Қазақия газеті » Өңір өмірі

Әлегіңнен айналайын, «ӘЛЕМ-ТАТ»!
Ақтөбеден Қызылордаға хат 6 күнде зорға жетті. Қызмет ақысына 2900 тенге алды. Және қолыңа «алдым» деп қағаз бермейді. Сұрасаң «кейін әкеп береміз» деп, тұра қашады. Облыстық бөлімше бастығы Берекет дегенге хабарласып едік:

- Ақтөбеден дейсіз бе? Ол жақтан тікелей ұшақ жоқ. Сіздің хатыңыз Ақтөбеден Алматыға барған. Алматыдан ұшақпен Қызылордаға келген. Бәріне уақыт кетеді ғой — дейді.

Айтып тұрған уәжінің түрін! Ол хатты аузына тістеп құс боп ұшуға тиіс «Әлем-таттың» өз шаруасы емес пе? «Ақтөбе-Алматы» пойызындағы жолаушыға не жолсерікке берсеңіз, сол хатты бір тәулікте небары 500 тенгеге жеткізіп берер еді ғой» дейсің мына татымсыз тірлікке күйінгенде…

- Осы қызметтеріңіздің сыйқын айтып, сотқа жүгінсек қайтеді?

- Пажалыста!

Мектепте мұғалімдер: «Коммунизм орнайды. Жаның қалағанның бәрі болады. Керегіңді алдыңа әкеп береді» дейтін. «Шіркін, сол күнге тезірек жетсек» деп армандайтынбыз. Сөйтіп жүргенде айта беретін коммунизміміздің қайда кеткенін білмей қалдық…

Бірақ, «Ожырай кетсе орнына Жаппас қонар», оның орнына тәуелсіздік келді… Құдайға шүкір, ол келгелі көрсетілетін ақылы қызмет түрі де көбейді. Ақшаң болса болды. Жарнамасын оқысаң, жаның суға салған қанттай еріп қоя береді. Солардың бірі — «Әлем-тат» курьерлік қызметі. Барлық облыста бөлімшелері бар. Қазір мүшел жасқа жеткен оның қызметін 1,5 мыңға жуық адам пайдаланатын көрінеді. «Жақсыны көрмекке» демекші, біз де «өзін өзі мақтаған»  «Әлем-таттың» қызметін көргіміз келді. Көрдік. Нәтиже жоғарыдағыдай.

…Бір жапон маңызды кездесуге бару үшін электрпойызға мініпті. Кенет жүйткіп келе жатқан пойыз кілт тоқтапты. Сөйткен кезде кофе ішіп отырған бір жапонның кофесі үстіне төгіліп, пәленбай мың доллар тұратын киімін былғапты. Соның кесірінен маңызды кездесуге бара алмай қалған жапон электрпойыз компаниясын сотқа береді. Моральдық, материалдық шығын талап етеді. Бірде жеңіледі сотта, бірде жеңеді, кейде итжығыс түседі. «Құдай-ай, соған бола ма?!» дейміз біз. Ал, қадалған жерінен қан алатын, қарапайым  ғана заңдылық қағиданы қыр ізінен қалмай талап ететін өркениетті елдің өжет оғланы  әлгі компаниямен 15 жыл қайтпай соттасыпты. Ақыры әділдікке қолы жетіп, талабы қанағатандырылыпты. Бірақ, осы уақыт ішіндегі шеккен бар мехнатының моральдық-материалдық шығынын бұл кезде банкротқа ұшырап, шаруасы шатқаяқтап жатқан электрпойыз компаниясынан өндіріп беру мүмкін болмапты. Әділ сот әлгі өжет, заңқой жапонға электрпойыз компаниясын түгелдей беруге үкім шығарыпты…

- Әлек еткен «Әлем-татың» айналайын ғой. Ана мемпочта бір хатты 20 күнде зорға әкеп береді, әкеп берсе онда да, — дейді қызылордалық Сағат Жүсіп ағамыз. Бұл байланыс қызметі Сәкеңнің қанын қарайтып, шашын ағартқан секілді.

Бізде алтынмен жазылған  ата заң бар, бірақ ол ақиқатқа емес, ақшаға жұмыс істейді. Атыңнан айналайын «Әлем-тат» сияқты көзге көріне бермейтін көзбояушы қызметтер мен ірі турайтын алаяқ компаниялар осыны жақсы біледі. Білгесін бізге білгенін істей береді. Ал, біз соған көне береміз…

Қайран, атамекеннен бір кезде жапанға шығып кетіп, ағайн жұрты мекен еткен аралды басып алған, қазағымның бастапқы болмысын сақтап қалған жапон бауырларым-ай! (Айтпақшы, оның дұрыс аты «жапан», ресми түрде солай жазылады да, «жапон» деп біз орысша қате атап жүрміз. Сүрияны да орысшалап Сирия дейміз, Либияны да Ливия дейміз, қай нәрсені орысшаламай, дұрыс атап жүрміз…)

Жеткер Жүсіп, Қызылорда

zhusip1956@mail.ru

The post Әлегіңнен  айналайын, «ӘЛЕМ-ТАТ»! appeared first on Қазақия газеті.

Қара Ертістің бойында ауыз су тапшы, барымта асқынып тұр
Қытаймен шекараның дәл түбіндегі Жиделі ауылында былтыр қойдың бруцеллез ауруы шығып,  карантин жарияланған еді. Сол карантин әлі жалғасып жатыр. Сыртқа қой етін шығармайды. Шығармағаның не, тіпті ауыл адамдарына қой сойғызбайтын болыпты. Өз малдарын өздері сойып жей алмай отыр. Енді Қалжыр өзенінің бір сағасы болып ағып келетін су да жартылай тартылған. Жеміс-жидекті суаратын су тапшы бола бастаған. Ауыз суды былай да әркім өз ауласында қазылған құдықтан алып ішіп келеді.

Сонымен Жиделі-Байсын саналатын Жиделіден береке кете бастапты. Ал Үкіметіміз қазақстандықтарды 2020 жылға дейін таза ауыз сумен толық қамтамасыз етеміз деп уәдені үйіп-төгіп отыр. Бұл науқан осыдан 10 жыл бұрын басталғаны есімізде. Баспасөздегі ақпарға сенсек, сол он жылдың ішінде тасымал су ішетін тұрғындар саны төрт есеге азайған!

Бірақ, біздің облыста 834 елді мекен болса, соның тек 217-сінде ғана (аймақтағы 10 қала, 3 қала үлгісіндегі кентті қоспағанда) орталықтандырған су жүйесі бар. Әсіресе Бесқарағай, Ұлан, Күршім, Көкпекті аудандарында құбырмен келетін ауыз су жайы нашар. Екінші дерек: 350 мыңнан астам адам әлі күнге дейін құдықтың немесе бұлақтың суын пайдаланып келеді. Жаңағы Жиделі сияқты. Сегіз елді мекенге су тасымалмен жеткізіледі. Ал 2003-2010 жылдарға қарастырылған «Ауыз су» бағдарламасымен 50 ауылда құбыр тартылды дегенде айдарымыздан жел еседі.

Облыс орталығынан 600 шақырымда жатқан Жиделіні қоя тұрайық, Өскеменнің іргесінен басталатын Меновное ауылында ауыз су мәселесі аса өткір. Жергілікті билік осы ауылдағы су құбырын жөнге келтіру үшін 206 миллион теңге керек деп отыр.

Бұл аздай енді Жиделімізде мал барымтасы асқынып тұр. Осыдан бір ай бұрын бір күнде ауылдың 28 бас ірі қарасы қолды болып кетті. Айқайдың алды Астанаға дейін жетті. Соның дүмпуімен құқық қорғау органдары біраз із кескендей еді, бұл бірақ нәтижесіз болып шығыпты. Сонда із кесуші органдар неге осыншама шарасыздық көрсетіп отыр?!

Сайлау Төлеуов

The post Қара Ертістің бойында ауыз су тапшы, барымта асқынып тұр appeared first on Қазақия газеті.

Комбинаттың 600 жұмысшысы қысқартылатын болды
Енді Теміртаудағы Электрометаллургиялық комбинаттың жұмысшыларының басына дүрбелең туып отыр. Оның жаңа қожайындары жақын күндері 600 еңбеккерді қысқартатынын мәлім етті. Өйткені, компанияның бұрынғы басшылары банкке белшесінен қарызға батып, бірнеше жыл салық төлемей келген дейді. Осыған орай өңір басшысы Бауыржан Әбдішев кәсіпорын басына барып, жұмысшыларымен кездесіп, олардың арыз-шағымдарын тыңдап қайтты.

Бүгінде комбинатта барлығы 2 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қысқартуға соның 600-і ілінбек. Дегенмен, компания жетекшілері жалақысы бұрынғыдан көп төмен болғанымен,  олардың 300-іне түрлі қосалқы жұмыстар тауып беруге уәде еткен. Ал қалған 300 адам екі қолға бір күрек іздеп, жылы орнымен қоштасуға мәжбүр.

Атқарушы билік, өз кезегінде қысқартуға іліккендерді қосымша мамандыққа оқытуды көздеп отыр. Облыс әкімі Бауыржан Түйтеұлы бұл мәселені тікелей өз бақылауына алатынын айтты: «Ешқандай қысқарту болмайды. Аутсорсингке көшкен 300 адам жұмыс орнын сақтап қалады. Ал қысқарғандарын біз басқа жұмысқа орналастырамыз. Кейін комбинаттың жұмысы жолға қойылған соң, олар өз орындарына қайтып оралады және жалақысы да көтеріледі»,– деді.

Ағымдағы жылы комбинатта жаңа пеш іске қосылмақ. Сол арқылы кәсіпорын жұмысын жолға қойып, өнім көлемін арттыру жоспары бар.

Дәулет АСАУ

The post Комбинаттың 600 жұмысшысы қысқартылатын болды appeared first on Қазақия газеті.