Қазақия газеті » Әбдірашит Бәкірұлы

Түнде пойызбен жүріп адасқанбыз…
Студентпіз. Жоғарғы курсқа жеткен соң жетекке жүрген бір-бір қызға үйленіп алғанбыз. Үйленген соң үй болуға бет бұрдық. Күзде қызымыз Назерке өмірге келді. Жетінші қараша қарсаңында Ұзынағаш стансасында тұратын бажам келіп «Балаға суық тигізесіңдер. Шешесіне сорпа ішу керек» деп оларды алып кетті. Мен мейрамға қарсы баратын болып қалып қойдым.

Мәскеу пойызы жүргелі тұр. Курстасым Қыдыр Бейсетаев бала-шағасымен еліне баруға жиналыпты. Солармен бірге вагонға кірдім. Ұзынағашқа дейін бір сағаттан сәл асатын жол. Жайғасқаннан кейін әңгімелесіп отырып, карта ойнауға кірістік. Уақыттың қалай өткенін байқамаппыз. Бір кездері жол серіктен жөн сұрасақ, ол «Отарға келіп қалдық» дейді бейғам ғана. Мәссаған! Ұзынағаш жолда қалған, Енді не істеуім керек? Содан Қыдырдың «Шымкентке тартып кетейік» дегеніне қарамастан, түнгі 11-де Отардан түсіп қалдым.

Вокзалдағы кестені қарасам, ертеңге дейін пойыз жоқ. Іздеп жүріп, кезекшілерді тауып алдым. Түтін иісі сіңіп кеткен бөлмеде, сыртынан сары майка киіп алған үш адам отыр екен. Олар маған: «Анау көк қақпалы үйдегі Верадан шарап әкел, сені жүк пойызының локомотивіне мінгізіп жібереміз» деді. Қуанып кеттім. Соңғы тиын-тебенімді жиып, айтқандарын әкеп бердім. Олар болса «жақсылық үшін» деп  бір алып қойды. «Жақсылық үшін» деп екі алып  қойды… Содан кейін ғана маған назар аударып: «Сені ертеңгі 10-дағы пойызға салып жібереміз» де-е-еп отыр!

Ашуланып далаға шығып кеттім. Перрон жағалап келе жатсам, азық-түлік таситын рефрижератор вагонның есігінен дәу орыс «Қай станция?» дейді. Жөн сұрастық — Сібірге барады екен. Мені ала кететін болды. «Үш досқа» рахметімді айтып, үш литрлік банкідегі орталанған шарабыммен вагонға отырдым. Қонақжай орыстар екен, барын алдыма қойды. Менің шарабым олардың шарабымен салыстыруға келмей қалды…

Екі жолсеріктің бірінің шахматтан бірінші разряды бар екен. Мен де қара жаяу емеспін. Бір- бірімізді ала алмай, талай партия ойнадық… Таң да ағарып атып келеді. Бір уақытта пойыздың жүрек соғысы баяулай бастады да, «у-ух» деп солқ ете тоқтады. Есікті ашсақ, 1-Алматы стансасында екенбіз. Осылай кешкісін Алматыдан шыққан пойыздың таң ата Алматыға қайтып «оралғанын» да көрген едік. Пай, шіркін, жалындаған жиырма бес!

The post Түнде пойызбен жүріп адасқанбыз… appeared first on Қазақия газеті.