қоғамына тән құр құлқынның қамы, әйтеуір.

Қостанай облысының аумағында Қазақстандағы барлық көлдердің үшінші бөлігін құрайтын 5 мыңнан астам тұщы көл бар. Сөйте тұра, ондағы астық алқаптарының 68 пайызы өте нашар болды да, қалған 34 пайызы суарудың кемшін соғуы салдарынан күйіп кеткен. Тек 18 пайызы ғана жақсы өсіпті. Аты айтып тұрғандай, сулы да нулы өңір – Әулиекөл ауданында барлық астықтың 35 пайызы жарамсыз күйге ұшыраған. Мұндағы 10 мың гектар жерден күзде әрі кеткенде 3-4 центнер ғана астық жиналады екен. Сөйтіп, астық шығымдылығының нашарлығы нан мен ұнның қымбаттауына, жем-шөптің азаюына, соған байланысты мал басының кемуіне, келесі жылға тұқымдық бидайдың аздығына, кейбір шаруашылықтардың экономикалық жағдайының құлдырауына әкеп соғады.

«Жем-шөптің азаюына, мал басының кемуіне» дегенді бекер айтып отырған жоқпыз. Себебі, 721 мың гектар аумақтағы Арқалық, Амангелді, Жітіқара және Қамысты аудандарында орналасқан 749 жер телімі – егіншілік және мал жайылымы. Осындай 480 жер телімі иелерінің кімдер екені әлі күнге дейін белгісіз. Оны анықтау мүмкіндігі де болмаған. Сондықтан олар иесіз жер ретінде есепке алынған да, соған қатысты материал сотқа берілетін болып шешілген. Ал, Арқалықтың Жезқазғанмен шектесетін жері тым құнарсыз, пайдалануға жарамсыз саналады.

Тобыл өңіріндегі құрғақшылық та төрт түліктің азығын қамдауға кесірін тигізді. Жұрт қылтиып шыққан шөптің бәрін шауып алса да, онысы жеткіліксіз. Ендігі ретте шөбі шүйгін алқапты Тобыл өңірінен кездестіру қиын. Ауылшаруашылығы мамандары Қостанай облысының 900 мың гектар алқабына орақ тиетінін мәлім етті. Сонда да, әзірленген мал азығы 34 пайыздан әзер асқан. Соның салдарынан, шөптің бір тоннасы саудаға 10-20 мың теңгеден шығарылды. Кейбір пайдаға құныққан пысықайлар 30 мың теңгеге дейін көтеріп жіберді. Ал, жалпы Қостанай облысындағы ірілі-ұсақты малды қыстан алып шығу үшін 103 мың тонна шөп әзірленеді десек, бұл –  қажетті меженің тек 60 пайызы ғана. Аймақтағы жазық даланың 80 пайызына бидай дақылы себілгендіктен, мал азығына қажетті алқап та, жазық та қалмай, жайылымдардың барлығы жойылып барады.

Денсаулық пен білім жағдайы да нашар

Облыста ел игілігіне пайдаланбай жатқан 5 мыңнан астам көл бар екенін айттық. Әйтеуір, судан кенде емес. Өңірде ерте көктемде қар күрт еритіндіктен, қарғын судың өзі 3 мыңнан астам тұрғыны бар 17 елді мекен мен 542 үйге орасан қауіп төндіре береді. Қар суы 7,5 мың шаршы шақырым алқапты алса, жыл сайын ол жерлердегі 28 тас жол мен бір көпір бүлінеді. Соңғы жеті жылда облыстағы су қоймалары қажетті суды жинай алмады. Өйткені, құбырлар тазаланбай жатыр. Ол мәселеге асау Тобылдың арнасынан аса тасып кететін кездерін қосыңыз… Халықтың денсаулығына жиі қауіп төнуде. «Денсаулық» демекші, облыстың осы бір саласы мен білім ошақтарының жағдайы тағы нашар. Облыс әкімі бұл тұрғыда бөлінген қаржының дұрыс игерілмейтіндігін де мойындап отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, норма бойынша Қостанай қаласында 21 бригада жұмыс істеуі керек болса, бүгінде тек 14 жедел-жәрдем бригадасы ғана бар. Олардың санын көбейтуге қаржы тапшылығы кедергі келтіріп отыр.

Ал, жергілікті білім басқармасының құжаттарына үңілсек, қазір облыс бойынша 100 мектеп күрделі жөндеуді, ал 93 мектеп ағымдағы жөндеу жүргізуді қажет етеді. Бұл мақсатқа барлығы 19,3 миллиард теңге қажет. Жалпы, облыстағы мұндай оқу орындарының материалдық базасы сын көтермейді. Тіпті, кейбіреулерінде өздерінің өндірістік цехтары да жоқ. Жұпыны күйде. Барлығы 48 лицей мен колледждің көбі ескі, іріп-шіріген қалпында қалқиып тұр. Сөйте тұра, кезінде Сергей Кулагин де, соңғы 17 жылда өзінің туған облысынан ешқайда ұзап кетпеген Нұралы Сәдуақасов та дардай басымен мектеп оқушыларының ата-аналарымен онлайнда тілдесіп, әкім істеуі тиіс емес ұсақ-түйек шаруалармен айналысып келген. Ондайға уақыт табатын екеуінің үлкен шаруаларға шынымен шамасы келмеген.

Қаржының игерілмеуіне компаниялар кінәлі ме?

Қаржы министрлігінен Қостанай облысындағы бюджеттік бағдарламаларға барлығы 120 миллиард теңге трансферт алынған екен. Оның басым бөлігі әлеуметтік нысандарға (оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы ауруханалар салу мен жөндеуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуға, жол-көлік коммуникациясы құрылысына, ауыл шаруашылығын қолдауға, ұқсату кәсіпорындарын дамытуға) пайдаланылған. Дегенмен, республикадан алынған қаржының 504 миллион теңгесі жұмсалып үлгерілмепті. Бұл ретте, облыс әкімі: «Оған әлеуметтік құрылыстарды жүргізген мердігер компаниялардың келісім-шартты мезгілінде орындамауы – басты себеп. Сонымен қатар, көп жағдайда бюджеттік қаржыны жұмсау тәртібі туралы облыстық нормативтік құжаттар мақсатты ақша бөлініп қойған соң барып бекітіледі»,- деп ақталып көрді. Облыстағы басқармалар басшылары да қаржы жұмсаудағы қиындық жергілікті атқару органдарының жайбарақаттығы мен жауапсыздығынан емес, республикалық қаржыландыру тетіктеріндегі түйткілдерден екенін айтып әуре. Құдды, бір-бірінің ауыздарына түкіріп қойғандай: «Облыста ірі құрылыс нысанын салуға шешім қабылданып қояды, ал оны қаржыландыру бірнеше жылдан кейін аяқталады. Қажетті ақшаны 3-4 жыл күтіп жүргенде, құрылыс материалдарының бағасы шарықтап шыға келеді. Инфляцияға да ешкім тоқтау бола алмайды. Осының салдарынан нысан құрылысының бастапқы есептелген құны да өзгеріп кетеді»,- деседі, шыр-пыр етіп.

Сонда қалай, мемлекеттік бюджеттен аударылған қомақты қаржының дұрыс игерілмей қалуына мердігер компаниялардың келісім-шартты мезгілінде орындамауы ғана себеп болуы керек пе? Демек, бұл тұрғыда облыс басшылығы сүттен ақ, судан таза болып, тек республикалық қаржыландыру тетіктерінің игілікті іс тындыра алмай отырғаны ғой? Ондай түйткілдерді өзара ақылдаса шешіп, ортақ қаржының орнымен жұмсалуын қатаң қадағаламағанда, облыстық әкімдіктегі басшы-қосшылар не бітіріп отыр? Жоғарыда жеке-жеке тоқталып тұрып атап көрсеткен мәселелердің өзін бірізділендірмей, бұлар не тындырып жарытты, сонда?..

Шымшым шындықты босағасынан бас қылтитып көргеніміз болмаса, керемет кеңселердің түкпіріне көз де жетпейді, сөз де өтпейді.

Еркеғали БЕЙСЕНОВ, Астана-Қостанай-Астана

The post Еңсесі еңкіш тартқан егінді жер appeared first on Қазақия газеті.

Нұрпейіс хазіреттің ауылы Қарабұтақтың 150 жылдығы тойланды
Ақтөбе облысы Қарғалы ауданындағы белгілі дінбасы, қоғам қайраткері, ғұлама  ғалым – Нұрпейіс хазіреттің ауылы Қарабұтақта 30 үй мекен етеді.

Қарабұтақ ауылында істі жаңа бастаған қарапайым мұғалім, «Шежіре» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі, хазірет Нұрпейістің ұрпағы Меңзада Тоқтарованың бастауымен елге құрмет, аруақтарға ізет ретінде Қарабұтақ ауылының 150 жылдық мерекесі тойланып өтті.

Іс-шараға қатысқандар ат төбеліндей ауылдың тірлігі мен бірлігіне таңдай қағысып, іс басында жүрген Меңзадаға рахмет айтып, қазақ қызы осындай болса деген ризашылықтарын білдіріп отырды.

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, өткен бейсенбіде Қарабұтақ ауылына 100-ден аса адам жиылып, Нұрпейіс қажы елді жиған ауыл іргесіндегі биік төбеде ауылдың 150 жылдық белесіне қысқаша шолу жасап, естелік әңгіме айтып, құран бағышталып, зираттар басына тағзым етті.

Алғаш өткен мерекелік құрметтің бастауына аудан әкімі Рахат Сыдықов, осы ауылға танымал, облысқа  белгілі «Степной» ЖШС-нің директоры Аманғос Төлеуовтар қатысты. Бақилық болғандарға ас беріліп, құран бағышталды.

Жұма күні де мерекенің жалғасы ауылдағы қасиетті деп саналатын «Нұрпейіс», «Айтжан», «Мөлдір» бұлақтардың басына барып, көпшілік суынан дәм татып, тілек айтып, ауылдың жасап жатқан тірлігіне риза болысып, ауыл тарихын білетіндер өткенді сөз етіп, мәре-сәре болысты. Көпшілік Сапаұлы Зайлахи хазіреттің мұражайының ашылуында болып, естеліктермен танысты, ауыл бейнесін бейнелеген бейнекөріністі көрді.

Айта кету керек, киелі Қарабұтақ ауылының 150 жылдығын мерекелеуге аудандық газеттің директор-бас редакторы Камшат Байханова сөз алып, құттықтау хатты тапсыра тұра, мақсатына жетпей тынбайтын қазақтың қарапайым қызы, Нұрпейіс хазіреттің тікелей ұрпағы Меңзаданың Қарабұтақ ауылы үшін сіңірген еңбегін ерлікке балап, тұрғындар алдында мерейін көтеріп тастады.

Ауыл тұрғындары ыссылы суығына бірдей көніп, үш күндік тойды ойдағыдай өткізді деуге де болады.

Үшінші күні Жосалы орта мектебінің оқушылары кешті әнмен әрлесе, Қарабұтақ ауылының жоғарғы оқу орнында оқып көзге түсіп жүрген ұл-қыздары өлең сөзбен шашу шашып, өнерге мән берді. Кең даланы әнге тербеген өнер соңы спорттық ойын-сауыққа жалғасты.

1992 жылдан бері ат тұяғының дүбірін, көпшіліктің қиқуын сағынған сайын дала да бір сілкінгендей болып,  өткенді еске салды. Жеті ат бәйгеге қосылып, бәйгенің жеңімпазы Бахтиярға түкті кілем бұйырса, екінші орынға көрші ауылдан келген «Аруан» жеке қожалығынан қатысқан шабандоз Денис шаңсорғышты иеленіп, үшінші орынға ие болған жерлестері Сағындыққа тұрмыстық ыдыс-аяқ алды, аты аталған жүлделі үш орынға жеткендерге аттың тері деген ниетте 5 мың теңгеден қосымша сый-сияпат жасалды. Өзге де қатысушыларға 2 мыңнан ынталандыру сыйлығы берілді. Көптен ұмытылған қиқулы ат шабыс көпшілікті бір желпінтіп тастады.

Ат шабыстан кейін қыз қуу, арқан тартыспақ ойындары өтіп, арасында сусындар мен қауын-қарбыз таратылды. Ойын-сауықтан кейін ақ шағаладай қос киіз үйде де, басқа да үйлерде той дастархандары жайылып, тілек пен ақ батаға жалғасты. Келген қонақтар да құр қол келмесе, той өткізушілер де сый-сияпаттан кенде еткен жоқ.

Мерекенің жабылуына облыстық мәслихат депутаты Әділхан Бахонов, аудандық мәслихат хатшысы Хандулла Жылқыбеков, ауыл ақсақалы, кезінде ауылды өркендетуге ұзақ жылдар үлес қосқан зейнеткер Иван Юрьевич Демишев, Кемпірсай ауылдық округінің әкімі Сапарбек Аманжоловтар қатысты. Игі жақсылықты көзбен көре, тілектерін көпке жеткізе, шағын ауылдың тірлігін елге айта жүрерліктей іс атқарды деп риза болысты. Қалай десек те, ат төбеліндей ауыл әлі де орынында ел бар екенін елге танытты.

Бақыт Имашев, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы

The post Нұрпейіс хазіреттің ауылы Қарабұтақтың 150 жылдығы тойланды appeared first on Қазақия газеті.

Балық байлығы еді елімнің…
Кеңес үкіметінің кезі. 60-жылдың басында тәлкекке ұшыраған Арал теңізінің апаты анық біліне бастады. Адуынды Әму мен Сыр өзені плотиналармен ауыздықталып, арыны басылды. Тікұшақпен қарағанда екеуі де жылан иректен әрі аспай жатты. Өзінің ағысынан жаңылып, ұлы теңізге жетпей, құмға сіңді. Күріштің қырманын қыздырған «қызыл директорлар» орден үшін, атағы мен даңқын аспанға әуелету үшін өліп-өшіп күресіп жатты бұл кезде.

Ал Барсакелмес аралында болса да, адамзаттың ажалына арналған бактериялогиялық қару үздіксіз сынақтан өтіп ол жатты. Теңіз жағалағандардың дені беймәлім ауруларға ұшырап, қан жұтты. Судағы балыққа дейін ауруға ұшырады. Көп көлдің танабы кепті. Облыс бойынша, сол кезде шалқып жатқан 500-ден аса көл тартыла бастады. Су маржандары ауыздарын бақадай ашып, бөлінген танаптарда қалып, көк шыбын үймелеп сасып жатты. Тайдай тулаған сазандар мен алып жайындар көрінген шұқырда қайырлап қалды. Сыр сусыз басы айналған балықтардың полигонына айналды. Сан-алуан су маржандарының тұқымы сөйтіп, қазақстандық жан-жануар әлемінің тізімінен мәңгілікке жоқ болды…

Сонау Мәскеуде компартияның кезекті сьездері болып жатты. Өндірген астығы үшін дәріптелген қазақтың қадірлілеріне пленум төрінен орын беріліп, ду қол шапалақтаулар құлақ тұндырды. Сол күріш жайқалған астық алқаптарындағы комбайынның шынжыр табанына тапталып, миллиардтаған шабақ жатты.Оған жаны ашып ілуде бір адам шырылдаса, тиісті орындар арқылы оның аузына құм құйылды. Теңіздің тағдырын айтып, қабырғасы сөгілгенді, көлдің көлшікке айналғандығын жазып, көз жасын көл қылғанды жындыханаға жатқызды. Көрер жарығына зар етті. Ақыры адамның қолдан жасаған зұлматы, бір теңізді жер бетінен жойып жіберді. Күллі адамзаттың  жазылмас жарасына айналдырып, әлемнің орны толмас апатына душар етті…

Айналдырған 25-30 жылдың ішінде ақымақ қызыл саясат сайқалдарының жыландай жұтып жіберген теңізін бүгінгі қуаяқ ұрпақтары сайқымазаққа айналдырып, 100 жылда толтыра алмай әлек. Суы оның құмға сіңсе, бөлінген қыруар қаржысы да соның кебін киіп жатыр. Жә, бұл сол кезеңнің дүрбелеңі болсын дейік. Бірақ су қорын сақтауда, балық шаруашылығын дамытуда билік біткен қолының ұшын қимылдатқан жоқ. Теңіздің тартылуын, жоғарыдан судың аз түсуін сылтау етті де, асқынған экологияны сауықтыруда, онымен күресуде  салғырттық танытты. Екі қолын айқастырып отыра берді. Көл жолдары көмілді. Дария табаны қайырлаған құмға батты. Су жолдары бітелді. Жазда егінге су жетпеді, қыста қатқан мұздан дария арнасына сыймай тасыды, табаны топыраққа толып… Елді дүрліктірді. Жылда мемлекеттің қыруар қаржысы сол тасқынмен бірге суға ағып жатыр. Бір басы бар маман Қазақстанда осы  «жұттан» құтқару шарасын айта алмай отыр. Бірақ, айтса да оның айтқанын тыңдайтын есі дұрыс  іскер билік тағы жоқ…

Онымен қоймай, кешегі 90-жылдары тиісті министрліктер басымен қайғы болып, ол кетті. Жаппай көлдерді, бассейндерді бөлшектеу, жекешелендіру науқаны басталды. Тендер жарияланып, көл біткен жекелердің қолына өтті. Жасаған олардың «бизнес-жоспарын» көрсеңіз, көл жағалауларын пейішке айналдырып, орман-тоғайға бөлеп, әлемдік туристер сол Қойшыбайдың көліне тайлы-таяғымен жүгіріп келе жатқандай! Ауызбен орақ орып, тілмен оны баулығандар бірінен бірі өтеді, тендерлік комиссияға ұсынған жоспар-бағдарламасында. Құлақтарына үзбен ілінген сол комиссия, тек қолды оңды-солды қоя берген, қоя берген. Ақырында «жылына күріштік алқапта қалған пәленбай шабақты, сол көлге апарып салатындарды» күндіз шаммен іздеп таба алмады. Тапқаны базарда отырды балық сатып. Аяғында бар балықтың өзі тып-типыл болып, көлде шаян қаптады. Сасыған батпақты көлдің патшасы бақа болды.

Бұл не? «Жаны ашымастың, басы ауырмастың кері» емес деші?! «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген мейірімсіздіктің өзі шекарасы жоқ екен ғой, шіркін! «Мына балық біздің ертеңгі ұрпағымыздың азығы, елдің ырысы, көзіміздің қарашығындай сақтайық» деген бір қазақы би болды ма? Малдың құрып бара жатқандығын, оның тұқымының көзден ғайып болып бара жатқандығына зар қаққандар болған шығар болса. Ал балық жөнінде жанын шүберекке мынау түйіп еді дейтін пенде болған жоқ басшылар жақта,  Қайта ағып жатқан арналарды тас бекітіп, балық біткенді сыпыру «операциялары» сол билік тарапынан жабайы түрде жүріп жатты. Оны олар «демалу» жоспарына кіргізіп алған-тын.

Иә, судағы балықтың ешкім бүгінде санын білмейді. Білгісі де жоқ. Бірақ, жыл санап оның жойылуы артты. «Жылына пәленбай тонна балық ауладық» деген суайттарға сенбей-ақ қойыңыз. Мемлекеттік шаруашылық  жоқ жұртты балық сорпасына қарық қылып жатқан. Бәрі жекеде. Ал, бағасы болса удай қымбат. Кемі 700-600 теңге келісі. Бір шабақтың өзі қалтаңды тесіп кеп жібереді. Ауланған балықтың орны шабақпен толып жатыр ма, жоқ па? Оны қадағалайтындардың ақпары тағы өтірік. Жауапты мекемелердің оларды тексеруге құқы шектеулі.

Сонан келе Сырдағы сала басшылары балықтың асыл түрін арттыруды көздейтін «арман жобаларды» ұсынады жылда. Сансыз бағдарламалар қабылдайды жылда. Оған қаржы сұрайды жылда. Қызылорда облысында бір  «Қамыстыбас балық питомнигі» бар, уылдырық шайқап, шабақ өндіргеніне 15-20 жылдың көлемі болды. Сыйлы адам Сырға келсе сол жақты көрсетеміз. Көрме секілді. Бірақ оның жобаға сай жұмыс істеп жатқаны аз. Сырттан әкеп не бір балықтың сүлейлерін майлап, келгендерге көрсетеміз «мынау біздікі» деп.

Елбасы келді бірде. Тұқымы «Қызыл кітапқа» жазылған, құрып кеткен  асыл балықты суға жіберткіздік. Алдағы жылда оның шабақтары шар тарапты шарлайды деп бөркімізді аспанға аттық. Сол сол-ақ екен, соңғы кезде Аралға әкім болып барғаны балық ұстап теледидарға түсуді, газетке шығуды үрдіске айналдырып алыпты. Бәрі президент болғысы келетін сияқты. «Қайтсін енді, болмаса да ұсап баққысы келгені шығар» деп бір күлді ауылдың айтқыштары…

Қосжар, Тастақ ауылдарында 34 су тоғаны бар. Бірақ онда жан бітіп, шүпірлеп жатқан шабақ бар дегеннің өзінде оның тағдыры екіталай. Кейін судағы тіршілікке бейімделіп кетуі оңай шаруа емес. Қыста қырылып қалып жатқаны тағы бар. Мәліметтерге сүйенсек, айды аспанға бір-ақ шығарған, жарықтықтар! Күз сайын тоғандардан 15 миллон шабақ теңізге жіберіледі. «Биыл 14 миллон 800 мың біржылдық, 420 мың екіжылдық балық айдынға шығарылды» дейді ақпар. «Мұртынан ұстап, басынан сипап, ақ жол тілеп»  ашық теңізге шығарып салған шабақтың жиырма жылдан бері есебін кім білген? Тағдырын зерттеген ғалым тағы жоқ, ондай ғылымға қол жеткізбеген әлі бұл қазақ. Нәтижесінде ішкі базарға шыққан балық аз,  бағасы қымбат. Оны да шанышқымен түйреп, құйрығынан сүйреп әкеп сатып жатқан жабайы аулаушылар. «Мұның не?»  дейсіз. «Шаруаң қанша, көл өзімдікі» дейді ол. Кейде ішінде уылдырығы қампиған балықтан қара базар қан сасып жатады. Обалы жоқ, сұрауы да жоқ.  Өйткені оны ол  «өз көлінен»  аулаған. Шаруаң қанша?..

Жалпы, балық шаруасын дамыту бағдарламасы істен гөрі көпсөзділікпен кежегесі кері тартып тұрған саланың бірі. Жоғарыдағы айтқан Қосжарда ұмытпасам, 18 мың тонна балық сақтайтын мұздатқыш болған. Жазда ішіне кірсең аралап шығамын дегенше кірпігіңе қырау тұратын. Сақырлаған сазан балықтар жататын, құдай білсін, қай жылы ауланғанын? Баяғы Повольже аймағындағы аштыққа ұшырағандарға жіберілген 14 вагоннан қалған «сарқыт па» деп қаласыз оны көргенде. «Паравозға отын болған бұл балық» деген белгілі қаламгер Сағат Жүсіп ағамыздың мақаласы еріксіз  ойға оралатын, сол балықтарға қарап тұрып. Қанша жылдың жүзі болды, сол балық шаруасын дамытамыз дегенге? Неге ауланған балықты ұқсату жағы қолға алынбайды? Балық консервілеу, түрлі онан жасалған котлеттерді өндіру ше? Ең аяғы қылқандай балыққа тұз сіңдіріп, оны пакеттеп саудаға шығарса, саптыяақ ұстап, сыра сіміргендер «қой» депті ме Қосжарға? Шымкенттің сырасы ішетіндер мақтанышына айналдырып, ән шығарып жатқанда Қосжардың майлы шабағы оның «сәніне» неге айналмасқа? Барды ұқсата алмаймыз, мырзалар! Істеген ісіміздің нәтижесі жоқ. Құр даурығамыз, жалған мақтануға құмармыз. Біз тек халықтың мүддесін көздеп, елдің экономикасын көтергеннен гөрі, белгілі бір жоғарыдағы басшылардың көңілі көншитін ақпаратты алға тартсақ төрткүл дүниеміз түгелденгендей масаттанамыз. Мұны қашаннан көзбояушылық деп атайды, дүйім қазақ.

-»Арал қаязы» деген балықты өсіру бағдарламасы бар. Соны келесі 2015-жылдан бастап қолға аламыз. Ол да Үкімет тарапынан, Балық шаруашылығы комитетінің қолдауымен орындалуда, — дейді осы питомниктің директоры Нұрқабыл Құланов.

Иә, Нұрқабыл, «Арал қаязы деген балықты өсіру бағдарламасының» барына бірталай жылдың жүзі  болды. Оны бізге сіздің орныңызда болған бұрынғы директор Әлібек ағай да айтқан-тын. Бірақ, сол кезден бері сол қаяздың көптігінен теңізде кеме қайырлап қалатын кез жеткен сияқты.

Жаман болсын, жақсы болсын, сонау кездері қала, аудан орталықтарында балықтан тарыққан жұрт болған жоқ. Жалақысы тиын болса да, оған толық қолы жетті, қалтаға салмағы түскен жоқ-тын. Қажет десеңіз «тірі балық» деген сауда дүкендері де болды. Ауылдағылардың онан өзегі талған жоқ. Жағалайтын өзені, шарлап қайтатын шалқар көлі болды. Ал қазір сол балықты аулап, толағай табыс көзіне кенеліп жатырмыз деп  шалқығандардың ауылында жергілікті жұрттың  қалтасы көтеретін балық  дүкені болмаса, айды аспанға шығарамыз деп айқайлата берген  бағдарламадан не пайда? Әлде балықтың бағасын түсіретін бәсекелестікті көбейтсек жұрттың тамағына оның  қылқаны тұрып қалады деп қорқа ма бұл билік?

- Балық питомнигінде 70-ке жуық бекіренің тоғандарда көбею жағдайы бақылауға  алынып, зерттелген. Алайда, нәтижесі ғалымдардың ойынан шықпай отыр. Бекіреге негізі кең жер керек. Соған қарағанда, жағдайы келіңкіремейді, — дейді балық өсіруші Шынболат Күлмашов.

Шынболат шынын айтып отыр. Бөркін аспанға атып айтып отырған жоқ. Бекіреге кең жер, бостандық керек. Оның уылдырық шашатын жағдайы болу қажет. Балық жайлаудағы  мал  емес, қайырып әкеп санай беретін. «Мына қорада пәленбай мың сазан, дөңмаңдай, ақ амур бар» деп шоттайтын. Су маржанының молдығын оның сөреде көптігі мен бағасының арзандығынан аңғарасыз. Ал оның адам баласының денсаулығына зор пайдасы барлығын, кішкентайынан сәбиіне оның миын сорғызып, қанат майын жегізуді өз дәстүріне айналдырған ақылы асқан, байлығы тасқан жапоннан сұраңыз. Неге балық өнімін өкіртіп өндіретіндігін бәлкім сол өркениетті елдің естілері айтар. Барымызды бағала алмай жүрген бізге. Сонан келе аузымыз  торта балыққа жарымай отырып, тұқымы құрып кеткен, аты  «Қызыл кітаптың» тізімінен бір-ақ шыққан су маржандарын өндіруді жарамазан қып айтамыз келіп, айтамыз келіп…

Жеткер Жүсіп, Қызылорда

The post Балық байлығы еді елімнің… appeared first on Қазақия газеті.

Чтобы оставаться на долго в строю!
Учитывая специфику работы противофонтанной службы, руководство Филиала Актюбинский ВПФО «Ак Берен» здоровью личного состава уделяет особое внимание и создает все условия для популяризации здорового образа жизни, развития физической культуры и спорта.

Ведь не секрет, что эфективность работы при ликвидации аварий, стихийных бедствий, проведении различных аварийно-спасательных и аварийно-восстановительных работ, прежде всего зависит от психологического настроя и физического самочувствия спасателя. В рамках психологического сопровождения профессиональной деятельности сотрудников, проводятся психодиагностические тесты, беседы и различные тренинги. Также, на хороший уровень поставлена  санитарно-просветительная работа в области профилактики социально-опасных и сезонных заболеваний, актуальных тем о факторах риска сердечно-сосудистых и профессиональных заболеваний. В медицинском пункте, кроме прохождения ежедневных профилактических и предрейсовых осмотров, в случае необходимости, можно получить назначенные врачом процедуры и неотложную доврачебную помощь. Кроме того филиал, большое внимание уделяет  правильному питанию личного состава, ведь полноценное питание не только продлевает жизнь людей, но и повышает работоспособность, создает условия для адекватной адаптации к различным факторам окружающей и производственной среды. В этих целях, оснащена комната для приема пищи, где повара, с соблюдением всех санитарно-эпидимиологических норм, готовят по-домашнему вкусную и питательную пищу.

Личный состав филиала еженедельно посещает тренажерный зал, бассейн, теннисный корт и спортивный зал для подвижных видов игр. Всем известный факт, что еженедельные занятия спортом способствуют нормализации мышечного тонуса, сердечно-сосудистой и дыхательных систем, опорно-двигательного аппарата, координации движения, укрепления физической формы  и общего самочувствия спасателя. Таким образом, спасатели Актюбинского филиала противофонтанной службы, всегда в хорошей форме!

Галина Живолупова, Медицинский работник филиала Актюбинский ВПФО «Ак Берен»

The post Чтобы оставаться  на долго в строю! appeared first on Қазақия газеті.

«Зеленые» проценты
Казахстан не Финляндия, где 78% территории занимают лесистые места. В нашей стране леса занимают 4%, в Актобе всего 0,2%. Цифры выглядят достаточно красноречиво. На протяжении двадцати лет местные журналисты бьют тревогу со страниц газет и экранов телевизоров, связанную с экологической обстановкой в нашей области.

В том числе, и с ситуацией, связанной с вырубкой зеленых насаждений в городе. Сегодня актюбинцы лишний раз могут убедиться, как в «легких» областного центра образовалась если не большая дыра, то маленькая уж точно. Перед зданием Актюбинского филиала АО «Казахстан Темiр Жолы» на площади с фонтаном произвели обрезку деревьев. Сказать, то, что выглядит это удручающе в самый разгар лета – это не сказать ничего. Здесь часто можно видеть, как в знойную погоду сидят и отдыхают горожане – теперь видимо им придется ждать десяток лет, пока деревья разрастутся пышной кроной и будут спасать их от жарких лучей палящего солнца. И стоит ли говорить, что такие небольшие происшествия, казалось бы, мирного характера – вряд ли будут способствовать росту «зеленых» процентов с 0,2 до 0,3 и так далее по нарастающей прогрессии.

Шолпан Шолом, Ақтөбе

The post  «Зеленые» проценты appeared first on Қазақия газеті.

Күйгенде ауыл әкімдерінен күйдік қой…
Әкімдік қызметке келгеннен кейін олардың көзі жұмылып қалады екен. Сосын ыңырситынды шығарады. Күні түспейтін адамға шырт түкіріп, шіреніп қарайды. Ал онсыз күні жоқ адамның аузынан кіріп, артынан шығып кетеді, кейде керісінше.

Жә, бұл қазақты кім билеп, төстемеген? Не болғанда да өз қанымыз ғой деп, кешіріммен қарайсың оған. Бірақ ол, өз қазағына шекесімен қарайды. Халықтың қамын, қарабасының қамымен шатастырып алады.Заңды бұзады. Жылмақайлармен ауыз жаласады. Сеніп тапсырған қазынаның қаржысын хан талапай қылады. Және тоймайды ғой, зәнталақтар. Құдды бір сол үшін әкім болғандай. Құнығып тұрып, ақша көрсе қырғидай құйындайды кеп.

- Сыбайлас жемқорлықпен өткенде 33 адам жауапқа тартылды. Олар қала әкімінің орынбасары, қалалық, аудандық әкімдегілер, спорт басқарма бастығының орынбасары дегендей. 8 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке 40 млн теңге қайта қайтарылды, - дейді облыс прокуроры С.Нұрпейісов.

Құтырғанда ауыл әкімдері құтырып тұр. Құрыққа ілігіп жатқаны аз емес. Сонда да заңнан аттап, жардан жығылуын қоятын емес. Сыбайлас жемқорлықтың шашбауын көтеріп жүргендер де солар. Көз алдында қыруар қаржыны қылғытып жатқандарды көрсе де көзін жұмып қалатын «ауруға» ұшырапты ауыл болыстары. Қайтсін, пақыр, «көрдім» десе көп сөзге қаламын деп қорқады. Бақшаға дихандар қарауыл ғып, шошала іліп қоятын. Онан мал үркіп, мақұлық шошитын. Ал ауылдағы әкімнен жемқорлар тайсалмайды. Қадірі кеткен, құты қашқан. Неге? Ол да пенде етпен сүйектен жаралған. Сірә, әлсіз жерін білетін шығар, тамыры тереңге кеткендер…

Өткенде осы «Қазақия» газетінің бетінде ауылын ауызсуға жарытпаған «Келінтөбе» ауылының әкімі туралы әжептәуір әңгіме қозғағанбыз. Оның  үстінен жуырда Жаңақорған ауданының прокуратурасы  әкімшілік іс қозғапты, әйтеуір. Ол да сөйтсе маңайындағы «жебірлерге» жайбарақаттық танытыпты. Әзірге айыппұлмен құтылды. Бірақ, бір қалтадан бір қалтаға ауысып жүре беретін ақшалай жаза, не тәйірі?! Олардың бір мейрамханадағы «түстік» дастарханы ғой дедік біз..

Арал ауданы, Сексеуіл кентінің әкімі де заңнан мақұрым болып шықты. Ал, Сырдария ауданында екі бірдей ауылдық округтың әкімі, амал жоқ қызметінен босатылды. Екі болыстың да былығы шаш-етектен. Ыңырсып жүріп, ақыры ілікті құрыққа.

Ал, ана Аралдағылар болса  ақша жеуден алдына жан алмай жатыр. Бұрынғы бір сужұқпас аудандық әкімі бар-тын. Бас қосқан сайын жұртпен Арал теңізін  күнара қалаға 12 шақырымға «тақап» қоятын. Сонан қалған «жұрнақтар» болуы мүмкін, 140 орындық мектеп құрылысының 82 млн. теңгесін тал түсте жымқырып тыныпты. Дауа жоқ, бұл әкімдерге, дауа жоқ…

The post Күйгенде ауыл әкімдерінен күйдік қой… appeared first on Қазақия газеті.

Хорошая новость не бывает одна
Обращаясь в редакцию газеты «Казакия» и задаваясь тревожным вопросом,  жители 12-го микрорайона г. Актобе спрашивали: «На набережную по улице Маметовой завезли песок и щебень. Что же там будет – зона отдыха, очередная парковка или еще что-то?».

Причин тревожится жильцам, нет – предстоящее строительство будет связано с благоустройством набережной. Данную информацию подтвердили как в городском отделе жилищно-коммунального хозяйства, так и в городском отделе архитектуры и градостроительства. Куда мы и обратились, чтобы нам предоставили схему планируемой территории с проектируемыми объектами. Точнее сказать, нам хотелось бы взглянуть на макет, который продемонстрировал бы в полной мере в соответствии с масштабом пространство благоустроенного вида побережья реки Саздинка.

Начальник ГУ «Отдел архитектуры и градостроительства г. Актобе» Казиев А.Б.:

- Конкретно по поводу благоустройства набережной я не могу сказать. На это вам могут ответить в ГУ «Отдел строительства». Они заказывали проектно-сметную документацию, проводили тендер. Проект они с нами согласовали и работу полностью ведут сами. Отдел архитектуры занимается освоением города, мы говорим: в этом месте должен быть сквер, здесь микрорайон, тут должны быть дороги. Остальные функции деятельности переходят в руки отделов строительства, ЖКХ. В общем, я могу сказать, что там предполагается зона отдыха, озеленение, беговые дорожки.

Генплан города Актобе готов и сегодня находится в комитетах и ведомствах правительства, идет обсуждение на соответствие основе для разработки и осуществления программ социального, экономического и территориального развития. Затем будет направлен на утверждение. Ближе к концу года, может быть в начале 2015 года, генплан Актобе получит добро.

По словам начальника ГУ «Отдел строительства города Актобе» Алимбаева А.С. создание макетов относится к прерогативе городского отдела архитектуры, они же сами этим не занимаются: «Мы занимаемся разработкой проектов (ПСД) по строительным и монтажным работам сооружений. Любой объект, который мы строим — дома, школы, дороги — обходится без подготовки макета с нашей стороны. Чаще всего, используем только эскиз – упрощенный вид проектного решения. В случае же, когда мы строили «Актобе-сити» градостроительным госучреждением был подготовлен макет в полном объеме».

Получается так, что ни одна из двух сторон не смогла обеспечить наглядный вид внешнего облика зарождающегося парка. То ли в силу понятных только им объек-

тивных причин; то ли в силу непонятных нам, но уже необъективных причин. Конечно, жаль, что не было ни макета, ни наглядной картинки, ни видеоматериала компьютерного пространственного моделирования. Разве не интересно было бы увидеть – какого вида будут скамьи в зоне отдыха, как будут выглядеть установки малых архитектурных форм, даже какие уличные фонари поставят…

Как бы там не было, специалисты вышеуказанного отдела рассказали, что собой представляет будущий сквер, предоставив его чертежный план.

Строительством сквера по улице Маметовой (сметная стоимость – 232,9 млн. тенге) занимается ТОО «СтройМастерКласс». Введут в эксплуатацию в ноябре 2014 года. На сегодня работы по электроснабжению и водоснабжению завершены. Участок сквера поделен на следующие зоны: зону активного отдыха; детскую игровую зону; физкультурно-оздоровительную зону; зону для скейтдрома и спортивного отдыха. Для благоустройства территории планируется покрытие проездов, тротуаров, площадок, озеленение, осуществление парковых задач декоративно-архитектурного замысла, наружного освещения, поливов газонов и клумб в летний сезон. Велодорожка шириной 2,2 метра будет вымощена асфальтобетоном. Для безопасности на детских площадках предусмотрены резиновые покрытия, в спортивной же зоне – искусственное травяное покрытие, а также размещение тренажеров, теннисных столов, брусьев и турников. Скейтдром с желобами оснастят рампами. Металлический забор, ограждающий общую площадь зоны отдыха, достигает высотой 1,3 метра. После того, как готовый сквер впишется в инфраструктуру Актобе, в перспективу входит строительство моста через реку Саздинка с юго-восточной стороны (то есть со стороны рынка «Аида»).

P.S: Одно смущает: сквер сдадут к осенне-зимнему периоду. Видимо наслаждаться отдыхом горожанам придется летом 2015 года.

Шолпан Шолом, Ақтөбе

The post Хорошая новость не бывает одна appeared first on Қазақия газеті.

Баламалы энергия көздерін дамыту
Қазір барлық жерде болашағын ойлаған елдер баламалы энергия көздерін дамытуға мән беріп жатыр.  Біздің елде сең қозғалар емес. 2015 жылға дейін қайта қалпына келетін энергия қуатын пайдаланудың мөлшерін 1 пайызға, ал 2024 жылы 5 пайызға көтереміз деп жоспарланған. Қазақстанның сарқылмас энергия көздерін пайдалану мүмкіндігінің орасан зор екенін ескерсек, үкіметтің бұл жоспары  күлкі  шақырады. Десе де өмір шындығы осы. Республика  тұрғындарының  басым бөлігі мұндай қуат көздерінің орасан зор пайдасынан бейхабар.  Сондықтан, бірлі-жарлы бірақ, елге үлгі болар бастамалар жайлы  айтуды жөн көріп отырмыз.

Шалғай  ауылдағы жаңа бастама

Ақтөбе облысында күн сәулесінің, желдің күшін пайдаланып, энергия өндіруді қолға алған шаруашылықтар бар. Шалғайда жатқан Байғанин ауданындағы «Мерей и К» шаруашылығының басшысы Төлеген Шәудір қазір осы бір қадамға барғанына  тәубе айтады. Қазір қондырып алған жел генераторы-2квт, күн генераторы-3квт энергияны тұтынып,  шаруашылығы көтеріліп қалды.

Кеңес одағы ыдырасымен-ақ, электр жарығынан тапшылық көріп, жұмысы өрге баспай жүрген  шалғайдағы мал шаруашылығындағылар үшін  балама энергия көздерін пайдалану таптырмас амал болды.  Энергия қуатын үнемдегіш технологияларды қаржыландыруды көздейтін «ҚазАгроҚаржы» АҚ–ның  жаңа бағдарламасына сай Төлеген Шәудір өткен жылы 5,5 миллион теңгеге  несиеге күн мен желден қуат өндіретін неміс технологиясымен жасалған қондырғы сатып алып, қондырған болатын. Қазір сағатына 5квт электр қуатын алып отыр. Бұл 400 қой, 80 жылқы, 200 сиыр тұрған мал қораларын жарықтандыруға, теледидар, тоңазытқыш сияқты тұрмыстық техникаларды  қосуға толығымен жетеді екен.

Төлеген Шәудір, «Мерей и К» шаруашылығының басшысы:

- Егер бұны алмағанда, үкімет қашан электр желісін тартып береді деп отырар едім. Өзім тарта алмаймын. Ол үшін 100 миллионнан астам қаражат керек. Мына қондырғы 5,5 миллион теңге тұрады. Басында жүрексіндім. 7 пайызбен 5 жылға лизингке береді, 50 пайызын субсидиямен жабады  деген соң, тәуекел дедім. 25 пайызын қолма-қол ақшаға сатып алдым. «Базис групп kz» деген мекеме өздері келіп  орнатып берді. Бұрын мал суару үшін құдықтан   моторды қосып су тартып әлек болатынбыз. Бензин болмай қалса, мотор істен шықса , қолмен тартасың. Машақатты көретін едік. Қазір жақсы болды.

Ақтөбе облысында  балама қуат  беретін қондырғыларды шетелден жеткізіп, қондырумен «Базис групп kz» серіктестігі айналысып жүр. Серіктестік  басшысы Естай Сисенбаев қондырғының техникалық  жағынан сипаттай келе:

- Бұл қондырғылар өте сапалы.  Қондырғыда автоматты тежегіш бар. Қуат аккумуляторда жиналады.  Электр қуаты пайдаланылып, азая бастаса болды, 15 минуттың  ішінде лезде толады да, автоматты түрде тоқтайды. Үнемдеп те  пайдалануға да болады.  Электр энергиясын қажет етпесе, сөндіріп қояды. Бірнеше жерлерде орнаттық. Шаруалар  риза. Тіпті бұлтты күндері де қуат  жинай береді. Өйткені күн көзінен энергия жинайтын құрылғылардың аморфты-кремді түрін таңдап алғанбыз. Күн сәулесінің тікелей түскенін қажет етпейді. Тек жарық болып тұрса жеткілікті,-деді.

Энергия үнемдеудің қайнар  көзі   пайдаланылмайды

Қазақстанда  қазіргі өндірілетін электр энергиясының 85 пайызын көмір, көмір сутекті шикізатты жағып аламыз. Мұнай мен газды, көмірді-энергияның жаңартылмайтын қоры болып  табылады. Біздің елде  әрі тегін, әрі қалпына келетін жел, су, күн сәулесі сияқты энергия көздері мүлдем пайдаланылмайды. Мемлекеттік бағдарлама қабылданғанмен,  республика бойынша  бірде-бір ірі жоба қолға алынбапты.

Адамзат баласының көкейін  қазір жер асты байлықтары әсіресе, мұнай мен газ таусылса, қалай күн көреміз деген сұрақ теседі. Сондықтан, баламалы энергия көздерін іздеумен келеді. Желдің энергиясын  ежелден пайдаланылады. Желдің екпінін пайдаланып өзен-көлде қайықпен, кемемен жүзді. Дәнді дақылдан ұн тарту үшін жел диірмендерін пайдаланды. Кейіннен бәрі қолданыстан шығып қалды. Тиімді болған соң, ұмыт қалған ескіні қайта жаңғыртудан абзал нәрсе жоқ. Сондықтан  қазіргі уақытта  жел диірмендерін  әсіресе Еуропа елдері көп қолданады екен. Ең тымық деген жерде  желдің орташа жылдамдығы секундына 6 метрге жететін  Қазақстанда  үкімет 5 жылдық бағдарлама қабылдады. 2015 жылға дейін 91мвт күн қондырғыларын іске қосу жоспарланыпты. Күн сәулесінен 5 пайыз қуат алу, су электрстансалары қуаттың 10 пайызын береді деп  күтіледі.  Ал ғалымдар Қазақстанның климаттық жағдайы күн сәулесін пайдалануға қолайлы екендігін ескерсек, елімізде күн сәулесінен 2,5 млрд. квт/сағат энергия алатын мүмкіндік бар дейді. Қайта қалпына келетін энергия көзі ретінде биологиялық отындар жайлы да айтпай болмайды. Тек қана ауыл шаруашылығы өнімдерінің қалдықтарын қайта  өңдеп, жыл сайын 35 млрд. квт/сағат электр жарығын және 44 млн. гигакалория жылу алуға болады екен. Бұл дегеніңіз шаш етектен келетін пайда, әрі қоршаған ортаны таза ұстаудың жолы. Ал бізде оны лақтырып тастап, шірітіп, жан-жағымызды ластап  жатырмыз.

Бақыт Жаншаева

The post Баламалы энергия көздерін дамыту appeared first on Қазақия газеті.

Байқоңыр — өгей қала
Кеңестік кезде кеңістігінен торғай ұшпаған Байқоңырға бұрын жүрдек пойыздың өзі аялдамайтын. Аялдады дегені бірер минут қана. Қазақтар үшін арман қала-тын. Ондағы тұратындардың дені  «Мәсқамту-тын». Қазалының хан базары сол Байқоңырдың «барохолкісі» болды. Уыздай орыс келіншектер ерте келіп, киім-кешектің саудасын қыздырады. Балалар киімінен бастап солдаттың белдігіне дейін, сықырлаған офицерлік хром етіктер көздің жауын ала-тын. Ғарыш айлағындағыларға амалын тауып кірген бірлі-жарым адамдар «байшыкеші» болды сол кездің. Ал қара қазақ болса қайыс белбеу мен галифе шалбар киіп бір қарық болған заман-тын.

Арман-қала демекші. Сол Байқоңырдың іргесінде туған «қазақтың Ақбаяны» Мәдина «кіші Мәскеу» атанған ғарышты қалаға барып, бір концерт қоюды аңсаумен кетіпті. Бұрын мүмкін болмады, ал мүмкін болғанда мұршасы болмады. Бірақ марқұмның өз аузынан:

- Сондағы орыстың «ля-ля-сы-на» тұншыққан қаракөздерімді бір сазды әуенге бөлесем деп едім, жолым түспей-ақ қойды, — дегенін естігенмін. Жолы «түсті», өкінішке қарай, сол қалаға жетпей көлік апатынан опат болды. Денесі өзі  армандаған қаланың мәйітханасына жеткізілді. Марқұмның қырқында осы жолдың иесі «Хош енді, хош бол, Ақбаян» атты телефильмін түсірді. Байқоңырдың «Сатурн» деген кинотеатрында өтті тұсаукесері. Залда ине шаншар орын болмады. Аяулысын арулаған, ардақтаған жұрттың көзіне жас алмағаны жоқ. Оқтын-оқтын ішін тартып жылағандардың аракідік дыбысы шығып қалып жатты.

Сонда байқағаным,  Байқоңыр бір түрлі бізге өзге қала сияқты көрінді. Дүкен сөресіндегі бағалардың бәрі рубль не доллармен көрсетілген. Кейін республикалық «Жас Алаш» басылымында жүргенде сол көріністерді сынап -мінегенбіз, әріптестермен бірге. Арты шулыған болды. Ішкі сая-

сат біткен  қарсы хаттар жаздыртып, өздерінің «халық үшін» жасап жатқан «Ерен еңбектерін»  айтып, бір жамырасқан. Аралдың «Ақбай» деген жерінде апатты мектепті тіреуішпен тіреп қойып, қаннен қаперсіз жүрген аудан әкімі де біздің үстімізден байбалам мақалалар жазғанын қайтерсіз?

Сол билік Байқоңыр қаласында қазақтар босанатын бір дені дұрыс перзентханасы болмағанын білсе етті? Атыс-шабыс айқайдан кейін бой көтерген бұл әйелдер босанатын ғимарат іске қосылып болмады. Ана Байқоңырдағы Президенттің арнайы өкілі, орындыққа іліп қойған костюм секілді, мерзімі біткенше отырды. Кетті. Жұмыссыз жергілікті жұртшылық ракета сынықтарын жинап күнін көрумен келеді.

Қазақ «ештен кеш жақсы» дейтін. Салынғанына төрт жылдан асса да, жарық дүниенің есігін ашып жатқан қара домалақтарға есігін ашпаған сол перзентханаға облыс әкімінің, облыстық маслихаттың кезекті сессиясында назары ауды.

- Перзентхана ауысымына 100 адам қабылдайтын 120 орындық көпсалалы емханаға айналдыруға шешім қабылданды, — деді ол.

Үкіметтің резервтік қорынан 600 млн теңге бөлінген екен. Бұл енді сол аймақтағы Қармақшы, Қазалы, Арал секілді аудандарға да қызмет етеді деген болжам бар, алдағы уақытта. Облыс орталығына артынып тартынып жүрмес енді жұртшылық  деп бір қойдық. Емдеу нысаны 2015 жылы пайдалануға берілмек.Ұзын-саны 500-ге жуық медқызметкер еңбек етеді, ашылған соң. Алдағы уақытта да осындай көпсалалы ауруханалардың нысандары бой көтере бермек.

Бір айта кететін жәйт — Қазақстан түрме мен аурухана салудан алдына жан салмай келе жатқаны рас. Бірақ, өркениетті ел болуға ұмтылған өрісті мемлекет халқына ауырмайтын жағдай жасау керек-тін. Ол үшін халықтың әлеуметтік тұрмыстық ахуалы, түпкілікті жұмысы, жоғары жалақысы мен зейнетақысы түгел болуы тиіс. Басқасын былай қойғанда, қара суға жарымай, сапасын айтпай-ақ қой, жүрген елден не саулық сұрарсыз? Ең бастысы, жұтатын ауасы таза, аспаны ашық болуы керек емес пе? Денсаулығынан айырылған жұртқа алтыннан салынса да, ауруханаға таңылса, не пайда?

Байқоңыр ше, бәрібір өгей қала, бәрібір өзге қала секілді. Жұдырығын түйіп, тілін тістеп жатқанның иелігінде. Ал, Қазақстан оның жалпақ шешесі, Ресей оның мейірімсіз, қайырымы жоқ өгей әкесі іспеттес.

Жеткер Жүсіп, Қызылорда

The post Байқоңыр — өгей қала appeared first on Қазақия газеті.

«Аралтұздың» басына бақ қонбай-ақ қойды
Ықылым заманнан Аралдың ас тұзының  қадірі қымбат-тын. Елдің онсыз күні болған емес. «Үлкен мемлекет» оны кезінде әлемнің түкпір-түкпіріне таратып, пайданы шаш етектен тапты.

Сонан бері тәуелсіздіктің тұғырына қонып, тұмсығын көкке көтерген көк байрақты ел - Қазақстанның Аралдағы тұзы осы кезге дейін кім көрінгеннің көсегесін көгертумен келеді. Жергілікті халыққа көк тиын пайдасы жоқ байшыкештер келіп, әзір асқа тік қасық болады. Қара жұмысшының қанын сонадай сорып, ауыр да қара жұмысқа жегеді. Еңбегін еш, сорынан сорпасын шығарады. Айтып отырмыз ғой, Ақ патшаның дәуірінде де, Кеңестік заманда да, тәуелсіздігін алған шақта да аралдықтардың көрген күні осы. Талай мәрте тұз өндіретін комбинаттың жұмысшылары мұндай шектен шыққан қанаушылардың қиянатына шыдамай, айлап аштық жариялады. Оны жергілікті биліктің құзырлы органдары білектерін сыбанып басып жаншыды. Жетесіз жүйе, мейірімсіз үкімет пен парықсыз парламенттегілер бұған көз жұма қарады. Жанашыры жоқ, қара қазақтың қай айтқаны болған. Өрекпігендерді өкіртіп тұрып абақтыға айдады. Шындықты тілге тиек еткенді тепкіге салды. Ал, Арал тұзының пайдасын көргендер қалталарын қампитып, ауыр тұздан жеңіл ақша жасап байып жатты. Араның ұясындай біреуі кетсе, біреуі келіп жатты. Бірақ сол инвесторсымақтардың бірде біреуі сол елдің әлеуметтік тұрмысын ойлаған емес. Маңдытып қаржы бөліп, жергілікті жердің майдайын терлетіп, таңдайын жібіткен жоқ. Аралға барған әкімдер оларға батып айтқан емес, онсыз да ауыр жағдайда өмір кешіп жатқан жұртқа болсын демейді. Қайта келімсектердің шашбауын көтеріп, алдында құрдай жорғалағандарын да көрдік. Арал халқы сол кездегі басқа түскен нарықтан тұралап жатқанда «Аралтұзды» басқарғандар сырттан «жұлдыздарды» шақырып, ұлан асыр той жасап, ұлардай шулағандарын  ел әлі ұмытқан жоқ.

Талай елге өнімін өгізше арқалатып жіберіп жатқан тұз комбинатындағылар әлемдегі озық техникалармен жабдықталып, өндірісін арттырғанымен, олардың жалақысы ең төменгі деңгейде қалып отыр. Қожайын болғандар қымбат шетелдік техникаларды қыруар қаржыға қиналмай сатып алуды білгенімен, ондағы жұмысшыларға айлық төлеуге келгенде «шық бермес Шығайбайдың» кейпіне ене кетеді. Өйткені мұнда келген инвесторлардың бетіне жел болып келетін ешкім жоқ.Тірегі мен тиегі әріде жатыр. Сондықтан жергілікті атқарушы атқа мінгендер, солардың сөзін сөйлеп, сойылын соғады.

Бүгінгі күні «Аралтұз» акционерлік қоғамның қарамағында 760-қа жуық адам еңбек етеді. Орташа айлығы не бары 40 мың теңгенің айналасы. Обал емес пе? Ал сол акционерлік қоғамның республикалық және жергілікті ақпарат құралдарына бөлген қаржысын шотқа салып көрдіңіз бе? Өздерін дәріптеу үшін өзгелердің нанына қол салып, қиянат жасағанда айылын жимайды. Аралдың экологиясынан «ұшынамыз» дегендер алтынға парапар тұз шаруашылығын Астанада, Алматыда жатып басқара береді. Делдалдар жүр өңірде өңмеңдеген. Бұлар ештеңе шешпейді оларсыз. Осы уақытқа дейін жылына өндіріс 65 мың тонна ас тұзымен қоса соншама көлемде техникалық тұзды өндіріп келеді. Алдағы кезде испандық жаңа құрал-жабдықпен жабдықталмақ. Ол кезде өнім бірнеше есеге артады. Қазірдің өзінде Қазақстанның 70 пайызын ас тұзымен қамтып отырған комбинат енді ішкі рыноктағы сұраныстың 90 пайызын бір өзі «тұздайды». Көрші ел мен өзге мемлекеттегі келісім-шарттарды айтпағанның өзінде. Ол кезде жылына 170 мың тонна таза ас тұзы мен 30 мың тонна техникалық тұзды аралдықтар ойланбай хан базарына шығара алады. Бірақ оның бәрін сол жергілікті жұмысшылар атқарады, солардың маңдай тері, табан ақысымен келеді. Сондықтан еңбекшінің еріні құрғамауы керек.

Аралдың халқы теңіздің перзенттері, сол теңіз секілді адамның жасаған қиянатын көріп келеді. Сол теңіз секілді адамдардан үміт күтеді және сол ұлы теңіз секілді таңдайы кеуіп, талықсып жатса да үкілі үмітін үзген емес. Бірақ танабы тақырлана берсе, теңіз мінезді халқы буырқанып кетсе, әл бермеуі мүмкін. Өйткені шыдамның да шегі бар.

Жеткер Жүсіп, Қызылорда

The post  «Аралтұздың» басына бақ қонбай-ақ қойды appeared first on Қазақия газеті.