Қазақия газеті » Әдебиет

Сағыныш деп қойған кім күздің атын…
Сүйінші!  Ақтөбенің поэзия әлемі тағы бір  тағы бір жыр жинағымен толықты.  Алматыдағы «Хан тәңірі» баспасынан Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы аясында ақын Бауыржан Бабажанұлының «Ниетқабыл» атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Ақжолтай хабар Ақтөбеге өткен аптада жетті.

Қай өлеңінен де қазақы қоңыр болмыстың, адами ақ тілектің, сыршыл жүректің, мұң аралас нәзіктіктің, қазақы қарапайын  философияның сарыны есіп тұратын Ақынның жаңа жинағы да сәтті шығыпты. Оқырман облыс кітапханаларынан таба алады. Ал біз өз тарапымыздан Төлеген- сағыныш тұнған Бауыржан-жырдың бұлағы сарқылмасын дейміз. Құтты болсын, Бауке!

«Қазақия».

ҚАМШЫ ҚҰДІРЕТІ

(баллада)

Әлқисса, біз білмейтін заман екен,

Әрине,  уақыт —  басқа, сана — бөтен.

Аты да ұмытылған бір түбекте,

Оқиға өтті дейді алабөтен.

Сескендірген даңқымен атырапты,

Өзі мықты, халқы да бақуатты.

Бір баһадүр  хан бопты.

Қарсы келген

дұшпанның қабырғасы қақырапты.

— «Тағатын міндерің ғой, ылғи маған,

Естіген сайын іштей бір қиналам,

Ал болсын дегендерің! Шәр салам»,

— деп,

Басып алған елдерден құл жинаған.

Осылай бір ермекті тапты дейді,

Халқы да хан қабағын бақты дейді.

Тек: «Құлды жинай берген дұрыс емес…»

Бір ақсақал қарсы уәж айтты дейді.

Қамқа тоны сәл сырғып иығынан,

Көңлі қалып, билердің жиынынан.

«Құлдан қорқып…

Алжыған деген — осы»

Хан мысқылдап күледі миығынан.

Бұйрық бар:

«Ез!

Аяма!

Жаншы!» — деген,

«Қашқан жауға қатын да ер».

Әлсіреген,

құлға бәрі мәтіби.

Жасауылдар,

бөріктіріп сабайды қамшыменен…

Сегіз өрім бұзаутіс ысқырады,

Ысқырған сайын құлдар ышқынады.

Қарсыласып көргендер болып еді,

Ұзамай қалыбына түсті бәрі.

Бір күні хан жорыққа тағы аттанды,

Көрші елді жауламаққа талаптанды.

Қалың қол жөңкілгенде, арттағы елге,

Азғантай жасақ қана қарап қалды.

Қалың құлдың көзі енді жанды дейді,

Қол кеткесін бастады лаңды дейді.

Аз жасақты қырып сап, қолдарына,

Бір күні ел билігін алды дейді.

Уай, дүние-ай, ару қандай, мыстан қандай,

Бақ жанса, құл қолына құс қонғандай.

Алшаң басып…

Кеште хан төсегінде,

Ханымын ыңырсытып, құшқан қандай.

Кілең құл қарқылдайды, жырқылдайды,

Жарасар бәрі…

Болса, ұртың майлы…

Кешегі сәлем алмас ханшаларың,

Қойнында қара құлдың бұлтыңдайды…

Құл кешегі бағланды тепкілейді,

Азары бұл нәубеттің өтті дейді…

«Осылай да осылай боп жатыр…» —  деп,

Ханға да елден хабар жетті дейді.

Ол дереу бұрған екен аттың басын,

Құдайым іске осындай тап қылғасын…

Құлдарға кешірім жоқ!

Мойнындағы

Құрықты хан тағына лақтырғасын…

Қырамыз бәрін түгел дескен дейді,

…Құлдар да хан қолынан сескенбейді.

Қыл ауыздан күтіп ап  көп жасақты,

Қиян-кескі айқаста дес бермейді.

Иықтан бір албасты басты дейді,

Ханның қолы шегініп, қашты дейді.

Жалт бұрылған  әскердің  түрін көріп,

Не істерін білмей ол састы дейді.

Кенет…

Кенет…

Қарқылдап күлді дейді,

(Мұндайды есі ауысты, жынды дейді).

Уәзір біткен жоламай…

Сол кездері

Бір бала хан алдына кірді дейді.

Хан ием, әуелі Алла деп айтайын,

Содан соң елдің қамын жеп айтайын.

Бала демей,  сөзіме құлақ түрсең,

Дұшпанды жеңер жолды мен айтайын.

Бала да батыл екен, тартынбайды,

Екі көз екі алмастай жарқылдайды.

Уәзірден, қолбасшыдан  қайран болмай,

Баланың әңгімесін хан тыңдайды.

Содан соң дереу қолды жиды дейді,

Басқа заман түсіп тұр қилы дейді.

«Ақыл — жастан» — деген сөз рас екен,

Бала арқылы берді Алла сыйды дейді.

Ал енді, жаршыларым, жар салыңдар,

Әскерім, жауға қарай қарсы ағыңдар.

Қылыш, сүңгі, найзаның бәрін тастап,

Тек қана қолдарыңа қамшы алыңдар.

Хан сөзі екі болмас.

Барсын ерлер,

Қиқулап, ұлы айқайға салсын ерлер,

Құйғытып келе жатыр, міне, ұрандап,

Найзагер емес, кілең қамшыгерлер.

Хан ісі кенет оңға басты дейді,

Бала айтқан айла іске асты дейді.

Қамшыны көрген сәтте-ақ

қалың құлдың,

Зәресі ұшып, құттары қашты дейді.

Бір-бірлеп қуып жетіп, құрықтайды…

Тарихтың тағылымын кім ұқпайды:

Иығына алтын тон ілсе-дағы,

Құл ешқашан қамшыны ұмытпайды.

…Көз алдымда қиқулап сәйгүліктер,

Тұрса-дағы кейде ойды қайғы бүктер.

Осы аңыз есіме ылғи түсе берді,

…Ештеңе айтқан жоқпын, әй, жігіттер.

КӨКТЕМ. ӨЛЕҢ

Көктемнің айтты жайын бар,

Тізбегін құстар бұзбай кеп.

Бүр жарды кенет қайыңдар,

Бойжеткен биыл қыздай боп.

Жан-дүниең қайтіп түлемес,

Сүюдің балын татқанда ой.

Өріктің гүлі гүл емес,

Көктем-қыз жазған хаттар ғой…

Сезімге, бұл сәт, кім ие,

Беймаза бір күй тапты ойлы ұл.

Тал ғана  емес, дүние,

Көңілдер гүлдер шақ қой — бұл!

Аруға, анау,  арна жыр,

Болмайды ол, сірә, кетәрі.

Жүрегі оның дәл қазір —

Бәйшешектердің отаны.

Жұпарын шашып бау-бақ та,

Дүркірер кез ғой, дүркірер,

Жөнеліп жатыр жан-жаққа,

Ақсүйек іздеп күлкілер…

Табады дүр сөз тілерде ел:

«Көктемнің аты — Ізгі үміт!»

«Махаббат!» — дейді біреулер,

«Бақыт!» — дер біреу үздігіп.

Бақыттың аты-затына,

Сенбейтін жанмен дос емен.

…Көктемнің жазған хатына,

Жауабым менің – осы өлең!

САРЫ ЖАПЫРАҚ

Сары шекпенін жамылып атырап бар…

Сап-сары жапырақтар,

Сағыныш   ешкімге опа берген жоқ қой,

Кімді сонша күттіңдер, ақымақтар?!

Иірімінде тұратын жылдар жылап,

Әндеріңді бар ма екен тыңдар құлақ?

«Сағыныш ешкімге опа берген жоқ қой…»

Әй, ақылды тыңдайтын кім бар,  бірақ…

Орта жолдан асқасын Тірлік-Ие,

Қайғыны — әулие тұтасың,

мұңды — кие.

Ақылың не…

Әу баста Хақ бұйрығын,

Тыңдамаудан басталған бұл дүние.

Қырау түсіп… көңілді сыз қылатын,

Күзге келіп, қол берген біз — бір ақын…

Жапырақтар, жандарым, айтыңдаршы,

Сағыныш  деп қойған кім,  күздің атын?

Дәл сендердей сезімтал болмасам да-ай,

Аяғымды,  күйім жоқ,  паң басардай.

Бір сәтке адам көзімен  қараңдаршы,

Сарғайып кеткем бе  екем

мен де сондай?

Бірдеңеден қалғандай, аласұра,

Ей, өмір, сен де зулап барасың, ә?

… Жапырақтар ұшып кеп,

қонып жатыр,

Әкем менен шешемнің моласына.

«ҒАРЫШКЕР»

Құлын-тайдай  тебісіп өскен дос

– Болат Абатұлының аруағына

«Кім болам?»

Тақырыбы —  шығарманың,

Әншейінде көзіңнен ұғар бәрін.

Ағай да шығып кетті.

Сезді ме екен,

Әр кеудеде бүр жарған бір ән барын.

Ағай шығып кетсе де…

Тыныш бәрі.

Тұңғыш рет Үнсіздік…

Ту ұстады.

Бір-бірімен қырылып жатар күнде,

Тентек ұл мен ерке қыз ұрыспады…

Армандау қиын ба екен…

Оқығаннан,

Бақытының көргендей отын алдан.

Сол  сәтте-ақ күллі әлемді кезіп кетті,

Тар класқа сыймаған отыз арман.

Қарлығаш-ой  аспанға қақты қанат,

…Сабақтан соң жөнелдік шапқылап ап.

Ертеңіне мұғалім оқып берді:

— Мен ғарышкер боламын!

—  депті Болат.

Арманы қыр көрсеткен…

Сары балаға,

Қызыға да қарадық, таңдана да.

Тұңғыш рет оянды қызғанышым:

«Қалай менің басыма келмеген, ә?».

«Болмайды…»  —  деп ойламас,

бала, әрине,

Аяқасты  бөленген дара күйге.

Бүкіл класс қарадық….

Тым төменнен

Көкті тілер болашақ «Гагаринге».

Кейін: «Болат ұмытты көкті…»

—  деп ек…

…Аспан жақтан бір хабар жетті ме,

ерек?

Қайран  досым,  отыздан аса бере,

Ғарыш жаққа аттанып кетті кенет.

«Бұл дүние — о дүниенің елесіндей…»  —

десем, дос, мені жынды көресің бе, ей?

…Ауылдың сыртында үлкен

мола жатыр,

Құлаған Жерге ғарыш кемесіндей…

ҚЫЗКҮТКЕН

Бір қыз бар Ақтөбеде, аты — Көктем,

Қалқамның көркем еді нәті неткен!

Бірақ та  әкесінің түсі суық,

Қыс деген — аты да өктем,

заты да өктем.

Аузынан шыққан сөзі, сірә, балдай,

Жігіт ем  қай қызға да ұнағандай.

Далада тұрмын, міне, діңкем құрып,

Еркемді үйден сыртқа шығара алмай.

«Бұл кім, әй?

Бұлай тұрған жарамайды».

Барақ-Жел  айнала үріп, абалайды.

Боз бұлттың жабығынан сығалаған,

Сұлу  Ай күліп,  мені табалайды.

Ойлар кеп бірі мәнсіз, бірі мәнді,

Көңілім көкке қарап ұлыған-ды.

…Түшкіріп, қақырынып-түкірініп,

Қырсық шал жатпай, ұзақ жүріп алды.

Кеудемді тағы күдік кескіледі:

«Ай, осы қашан маған ес кіреді».

Кетейін десем, сол сәт

Қалқатайдың

сыңғыры шолпысының естіледі.

… Үні өшті Барақ-Желдің абалаған,

Қырсық шал да қисайды… (Шамалағам).

«Шығады ол. Әні-міне кеп қалады…»

Жүрегім алдамайды!

Сенем оған!

The post Сағыныш  деп қойған кім күздің атын… appeared first on Қазақия газеті.

Этнографиялық этюдтер
Атақты…  жиенімін

Орысқолдау бір келінім бар.  Жиенімнің жұбайы. Екі ұлы бар. Біріншісін, қазақы ғұрып бойынша, апам мен жездем «алған». Ішіндіретін солар, киіндіретін солар. Себебі бала — «солардікі».

Бірде келінім төркіндеріне бір туған күнге қонақтап баратын болды. Әдеттегідей,  мен — «сарай ақыны», оның айтатын сөзін дайындап, балаларына сөз дайындап бердім. Жаңағы «біздің» балаға, кәдімгі қазақтың қара өлеңінің ізімен:

-Аттымын, жаяулымын, түйелімін,

Келгенде сөйлер сөзге жүйелімін,

Жігіттер, танымасақ, танысайық,

Атақты Төртқараның жиенімін,- деген төрт жол тақпақты жаттатқызып, келінді ауылға шығарып салдық.

Келін сапардан келді.  Құда-құдағи сарқыт беріп жіберген, арқа-жарқамыз. Бір кезде әлгі «біздің» бала:

- Мен, сіз үйреткен тақпақты олай айтқан жоқпын, былай айттым,- де-е-п басып салғаны. «Балалы үйдің ұрлығы жатпас». Әңгіменің қысқасы, Төртқараның орнына (апамның руы), келін өз руының атын қойып айтқызыпты. Апамның «давлениесі» көтеріліп кетті, жездем күрсініп, кабинетіне кіріп кетті..

Мен өтіп кеттім…

…Әріректен қарап келем. Қазақтың жап-жас отбасы. Әкесі, анасы, тұлымшағы желбіреген кішкентай қызы. Төрт-бес жас шамасы-ау.  Көктемнің алғашқы шуағымен бірге  күлімдеген, шаттықтан  жадыраған жүздері бал-бұл жанады. Бақытты екендері  «мен мұндалап» тұр.

Жақындап келем. Олар да. Әрі қарай әңгімесіне құлақ салыңыз, орфографиясына жауап бермеймін.

- Алмируша, морожный алып берейін бе? Бұл — әкесі (папасы).

- Папа, сок,  сок ішем дедім ғой.

- Морожный  беруге болмайды демедім бе? Неге есіне саласың, қасқа екенсің бір… Бұл -  соңғы сәнмен киінген әдемі келіншектің, әйелінің сөзі.

Мен жақындап қалдым. Сән-салтанатына қарасаң, еш жерде, ешкімге бой таластыратын түрлері жоқ. «Менің келінім, менің інім болсын» дейтін-ақ адамдар.

Бес-он  қадам қалды. Менің қазақы «жаман»  ойым… ойран болатын түрі бар.  Екі иығына екі жігіт мінгендей аптал азамат та, оның  жанындағы сұлу, сырғалы келіншегі де  (балапанды айтпай-ақ қояйын)… кідіретін емес. Дұрыс, шашы ағарған, жағы суалған кемпір емес шығармын, бірақ олардан үлкен адам екенім көрініп тұр ғой. Менің (біздің) тәрбиемше, менің ойымша… олар маған жол берулері керек. «Тиіс» деп  әдейі айтпай отырмын, «керек», қазақы тәрбие бойынша.

Екі-үш қадам қалды. Олар екпіндеп келеді. Манадан бері жас отбасына сүйсініп келе жатырған менің де… «жыным» ұстап кетті. Қадамымды ширақтау басып, жақындай бердім. («Кідіріп, жол беретін шығар» деген үміт кеудемде әлі сығалайды).

Бір қадам, жарты қадам… Оларды, еркегі мен әйелін,  қаға-соға, алдарынан өтіп кеттім. «Мынау жынды ма?» дегендей олар маған біртүрлі қарап қалды. Мен өтіп кеттім.

… Енді олар мен үшін менің Қазағымның әдемі жас отбасы емес, бар болғаны  бір үйдің еркегі мен әйелі ғана еді… Бірақ менің Қазағымдікі…

«Түу, папа, сәлем  салайыншы!..»

Гүлсамалым, өз тұстастары тәрізді, «современная»…

Әдеттегідей құдаларға келгем.  Шәй-пәй, сый–сыяпат дегендей. Қызыма қарап отырмын. Үйде жүргенде, қамыр жазса, қолының «аллергиясы» құтырып кететін,  шәй жасаса, қасығын ұмытып кететін қызым… кәдімгідей келін болып қалыпты. Бәрі орынша, бәрі қалпында. Енесі көзімен бағып отыр. Ол сынай қараса, мен… жаным шығып қараймын. Жоқ, ештеңе бүлінген жоқ, шәй құйғанда, кесе сылдырламады, шәйді де «ішсең іш, ішпесең қой» дегендей ернеулетпеді, тәттілеп құйып берді. «Шүкір» деп отырмын ішімнен.

Ет келді алдымызға. Сорпасын да іштік. Енді осы  үйдің келіні, менің қызым табақ алу керек. «Ответственный» мезетті жаным шығып күтіп отырмын. «Не істер екен, үйге қонақ келгенде, сәлем етіп, табақ алу бөлек, бірақ атасына  күнде сәлем ету керек қой».

Тап осы кезде бір маса келіп  үйдің қабырғасының жоғарғы жағына қона қалмай ма? Құдам маса-шыбын дегенді  сүймейтін адам,  қолына сапалақ ала салып, ұшып тұрып кетті. (Ол келінінен де «современный»). Әлгі масаны аңдып, құдам тұр. Бір минут, екі минут…  Құдағи мен екеуміз мырс-мырс. Келіннің шыдамы таусылды-ау деймін, бір кезде атасына:

-Түу, папа, сәлем салайыншы, бері қарамайсыз ба?- дегені. Құдағи екеуміз… жарылдық.

…Сұрап, жалынып болса да атаға сәлем салғанға не жетсін!?

Саят — біздің ауылдың баласы

…Ақтөбе облысының Алға қаласы — облыс орталығынан 40 шақырымдай жер.  Мен облыс орталығына жұмысқа қатынаймын. Журналист «міскіндердің» шаруасы таусылған ба,  үйіме кеш қайттым. Тым кеш. Түнгі бірдің шамасы болар. Алғаның таксилері тоқтап қалған, жолай Қандыағашқа (келесі аудан) өткен біреуіне, «әке-көкелеп» отырып, күре жолдан түсіп қалғам. Үйге дейін он минут жер. Бүгінгі күнді  таразылауға аздап та болса, жететін уақыт.

Көше жым-жырт. Анда-санда кездескен біреу болмаса… Алғаның орталықтағы ең үлкен көшесіне жақындадым (сонда тұрам). Басқасына жарық жетпесе де, орталық жарқырап тұрмай ма, Шоқан атам (Уәлихановты айтам) мен екеуміздің көшеміз самаладай.

…Қыз бен жігіт. (Енді қалай айтсам екен?) Әлгі қыз: «мені сүйесің бе, онда тап осы жарық жерде ернімнен сүй» дейді. Анаусы «ох» дейді де, сүйеді. Жарық жерде тағы не істейтіндерін қайдан білейін, себебі мен үйіме жетіп қалғам…  Орталықтың қапырығынан кейінгі таза ауа да, бүгінгі өткен ақын кездесуі де… быт-шыт бола жаздап еді…

Теледидарды қостым. «Отырмын жақындауға дәтім бармай, жанарым жанарыңмен аймаласып». Саят Медеуов.  (Өлеңі, қателеспесем, Аманжол сері Әлтаевтікі болуы керек, әуені кімдікі екенін айтпады). Әлгі киіктің асығындай қара бала. Дауыс қандай,  сезім қандай?  «Дариға-а-ай» деп созады тағы.

Сол «Дариға-а-айда» бәрі-бәрі жатқандай: кеше күреңтөбелге мініп, әжеме  атам кездесуге келген күреңбел (бірақ, әжем түгілі атам да сүйе алмаған шығар-ау сол күні),  сағынышқа толы арадағы  өткен күндер; оның бер жағында әскерден (армиядан) жігітін күтіп алған шешеміздің де оны көре алмай он күн зарыққаны; тағы да кездесе алмай, шымылдықтан шыққан соң ғана… кездескендері… осының бәрі Саят-

тың бір «Дариға-айына» сыйып кетті. Сол тізбектелген қалпы жан-дүниемді  де тазалап өтті…

Осы Саят біздің ауылдың баласы емес пе екен? Әрине, қазақтың баласы… Саяттың қазақы иіс аңқыған дауысы барда… Қазақ та жоғала қоймас!

…Әлгілер қашанғы сүйісер дейсің, «әсіре, қызыл тез оңар» депті бір данышпан. Ол данышпан да Қазақ екен, айтпақшы…

Шара ЕЛЕУСІЗ, Ақтөбе

The post Этнографиялық  этюдтер appeared first on Қазақия газеті.

Кісі басы – бір кәсіп (сықақ әңгіме)
Ұзыны молдау, көлденеңі тапшылау бөлмеде төрт үстел тұр. Төрт үстелдің басында төрт жігіт отыр. Төрт жігіттің алдында: ашық-жабық жатқан кітап, журнал, газет, жазулы-жазусыз  ақ қағаз парақтары, ұшталған-ұшталмаған қарындаштар, бір-бірден автоқалам. Төрт жігіттің ешқайсысы да қол қусырып бейжай отырған жоқ, әркім өзінің қалаулы қызметін атқарып, ортақ  сөзге  уақыт  таба алмай отыр…

– Интересно, осы біздің қалада тұрғын үй мәселесі шамамен қай жылы толық шешіліп болар екен? – деді газет оқып отырған жігіт, басын шайқап қойып.

– Кім білсін, приблизительно енді бір жеті-сегіз жылда шешіліп қалар, – деді әлдене жазып отырған жігіт жөткірініп қойып.

– Левитанның картинасы, он әріп, қайсың білесің, айтып жіберіңдерші! – деді «Смена» журналының сөз-жұмбағына шүйіліп отырған жігіт.

– Обед әперсең айтайын, – деді шынашақтай бәкісімен қарындашын ұштап отырған жігіт.

Пыррр етіп ұшқан торғайларша төртеуі бірден күлді.

– Обедке ақша шығармай тірідей байығың келіп жүр екен-ау! – деді әлдене жазып отырған жігіт, жазуын жалғай түсіп.

– Арман алға жетелейді, – деді газет оқып отырған жігіт.

– Білсеңдер айтыңдаршы, он әріптен тұрады, – деді сөзжұмбаққа қайта шүйілген жігіт.

– Левитаныңды да, бізді де әурелемей әлгі кеше барам деген дүкеніңе бармайсың ба, сағат он бір боп қалды, – деді қарындаш ұштап отырган жігіт.

– Ойбу! Кешігіп қалдым ау, ә?! – деп сөзжұмбақшы жігіт үстелінің үстіндегінің бәрін абыр-сабыр жиыстырып суырмасына тоғытты да, тұра жөнелді. – Мені іздей қалса, дәрігерге кетті дей салыңдаршы, жарай ма?

– Жарайды, бара бер.

Бөлмеде үш жігіт қалды.

– Енді сөзжұмбақ шешетін өнер тапқанын қайтерсің, бір жеріне қарамай! – деп мырс етті, газет оқып отырған жігіт.

– Өзі тым-ақ  дүкеншіл. Күнді құр жібермей  шабады, не алып, не беріп жүргенін ит білсін. Сендерге бірдеңе әперіп көрді ме жаңағы? – деді әлдене жазып отырған жігіт.

– Бізге бірдеңе әперсе, сен де көресің ғой. Біреуге бірдеңе әперетіндей онда не шама бар? Құр пысықсып, құр сайрап жүрген судыр емес пе?! – деді қарындаш ұштап отырған жігіт.

– Нән кеуде байғұстардың бірі емес пе? Өстіп ел қатарында жүргені жетеді оған, – деді газет оқып отырған жігіт.

– Бірақ өзі жиналыста сөйлегенге мәстір. Өйтуіміз керек, бүйтуіміз керек деп сайрап жөнелгенде қарасын көрсетпей кетеді, ә? – деді әлдене жазып отырған жігіт.

– Е, ондай белсенділігі бар, жиналыс болады дегенді естігенде өз-өзінен жымыңдап, шашын тарағыштап, орнында отыра алмайды, бөтелкенің төбесін көрген алқаштарша жұтынып, – деді газет оқып отырған жігіт,  газетін  аударыстырып.

– Бұл қудың бір мықтысы бар шығар, әйтпесе бізбен бірдей жалақы алмақ тұрғай, бұл кеңсенің маңына жолауға правосы жоқ, қырықтан асқанша институтта сырттай оқып тентіреп. Бірақ… қазіргі заман қызық қой, бір мықты бір таққа отыра қалса, төңірегіне ит пен мысығына дейін түгендеп жинап алады, – деді әлдене жазып отырған  жігіт. Сол сәтте есік ашылды:

– Түке, сізді бөлім бастығы шақырады, – деді келген қыз бала. Газет оқып отырған жігіт газетін бүктеп-бүктеп жан қалтасына салып алды да,   қыздың соңынан еріп кетті.

Бөлмеде  екі  жігіт  қалды.

– Газетін тастап кетсе біреуіміз жеп қояды деп ойлайды ғой деймін, – деді қарындаш ұштап отырған жігіт мырс етіп. Қарындашының ұшы сынып қалып, қайтадан ұштай бастаған.

– Со газетінде сол шұқшиып оқитындай дәнеңе жоқ. Өзі со газеттен басқа бірде-бір газет, бірде-бір журнал жаздырып алмайды, онысын мен жақсы білем ғой, бірақ со жалғыз газетін  де  күні бойы оқып тауыса алмайды, не сиқыры барын ит білсін, – деді әлдене жазып отырған жігіт, соңғы сөйлемін сызып-сызып тастап.

– Онысын үйінде оқымай осында алып келетінін қайтерсің, Меккеден әкелгендей  етіп, – деді қарындаш  қайтадан  ұштап отырған жігіт.

– Өмірінде үйінен ұзап көрмеген бұның кәсібін айтсаңшы. Бастық шақырып алып тапсырма бермейінше шөп басын сындырмай отырады ғой, байқадың ба? Бұл бейбақ со газетінің әрбір бетінде неше әріп, неше нүкте, неше қос нүкте, неше үтір барын санайды-ау деймін! – деп мырс-мырс күлді, әлдене жазып отырған жігіт.

– Неше тырнақша, неше жақша, неше сызықша барын да санайды деші! – деп кеңкілдеп күлді, қарындаш ұштап отырған жігіт.

– Өзінің үйіне қонақ келгенін көрген емеспін, екеуіміз үш жыл көрші тұрдық қой, не өзі қонақ шақырмайды, не өзі қонаққа бармайды, – деді әлдене жазып отырған жігіт.

– Өзі ешкімді қонаққа шақырмайтын кісіні кім шақырады?! Аузы желкесіне біткен сараң десеңші! Ақшасын сүрлеп жатқан ғой! – деді қарындаш ұштап отырған жігіт.

– Бұл қуың «Осыған ісім түсер-ау» дегендерін ғана сыйлайды, зәлім, зәлім! Сен екеумізді макулатураға тапсырып жібереді! – деді әлдене жазып отырған жігіт, жазылған парақтарды жинастырып, үстелінің суырмасына салып, орнынан тұрып терезе алдына барып.

– Бүкең өзін күнара шақырып алады, осыны старший еткелі жүрмесін. Серікболов пенсияға кетеді деседі ғой? – деді қарындаш ұштап отырған жігіт.

– Серікболов кетеді деп  кім айтты?

– Осының, жаңағының өзі айтты кеше.

– Ендеше, мұныңды өсті дей бер. Айттым ғой зәлім деп. Бұлар шеттерінен пәле, әлгі «бұзауларыңа дейін преферанс ойнайды» демекші, бұлар шеттерінен алаяқ! – деді терезе алдына барып тұрған жігіт, сыртқа көз тастаған қалпы. Ол қол сағатына қарады. Қарады да:

– Өй, уақыт боп қапты ғой! Кеттім! Мектепке жетуім керек, ата-аналар комитетінің мүшесімін ғой. Баратынымды кеше Бүкеңе айтқанмын, рұқсат еткен, – деді де жел қуған қаңбақша жөнеп берді.

Бөлмеде бір-ақ жігіт қалды.

Ол қарындашының ұшын тағы сындырып алды да, онысын  босаға жақ бұрыштағы тоқыма кәрзеңкеге лақтырып жіберіп,  шынашақтай бәкісін бүктеп, сүртіп, қалтасына салды. Сөйтті де орнынан тұрып, төрт үстелдің арасында керіліп-созылып жүре бастады. Сәлден соң жаңағы мектепке барғалы кеткен жігіттің үстеліне барып, суырмасынан оның жазғандарын алып оқыды: «Бүгін күн жұма. Жұма. Бүгін күн ашық. Ясный день. Ясная погода. Ертең – суббота. Суббота. Сенбі. Сенбі. Раз, два, три, Раушан, Раушан. Ол… ол қызғаншақ. Молодая жена. Молодая. Молодая жена. Кино. Тәп-тәуір кино, бірақ кейбір тұстары түсініксіз, маған түсініксіз, соңы бір түрлі, бәрі орын-орнына келе қалады, әйтпесе кино бола ма! Гараждай емес, одан көп төмен, оған жетпейді. Гараж қызық, маған… Левитан, Ле-ви-тан, қай Левитан, мынаның сұрап отырғаны? Ле-ви-тан… ком-позитор ма еді, суретші ме еді, әлде ақын ба еді?.. Обед әперсең… қатырды, сол керек! Великий кроссвордист нашелся!..» Әй, мынау жұмыс жайында бірдеңе жазып отырды ма десем,  шалшық кешіп отырыпты ғой?!

Ол екінші параққа көз жүгіртті: «…Дұғай – магазин, Дұғай – магазин. Пысығын өзінің, пысығын, пысығын! Магазин – дефицит, иә, иә, магазинде жоқтың бәрі – дефицит… танысың болса, әрине, аласың, болмаса… саған бәрі дефицит! Міне, мәселе қайда, қайда, қайда, қай-да!..» Әй, данышпаным-ай! Бұл да кәдімгі көкмылжыңның өзі екен ғой! Жұмысының қаттысын қарасаңшы! Жиналыстың  протоколын жазғандай тізбелепті.

Ол үшінші параққа үңілді: «Аузы желкесіне біткен сараң десеңші… аузы желкесіне біткен… қыршаңқысын көрдің бе? Тілінің қыршаңқысын! Сараң болса бола берсін. Сараң. Сараңды сабағанмен жомарт бола ма? Қазір жомарт кім бар?.. Сенің бір ғана жомарттығың бар, күніне бір қарындашты қор қыласың,  көшеде қарындаш шашылып  жатқандай-ақ! Қарындаш ұштау да жұмыс  болыпты. Қызмет пе, ермек пе? Әлде әдет пе?.. Жұмысы жоқтың… Бұл кімнің өлеңі еді? Өлең бе, мысал ма? Өлең, өлең, мысал, мысал, мы-сал… Өлең, ө-лең, ө-ө-ө-лең…» «Қарындаш ұштау да жұмыс болыпты» дейді! Өзі не қиратып жүр екен?! Настоящий бездельник, ішірткі жазатын дүмше молдаларша бірдеңелерді шатпақтап жазып отырғаны үшін ұялмай жалақы алады, не деген бетсіз десеңші, ә?! Серікболов кетеді дегенді естіді, енді бұл жанталасады, Құрекеңін, Дүрекеңін, Шорекеңін жауып жібереді. Серікболовтың орнына қонжисам дейді, бұл оны істейді, бұның тұла бойы бықып тұрған блат қой. Сол блаттың арқасында ілініп-салынып жүр, көшке  ерген бұралқы итше итиіп. Мұның орнында басқа біреу болса, баяғыда-ақ  жарамазан айтып кететін еді!

Ол жарамазан айтып кетуге тиістінің жазбаларын жылы орнына сұға салды  да, қол сағатына қарап қойып, сыртқа беттеді.

Бөлмеде төрт үстел, төрт орындық, бір кәрзеңке қалды.

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

The post Кісі  басы – бір кәсіп (сықақ әңгіме) appeared first on Қазақия газеті.

Личность Абая: ДУХОВНЫЙ АСПЕКТ
О духовном наследии Абая написано много, возникнут еще множество  работ об онтологической глубине понимания  проблем поэтического творчества и казахской  культуры  в целом, а так же евразийской философии, отраженной в художественной концепции поэта. В данной статье предпринята скромная попытка понять истоки формирования духовной и глубоко религиозной личности, каким является Абай, творивший  на стыке 19-ого и 20-ого веков. Тема по глубине исследования  поставленной проблемы  выходит за рамки статьи, и тем не менее позволяет выстроить сложный и динамичный процесс становления личности художника-поэта.

Аба́й (Ибраги́м) Кунанба́ев (1845-1904), основоположник современной казахской письменной литературы,  сыгравший большую роль в  сближении  русской и европейской культуры на основе гуманного просветительства. Абая называют   личностью масштаба эпохи Возрождения, когда философ, поэт-художник, пророк  и музыкант воссоединились в одном лице, чтобы явить своему народу такие основные тенденции миропонимания как историзм, который опирается на глубокое осмысление реалий и событий своего времени, религиозное мировосприятие мира и человека и художественного творчества,  стремление понять тайны духовной мудрости. Таков исторический вклад Абая не только как художника-поэта, а как продолжателя традиций казахской духовно-философской мысли, берущей свое начало, по замечанию ученых, много веков назад. «Абай – это целая планета вселенской духовности, гениальное выражение мудрости казахского народа, «его зрячее око, отзывчивое сердце», — так отзывается о вкладе Абая Кунанбаева создатель целого направления в казахском литературоведении «абаеведение», великий  писатель советской казахской литературы Мухтар Ауэзов, посвятивший изучению творческого наследия Абая всю  жизнь, перу которого принадлежит эпопея «Путь Абая». Безусловно, многоплановыми являются   уровни социально-политических, нравственно-этических, эстетических и философских вопросов, которые нашли отражение как в поэтическом творчестве, так и  нравственно-философском трактате  «Слова  Назидания». В этой работе дается  изложение духовных ориентиров на пути к   самосовершенствованию  личности, которые имеют значение как внутренний посыл к самопознанию, и приобретают характер актуальности, универсальности в формировании личности, благодаря  ярко выраженному  общечеловеческому  лейтмотиву поиска смысла жизни  и назначения человека в этом мире.

В поле исследования находится аспект философии религии Абая, отражающий зрелость  и глубину мышления личности. Идеологической опорой поэта является Коран, а  значит, вера в Аллаха — Создателя, Аллаха – Всемилостивого и Милосердного. Абай говорит о восьми характеристиках Аллаха и 99 именах, и призывает соплеменников следовать основам  Корана, тем самым открыто декларируя приверженность исламу. Философия религии Абая – это сложное явление, включающее   в  себя представления о мире, конкретные этические ценности. Это образ жизни, это позиция человека, когда его мысли, слова и поступки находятся в гармонии. Это идеи, интерпретированные  в замыслах и эстетических  установках поэта.

Изучение проблемы -  роль духовной литературы в формировании личности может рассматриваться, как  в контексте  историко-политических  особенностей времени, когда  жил и творил Абай, это вторая половина 19 века и начало века 20-ого, так и  духовно-культурной   атмосферы,  благодаря которой складывалось формирование религиозных, философских и  эстетических воззрений будущего гения, как личности целостной и универсальной по масштабу миропонимания.

Попытаемся понять созидательные  предпосылки  формирования личности Абая. Именно поэтому факты биографии Абая, особенности воспитания, уровень образования, круг чтения, литературных и философских  интересов поэта, дружба с российской интеллигенцией, могут быть включены как реальные условия для  становления волевого целеустремленного  характера, с неудержимой жаждой познать основы бытия и открыть для себя путь Истины.. Эти критерии позволяют  выстроить некую универсальную модель  самопостроения личности всечеловеческого масштаба, каким был Абай, вобравшей и впитавшей в себя духовный пласт мировой философской и просветительской мысли Запада и Востока.

Вера и мировоззрение всегда были самыми важными составляющими в  жизни каждого отдельного человека и целых народов, ибо это и есть мотив совести. Мировоззренческая установка, вера в идеалы определяет образ жизни, человеческую судьбу, отношения в семье, в обществе и государстве. Откуда же исходила беспредельная и несокрушимая вера Абая в Аллаха, Всепрощающего, Дарующего, Покровительствующего, Благодетельствующего, Указующего (Слово 38-ое).  И даже в минуты скорби и полного одиночества, связанных с потерей сына Абдрахмана и глухим непониманием, в силу невежества и заблуждений, со стороны своих соплеменников, он писал, что  хоть и существую я, но поистине мертв. Не могу разобраться, в чем причина: то ли в бессильной досаде на сородичей, то ли в отверженности от самого себя, то ли еще в чем-то. По внешнему виду я вполне здоров, изнутри же мертв. Смеюсь ли, не чувствую радости. Что  бы ни делал, говорю ли, смеюсь ли — все это как совсем не мое, а кого-то иного.

Абай сохраняет абсолютную веру в Аллаха, как неизменную опору во всех  жизненных  испытаниях. Судьба Абая – это знакомый  библейский  мотив,  когда «нет Пророков в своем Отечестве». Отрадно, что  в настоящее время  возрождается острый интерес к теологической части его творчества, которая неотъемлема от просветительской.  Просветительская миссия Абая заключалась прежде всего в пробуждении духовности в человеке и преображении его сознания, потому что самой важной для Абая – просветителя в  воспитании человека  является задача привить навыки  самопознания, самоанализа и совершенствования. А это и есть главные условия для  выживания добра в хаосе зла, любви среди всеобщей ненависти и жестокости. Формирование философского, духовно-нравственного мировоззрения, эстетических идеалов происходило в самый непростой период, когда в казахской степи население было безграмотным и письменность была неразвита. Поэт при жизни так не увидит ни одного своего произведения. Миссия  поэта-пророка, обращенная к соплеменникам, пробудить  веру  в разум, прислушаться к совести, быть  справедливыми, благоразумными и праведными, поставила основателя  казахской литературы и литературного языка,   в  ряд  гениальной плеяды художников-мыслителей 19 века, как Н.Гоголь, Л.Толстой, Ф. Достоевский, А.Чехов.  Для которых вопросы поиска смысла жизни, вопросы бытия, просветления сознания и преображения природы человека через  чистоту сердца и укрепление веры в Гармонию,  Красоту, Любовь, в истинность Бога, были ключевыми и самыми важными в  жизни  и творчестве. «Человек в мире» и «Мир в человеке» — два тезиса, указывающих на то, что осознание своего истинного предназначения человеком  в  этом мире происходит благодаря  гармонизации  этих двух начал.

И согласно, уже известным по курсу истории  философии, высказываниям таких философов античности, как Сократ, Платон,  Аристотель, Пифагор, существует единый неизменный вневременной абсолютный постулат, что путь истины – это  «искание Бога» (Ф. Достоевский). Именно религия дала человечеству основы морали и правовых отношений.

Идейные истоки Абая

Каковы же идейные истоки и предпосылки становления  мировоззренческой позиции Абая. Известно, что во все времена, во все эпохи смысл жизни состоял в создании себя, в реализации своих способностей и дарований, в развитии творческих возможностей, духовного богатства в интересах общества, в целях осуществления прогресса народа, наций и человечества в целом.

М.О.Ауэзову принадлежит серия научных публикаций о жизнеописании Абая, о среде и социальных особенностях, где развивался и рос герой, об эволюции сознания личности поэта, тщательно выверенных  и изученных в архивах,  нашедших свое многоплановое  воплощение в эпопее «Путь Абая». В биографии, описанной  Ауэзовым, читаем, что отец Абая Кунанбай кажы, после первоначального домашнего обучения муллой, определил своего 13-летнего сына в школу-медресе имама Семипалатинска Ахмета-Ризы, которая была в то время одним из передовых учебных заведений в этом округе. Уровень знаний, которые давала эта школа, был сравним с уровнем подготовки на гуманитарных факультетах современных вузов. Выпускники медресе писали стихи, умели делать литературный анализ творческих произведений, владели несколькими языками. За время учебы Абай ознакомился с трудами исламских теологов, мыслителей Востока, творчеством классиков изящной восточной поэзии, изучил арабский, персидский, чагатайский языки. Его учителями в медресе были высокообразованные духовные наставники. Подчеркивается, что отец,  понимая, что образование – это сила, решил, что его будущему помощнику, а позже, без сомнения, преемнику, следует знать учение Пророка, чтобы читать Коран не хуже, чем мулла, а главное – хорошо знать шариат для пользы общества и своей собственной (там же).

Таким образом, главным источником  в становлении духовных  воззрений Абая стал  Коран. Уже с 13 летнего возраста, когда Абай свободно читает  на арабском канонические тексты ислама, начинается понимание сути нравственных идеалов и смысла человеческого существования.

Конечно, в детстве, как и у великого Пушкина, основы высокой морали, чистоты и народности закладывались в характере первого поэта России сказительницей народных преданий, няней Ариной Радионовной, так и    воспитанием Абая занималась его бабушка Зере. Для лучшего овладения  арабским и персидским языками она приглашает в дом знатных людей, совершивших хадж в Мекку. По  просьбе бабушки Зере, для молодого Абая делаются некоторые переводы произведений восточных поэтов.  Еще одним очень важным источником становления гуманистического  мировоззрения Абая Кунанбаева является влияние философов эпохи арабо-мусульманского средневековья. На этот аспект, очень важный в духовной биографии поэта, обращает внимание  ученый-философ Г.Есим.  Он отмечает, что казахская философия, как важная часть мировой философии, имеющая более чем многовековую историю, обрела  в настоящее время право на существование. И в связи с  возросшим интересом в настоящее время  к этапам становления казахской  философской мысли, изучается вопрос о влиянии  наследия Коркыта, Юсуфа Баласагуни, Ахмета Яссауи, Аль-Фараби, Махмута Кашгари на  формирование мировоззрения Абая. Подчеркивается, что поэт был хорошо знаком с трудами Аль-Фараби, ученого-энциклопедиста, который прославился на весь мир своими научными трудами в области философии, логики, математики, медицины, астрономии, социологии, юриспруденции, физики, теории музыки. «Второй Учитель», так прозвали Аль-Фараби, после самого Аристотеля, жил  и творил  в 9 веке, был выходцем из древнего казахского  города Отрар (судя по археологическим раскопкам, это был город с высоким уровнем цивилизации, развитием ремесел, медресе, но самой большой гордостью г. Отрар  была  уникальная  библиотека).  Именно на работах  Аль-Фараби формировалась арабская средневековая наука, под его влиянием складывались основы планетарного  мышления Абая.

Автор трудов по казахской философии, Г. Есим отмечает, что  в  произведениях  поэта имеется немало созвучных идей Аль Фараби,  как по содержанию, так и по форме изложения. Такие сходства особенно часто встречаются в  высказываниях по вопросам этики, педагогики, психологии. Благодаря работам Коркыта, где затрагиваются вопросы онтологии: что есть жизнь, что с нами происходит после смерти, можно ли преодолеть смерть, бессмертен ли человек,  Абай тоже приходит к постановке в своем творчестве вопросов жизни и смерти и можно предположить, что его высказывания о бессмертии души в «Книге Назиданий» берут начало именно отсюда.  В этом же ряду – Юсуф  Баласагуни с его «Благодатными знаниями», наставлениями о счастье и управлении государством; Махмуд Кашгари с энциклопедией тюркских наречий и языков «Диван лугат ат-турк»; Ходжа Ахмет Ясави с его хикметами и трудами об исламе. Можно представить, как интенсивно выявлялись, дарованные свыше ценностные ориентиры поэта,  и способность к  самопознанию, благодаря духовному наследию своих предков-философов.

Известный  абаевед М. Мырзахметов, перу которого принадлежит монография об Абае, также  утверждает, что духовное наследие гениальных восточных  философов оказало существенное  влияние на миропонимание и духовные устремления Абая. Духовной предтечей  была  и религиозная ситуация этого периода в Казахстане. Это   благоприятное  сосуществование, а значит и взаимовлияние, взаимопроникновение, начиная с 9-10 веков  Казахстане  (как, впрочем и настоящее время) таких мировых религий, как ислам, христианство, буддизм, зороастризм, которые создавали  благоприятную почву  для  религиозного синкретизма, объединяющим началом которого была  вера в первопричину всего сущего — во Всевышнего. Благодаря религиозному синкретизму, в Казахстане, начиная со средних веков, происходит не поглощение одной религии другой (или других), а возникновение качественно своеобразной системы верований и обрядов, в которой элементы более развитой религии (ислама) тесно переплетены с сакральными образами таких религиозных систем, как тенгрианства, шаманизма, зороастризма, суфизма, буддизма. Исследователи творчества Абая пытаются обнаружить элементы, к примеру, суфизма, или зороастризма (Мурат Ауэзов, Г.Есим.) в творчестве Абая, либо конфуцианства (В. Зорин). Такой подход  имеет основание и мотивацию при условии  вычленения отдельных концепций, идей и принципов в каждом из религиозных направлений и духовных учений, но если открыть для себя глубинную суть философии религии, тогда усматривается во всех религиях Единое  начало — это Творец, Абсолют, Гармония, Высший разум. Что Бог – это  Истина  вне времени и пространства, что Бог Един и Бог есть Любовь. И эта магистральная идея, что «Истина – это Бог, что Бог – есть Любовь», отраженная в  Слове 38-ом, является путеводной звездой Абая в его стремлении к Идеалу, а значит, к  нравственной чистоте.   Учитывая, что энергетическое поле  религиозных воззрений Абая синтезировало мировой опыт философов Запада и Востока, можно утверждать, что онтологическая  концепция Абая отвечает высоким духовно-нравственным и эстетическим задачам искусства и решает  конкретно-исторические и  метафизические вопросы бытия.

Историографические факты, о которых упоминает  М.Ауэзов,  свидетельствуют, что природная гениальность Абая, бесспорно, немало приобрела также и от контакта с русской культурой через тесное общение с ее лучшими представителями. С одной стороны, это происходило посредством глубокого проникновения в литературные шедевры, созданные Пушкиным, Лермонтовым, Крыловым, Салтыковым-Щедриным, Тургеневым, с другой, — он имел живое общение, крепкую дружбу с цветом русской демократической интеллигенции, политическими ссыльными в Семипалатинске: Михаэлисом, Гроссом, Долгополовым, Коншиным и Леонтьевым (М.Ауэзов). Ориентация на русскую культуру была традиционной для лучших передовых умов казахского народа. Она была заложена Ч. Валихановым, развита Абаем, а позднее, И. Алтынсариным. Овладение русской наукой и культурой, считал Абай, поможет «научить детей честным и разумным трудом добывать свой хлеб». Поэт-просветитель прилагал все силы к тому, чтобы в Степи коренным образом изменилось отношение к русскому образованию. Русскую литературу и язык он стал постигать только в 35 лет. Огромная роль Абая по приобщению казахского народа к русской культуре тоже характеризуют  восприятие мира  поэтом в его  единстве и плодотворном  взаимодействии разных религий, культур и народов. «Все равны перед Богом, значит все едино», — пишет Абай в Слове 25-ом «Книга Назиданий».

Главный смысл овладения русским языком и грамотой Абай видел в том, что это  давало возможность казахам приобщиться к передовым европейским культурам, изучить их опыт социально-экономического и культурного развития.

Известно, что благодаря русским переводам, Абай хорошо изучил поэтическое творчество Байрона и Гете, был неплохо знаком с античной литературой. Как свидетельствует Мухтар Ауэзов, пользуясь лермонтовскими переводами, Абай воссоздал на казахском языке целый ряд произведений Байрона и Гете. Вместе со своими ссыльными друзьями поэт проштудировал немало философской литературы, в том числе Спенсера, Спинозы, Бокля, Милля, Дрепера, живо интересовался учением Дарвина о происхождении и развитии животного и растительного мира. С большой любовью и особой тщательностью он переводил поэтические шедевры Лермонтова. Его переводы лермонтовских стихов «Кинжал», «Парус», «Дары Терека», «Выхожу один я на дорогу», отрывки из «Демона» и сейчас являются непревзойденными по глубине содержания и мастерству среди переводов поэзии русских классиков на казахский язык.

Народ, который не имеет великой цели, духовно мертв

Свою главную просветительскую задачу Абай видел в приобщении казахского народа к русскому языку, науке и культуре, потому что в 19 веке знание русской культуры  являлось  надежным средством выхода казахского народа на орбиту мировой цивилизации. Этот исторический  опыт был очень важен для Абая, так как он продолжал искать новые пути познания, фактически формируя собственный стиль мышления. В.Скитневский, исследователь круга чтения Абая, отмечает, что  поэт, как бы странствовал по белу свету в поисках смысла жизни, и чем шире и глубже был найденный им смысл, тем больше укреплялась в нем незаурядная не по возрасту мудрость. Незаметно для самого себя, по замечанию автора работы о читательском мире Абая, поэт возрос до осознания интуиции собственного разума, в котором уже давно нашла себе место и нравственная интуиция родного народа, национальное самосознание. Чем больше он читал, тем острее ощущал в самом себе чувство, которое назовет «совестью нации». Усвоив с детства чтение на арабском и персидском языках, он начинает интересоваться историей и философией Востока.

В. Скитневской отмечает, что вчитываясь в тексты Тараби, Рабгузи, Рашид-ад-дина, Бабура, Абай постепенно овладевает традициями восточной логики и мусульманского права. Он приходит к заключению, что, «не став на путь праведный, все общество свое не выправишь» – надо самосовершенствоваться сначала каждому по отдельности, индивидуально.

«Уйди в себя, достигни сути в сердце-

Там истина, которой нет вокруг», — пишет Абай в одном из стихотворений.

«Познать самого себя», — будет мировоззренческой установкой  Сократа; «Вникни внутрь себя», — завещает нам мудрец Конфуций; «Раскрой в себе общечеловеческие ценности»,- находим мы в основах индуизма. А это и есть шаг  к духовности, с которого начинали святые и  пророки: Моисей, Зороастр, Будда, Иисус, Мухаммед. «Говорить правду», «поступать по совести», «нести свет любви и добра», «не поступать с  другим так, как не хотел, чтобы поступали с тобой» — таковы Золотые правила всех религий и духовных писаний и все эти Заповеди находят свое отражение в  «Словах Назидания» Абая. Его видение мира становилось универсальным. «Его разум рвался к европейской культуре, а душа мусульманина определяла примерное отношение к Аллаху. «Мыслями он был на Западе, а душой на Востоке». (Г.Есим)

Таким образом, можно согласиться с высказываниями крупных ученых об особенностях становления духовных воззрений Абая, что в условиях отсутствия письменности, находясь в окружении малограмотных  соплеменников, не покидая родных мест, Абай достиг большой интеллектуальной высоты за счет собственной пытливости ума, целеустремленности характера. Абай считает, что важная составляющая характера человека – это воля, устремленная к «воспитанию правдивого сердца».

(Слово 14-ое), «Чистое сердце», «мудрое сердце», «доблестное сердце», «львиное сердце»- таков образный ряд интерпретации  высшего проявления величия человека, его духовного начала в поэзии Абая.

« Расчисти сердечный родник,

И божий воспримешь ты свет», — написано в стихотворении «Бездумен сияющий взгляд».

Теперь легко можно представить высшую  предопределенность в  процессе формирования личности Абая, его духовных устремлений  и мотивы,  побудившие Абая создать свою знаменитую «Книгу Слов», или «Слова Назидания». Он писал ее 8 лет. Небольшая по объему, она представляет собой  интеллектуальное богатство, полученное в результате тех реальных предпосылок, о которых говорилось выше. Эта книга и сейчас  имеет неоднозначную оценку. При жизни автора она так и не была издана, да и народ бы не смог прочесть ее в силу неграмотности. Возможно, в этом тоже заключалось трагическое  одиночество мудреца. Такое же непонимание, отчужденность, порой враждебность со стороны толпы находим мы в жизнеописаниях о святых и пророках.

(Окончание в след. номере).

The post Личность Абая: ДУХОВНЫЙ АСПЕКТ appeared first on Қазақия газеті.

Ғылыми ортаның тірлігі (сықақ әңгіме)
Батыста білім алған Сәкең ғылыми қызметкер болып жұмысқа орналасқанына жарты жылдан ғана асқан. Мұндағы тірліктің бәрі ол үшін мүлдем жат, өзінше бөлек әлем. Көрер көзге ұрып тұрған әлдебір кереғар дүниенің бәрі мұнда әдеттегі құбылысқа айналғандай көрінеді де тұрады. «Мынасы енді болмайды» деп ішкі түйсігімен сезінген нәрселері болып кетеді. Керісінше, заңдылыққа сай дұрыс жасалған дүниесі алға баспайды. Бар дүние төңкеріліп тұрғандай. Мұндағы тірлікті екі аяғыңмен жерді тіреп тұрып қарасаң ұқпайсың. Ал, екі қолыңмен «стоик» жасап алсаң ғана айналаны түсінуге, бәрін дұрыс тануға болатын сияқты. Оған мүмкіндік қайда? Мектепте жүргенде-ақ, дәл осы стоик жаттығуын жасай алмағаны үшін денешынықтыру пәнінің мұғалімінен талай рет таяқ жеген. Ойласа болды, аза бойы қаза болады.

Алғаш жұмысқа кіріскен күннің ертеңінде ғылыми-зерттеу институттың директоры Мәкеңнің тікелей тапсырмасымен әлдебір ғылыми жоба келіп түскен. Мемлекеттік грант па, тендер ме әйтеуір бір қомақты ақшаны ұтып алу үшін жобаны ағылшын тіліне аударуы керек екен. Тендер немесе грант бөлетін үкіметтік комиссиясында отырғандардың арасында шетелдіктер жоқ. Тіпті ағылшын тілін білетіндердің өзі бар ма, жоқ па ол жағы күмәнділеу. Соған қарамастан әр жоба міндетті түрде үш тілде жасалатын заңы бар екен.

«Жазған құлда шаршау бар ма», аударуға бірден кірісті. Бірақ, бастамай жатып тығырыққа тірелді. Жобаның атауының өзі құрмалас сабақтас сала құлаш ұзақ бір сөйлемнен тұрады екен. Сөйте тұра ешбір тиянақталған ой жоқ. Бірдің басы, бірдің аяғы секілді бірдеме. Түпнұсқадағы ойды тұспалдап, шатып-бұтып аударған болды. Ал, енді алғашқы сөйлемді түсінсейші! Бір парақтың басынан ортасына дейін жалғасқан, жалпақтығы жиырма сантиметр  сөйлемді оқығанда ақылынан адаса жаздады.

«Қазақ баспасөзінде 1929 жылдан кейін жарық көрген мақалалардағы ұлттық мүдде мен отаншылдық рух, қазіргі толеранттылық Қазақстан халықтарының бірлігі, ассамблея идеясының ынтымақтастығы, жолдауға қолдау инновациялық қадамдар, интеграциялық әлеуеттілік, кедендік одақтың ынтымағы…» деп жалғасып кете береді. Басын оқыса — аяғын, соңын оқыса — басын ұмытып, ештеңені ұқпай шатасып қала береді. Шыдай алмай бөлім бас-тығы Жәкеңе  барды:

- Жәке, мынау не зат? 1929 жылдан кейінгі қазақ баспасөзінде қайдағы ұлттық мүдде? Ол тұста сталинизмнің қанды қырғыны қазақты саяси қуғын-сүргінге ұшыратқаны белгілі ғой. Жалпы мына жобаны мүлде түсінбедім.

- Cәке, артық сөзді не қыласың? Мәкең қол қойған соң болды. Біз алдымызға не келсе соны орындаймыз. Біздің ортада заңмен болмаса да, өз арамызда ойлануға тиым салынғанын, тапсырмаға не берілсе соның орындалуы ғана керек екенін біліп ал! Сен жалпы, орысша мен қазақшада не жазылса соны ағылшын тіліне аудара сал! Қалғанына бастықтар өздері жауап береді. Бұл жерде екеуміз де кішкентай адамдармыз.

Кішкентай екенін өзінің тікелей бағынатын бастығынан естіген соң қайдан шықса, онан шықсын деп барды бар күйінде аударды да жөнелтті. Жоғары жақ оның тас талқанын шығарып қайтаратынына, сол үшін директордың өзі терлеп-тепшіп жауап береріне бек сенімді болды.

Алайда, екі айдан соң күтпеген жағдай болды. Бір күні таңертең жұмысқа келсе бәрі мәз-мейрам. Институт пора-пора ақшаның астында қалыпты. Дереу жиналыс өтіп, тендер ме, әлде грант па үкіметтен бөлінген ақша есебінен бәріне еңбекақы тағайындалыпты. Тіл білгеннің арқасында Сәкеңе де тәуір жалақы есептеліпті. Оны таң қалдырғаны, компьютер басатын хатшы қызға ең жоғары жалақы есептелуі болды. Оның қасында жасы бар, жасамысы бар білдей ғылым докторлары мен профессорларының еңбекақылары жіп есе алмайды.

Сұрамақшы болып әлде неше рет оқталып еді, Жәкең бастығы ымдап қозғалтпады. Мұндай да сорақылық болады екен. Ғылыми-зерттеумен тер төгіп айналысатындардан гөрі не атағы, не дәрежесі жоқ, қайдағы бір хатшы қыз көп жалақы алады. Дағарадай кең қабылдау бөлмесінде азаннан кешке дейін компьютер шұқылап отырады. Агентпен хат жазыса ма, ойын ойнап отыра ма, әлеуметтік желіде көңіл көтере ме, құдай біледі.

Сәкең енді хатшы қызды бақылап көрмекке қабылдау бөлмесіне барды. Бірден мониторға көз салып еді, әлгі қаршадай қыз хат жазып немесе ойнап отырғанға мүлдем ұқсамайды. Файл толы мәтінді сатыр-сұтыр жазып лезде толтырады да келесі бетке көшеді. Тіпті бұрылып қарауға да мұршасы жоқ. Мұнда тек директор ғана  азанда жұмысқа келгенде, түстенуге шыққанда, кешке қайтқанда өз кабинетіне қарай өтетіні болмаса тірі жан аяқ баспайтыны көрініп тұр.

Соған үйренген бе, хатшы қыз Сәкеңе мойын бұрып қараған да жоқ, жазуын жалғастыра берді. Жазып отырған дүниелерінің стиліне қарағанда тәп-тәуір монографияға ұқсайды. Ұзақ тұрудан ыңғайсызданып сәлем берді. Жазуын жалғастырған күйі сәлемін алған қыз алдындағы көнетоз кітапты парақтап жіберіп, оқып-оқып алады да сатыр-сұтыр баса жөнеледі.

Сәлден соң Сәкеңді сұрақтың астына алды:

- «Бесжылдық жоспар» дегенді қазіргіше айтқанда, «2050» стратегиялық даму бағдарламасы» деген сөзбен алмастыруға бола ма?

-  Түсінбедім.

- Жарайды, «компартия пленумы жүктеген міндеттер» дегенді «елбасының кезекті жолдауымен»  алмастыра салуға болатын шығар?

- Қайдан білейін, айналайын!

Осы кезде «әбетке» баруға шығып бара жатқан директор хатшы қыздың алдына сәл бөгелді де:

-   Сен ана «КПСС сьездері», «Сталин жолдастың баяндамасы», «Пролетариаттың ұлы көсемдері Маркс, Энгельс, Ленин» деген сөздерді теріп қойып жүрме! Сосын, тағы «Коминтерн», «Интернационализм» деген сөздердің орнына «Қазақстан халық ассамблеясы», «коммунистік идея, интернационалистік тәрбие»  дегендердің соңғысын қалдырып, алдыңғы сөздерін өшіріп орнына «ұлттық» деп жазуды ұмытпа! — деп бұйырды.

Сосын Сәкеңе бұрылып мынандай тапсырма берді:

-   Сен мұнда текке тұрма! Жәкеңе барып кеңес одағы кезінде жарыққа шыққан кітаптардың бірін ал да ескірген саяси атауларды қазіргімен ауыстырып компьютерге басып әкел! Бюджеттен қаншама ақша бөлінді. Енді соны тез игеріп бес томдық кітап шығаруымыз керек. Давай, іске кіріс!

Директор өзі тікелей тапсырма берген соң қарап тұрсын ба, салып ұрып бөлім бастығына келсе ол да бас алмай бір ескі кітапты құшақтап алған. Қарындашпен кейбір абзацтарды сызып алып тастап, енді бірінің сөздерін алмастырып жазып отыр екен. Әріптесін көріп қуанып кетті.

-   Сәке, бір томдық уже дайын! Менің компьютер баса алмайтынымды білесің ғой, сен бар да мынаны тездетіп басып шық! Мен келесі бірін қолға алайын! Бәріміз соавтормыз ғой. Жоғары жақ бөлген ақшасының есебін сұрап жатыр дейді…

Осылайша, ғылыми-зерттеу институтында «кітап аулау» науқаны өрістеп кетті. Оны «аулау» демеске өзге лажы жоқ еді. Аудару деуге, жазуға жатқызуға да келмейтін бір қызық тірлік.

Сәкең мұны жоғары жақ бекітпейді деп күтті. Алайда, бекіткенін естігенде аң-таң қалды. Ендігі үміт тек қана баспасөзде қалды. Бес томдық кітаптың тұсаукесерін директор дүрілдетіп тұрып өткізді. Арнайы шақырылған құрметті қонақтар, мәртебелі ғалымдар ауыздарының суы құрығанша мақтау айтты.

Кітапты оқымай тұрып та осындай мадақ айтуға болатынын алғаш көрген Сәкеңнің таңданысында шек болмады. Ендігі жалғыз үміті журналистерде қалды. Тұсаукесерге лек-легімен ағылып келген баспасөз өкілдерінің тым құрығанда бірі бұл сорақылықты көріп сын тезіне салар деп күтті.

Алайда, телеарналар кешкі жаңалықтарда Мәкең басқарған ғалымдар ұжымының ерен еңбектерін тамсана хабарлады. Ертеңінде газеттер тұсаукесердегі суретті үлкейтіп басып, бестомдықты «ғылымдағы тың жаңалық» деп бағалады. Ай сайын шығатын журналдар да соны айтты. Бәрі бір бірінің ауыздарына түкіріп қойғандай.

Ендігі шын сөзді оқырман қауым айтар деп Сәкең әлі күтіп жүр. Бірақ, қоғамда мүлгіген тыныштық, тіпті жым-жырт. Ал, «ғылыми орта» сол баяғы тірлігімен жанталаса қимылдап жатыр.

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ

The post Ғылыми ортаның тірлігі  (сықақ әңгіме) appeared first on Қазақия газеті.

Кітап оқудың артықшылығы
Оқу – білім азығы,

Білім — ырыс қазығы, - демей ме дана халқымыз. Бүгінгі таңда оқу, білімсіз күніңнің бұлыңғыр екендігін бесіктегі монтиған бала да мойындайды.  Ал енді өзіне қажетті білімді кім қалай, қайдан жинақтайды, ол әр адамның өз таңдауы. Қазіргі кезде  заманауи бұқаралық ақпарат құралдарының түрлері неғұрлым жедел дамыған сайын кітап, газет, журнал сияқты тағысын тағы баспадан шыққан жарияланымдар кейіндеп қалғаны баршаға мәлім. Ол туралы баспасөз беттерінде айтылып та, жазылып та жүр. Иә, ғаламтор біз үшін қажетті шұғыл ақпарат көзі екендігіне таласымыз жоқ. Әйтсе де, ғаламтордың кейбір тұстарын кітаппен салыстыра кеткен артық болмас. Дәл осы тұста неге, кітап оқығысы келгендер үшін ғаламторда да, электронды нұсқада да шығармалар бар емес пе деген заңды сауал туындауы мүмкін. Дұрыс-ақ, ал енді ғаламтордағы басылым мен басылып қағаз күйінде шыққан газет немесе журналды салыстырмалы түрде алып қарап көрейік.

Біріншіден, компьютер алдында сағаттап отыру түрлі арқа, бел аурулары мен омыртқаға тұз жиналуына (остеохондроз) әкелуі ықтимал. Ал кітапты отырып оқыған күннің өзінде қолды ыңғайыңа қарай қозғалтуыңа мүмкіндігің бар, я болмаса стол үстіне қойып қоясың, кейде тұрып, тіпті үйде болсаңыз жатып оқуға да болады.

Екіншіден, компьютерден зиянды сәуле бөлінетіндігін ұмытпаған жөн.

Үшіншіден, монитордағы әріптер көз жанарымызға әсер етеді. Оны әсіресе кешке дейін компьютерде отырғанда жанарымыздың бұлдырауынан байқаймыз. Себебі, компьютердегі әріптерде көзге шалынбастай діріл болады. Адамның көз жанары талғанда психолог мамандардың белгілі бір әдістері арқылы  әріп сұлбаларының дірілдей қозғалғандығын бірден байқауға болады.  Ал кітап оқуда көзің талса бірден тоқтата қоясың. Ғаламторда шаршаған көз жанары тынықпастан агент, фейсбук т.б. байланыс желілері мен түрлі жаңалықтарға және жарнамаларға ауытқып, дамылдаудың орнына одан әрі шаршата түсетіндігін көріп жүрміз.

Үшіншіден, электронды материалдардың жартысына жуығында орфографиялық қателер көптеп кездеседі. Оны мойындаған жөн. Ал  агентті сөз қылудың қажеті шамалы,  өйткені онда кімнің қалай жазам десе де еркі. Қысқарта ма, қате ме ,түсінсе болды, дұрыстап жатқан жан баласы жоқ. Ал баспада қате кетпеуіне аса мән беріледі. Тексеруге арнайы жауапты адам бекітіледі. Соның нәтижесінде кітап оқыған адамдардың тіл байлығы артатыны өз алдына, сөздердің дұрыс жазылуы мен тыныс белгілерінің дұрыс қойылуын саналарына сіңірері сөзсіз.

Мұнан шығар қорытынды, кітаптың ғаламтор желісіне қарағанда зияны аз, ал пайдасының мол екендігінде. Бұл арада айтпағымыз ғаламторды пайдалануға шектеу қою қажет деп отырғанымыз жоқ, тек қажет кезінде ғана пайдаланып, кітап оқуға бос уақыт табуға тырысыңыздар, балаларыңызға түрлі мультсериалдар алып беріп, компьютерге телмірткенше орнына кітап сыйлауды әдетке айналдыру әлдеқайда пайдалы екендігін естен шығармаңыздар дегіміз келеді.

Н.Өмірзақов, Тараз қаласы.

The post Кітап оқудың артықшылығы appeared first on Қазақия газеті.

Құт (этнографиялық әңгіме)
Жетірудың ішіндегі туымды тұқымның бірі — табын ағайындардың отыз ауыл болып отырған кезі екен. Көп жайлаған жерлері бұрынғы Аламесек, қазіргі Жалағаш, Ақтөбенің Байғанин ауданы, іргедегі Қарақалпақстан өңірі. Әсіресе, өнік жері – Жалағаш. Біз білетін  осы әулетте «Бес Есенбай» деген аталық бар. Сол Есенбай бай адам болған екен. «Бес Есенбай» деп жүргені Дуана, Жәментік, Жақап, Қырық, Өмірқұл деген Есенбай байдың бес баласы. Өмірқұлдан: Қараман, Құлшық, Қареке туыпты. Бұл ізден атақты адамдар көп шыққан.

Ал енді Өмірқұлдың өзін алымды адам еді дейді. Бір аңызда былай жүйелейді. Осы Өмірқұл үш баласына бірдей алдына мал салып, әйел алып берген екен. Бірақ балаларында асқан қайрат болмапты. Ол уақыттағы дала қазағына қайратты ұл керек. Содан Құдайға жалбарынып сұрап, Мүсірәліден тілепті.

– Ия, Құдай, Сен маған бір қайратты ұл бермедің ғой. Осы үшеуінің орнына бір ұл бер, шын берер болсаң қатарынан асқан қайратты қылып бер.

Бұл әңгімені біздің құлағымызға сіңірген алау шағымызды өткізген Дәуімбай деп аталатын елді мекенде тұратын табын Итемгеннің Мырзашы деген әңгімеші кісі еді. Сөзіміздің реуі болса, сол Мырзекеңнің жа-

уапкершілігінде.

Сонымен Өмірқұл бәйбішесін ертіп, Құдайдан бала тілеп мына Түркістанға, Қожа Ахмет Яссауидің басына барып түнейді. Бағзы бабаларының салтымен жылқыдан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар, ай мүйізді, аша тұяқты текеден еркек мал құрбандық шалып, бата тілейді екен. Бабаның басында қанша жатқанын қайдан білейін, күндердің бір күнінде түсінде аян болыпты. Таң сәрісінің мезгілі екен, Өмірқұл байға: «Қолыңды көтер! Топ бастайтын Сәркедей ұл бердім, көш бастайтын Қарқарадай қыз бердім» депті де, көзден ғайып болыпты.

– Бәйбіше, жинал, қайтамыз, – депті. – Құдай тілегімізді қабыл қылды, екі перзентті болатын болдық.

Қош, сонымен, елге келеді. Елге келгеннен кейін тоғыз ай, он күн өтіп, сүрікті күні болған уақытында бәйбішесі босанды дейді. Сонда қыз дүниенің дидарын бірінші көрген екен. Әулиенің басында көрген түсіндегі аян бойынша қыздың атын Қарқара қойыпты. Ізін басып келген ер бала екен, інісінің атын Сәрке деп айдарлапты. Қармақшы ауданында Жосалы деген кент бар. Ар жағында Қорқыт бекеті жатыр. Сәркенің қорымы сонда. Әуелі Ақшиге аманатқа қойылып, сосын әкеліп жерленген жері екен. Марқұмның топырағы Қармақшының жосасымен араласып қып-қызыл болып жатыр. Білетіндер тәу етеді, білмейтіндер: «Бір төмпешік қой» деп өте береді. Жоса деген қан түсті топырақ. Қазақтың: «қан-жоса болды» дейтіні осыдан. Жарықтық, алыс-тан көз тартып, белес-белес, жон-жон болып толқиды.

Осы Сәрке батырдың ат жалын тартып мінген уақыты екен. Апасы Қарқара Барақ батырға ұзатылыпты (кей деректерде күйеуінің аты Табылды делінеді. Табылдының дерегін әркім әртүрлі айтады. Бірі Батысқа, Каспий жағалауында десе, екіншісі Арқада дейді).

Қош, сонымен, ол уақытта біздің қазақта кеткен апаны іздеп бару деген жақсы ғадет болыпты ғой. Қасына қосын ертіп, апасының ауылына барып, ай жатыпты. Сәркенің он төрт-он бес жасар кезі деп аңыз етеді. Қазақ атаң қызды болса да ерге ерте береді. Бір күні Сәрке:

– Апа, қайтамын, – депті.

– Әй, шырағым, қайтсаң елге сәлем айтарсың…

Мына Қарақалпақстан топырағында Алдаберген Тасқынбаев деген атақты жыршы болды. Сол кісі Тілеумағамбет жазған «Асау

-Барақ» деген жырды көп айтатын. Барақ – әкесі, Асау – баласы, Қарқара – анасы деп жырлайды. Қалай болғанда да бұл аңыз әңгімелердің ізі бар. Бірақ ішкі сүрлеуінің бірі олай, бірі былай болуы мүмкін. Сонымен Сәркенің қайтатын уақыты болды.

– Қош, шырағым – деп, апасы рұқсат берді.

– Келеге түспей тұрған атақты бурам бар еді. Соны бастатып бір келе түйе бердім, шығыршығын алтыннан тағып, үстіне қалы кілем жауып. Қаба жалды асыл тұқым айғырым бар еді, соны бастатып бір үйір жылқы салдым алдыңа. Елге ала кетесің, – деді құдасы. Сонда Сәрке айтты:

– Жоқ, аға, маған малыңның керегі жоқ. Мал өз әкемде де жетеді.

– Ау, Сәрке, бұл атаның салған жолы, ананың пішкен тоны емес пе? Көненің ізі еді ғой келе жатқан. Дәстүрді сен бұзғанмен мына мен бұза алмаймын ғой.

– Жоқ, аға, дүнияңның керегі жоқ. Есігіңнің алдында оң босағаң мен сол босағаңды қорып, маңқиып маңтөбет жатыр. Келген күннен бері көзім түсіп жүр. Қисаң сол төбетіңді бересің.

Сонда бай қарқылдап күлді дейді.

– Әй, шырағым, Сәрке, сен бала болып кеттің бе? Еліңде ит жоқ па? Қаншық жоқ па күшіктейтін? Өзің соншама ит арқасы қияннан келіп тұрып, ит сұрағаның не болғаның?

– Жоқ, аға, берсең, осы төбетіңді алып кетемін. Бермесең өзің біл, бұдан басқа ештеңе де алмаймын.

Соншама жерден келген құда баланың көңілін жыға алмай:

– Ала ғой шырағым, сенен аяғанды осының өзі-ақ жесін – деп, итіне қарады. Сонымен Сәрке итті алып қайтатын болды. Түс мезеті. Қазақ құрметті қонағына қысыр емген тайды ауылды жинап келгенде бір сояды, кетерінде және бір сояды. Сол рәсімді Сәркеге де жасады. Әңгіме күрмеліп болғаннан кейін, күні бойы селт етпей жатқан әлгі маң төбет жатқан орнынан тұрып келді де Сәркенің тұсында, қара үйдің іргесіне тұтулы тұрған туырлыққа келіп сарыды. Ит сарығаннан кейін Сәркенің әңгімесінің райы тағы бұзылды.

– Ойбай, аға, мен мына төбетіңді алмаймын.

– Иә, тағы не болды, Сәрке шырақ?

– Төбетіңнің енді керегі жоқ. Дұрыс айтасыз, ит деген елде де бар. Мына тұсымдағы тұтулы тұрған туырлықты шешіп бересің, осыны аламын.

Сонда байдың күлкісі көбейді.

– Әй, Сәрке, сен тіптен бала болып кеткен екенсің ғой. Еліңде қатын жоқ па, қотаныңда қой жоқ па, жабағы жүн жоқ па? Ау, киіз көп емес пе? Соншама жерден келіп киіз аламын дегенің не болғаның?

– Берсең қалауым осы, аға. Бермесең, итіңді алмаймын. Сонымен туырлықты беретін болып келісіп отыр еді. Сол кезде аспанға ала шаң көтерілді. Ұлы сәскенің тұсы. Суатқа бір отар қой құлады. Сол қойдың ішінен бір ақ қара бас тоқты шығып су да ішпей, Сәркенің отырған шаңырағына қарай тартып келе жатты. Тоқтамастан Сәркенің тұсына келіп, бағанағы маң төбеттің сарыған жерін тілімен жалап тұрып алды. Сонда Сәрке отырған орнынан ұшып түрегелді.

– Ойбай, аға, маған итіңнің де керегі жоқ, өзіңе құт болсын, туырлығыңның да керегі жоқ, әулетіңе пана болсын. Мына тоқтының басын кес те сал қазанға. Осының етін жеп, сорпасын ішіп кетемін.

Сәркенің қай айтқаны болмай жатыр. Тездетіп бір-екі жігіт сыбанып жіберіп, әлгі тоқтыны домалатып, терісін сыпырып алып қазанға салып жіберді. Арса-арсасы шығып, әп-сәтте пісіп болатын тоқтының еті ғой. Сонда Қарқара апасының тұла бойы тұңғышы Асау емізулі екен. Қазанның басында, шешесінің қолында тұрып шыңғырып жылайды кеп.

– Құлақ берейін бе? Қарғадай бала басын шайқайды.

– Бүйрек берейін бе?

– Жоқ. Қолын шошайтып қазанда қайнап жатқан басты көрсетеді.

– Көзін алып берейін бе? Миын шағып берейін бе?

Баланың жолында құрбан ғой.

– Жоқ.

Сонда шешесі: «Бастың тәтті жері ғой» деп тілдің ұшынан кесіп алып, аузына сала қойған екен, жылап тұрған бала борша-боршасы шығып терлеп, тас боп қатып ұйықтап қалыпты. Ет келді, табақ тартылды. Ақсақалдар қауқылдасып әңгіме айтып жатыр. Құда деп Сәркенің алдына бас қойды. Сол кезде Сәркенің түсі бұзылып кетті.

– Ау, апажан, мына бастың тілі қайда кеткен?

– Жаңа мына Асаужан осы ет пісуге жақындаған уақытта мұндай әдеті жоқ еді, безектеп бір әдет шығарды. Қазанға қолын шошайтады, ондайы жоқ еді. «Бүйрек жейсің бе?» «Жемеймін». «Өкпе жейсің бе?» «Жоқ». Басын шайқайды. Содан басты көрсетіп, оның да тілінің ұшынан аузына кішкентай сала қойып ем, ұйықтай қалды. Асаужан жеп қойған. Жиенің.

– Охо – деп, Сәрке орнынан ұшып түрегелді дейді. – Құты өзінде қалды. Жігіттер, атты ерттеңдер, кетеміз депті.

…Ертедегі адамдар көреген ғой. Оттың басының берекесі, байдың бүкіл дәулетінің, малының киесі маңтөбетте екен. Өзі үйдің киесі де, бақ та бір мүлікте, иә болмаса сондай бір қасиетті жануарда болады немесе әулеттегі бір адамға бітеді екен ғой. Сәркенің көзі түсіп жүргенін төбет те сезеді. Сәрке пікірін ашық айтқан уақытта жеті қазынаның бірі: «Пәленбай жыл осы шаңырақты қорып едім, енді кететін болдым ғой. Кетсем де киесін тастап кетейін» деп іргеге барып, сарып тұрғаны сол еді дейді.

Мал дейміз-ау. Мал да болса құттың туырлыққа сіңгенін қотан ішінен тоқты көрді. Туырлықтың кететінін, қалың қойдың ішіндегі ақ қара бас тоқты сезіп: «Не болғанда да мен жалап алып қалайын, осы отардың ішінде жүрем ғой» деп, ол да сол үшін келіп еді. Оны Сәрке де көріп отыр.

Ал енді тілі шықпаған, есін білмейтін емшектегі бала. Құттың кетіп бара жатқанын ол да сезіп, байыз таппай шырылдап, қазанда қайнап жатқан бастың тілін алып қалғаны сол еді дейді ғой. Құдайдың құдіретімен нәрестенің де көкірегіне, санасына салып тұрғаны да. Де-е-е-п, біздің жақта мен тыңдаған көнекөз ақсақалдар аңыз ететін. Қаракесек Мәди Бәпиұлының басына бұлт үйіріліп жүрген күндерінде айтатын:

Атыңнан айналайын, Қарқаралы,

Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады.

Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,

Мен бір жан қуғын көрген арқадағы… деген әні бар.

– Арқада жер атауына айналып кеткен сол Қарқара «Апамыз, табынның қызы еді» деп, ес білетін ақсақалдар күні кешеге дейін айтып отыратын. Анығын Алла біледі де. Біздің Сыр қазақтарының қаймағы бұзылмай тұрған кезде ортасында айтылатын әңгіменің бір тіні осылай еді.

Ал енді Сәрке қол бастаған ба-тыр адам. Ізіндегі тұқым-жұрағатының дені тәуір болған. Ол уақыттағы атағы шыққан белгілі адамдар дәм-тұзы таусылған күні екі жерді қолайлайды екен. Жағдайы келгені, қолы жеткені қазақтың хандары мен билері жатқан жерге – Ахмет Яссауиге жетіп жерленуді қалайды. Болмаса «Қорқыттың басына жерлеңдер» деп өсиет етеді екен.

Сәрке батыр Қорқыт Ата қорымында жатыр.

Берік ЖҮСІПОВ, фольклортанушы.

The post Құт  (этнографиялық әңгіме) appeared first on Қазақия газеті.

«Қағбаның қарлығаштары»
Қазақтың белгілі ақыны Өтеген Оралбайұлы өзінің жыр жинағын осылай деп атапты.  «Қасиетті Қағбада болған кезде өзім бастан кешкен сезім мен сенімнен туған көңіл-күйімді «Қағбаның қарлығаштары» деп ат қойып, «мінәжат жырлары» деген қосымша айдар тағып, қалың оқырман қауымға ұсынып отырмын» деп жазыпты ақын.

Кешегі кеңес өкіметі тұсында қазақ «бір Алхам, үш Құлхуалласынан» айырылып, «коммунизм елесімен» өмір сүрді. Шындығын айтқанда, «өмір сүргізді.» Сонау 1982-83 жылдары студент-ақын Светқали Нұржанов «Е, Құдай, сені мына жұрт жоқ деп жүр ғой. Бір көрініп, мына адамдарды тәубесіне түсіріп кетші!» деген мағынада өлең жазып, қабырға газетіне ілгенінде, сол сәтте алдыртып тастады. Ол кездегі қоғам солай болды. Әйтпесе, ата-бабамыз бағзы заманнан-ақ сөзін «бисмилламен» бастаған. Жалпы адам баласы өзін жаратушы Құдіреттің бар екенін білген, сондықтан да Құдайға жалынып, жалбарынған. Көңіліне медеу, жанына жалау сұраған. Тылсым күштен қуат іздеп, жәрдем тілеген. Бүгінгі күні мінәжат жырларына айналып кеткен өлеңнің осы бір жанрының бастауы адамзат пайда болғаннан бастап дүниеге келген деп айтады ғалымдар. Сондай-ақ, ғалымдар Аллаға мадақ, Аллаға жалбарыну, тілек тілеу секілді діни жырлар мен өлеңдерді тәухид (Алланы ұлықтау), мінәжат (Аллаға сыйыну, жалбарыну), нағыт (Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабаларына мадақ) деген секілді топтарға бөледі.

Түркі әдебиетіндегі «Қорқыт ата кітабынан», Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігінен», Махмуд Қашқаридің «Диуани лұғат-ат түрік» еңбегінен бастау алған бұл жанр бұдан бес ғасыр бұрын да жырланды. Мұрат Мөңкеұлы, Кердері Әбубәкір де өлеңге қосты. Абай мен Шәкәрім тұсында да айтылды.

Еліміз Тәуелсіздік алып, халқымыз шын ниетпен исламға бет бұрған бүгінгі күні ақындар мінәжат жырына көңіл бөлсе, бұны иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеп, салауатты қоғам құруға бетбұрыс деп есептеуіміз керек.

Құбылаға тәжім етемін,

Қысымды жазым етемін.

Сүренің сазына орап,

Жырымды жазып өтемін, — деген Өтеген Оралбайұлы жырын Қағбаның қарлығаштарымен сыр-

ласудан бастайды. Қарлығаш — құстардың ішіндегі ең бір кіршіксіз көңілдің, пәктіктің, бейкүнәліктің белгісіндей құс. Адамды Алла жаратса, қарлығашты да Алла жаратты. Алайда адам пенделікке жол беріп, күнәға батады. Ал, қарлығаш таза. Сондықтан да, ақын өлеңге қосқандай — «Құранды қосыла оқиды, Қағбаның қарлығаштары». Көңілден пырақ, лаулаған шырақ көрген пенде қарлығаштардың қанатына еріп, елжіреп жылап келеді. Қағбаның қарлығаштарының жырына елітіп, оны түсіне білген адам баласы пендешіліктен арылып, «қанатымен су шашқан» қарлығашқа: «Сәждеге бірге құлайық, Қағба қарлығаштары», — дейді.

«Алла, Алла демейінше, іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас» деген Қорқыт ата сарынында Өтеген Оралбайұлы былай дейді:

Самайыма құйылды тер ұйып кеп,

Күпірлік пен күдіктен жериік деп.

Құлағыма самалым сыбырлады,

Қазақ жері болғай деп жер-

ұйық деп. Осылайша ақын Алладан қазақ елінің, қазақ жерінің бай болғанын, төрткүл әлемнің алдында жерұйыққа айналуын тілейді. Жаратқаннан Қазақ еліне рақымшылық етуін, бақ-береке беруін сұрайды. Оны ақын былай деп жеткізеді:

Жайнамазға жайдым да жүрегімді,

Қайталадым ғаламат сүре-жыр-ды.

Тәуелсіздік болсын деп мәңгілікке,

Еліме айттым еміреніп тілегімді. Меккеге қажылыққа барған ақынның жүрегі елім деп, халқым деп соғады. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болуын тілейді.

Жақсы-жаман мәңгі майдан — ғарасат,

Бар мен жоқ та мәңгі майдан, қарасақ.

Ар мен намыс аярлықпен майданда,

Сенен үміт күтіп келдім, Арафат, — деген жолдарда Алланың жаратқан Ұлы тауынан көмек сұрайды. Аспанға қарап алақанын жаяды, қолын қайтармауын өтінеді, қоғамды көп сөзділерден тазартуды, шындықты шайтаннан құтқаруды, мылтығы жоқ майданнан қорғауды сұрайды.

Алла дедім,

Алла дедім,

Бір Алла,

Ниетімді нығмет қылдым Құранға.

Оттан ыстық менің туған Отаным,

Көрер қызық үмітім боп тұр алда.

Алла дедім,

Алла дедім,

Бір Алла,

Хақтың сөзі бақ боп түскен Құранға.

Жаным сенде,

Арым сенде, туған ел,

Адастырмас мені қалың тұманда. Иә, шын ниет еткен, Аллаға жүрегімен езіле сенген ақын Жартқаннан елінің амандығын, халқының болмысына сәуле шашып, нұр құюын тілейді.

Мәңгілік ештеңе жоқ. Мәңгілік боп тек бір Алла ғана жаралған. Ал, Алланың адамды жаратып, оған берген өмірі шектеулі. Бірақ адам баласы пендешілікке түсіп, «өмірдің қамшының қысқа сабындай» екенін ұмытып кетеді. Жұтатын ауа, шомылатын науа, көретін аспаның да, табатын дауа да бір екенін естен шығарады. Ал, адамдардың баратын жері біреу екенін ақын былай деп еске салады:

Дін мен ділдің тамыры бір,

Бір Алланың әмірі бір.

Тау мен дала сағымы бір,

Мүсәпірдің қағымы бір.

Жер бетінде жүргендердің,

Жер астында қабірі бір.

Қазір шындығын айту керек, қажылыққа барып, Қағбаға жету аса қиын емес. Ұшаққа отырасың да жетіп барасың. Бірақ қажылық — саяхат емес. Қажылыққа бару үшін адам сол исламның әрбір әрекетіне сай, Алланы мойындаған және Алланың хақ жолымен жүруі тиіс. Қажылық сапарды ақын былай деп түсіндіреді:

Мұнарада алтын сағат соғып тұр,

Таулар мүлгіп, саптағыдай болып тұр.

Қажылық тек өтеу емес парызды,

Пенделіктен адамдыққа жорық бұл.

Мұхаммед Пайғамбарымыздың мекені болған Мединеде, сахабаларымыз аралаған жұмақтың сайран бағы жерінде Пайғамбарымыздың мешітін сипап тұрып тілек тілеу мұсылманның парызы. Бұл парыздың мән-мағынасы зор екенін ақын осылайша тағы бір ескертіп өтеді.

Ай ма жарық?

Жоқ, әлде көңілім бе?

Кездестім мен ғажайып соны күнге.

Әл-харамның жарығы — иманжарық,

Менің келіп кеудеме төгілуде.

Бұл жарық — ақын іздеген жарық. Иманжарық. Оны іздеп тапқан ақынның жүзі нұрға малынды, жаны балқыды, алпыс екі тамыры ерекше бір иіді, тәні де, жаны да тазарды. Ол үшін ниетің мен пейілің түзу болуы керек. «Көңіл жарық болса, бәрі жарық» деп ақынға сыбырлап кетті. Иә, бар жарық осында. Әл-Харамда сүбіханна-сәулеге шомылып, бар ғаламға өлеңмен паш етуге асығады ақын.

Меккеге, Мединеге сапар шекті. Адамдық, имандылық жорығына шықты. Сонда не көрді, нені ұғынды? Мұны былайша сипаттайды:

Бұл сапардан не таптым мен?

Өзімді!

Алла берген сынақтарға төзуді.

Жұмақ көрдім жұмған кезде көзімді,

Ақша бұлтқа жаздым сонда сөзімді.

Бұлт биіктеп, аспан асты көрінбей,

Мен де соған ере бердім ерінбей.

Әл-Харамның ақ мәрмәрлі алаңы,

Жаннат бақтың жарқыраған төріндей.

Кіргендей боп жарқыраған әлемге,

Дауыс қостым дүркіреген сәлемге.

Зәмзәм суын жүрегіме құйдым мен,

Сол айықсын,

Қастерлі су дәл емге.

Адамның адамдығын жүрегіне балап жатамыз. Жүрегі таза ғой дейміз. Әр мұсылманның жүрегі таза болсын деп тілеген ақын Өтеген Оралбайұлы халқының, әрбір мұсылманның амандығын да тілейді:

Құбыла желі соғып өтті бөгелмей,

Тентек ойды тезге салып, көгендей.

«Азаныңыз аман болсын, мұсылман,

Қазаныңыз толы болсын» дегендей.

Иншалла!

Бердібай Кемал, Қазақстан журналистер одағының мүшесі

The post «Қағбаның қарлығаштары» appeared first on Қазақия газеті.

Әдеби жанр
Мұсахан — көптен бергі құдайы көршім. Қатар есікке  қатар кіріп, қатар   есіктен қатар шығып, бір автобуспен қызметке барып, бір автобуспен қызметтен кайтып, қатар тіршілік етіп жүргенімізге енді тура пәленбай  жыл толмақшы. Қашан толатынының тарихын қазір айтып берейін: так значить, қай жылы, қай айда еді, так, мың тоғыз жүз, әрине, мың тоғыз жүз алпыс… алпыс тоғызыншы жылы, яғни… жетпіс бестен бесті алсаң -  жетпіс қалады, значить жетпісінші жылы, мың тоғыз жүз жетпісінші жылы… Май мерекесінің алдында осы үйге кіргенбіз, содан бері көршіміз. Ғажап, ә? Әрине! Ал бұдан да ғажабы мынау: екеуіміздің түріміз ұқсас болмаса  да, тағдырымыз    өте ұқсас, тура кинодағыдай! Мұсахан   да үшінші әйелімен тұрып жатыр, менің де әйелім үшінші. Ол да бұрынғы әйелдерін үш-төрт баласымен тас-

таған, мен де үш-төрт баламен тастадым. Значить жетімақыны да бірдей төлейміз. Жалко, конечно… Үшінші әйелінен оның бір қызы бар, менің де бір қызым бар. Екеуміз де жазғышпыз.  Екеуіміздің де әке-шешеміз ауылда, қарындастарымыздың қолында тұрады. Екеуіміздің де соңғы әйелдеріміз қызмет істемейді, екеуінің де дипломдары қолдарында, бірақ балалы болғаннан кейін қызмет істегілер келмеді; көзі  ашық, правосы  тең  кісіге  күш  жұмсай  аласың  ба!

Екі үй ә деп көрші болғаннан-ақ, қалай да қатты араласып кеттік. Пәтер жуудан бастадық та, содан жалғап жүріп бердік. Той да ортақ, мейрам   да ортақ, мейман да ортақ… қысқасы: бала  мен  әйелден  басқаның  бәрі түгел ортақ.

Сөйтіп, 1974 жылдың жазы шықты. Бір күні, жо…  күн емес,  түнде, ұйқының  алдында, менің әйелім… бір кітәптағы ма, әлде кинодағы ма, әйтеуір, әлгібір таныс маймылша  мені  бүйіріме  түртіп  қалып:

-Әй, мен  саған  бірдеңе  айтайын  ба? — деді.

-Ертең  айтарсың, — дедім. Ұйқы  әкетіп  бара  жатқан.

-Жоқ, қазір айтамын! — деп әйелім басын көтерді. Сақыш бас көтерді дегенше  мәселе  шешіліп, бұйрық  жазылып, қол  қойылды  дей  бер.

-Айтсаң, айта ғой, — дедім, еріксіз былп етіп.

-Айтсам: Мұсаханның  былтырғы  романы  сыйлыққа  ұсынылыпты!

-«Жасыл жайлауы» ма?! Оны кім айтты?

-Қатыны айтты.

-Кімнің?

-Кімнің болушы еді, өзінің қатыны!

-«Өзінің?»  Мұсаханның ба?

-Әй, сен ояусың ба, өлісің бе?!

-Түсіндім, қойдым.

-Оның ол кітәбі соншама жақсы кітәп па? Сен оқып па едің өзін?   Сенің «Ұзақ сонарыңнан» артық па? — деген Сақыштың дауысы құмығып, егер мен бірдеңе сезсем, асқазанының артқы жағынан естілгендей болды.

-Дауысыңа не болған, тамағыңа суық тиген бе? — дедім. Күз бен  қыстың өліарасындағы көңілін көктемге жақындатқым келгенін сіздерден  не  үшін  жасырайын.

-Сенің  романың  неге  ұсынылмайды ол сыйлыққа?!

-Е, мен қайдан білейін?! Ондай ешбір сыбыс жоқ еді, мен кеткенде.

-Ендеше, сен командировкада жүргенде Мұсахан жолын тап-қан. Сен болсаң, мезгілсіз уақта шақырған тауықша, командировкаға мезгілсіз кете бардың, тіпті  тым-ақ  пысықсың!

Әйелім ойымда жоқ сойқан статьяларды тауып қажай бастағанда   ептеп  ереуілдейтін әдетім болушы еді, сол дәстүріме бағып:

-Үйде болғанда, немене, кітәбімді сыйлықка өзім ұсынушы ма едім?  Біз, құдайға шүкір, Америка емеспіз ғой, ондай жойдасыздық жасайтын, — дедім, саясаттан  хабар-ошарым  барын  батыл  аңғартып  қалдым.

-Америка не теңің?! Ең алдымен еркек екеніңді ұмытпасаңшы!

-Ұмытып жүрген жоқпын ғой?!

-Иә, ағаш қиып, үй салып жүрсің! Өй, шіркін! Мұсахан ғұрлы болсаң-шы, тым құрығанда!

-Ол не істепті?

-Ол, әне, романын мемлекеттік сыйлыққа ұсындырыпты! Еркекте,    асай-мүсейінен басқа, намыс деген болуы керек! Сенің намысың қайда, намысың?!

-Ары қарай айта ғой.

-Мұсахан бөртіп, жортып жүрген көрінеді. Енді ше? Романының сыйлыққа ұсынылғаны ертең газетте жазылады дейді. Жаман қатыны  айтты, оның да буы бұрқырап жүр! Әй, сенде  еркектік намыс болмаса да, жазушылық  намыс болмаушы ма еді?!.

Ештеңе деп қорғана алмадым. Ұйқым жел қуған бұлттай ыдырап   кетсе де, ұйқы басып бара жатқандай баяу есінеп, іштей тыныштық   тіледім. Сақыш та қашанғы таң күзетсін, сәлден соң қатты күрсінді де     қайта  қисайды. Содан  қимылсыз  біраз  жатты. Сосын:

-Әй, сонда сол сыйлықтың ақшалай құны қанша? — деді. Енді       бүйіріме түртпей-ақ. Ұйқымның қаңғып кеткенін біліп жатты ғой,     қатынның білмейтіні екі дүниеде де жоқ шығар.  Ұйқы жоқта  ұйықтап қадірімді  кетіре  берейін  бе:

-Он мың доллар, — деп  ақпар  бердім. Естігенімді  айттым  да.

Сақыш ыңқ етпеді. Естіді ме, естімеді ме?.. Талып қалғаннан сау ма?!. Дұрысырақ еститін оң құлағымды соған қарай бұрып, демімді ішіме    тартып, тың тыңдап едім, тәубә, тәубә, оның демі сыртына шығып жатыр екен!..

Сонымен, ол түнгі айтысымыз сап болды.

Бірақ, мен сол түні таңның бір жеріне дейін ұйықтай алмадым. Бес мың доллардың қаншама қаржы екенін, оған нендей дүние

-мүлік сатып алуға болатынын алғаш рет ойлай-ойлай, кәдімгідей  алжаса жаздадым.

Таңертең төсектен тұра бере:

-Он мың долларға… – деп  аузымды  адамша  аша  бергенімде:

-Күйісханның екі этажды дачасын және спальный гарнитур мен широкоэкранный «Самсунг» телевизорын сатып алуға болады, — деді Сақышым,  сразу   іліп әкетіп. Әйел байғұстың ойлайтыны  отбасының  қамы емес  пе,  қайтсін-ай, түні бойы ол да ұйықтай алмаған екен-ау!

«Жасыл жайлауы» сыйлыққа ұсынылған Мұсаханды біз қайтадан тани  бастадық. Бұрын қалай байқамағанымызды албасты білсін, Мұсахан дегенің барып тұрған… қамытаяқ екен. Оның үстіне көзі қылилау ма, шапыраштау ма, қалайда аяғының да, көзінің дені дұрыс емес екен. Оң жақ ұрты салбырап, аузының қисықтығы тағы бар. Неткен сөзшең десеңші! «Аузы кисық болса да, бай баласы сөйлесін» баяғы. Күннен күнге көсілген көбік әңгімесінен ығыр болып, ақыры баласына баламды жұмсап төбелестіріп, әйелдеріміз ұйымшылдық көрсете шаш жұлыса жаздап, өзіміз де кеңірдек керісіп, әрең дегенде ажырасып, шекарамызды жауып тындық. Қатар есік әдірем калды. Мұсахан екеуіміз екі көшемен жүреміз, екі автобусқа  мінеміз. Сөйтіп, бетім безеуленіп, көңіл мұздап, әбден құрыстандым да, «Жасыл жайлауының» үстінен ақпан арыз-ды ал борат! Оқиғасы сұйық, идеясы тұйық, тілі кібіртік, бас кейіпкердің пікірі ірімтік, жалпы кейіпкер өте көп, бірақ әдебиетке де, қазіргі оқырман қауымға да, әсіресе жас жеткіншектерге, сонсоң, әрине, үкіметке де ешқандай пайда жоқ, қайта:  көрсеқызарлықты,  арамтамақтықты, қулық-сұмдықты дәріптейді! — деп Мұсаханның алды-артына, қатыны екеуіне ғана емес, бүкіл ата-бабасына жетерлік пәле-жаланы үйдім кеп, үйдім кеп.

Алдын-ала араздасып алғанымыз керемет көрегендігіміз болды, оппозициялық ашық күреске әйелім де менімен иық тірестіре шығып, ай-хай, көсілттік-ау, көсілттік! Өз атымыздан да жаздық, жолдастар мен достарымыздың да,  қастарымыздың да,  нағашыларымыз   бен жиендеріміздің де, көрші-қолаңдарымыздың да атынан жаздық.   Адам бір іске шынайы беріліп, жан-тәнімен сүйіп, творчестволық ынтамен істесе, талантының қайнар  көзі сонда ғана жарқырап ашылады екен. Бұған дейін арыз жазып көрсекші! «Ештен кеш жақсы»! Шабыттың шалқарында еркін жүздік те, кеш қалғанымыздың есесін қайтардық. Небір оқиғалар, тың фактілер, тосын кейіпкерлер селше ақтарылды. Өз басым бір де бір кітабымды мұншалық серпінмен, мұншалық екпінмен еркін жазып көргем жоқ. Бұрындары жазып отырған қағазымның бетіне бір әріп жаңсақ түссе, немесе сиямның қою-сұйығы біркелкі болмаса, қаламым жүрмей қоятын. Сөйтсем, ол өзі шабытқа байланысты екен. Мұсахан бас кейіпкерім болғаннан кейінгі жерде оның бәрі былай қалды, тіпті көк сия, жасыл сия, қызыл сия, қара сияларыңды кейіпкерімнің психологиясын суреттеу   тәсіліме  сай  қолданатын  әдеби-техникалық  жаңалықтар  да  аштым.

Жаза білсең, арыз да  өнер екен! Айызың қанып жазып, поштаға апарып салып келгеннен кейін арқа-басың кеңіп, моншадан шыққандай рахаттанып қаласың. Келесі арыздың сюжеті де оп-оңай орайласып, сапырылысып, әлгі, көне ауыз әдебиетімізден сусындағанымыз сияқты, «бақсының жынындай буып» бара жатады. Творчествоның рахаты мен  азабы  бірдей  деген  рас екен, өмірдің өз шындығы екен.

Тартынбай талмай ізденудің, табандылығымыздың, творчестволық тынымсыз еңбегіміздің нәтижесі ойлағанымыздай болып, атқан оғымыз көздеген нысанаға дәл тиіп, сыйлықтан қағылып, Мұсаханның «Жасыл жайлауы» тақыр жайлауға айналды!  Мен танымайтын тағы бір жазушының романы ұсынылған еді сол сыйлықка, тегі, мен сияқты достары ол  романның да шаңын қақса керек, — оған да сыйлық бұйырмады.

-Сен  арызқой  екенсің? — деді кеше маған  Далай. Әлгі сыйлық комиссиясының  хатшысы.

-Қазіргі кезде арыз дегенің — әдеби жанр! Анау көкелеріміз бірінің үстінен бірі  дилогия,  трилогия жазып жүргенде менің, тым болмаса,  новелла жазбауым азаматтыққа жата ма?! — деп едім, Далай жарылуға жақындаған шиқанша  сызданды. Афоризмге бергісіз асыл сөздің авторы өзі  болмағанына  күйінді  ол.

Ғаббас  ҚАБЫШҰЛЫ

The post Әдеби  жанр appeared first on Қазақия газеті.

Тарихи шындық – ауыз әдебиетінен «Қыз жібек» дастанына орай
Тәуелсiздiгiмiздi нығайту жолында, ең маңызды мақсаттың бiрi – ол қазақ халқының рухын көтеру. Ал рухымыздың тамыры ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жеткiзген мәдениетiмiзде. Бiрақ, бұл мәдениетiмiз, кейiнгi 250 жылда орыс империясының қол астында болғандығымыздан өшуге аз-ақ қалған. Соңғы 70 жылда өмiрiмiз, мәдениетiмiздiң келбетi Кеңес империясының тарихына бағынып, өз орнын тапқан жоқ. Бұл келбетi отаршылдардың өзiне ыңғайлы жазбаша ғана деректерге сүйенiп, тарихи шындықтан алшақтаған. Сондықтан, шын тарихымызды орнына келтiру үшiн, халқымыздың ауыз әдебиетiне жүгiнгенiмiз – дұрыс жолды айғақтайды. Бiрақ, асыл мұра – қазынамызды қазiргi ұрпаққа жеткiзетiн зерттеушi, фольклор жинаушы, ақын-жазушылар қатары азайып барады.

Ауыз әдебиетінің тұлғалары

2009 жылы 71 жасында ауыз әдебиетiнiң мұрасын жинаушы, еңбектерiн жарыққа шығарушы Қаратай Биғожин қайтыс болды. Марқұмның жинап-тергенi әдебиет зерттеушiлері үшiн құнды дерекке айналған. Әсiресе, осы күнге дейiн тарихтан, әдебиеттен, өнерден ресми түрде өз орнын алмаған, ХIХ ғасырда өмiр сүрген Мұхамедханафия Баһрамұлы Шақшақов ауыз әдебиетiнде «Сегiз серi» деген атымен белгiлi.

2010 жылы  82 жасқа қараған шағында халқымыздың ауыз әдебиетiнен тағы бiр тұлға – жазушы-драматург Нәбиден Әбуталиев дүниеден өттi. «Қазақ әдебиетi» газетiнде (9.02.2010 ж.) жарияланған қоштасу сөзiнде көрнектi филолог-ғалым Тұрсынбек Кәкiшев Н.Әбуталиевтiң проза жанрында шыққан «Сегiз серi» кiтабына тоқталып кеткен: «Оның Қожаберген жырау Сегiз серi жайында жазған еңбектерi тарихи шындық негiзiнде құрылған. Ол жөнiндегi iстеген iстерi, әдебиеттануға, өнертануға болсын өте пайдалы еңбек дер едiм». Тұрсекең Әбуталиевтiң «Сегiз серi» еңбегiне осындай баға бергенiнiң үлкен маңызы бар. Өйткенi, бiр ғасырдан берi осы күнге дейiн «Қыз Жібек» дастанының Сегiз серi (1818-1854жж) нұсқасы жарық көрмеген еді. Содан да, тарихи шындық бұрмаланып, кейiпкерлерi өзгерiп, жағдай басқаша сипат алды.

Өткен 2013 жылдың қазақ әдебиеті қоғамы осы қатардың ішінде болған Сейітқали Ыдырысұлы Қарамендінің 100 жыл туғанын атап өтті. Алматыда М.Әуезов мұражайында 14.11.2013 жылы Әдебиет және өнер институты арнайы ғылыми кеңес өткізді. Осы институттың Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің меңгерушісі Серікқазы Қорабай өз баяндамасында: «Кешегі кеңестік тоталитарлық жүйе жағдайында, өткеннің тамырына балта шабылып, есте жоқ ескі замандағы халық жадындағы рухани өзектер жойыла жаздаған тұста ұлт мәдениетін қызғыштай қорғап, өрге сүйреген қажымас қайраткер, қарапайым ғана қызмет атқара жүріп, ел аузындағы фольклор мұралары мен қалың көпшілікке танылған атақты ақындар шығармаларын тірнектеп жинаған нағыз ұлтжанды азамат талантты ақын, зерделі, зерттеуші, шежіреші Сейітқали Қараменді болатын» деп айтқан. Ол «Өз халқының ұшан-теңіз ақындық өнерін, таусылмас эпостық жырларын, ертегілерін, аңыз-әңгімелерін, шешендік сөздерін… терең ішкі мазмұны мен көркем сұлу сырларына қызыға білді. Республика көлемінде үлкен еңбек сіңіріп, ұлттық мәдениетіміздің алтын қорының толығуына үлкен үлес қосқан адамның бірі» деп, қолжазба бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Қарашаш Алпыспаеваның баяндамасы айтылды. «Сейітқали Ыдырысұлы атақты сал-серілер әнші ақындар туралы басқада бірнеше зерттеу мақалары тың ойларға құрылып әдебиет тарихына байланысты көкейкесті мәселерді қозғаған. «Қыз Жібек» ғашықтық эпосындағы Төлегенді Бекежан емес Кескентерек  деген қарақшы өлтіргендігін дәлелдеп мақала жазуы ғылыми қауымға үлкен ой салды». Осы эпосқа орай әдебиетші-ғалым С.Қорабайдың жазғаны: «Атақты ақын, композитор Сегіз сері туралы мақалаларында басқа авторлар сияқты зерттеу нысанын әсірелеуге ұрындырмай, нақты шындықты бүркелемей айтады.  Ол осындай турашылдығымен, әділдігімен есте қалып ғылыми зерттеу жұмысындағы адалдықты жақтады» . (1)

2013 жылы 6 желтоқсан Семейдегі  Абай мұражайында  Сейітқали Ыдырысұлы Қарамендінің 100 жыл толуына орай, салтанатты әдебиет қауымының жиыны өтті. Бұл жиында С.Қарамендінің «Қыз Жібек» дастанын  зерттеу нәтижесін жарыққа шығару — негізгі мәселе болды.

«Қыз Жібек» дастаны қалай бұрмаланды?

Халқымыздың асыл мұрасы — «Қыз Жібек» дастаны қалай бұрмаланды?

Неге осы күнге дейін тарихи шындық тәуелсіз мемлекетімізде қайта жаңғырмады? Осы сұрақтарға жауап беру үшін  нақты деректерге сүйеніп баяндайық.

«Қыз Жiбек» тарихи ғашықтық дастанын баспадан 1905 жылы Қазан қаласында шығарған Жүсiпбек Қожа Шайқысламұлы (1861–1941 ж.ж.). Мiне, осы Жүсiпбекке сүйенiп, отаршылдық ықпалына бағынып «Қыз Жiбек» пьесасы, киносы, операсындағы тарихи шындық бұрмаланып қалды.  Сейiтқали Қараменді  «Бекежан да бiр арыс» атты мақаласында  «Сегiз серi шындықты жырласа да, кiтап бастырушы Жүсiпбек Қожа Шайқысламұлы қысқартып, өз жағынан қарасөз қосып, рас оқиғаны бұрмалап, ертегiге айналдырып, Бекежанды Арғын елiнен шыққан етiп және оны Төлегендi өлтiрушi, қылмыскер қарақшы етiп өзгертiп, басқаша көрсеткен. Шын мәнiсiнде Бекежан Арғын да емес, ол тiптi Орта жүздiң ешбiр елiне жатпайды. Сондықтан, Бекежанның кiм екенiн, қай елден, қай жерден екенiн дәлелдеп жазуға тура келдi» дей келе: «Қыз Жiбек» дастанындағы Бекежан – тарихта болған адам. Оның туған жерi – Алшын Темiртаудың бөктерi. Бекежанның әкесiнiң аты – Айбек. Айбек өз тұсындағы Кiшi жүз Алшын Әлiмұлының әскербасы батыры екен. Бекежан да әкесi Айбек сияқты қол басқарған сардар болыпты. Ол жайында «Қыз Жiбек» оқиғасын алғаш рет қисса етушi белгiлi шежiрешi ақын Сегiз серi жырда былай дейдi:

Ер болып жас кезiнен  шыққан аты,

Iшiнде алты Шектi Бөлек заты.

Бөлектiң Қабағынан   шықса-дағы,

Болмапты Бекежанныңкөңiл шаты.

Арудан Салихадай айрылған соң,

Кездеспей сондай сұлу  қайғырған соң.

Iшiне ұялапты қайғы таты,

Жасыған жездей болып   майырылған соң.

Бекежан Айбекұлы деп  атанған,

Қалмаққа Едiл өтiпойран салған.

Қасына мың жарымдай  сарбаз ертiп,

Кәпiрдiң мықты елiнен барымта алған.

Бекежанның балалары қандай болғанын Сейiтқали Қараменді атақты Қожаберген жыраудың (1663–1762 ж.ж.) «Елiм-айынан» келтiредi:

Қатысты Кiшi жүзден Тайлақ мерген,

Сұлатты көздегенiн  атқан жерден.

Бiр мерген Саңырақ  атты жараланды,

Екеуi де Кiшi жүзде Шектi екен.

Баласы Бекежанның мерген Тайлақ,

Садақпен жау қалмақты  атты байлап.

Ағасы оның Қайрақ ғаскер жинап,

Дұшпанға қарсы аттанды  қару сайлап.

Тарихы шындықты жырлаған жырау, батыр, колбасшы Қожаберген Толыбайұлының өткен жылы туғанына 350 жылдығын әдебиет қоғамы атап өтті. Бірақ, Республика деңгейінде бұқара халық, қалың қазақ елі, әсіресе жас буыны, ұлы бабасының өмір-ерлігін білмей қалды. Себебі, ақпарат құралдарының көбі  «үндерін» шығармай қалды.

Ендi, Төлегендi өлтiрген Бекежан деген жалғандыққа келейiк.  С.Қарамендінің мақаласында айтылған Бекежан «Төлегендi өлтiрмеген. Бекежан Жiбек сұлумен рулас. Төлегендi Бекежанға келiп паналаған жағымсыз баскесер, Кескентерек деген қожа жiгiтi өлтiредi. Себебi, ол да Жiбек сұлу Сырлыбай қызына ғашық екен» делiнген (Бұл дерек Сегiз серiнiң «Қыз Жiбек» жырынан алынған).

Сегiз серi Жiбек сұлу Сырлыбай қызының аузынан Шегеге былайша жауап бергiзедi:

Көк жорға ат бiздiң қолда  алтын жабдық,

Астынан қарақшының  тартып алдық.

Бiр елдiң төресiндей ғашығымды,

Өлтiрген Кескентерек  жолда аңдып.(3)

Осының өзiнен-ақ, Төлегендi өлтiрген Бекежан емес, Кескентерек екендiгi айқын болып тұр!

Ал ендi,  С.Қараменді  Жүсiпбек Шайқысламұлы туралы айтып кеткенi Көкбай (1864–1927 ж.ж.) ақынның «Жүсiпбек Шайқысламұлына» атты өлеңдерiнде нақты дәлелденген (қысқартылған түрде):

Арнадым осы өлеңдi  Қожа текке,

Халыққа келiп сiңген Жүсiпбекке.

Қазанда көп қиссаны  бастырсаң да,

Ұрлығың аян болды дүйiм көпке.

Қожа сен қулығыңды  асырыпсың,

Қазанда бұл қиссаны бастырыпсың.

Өзiңе өз қылмысың  майдай жағып,

Бойыңнан ар-иманды  қашырыпсың.

Бұл қисса Орта жүздiң Керейiнен,

Қазақтың Сегiз серi  мерейiнен.

Шығарған осы жырды кiм екенiн,

Бiлмесе елге айтып берейiн мен.

«Наурызбай – Ханшайым қыз елдiң ерi,

Шығарған дастан етiп Сегiз серi.

Сегiздiң көп қиссаны   шығарғанын,

Әлi де ұмытқан жоқ    қазақ елi.

Ер Сегiз бен Науанды  жек көрген соң,

Қысқартып бұл дастанды  бұзып қойған.

Жоқ қылуға қиссаны бата алмаған,

Сегiздiң есiмiн де атамаған.

Құлатар сенi халық жанған отқа-ай,

Жыраудың сөзi шындық атқан оқтай.

Арнаған сын өлеңдi кiм  десеңiз,

Шәкiртiмiн Абайдың,  атым Көкбай. (4)

Осыдан-ақ, қазақ халқының ресми тарихынан iрi тұлға Сегiз серiнiң аты өшiрiлiп тұр. Содан берi қанша буын ұлдарын Бекежан деп атамай, Төлеген деген есiмдi тым көбейтiп жiбердi ғой.

Тарихи шындықты жырлаған, мәдениетiмiздiң әр саласын биiкке көтерген тұлғалар

Алматыда «Ғылым» баспасынан 1988 жылы шыққан «ХIХ ғасырдағы қазақ ақындары» атты кiтапта айтылған: Артына мәндi мұра қалдырған ақындарымыздың бiрi – Сегіз серi (шын аты Мұхамедханафия), ол 1818 жылы бұрынғы Қызылжар уәлаятындағы Маманай деген жерде дүниеге келiп, 1854 ж. 36 жасында сонда қайтыс болады. Әкесi – Баһрам (1770-1826 ж.ж.) атасы Шақшақ, ел iшiнде беделдi, бiлгiр де шешен, сауатты адам болса керек…». Мұхамедханафия 6 жасынан ауыл молдасынан кейiн медреседе дәрiс алып, Қызылжарда «приходская школада» оқып, Омбы қаласында әскери училище бiтiрiп, офицер дәрежесiн алды. Бiрақ, ол орыс патшаның отарлау қызметiнен бас тартады, қашқындық жолына түседi. Генерал-губернатор Горчаков Сегiз серiнi ұстау үшiн екi рет арнаулы отряд шығарады. Батырлық қасиетiмен Сегiз серi құтылып кетiп, нағашы жұрты Сырым Датұлының елiнде паналап, баға жетпес әдебиетiмiздiң туындыларын дүниеге әкеледi».

Академик Ғабит Мүсiреповтiң «Ұлпан» романында Сегiз серi туралы жазғаны: «…Ол ақынның мұрагерлерi «Қарлығаш», «Гауһартас», «Әйкен-ай» әндерiн Сегiз серi шығарғанын тiптi дауға салмайды. Түгел мойындап қойған. Жарты ғасыр болған «Қыз Жiбек» Керей топырағында Сегiз серi нұсқасында тұрақтап қалып едi. Сегiз серiнiң аты ел iшiнде «Мақпал мен Сегiз» атты дастандар арқылы да ертеден мәлiм». Сегiз серi – Шығыс сазынан, әдебиетiнен де көп үйренген ақын, композитор. Мысалы, әйгiлi «Фархад пен Шырын», «Баһрам мен Күләндада», «Ғайнижамал» бейнелерiн үлгi тұта сөйлейтiн жан-жақты дарынды тұлға болғаны осы кiтапта жазылған.

С.Қарамендінiң зерттеулерінде «Сегiз серiнiң ақындық шеберлiгiмен қоса, көне замандағы Аристотель, Платон, орта ғасырдағы Ибн Сина, Әбунәсiр әл-Фараби, т.б. Шығыс ақын, философтары ғылыми еңбектерiнiң бiлгiрi екенiн көрсетедi (5).

Осы күнге дейiн Сегiз серiнiң өлеңдерi, классикаға айналған көп ән туындылары ақпарат құралдарында авторы аталмай, халық әндерi деп жарияланды. Ақын, композитор-әншi Жаяу Мұса Байжанов Сегiз серiнiң шәкiртi болған. «Ер Сегiз» толғауында Сегiздiң беделдi туындыларын атап өткен:

Сал Сегiз әуес болған нақ Құндызға,

Көз салған елiндегi шын жұлдызға.

Шығарған «Қыз сипаты», «Ғайни» әнiн,

Еркесi Ысық жұрты Ғайни қызға.

Сардар едi Сегiз серi тура сөздi,

Ер едi аса көркем иман жүздi.

Жолығып Үшбурылда Патшайымға,

Арнаған әсем әнiн – «Қаракөздi».

Сал Сегiз өзге ақыннан  болған басым,

Шығарған Мақпалға арнап «Гауһартасын».

Ән салып, күй шығарып, дастан жырлап,

Әр жердiң тамсандырған   кәрi-жасын.

Таралған қолтаңбамен Кiшi жүзде,

Сегiздiң «Айман-Шолпан», «Қыз Жiбегi».

Сегiзде толып жатыр  тамаша әндер,

«Әйкен-ай»,  «Жылой», «Қарғаш», «Бес қарагер»,

«Шолпан қыз», «Дайдидау» мен «Бозқараған».

Бөлеген күйге Сегiз ой мен қырды,

Төгетiн жиындарда асқақ жырды.

Омбыда Мұқарима сұлуға арнап,

Шығарған алғашқы әнi «Назқоңырды».

Шырқадым Сегiз серi «Көкем-айын»,

«Ерден көк», «Алқоңыр» мен «Сәулем-айын».

«Бозшұбар», «Қыз әлем» әнiн айттым,

Несiне сауық құрмай қорғалайын.

Жiгiттер өнер қусаң Сегiз ұқса,

Шәкiртi Сегiз серi атым Мұса.

Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой.

Үш жүзде ер Сегiздей  көп ұл туса.(6)

Сегiз серi дауылпаз бабасы Қожаберген жыраудың дәстүрiн одан әрi жалғады. Қожаберген орыс империясына ашық қарсы шықты. Оның «Елiм-айы» империяға қарсы туынды. Онда ол орыс империясын қалмақтарға қару сатты, қолдады деп айыптады.

Әз Тәуке болса-дағы достыққа ынтық,

Сатпады Ресей, Қытай бізге мылтық.

Жоңғарлар қорғасын оқ боратқанда,

Найза ұстап, садақ асып,

Бастаған Ойрат ісі ұрыс болды,

Бұл соғыс Ресей үшін дұрыс болды.

Қалмақты жабдықтаған қос көршінің,

Әуелден көздегені қоныс болды.

Үш жүзге дұшпан болып шығыс жақтан,

Қытай да қаскөйлегін жасап жатқан.

Айдап сап қалмақтардыхалқымызға,

Көк шалғын сахарамды шаң, қан жапқан.

Мылтығын Ресей, Қытай қалмақ сатты,

Айдап сап малғұндарды қоқаңдатты.

Қырғызып қазақтарды қалмақтарға,

Орыстар қамалдарын салып жатты. (7)

Ал оның iзбасар мұрагерi «Сегiз серi – ұлт-азаттық қозғалыстың көсемi. Атамыз Сегiз серiнiң ақындық-жыршылық өнерi ұрпағының аузында және барша ұрпағы оның империяға қарсы батыл күрескенiн, қол құрап қарсы тұрғанын, сол үшiн қатты қуғын-сүргiн көрiп, қазақ жерiнiң батыс жақ қиырына кетiп, құтылуға мәжбүр болғанын да жақсы бiледi», – деп Солтүстiк Қазақстанда тұратын Сегiз серiнiң шөбересi Амантай Бегенов «Атамыздың жазығы не?» деп жазды (8).

Өткен ғасырда бас ақындардың бiрi Шәңгерей Бөкеев (1847–1920 ж.ж.) «Сардар сегiз» атты тарихи дастанында орыс патшасының отарлық саясатына қол шоқпар болған Кiшi жүз Жәңгiр ханға қарсы шыққан Сегiз серiнiң ерлiгiн жырлайды. Шәңгерей Жәңгiр ханның немересi болса да, өз халқына қалқан болған батырды жақтайды. Н.Әбуталиев бұл туралы, қазiргi ұрпаққа жазып кеткен (9).

Сегiз серi тұлға болған, «сегiз қырлы, бiр сырлы» өз халқын сүйген, отаршыл күштерге тойтарыс берген, орыс патшасының шен-шекпенiне сатылмағаны туралы тағы бiр Ресейде шыққан дерекке тоқталайық. «Очерки истории казахов Омского прииртышья». авт. И.А.Турсынов жазған: «…Среди окончивших Азиатскую школу числился Мухамет Шакшаков. В школу он поступил в 1830 г. К моменту ее окончания в 1836 г. она была преобразована в особый класс восточных языков училища Сибирского казачьего войска. Историк и поэт в гневных стихах он изображает генерал-губернатора Горчакова разорителем казахского народа, не желая участвовать в карательной экспедиции против восстания Кенесары Касымова, бежал из Омска в младший Джуз».

Мiне, осы айтылып кеткен себептермен орыс патша өкiметi қазақ халқының рухын көтермеу үшiн Сегiз серiнiң атын өшiрген. Мұхамедханафия Шақшақов орыс патшасына қызмет iстемегендiктен, оның аты архивтерде болуы екiталай.

Дәстүрiмiз өшiрiлгені – тарихи шындық жасырылғаны

Қазақ ұлтын жою бағытында Кеңес империясы, патшалық Ресей империясының мұрагерi, қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрлерiне де тыйым салған. Осы күнге дейiн қайта заңға оралмаған дәстүрiмiздiң бiрi – ол әмеңгерлiк. Сегiз серiнiң «Қыз Жiбек» тарихи дастанында Төлегендi өлтiргеннен кейiн, оның iнiсi Сансызбайға әмеңгерлiкпен Жiбек қосылады. Бiрақ, бұл шын оқиға отаршылардың саясатына орай осы күнге дейiн жасырын қалды. Осы себептен Е.Брусиловскийдiң «Қыз Жiбек» операсында, Жiбектi жардан секiрткiзiп, суға батырады. «Қыз Жiбек» киносында да Жiбектi Сансызбайға қоспай суға батырады.

Тарихи шындықты дәлелдеу үшiн тағы да ауыз әдебиетiне жүгiнейiк.

Айтылып кеткен Сейiтқали Қараменденiң «Бекежан да бiр арыс» мақаласында жазылған: «Керей Қожаберген ақынның «Елiм-ай» жырынан Сансызбай мен Жiбек сұлудың тұңғыш баласы Төсбатыр да орын алған. Оны сол дастандағы мына шумақтан көруге болады:

Жағалбайлы Төсбатыр,

Қалмақтарға өш батыр.

Сансызбайдың өзiндей

Көрсеткен жауға күш батыр,

Үзкентте болған шайқаста

Қамал бұзған гүж батыр.

Секеңнiң осы мақаласының ең соңында: «Қыз Жiбек» жырының Сегiз серi шығарған нұсқасының әлi күнге дейiн жарық көрмей, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлiмiнде он төрт жыл бойы жабулы қазан күйiнде жатқанына кiм де болса қынжылса керек», – деп айтып кеткен едi. Ал газет редакциялық үндеуінде: «Төменде назарларыңызға ұсынылып отырған С.Қарамендінiң мақаласында лиро-эпостық асыл мұраларымыздың бiрi – «Қыз Жiбек» жырындағы өзгерiске ұшыраған тұстар тiлге тиек етiледi. Автор жырдағы бас кейiпкерлердiң бiрi – Бекежан батыр туралы өзiндiк ой-болжамдарын, дәйектерiн, дәлелдерiн мысалға келтiрген. Ауыз әдебиетiн зерттеушi-ғалымдар, қалың оқырман қауым осы мақалаға орай өз ой-толғамдарын, зерттеулерiн жолдап жатса құба-құп болар едi», – делiнген (3).

Содан берi 22 жыл өттi, тәуелсiз мемлекет болдық. Бiрақ, осы үндеуге пiкiр берушiлердiң саны шамалы-ақ. Жазушы-публицист М.Есламғалиұлы С.Қарамендінiң деректерiн қуаттай түсiптi (10). Рахманқұл Бердiбай әдебиетшi-академик өзiнiң пiкiрiнде: «С.Қараменді «Қыз Жiбек» дастанын атақты батыр, әншi-композитор, күйшi, суырып салма ақын, әйгiлi шежiрешi, сардар, палуан Сегiз серiнiң нұқсасын зерттеп және оның шәкiртi болған Жаяу Мұсаның «Ер Сегiз» атты толғауына сүйене отырып, Төлегендi өлтiрген қарақшы қожа Кескентерек деген тың пiкiр қорытқан едi. Бұл «Қыз Жiбек» жырын зерттеушiлер үшiн тосын да қызғылықты мағлұмат болды», – деп айтылған (11). Басқа адамдардың не қолдап, не қарсылық бiлдiрiп үн қосқандары маған белгiсiз. Ал, Сегiз серiнiң «Қыз Жiбек» жырының нұсқасы жабулы қазан күйiнде жатқанына, талай жылдар өттi. Дегенмен, өткен ғасырдан берi Сегiз серiнiң өмiрi мен шығармашылық туындылары туралы 250-ден астам мақала, 45 кiтап жазылыпты.

Егемен ел, тәуелсiз мемлекет болғанымызға 22 жылға жуықтаса да, ХIХ ғасырда өмiр сүрген, сол кезде бүкiл қазақ халқына танымал болған, мәдениетiмiзге баға жетпес асыл мұра қалдырған, өз халқы үшiн отаршыларға қарсылық көрсеткен тұлға Сегiз серi әлi де қазiргi қоғамымыздан тиiстi орнын ала алмай отырғаны қынжылтады бiздi.

Дүниежүзiлiк деңгейдегi классикалық шығармалар қатарына енген махаббат дастаны «Қыз Жiбек» өзгертiлмеген, бұрмаланған қалпында, бiр ғасырдан берi жалғасын тауып келедi. Бұл жалғандықтың залалы Сегiз серi, Бекежанның ұрпақтан ұрпақтарына жалғасып келе жатыр. Мысалы, ақын Ахмет Өмірзақтың өлеңдері осыған дәлел.

«Керек емес мына жырға «сөз басы».

«Ақиқаттың» -десек те, — оның тозбасы»,

Бақи жаққа бетін бұрып кеткелі,

Тиылмай тұр Бекежанның көз жасы…

Төлегеннің кімнен келді ажалы?

Жауабы анық таппай көрді қазады.

Кескентерек — қарақшының күнәсін,

Бекежанға аударғандар — жазалы.

Опасыздық, нәмәрттіктің жаңасы -

Қағаздағы таңбалардың жаласы.

Бекежанды атқа байлап жіберген -

Шайқысламның кітап сатқан баласы.

Сол Жүсіпбек –көріп тұрып «көрмеген»,

Босағаны ауыстырған төрменен.

Сол Жүсіпбек — безбүйрегі бүлк етпей,

Жыр – «Жібекті» қалауынша өңдеген.

Сол Жүсіпбек —  жалғандықтан қашпаған

Ақ қағазға ақиқатты баспаған.

Отқа тығып Бекежанныңаруағын,

Руласын жырдан сызып тастаған.

Міне, осылай бір-бірімен алмасып.

Залым пікір келе жатыр жалғасып.

- Қашанғы енді көмеміз құдыққа

Ей Ақиқат, жетер енді, алғы шық (12).

Қазіргі жас буын рухани қазынамыздың жанашырлары: «Қыз Жібек» жырының көркемдік құндылығын бағалау үшін, оның тарихы түпнұсқасын айналып өту ағаттық… Біздің ұлттық мүддемізді, ұлттық тамырымызды, қазақи болмысымызды сақтап қалатын төлқұжатымыз іспеттес алтын қазынамыз — ауыз әдебиетінен өзгертуге, оны бұрмалауға ешкімнің де қақысы жоқ (13).

Кезінде, осы ауыз әдебиетіміз бұрмалағанда Сейітқали Қараменді айтқан еді: «Өз басым белгілі академик жазушы Ғабит Мүсіреповке 1955 жылы көкек айында Сегіз сері шығарған «Қыз Жiбек» жырының бірінші нұсқасын негізге алу керектігін, Бекежанның Арғын елiнің адамы емес екендігін, Бекежанның Төлегендi өлтiрмегендігін, оны Кескентерек деген қожа жігіті — қылмыскер қарақшы өлтіргендігін, «Қыз Жiбек» жырын Жүсіпбек қожа шығармағандығын ескертіп, пьесаға өзтертуді ұсындым. Ол кісі маған Бекежанның орнына Кескентеректі жазбақшы болып, Сегіз серіні «Қыз Жiбек» дастанында көрсетпекші болып уәде еткен еді. Бірақ, уәде орындалмады. Атақты академик жазушы М.Әуезов ақсақал да: «Жүсіпбекқожа Шайқыисламұлы ауыз әдебиетін жинаушы, кітап бастырушы адам, бірақ ол ақын емес» деген болатын (3).

Сан ғасырлардан берi өмiрiмiздi дамытқан, ұрпағымызды жоғалтпай келген халқымыздың дәстүрi — өткен отаршыл империясының ықпалынан арылмай, қазiргi егемен елiмiзде, әдеттегiдей жасырын қалып отыр. «Қыз Жiбек» дастанының тарихи шындығы Ақиқатқа жүгінетін мезгілі тым созылып кетті.

Қорытып айтқанда – ұсыныстар:

- «Қыз Жiбек» дастанын Сегіз сері нұсқасының негізінде баспадан өткізіп жарыққа шығару керек;

- «Қыз Жiбек» операсын, пьесасын ақиқатқа орай қайтадан жазу керек;

- Классикаға айналған 2 сериялық «Қыз Жiбек» кинофильміндегі Бекежанның орнына қарақшы Кескентеректі енгізу керек; 3-ші сериясын жалғастырып, әменгерлікпен Жібек Сансызбаймен қосылып, олардың тұңғышы Төсбатыр ұлының қазақ елінің қалқаны болған ерлігін көрсету керек.

- Қожаберген жырау, оның шөбересі Сегіз сері (Мұхаметқанафия Баһырамұлы) бастауыш мектептен бастап, оқулықтардан орын алу керек.

Бұл тұлғалар орыс патша империясына бағынбай, сатылмай, өз халқы үшін қалқан болып, рухани мәдениетін биікке көтерген.

- Сегіз серінің шығармашылық туындылары сахна өнерінде кең орын алып, өз атымен шығуы керек. Осы күнге дейін, сахна өнерінде оның әндерін халықтың әні деп жариялайды.

- Сегіз серінің өз халқына деген сүйіспеншілігі, оның өмірі мен шығармашылық туындылары қазіргі және болашақ буындарға қазақ ұлттық мемлекет құру жолында – үлгі болуы ешқандай күмән туғызбайды.

Төлеубек Қарамендітегі, сәулет ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР-нің Сәулетшілер және Журналистер одақтарының мүшесі

Қолданған әдебиеттер мен деректер:

1.Серікқазы Қорабай. Халық мұрасының білгірі. («Алаш айнасы» газеті, №189 30.10.2013ж.)

2.Қарашаш Алпысбаева. Халық әдебиеті және Қарамендин. («Түркістан» газеті, №10, 12.12.2013 жыл)

3.Сейітқали Қараменді. Бекежан да бір арыс. («Қазақ әдебиеті» газеті, 19.07.1991жыл)

4.Көкбай Жанатайұлы. «Абайдан сабақ алдым бала жастан». (Алматы, 2005жыл 22- 25 бб.,

құрастырған Сейітқали Қараменді)

5.Сейітқали Қараменді. «Сегіз серінің Мұғал биге көңіл айтқаны». («Қазақ әдебиеті «газеті, №33,13.08.1996ж)

6. Сейітқали Қараменді. «Ер Сегіз». (Алматы ақшамы» газеті, №6, 1991ж)

7. Қожаберген жырау. «Елім-ай». (Қазығұрт баспасы, Алматы, 2012)

8.Амантай Бегенов. «Атамыздың жазығы не?». («Қазақ әдебиеті» газеті, №26,29.06.2007ж)

9. Нәбиден Әбуталиев. «Сардар Сегіз». («Мәдениет» газеті, 1-5.05.1993жыл)

10.М.Есламғалиұлы. «Төлегенді өлтірген кім?. («Парасат» журналы, 11.11.2000жыл)

11.Рахманқұл Бердібай. «Төлегенді өлтірген Бекежан емес». («Қазақ әдебиеті», 28.02.2003 жыл)

12.Ахмет Өмірзақұлы. «Бекежанның көз жасы. («Ақтау ақпарат» газеті, №8.21.02.2013 жыл)

13. Нұргүл Жамбылқызы. «Бекежан қандықол қарақшы болған ба?. («Қазақстан-Заман» газеті, 27.01.2012 жыл).

The post Тарихи шындық – ауыз әдебиетінен «Қыз жібек» дастанына орай appeared first on Қазақия газеті.