Қазақия газеті » Өнеркәсіп

«Дана жол» қайда апарады немесе өндіріс өрістемей, тәуелсіздік тұғырлы болмайды
Елдің бизнес элитасын құрайтын кейбір азаматтардың Қазақстанның дамуына байланысты өзіндік көзқарасы бар. Олар өздерінің ой-пікірлерін, экономикалық саладағы ұстанымдарын арнайы бағдарламада тұжырымдап, оны «Дана жол» деп атапты. Біз онда айтылған мәселелерді мұқият оқып шықтық. Енді сол туралы сіздерге жеткізсек дейміз. Сұрағымызға жауап беретін — «Дана жол» қолданбалы экономикалық орталығының экономист, сарапшысы Айдос Атай.

- Кез келген адам  жарқын болашақты армандайды, экономикасы дамыған мемлекетте өмір сүргісі келеді. Ал Қазақстан экономикасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу үшін не істеу қажет?

- Кейбір елдің бай болуы, ал кейбірінің кедей болуы жайлы кез келген адам бір рет болса да ойланып көрген болар. Ұлыбритания, Германия, АҚШ, Сингапур, Швейцария және Жапонияны алайық. Мол шикізат қоры АҚШ-та ғана бар, Ұлыбритания, Германияда шикізат қоры аз, ал қалған мемлекеттерде мүлдем жоқ. Демек, аталған елдің бәрін біріктіріп тұрған нәрсе — технология. Тек технология ғана ұлттың нағыз байлығы! Мәселен, ұшақ, компьютер, азық-түлік өздігінен ұлттық байлық болмайды. Осы тауарларды ұлттың жасай білу қабілеті – нағыз ұлттық байлық. Ол қалай қалыптасады? Тек еңбек арқылы. Ол үшке бөлінеді. Біріншісі, өмір сүруге қажетті  азық-түлік, киім-кешек, жылу секілді қарапайым  қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Екіншісі, өндірістік қорларды сол қалпында сақтау. Үшіншісі, елде бұрын болмаған өндірістік технологиялар жасау. Міне, осылайша ұлттың байлығы артады екен. Сондай-ақ, ол екі жолмен де қалыптасады. Алғашқысы, сталиндік индустрияландыру, яғни  тұтынуды қысқарту жолымен жасалса. Кейінгісі, еңбек өнімділігін жаңа технологиялардың көмегімен арттыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл дамыған капиталистік елдердің жүріп өткен жолы.

Ұшақ жасайтын қоғам өз адамдарынан аэродинамика, механика заңдарын білуді талап етеді. Себебі, ұшақ жасайтын маман қажет. Сондықтан  бұл қоғамда осыған сәйкес мектеп және университет бағдарламалары жасалынады. Жоғары білімді адамдар саны көп болады. Ал ұшақ  жасамай, оны шикізатқа айырбастау арқылы иемденетін қоғам өз адамдарынан ондай білімді талап етпейді. Соған сәйкес, ол елді білім деңгейі төмен болады. Мұндай қоғам мәдени және саяси дамуы жағынан артта қалады. Сол себептен ұшақ жасайтын қоғамның саяси-идеялық білімі мен мәдениеті ұшақ жасамайтын қоғамнан әлде қайда жоғары болады. Сонымен, қоғам ұлттық, географиялық немесе нәсілдік ерекшеліктерге емес, өзін-өзі қажетті тауарлармен қамтамасыз ету тәсіліне негізделеді.

Ақшаның елге келетін бірінші көзі — шикізатты сатудан түсетін кіріс. 2001-2009 жылдар аралығында мұнайдан түскен табыс бізде 200 млрд. долларды құрады.  Осы қаражатқа мемлекеттік бағдарламалар мен білім беру және денсаулық сақтау салаларына қажетті дүниелер сатып алынды.

Демек, шикізаттан түскен табыс, шетел тауарлары мен қызметтерін сатып алуға жұмсалып, нәтижесінде, ішкі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық және инфрақұрылым салалары сол баяғы құлдыраған күйінде қалып қойды. Ақшаның елге келетін екінші көзі — біздің банктердің шетел қаржы ұйымдарынан алатын несие. 2001-2009 жылдар аралығында біздің коммерциялық банктер шетел банктерінен 55 млрд. доллар несие алды. Алайда, бұл қомақты қаржы шетелде әртүрлі жылжымайтын мүлікті сатып алуға, шетел банктерінде есеп шот ашуға жұмсалды. Нәтижесінде, біздің банктердің шетел қаржы институттарынан алып жатқан несиелері қайтадан сыртқа кетуде. Сондықтан еліміздің тауар-ақша айналымы бүгінде ішкі өндірісті дамытуға мүмкіндік бермейтін жүйе арқылы жүзеге асуда.

Қазақстан 1991 жылы  26 млн.тонна мұнай өндірді. Оның барлығы өзімізге тиесілі болды. Ал қазір 80 млн.тоннаға жуық мұнай өндіреміз. Алайда, оның 12 млн.тоннасы немесе бүкіл мұнайдың 15% ғана өз меншігімізде. 33% — Қытайдың, 25% — АҚШ-тың, 16% — Еуропа елдерінің, 11% — Ресейдің меншігінде. Яғни, мұнай кен орындарының көбісі Қытайға тиесілі. Қытайдың мұнай тұтыну деңгейі тұрақты түрде өсіп жатыр. Айтқан жерден аулақ, бірақ Қытай біздің мұнайымызға  бақылауды күшейткеннен кейін өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларына ауыз салып,  елдің қаржы жүйесін бағындыруға талпынбасына ешкім кепілдік бере алмайды.

-Бұл жағдайдың алдын алу үшін не істеу керек?

-Ол үшін елдегі қалыптасқан  экономикалық тұғырнаманы өзгерту керек. Біріншіден, мемлекеттендіру саясаты. Яғни, шикізат кен орындарының иелеріне ақшалай өтемақы төлей отырып, оны  ұлт меншігіне қайтару. Шикізатты мемлекеттендіру  — қалыпты  процесс. Себебі, мұнайды адам өз еңбегімен жасамайды. Мұнайды сатудан түскен табыстан бір топ инвестордың қомақты пайда табуы экономикалық тұрғыдан да дұрыс емес. Мысалы, Қазақстанда бір баррель мұнайды өндіруге кететін шығын 25 долларды құрайды. Оған 5 доллар көлеміндегі  кәсіпкер пайдасын қосыңыз. Нәтижесінде 30 доллар болады. Ал әлемдік нарықта бір баррель мұнайдың бағасы қазір 100 доллар. Демек, арадағы айырмашылық жетпіс доллар, ал бұл ақшалар  инвесторлардың қалтасында кетіп жатыр. Екіншіден, тәуелсіз қаржы жүйесін құру. Сол арқылы еліміздің экономикасы өркендеп, банктер отандық өндірушілерді ғана қаржыландырып пайда табатын болады. Үшіншіден, кәсіпкерлерге еркіндік беру. Ол үшін  сот қаулысынсыз немесе қылмыстық іс қозғалмай мемлекеттік тексерулерге тыйым салынса. Нотариалдық растаумен-ақ, мүлікті сату, сатып алуға және компания ашуға рұқсат берілсе.

Төртіншіден, ұлттық инженерлік-техникалық жүйе құрып, ішкі өндіріске озық технологияларды енгізу. - Бұл мақсатты жүзеге қалай асырамыз?

- Жүзеге асыру үшін медицина және инженерия мамандықтарын меңгеруге жыл сайын 15 мыңға жуық ауыл оқушыларын Германия, Швейцария, Жапония секілді елдерге оқуға жіберіп отыру керек.

Бесіншіден, отандық өндірушіні күшейту. Қазіргі таңда біздің өндірушілер әлемнің ірі компанияларымен бәсекеге түсуде. Бұл кішкентай бүлдіршінді кәсіпқой боксшымен жекпе-жекке шығарғанмен тең. Сондықтан отандық кәсіпорындар әлемнің ірі компанияларының деңгейіне жетуі үшін квота енгізіледі. Оның қалай екендігін нарықтағы сүттің мысалында түсіндірейік. Мәселен, Қазақстан жылына 6 тонна сүт тұтынады делік. Оның 3 тоннасын отандық, ал қалғанын шетелдік өндірушіден сатып алады. Осы кезде мемлекет кәсіпкерлердің басын қосып, келесі жылы сүт өндірісін неше есе көбейте алатындарын анықтап біледі. Егер «4 тонна сүт шығаруға шамамыз жетеді» десе, онда шетелдік сүттің 2 тоннасына квота енгізеді. Яғни, шетелдік өндіруші Қазақстанда екі тоннадан артық сүт сата алмайды. Демек, отандық сүт өндірісі үштен төрт тоннаға көбейеді. Жыл сайын сала-сала бойынша осылай жалғасып, импорт келешекте 5 пайыздан аспайтын болады.

Алтыншыдан, жалақы мен зейнетақыны және шәкіртақыны көбейту. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің, мұғалімдер мен дәрігерлердің және студенттер мен зейнеткерлердің нақты табысын көтеру. Жетіншіден, ұлттық өндірушілердің тауар өткізу нарығын кеңейту. Біздің ішкі нарық тар болғандықтан, біз тауарларымызды көршілес елдер нарығына шығаруымыз керек. Ол үшін біздің тауар шетел тауарына қарағанда арзанырақ болуы тиіс. Бұл ретте отандық өндірушіге тура және жанама субсидиялар берілетін болады. Мәселен, отандық тауар 3 доллар, ал шетелдік 2 доллар тұрады дейік. Бағасы қымбат болғандықтан, біздің тауардың өтімділігі төмен болатыны түсінікті.

Сондықтан отандық өндіруші тауар бағасын бір долларға дейін төмендетеді, ал екі доллар көлеміндегі айырманы мемлекет өтеп береді. Сегізіншіден, барлық табиғи монополиялардың мемлекет меншігіне қайтарылуы. Яғни, газ, жарық және сумен жабдықтаушы компаниялар мемлекет иелігіне өтуі тиіс.

Әр мемлекет өз ерекшеліктеріне қарай бұл жолды өзгертіп отырады. Кейбір елдер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамытса, кейбірі басқа салаларды өркендетті. Алайда, осы жолдан адасқан  кез келген мемлекет ерте ме, кеш пе, экономикалық күшінен, содан кейін әскери қуатынан айырылады. Бұрынғы Англияның да, қазіргі Қытайдың да экономиканы дамыту жолдары осы бағытпен жүрді. Бұл – ұлттың өзіне қажетті тауарларды өндіру жолы.

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

The post «Дана жол» қайда апарады немесе өндіріс өрістемей, тәуелсіздік тұғырлы болмайды appeared first on Қазақия газеті.

Пенопласт қалай жасалады? (ФОТО)
Ақтөбеде жеке кәсіпкер бірнеше жылдан бері тұрғын-жай ғимараттарына жылу сақтау үшін қолданылатын пенопласт өндіре бастады. Құрылыс материалдары нарығында өз орнын тапқан кәсіпкер өндіріс көлемін арттыра түспек. Жеке кәсіпкер Марина Агеева «Бизнестің жол картасы 2020″ бағдарламасының қатысушысы.

Ақтөбеде құрылысқа қажетті пенопласт өндірісі артты. Нысандарды жылыту үшін қолданылатын материалға сұраныс облыс орталығы мен аудан орталықтарында, шалғай ауылдарда жоғары. Өз кезегінде үкіметтің «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерге қолдау ретінде субсидия қарастырылды.

Пенопласт өндірісіне қажетті технологиялық желіні сатып алуға жалпы 3,7 миллион теңге көлемінде субсидия қарастырылып отыр. Кәсіпкер екінші деңгейлі банктердің бірінен 14 пайыз мөлшерлемелі несие алды, оның 7 пайызын мемлекет өтеп берді. Өз кезегінде аталған өндіріс орнының менеджері Айман Қазбаеваның айтуына қарағанда, бүгінде кәсіпкерлік нысанында 7 адам жұмыс істейді.

«- Айына 6-7 тонна өнім шығарамыз. Негізінен қала базарларында сатамыз. Соңғы кезде аудан орталықтары мен шалғай ауылдардан сұраныс артып келеді», — дейді ол.

Әзірге қала көлемінде бәсеке болатын өндіріс жоқтың қасы. Ақтөбе аумағында пенопласт шығаратын санаулы кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Айта кетейік, пенопласт материалы ұсақ полистиролдан жасалады. Оны көпіртіп, қалыпқа салады. Ұнтақтың басы біріккен соң, оны белгілі мөлшерде кеседі.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

The post Пенопласт қалай жасалады? (ФОТО) appeared first on Қазақия газеті.

Қырымбек Көшербаевтың қатесін кім түзейді?
Қырымбек Көшербаевтың қатесін кім түзейді?

Неге стратегиялық қате? Ғылымға аса қатты көңіл бөлген, ғалымдарын жорық кезде қорғаштап, әскердің ортасында алып жүрген Наполеон «Роберт Фултон желкеннің орнына бу машинамен жүретін кеменің жобасын жасап әкелгенде мән бермегенім – менің ең үлкен стратегиялық қатем болды, мән бергенімде теңізді біз билейтін едік, әлемге де ағылшындар емес, француздар үстемдік құрар еді» деп бармағын шайнап өткені тарихтан белгілі.

Қырымбек Көшербаев мырзаға стратегиялық қатесін жөндейтін кез келді. Мүмкін, сол жолы өзі шақырып отырған Н.Назарбаевқа Сейілбек Қышқашұлының кіруіне Қ.Көшербаев кедергі келтірмей, табалдырықтан кері қайтармағанда… Өнертапқышты Президент қабылдағанда, кім біледі, 35 жылғы күрестің азабы бір күнде ұмытылып, Сәкеңнің өмірі, ең бастысы ол ойлап тапқан теңдессіз жарақтарының өмірі мүлде басқа, оң бағытқа түсер ме еді.  Ондай теңдессіз жарақтың біреуінің жарық көруі тоғанды бұзған топан судай қалғандарына да даңғыл жол ашуы әбден мүмкін еді ғой. Солай болғанда, шіркін,  бүгінгі Қазақстан қай жерге барып қалар еді?!..

Қышқашұлы кім еді?

Алдымен туғанына 79-жыл, өмірден өткеніне 10 жыл болған, өзі жазушы («Паңзада» деген повесі 1970-жылдары «Жалынның» жабық бәйгесін жеңіп алған), өзі журналист (Қазақстанда АЭС салуға болмайтынын дәлелдеп, 1996-2001 жылдар арасында 16 мақала жазған, оның ішінде «Диверсанты всех стран, добро пожаловать в Казахстан!» деген тақырыппен «Терещенко, Школьник, Храпунов – бұлар диверсанттар!» деп атап-атап көрсеткен мақала да бар), өзі өнертапқыш (21 жаңа жарағына КСРО-ның авторлық куәлігін-патент алған, оның ішінде  жетеуі – әлемде теңдесі жоқ дүниелер) Сейілбек Қышқашұлы жайлы бір-екі ауыз сөз айта кетсек дейміз. Бұл — көтеріп отырған мәселені тереңірек түсінуіміз үшін қажет.

Кеңес Одағы тұсында жаңалыққа жаны құмар, бір нәрсе ойлап таппаса отыра алмайтын, нағыз халықтың қаймағы саналатын өнертапқыштардың өмірі өмір емес, тозақ еді. Себебі, мемлекет жаңалықты өндіріске енгізуге барынша бейімсіз, мейлінше құлықсыз болды. Мамандығым инженер болған соң, менің өзім де студент кезде, одан кейін де осы мәселеге қатысты «Известия», Комсомольская  правда» газеттеріне, КСРО Ғылым мен техника жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы академик В.Легасовқа  бірнеше хат жаздым, Нильс Бор айтқан («ваша идея никуда не годится, потому что она не сумасшедшая») нағыз «жынды жобаларды» іріктеп, ендірумен ғана айнлысатын арнайы мемлекеттік мекеме құруды ұсындым… Бірақ, кеңес елінде ешнәрсе өзгермейтін. Бұл жөнінде

Сейілбек Қышқашұлы өзінің 26.12.2000-26.09.2001 аралығында жазған, 2011 жылы ғана жарық көрген «Арпалыс» атты деректі дастанында Президентіміз Н.Назарбаевтың «Без правых и левых» деген 1990 жылы шыққан кітабынан үзінді келтіріп, әдемі айтып кеткен.

Міне, сол сыртынан өте жақсы білетін Секеңмен мен «қартайғанда» журналистік жолға түсіп, Алматыға барған соң, 2004 жылдың наурызында таныстым.

Бір күні өзінен сұрадым:

-Сіз осы дүниелеріңіздің қайсысын айрықша атап өтер едіңіз?

-Олар – төртеу. Астық оратын ұшақ, тұқым сепкіш (бір өткенде жерді жыртып, тұқымды сеуіп, дәл қасына тыңайтқышты құйып, дәннің бетін жауып кететін машина), кенқазғыш және мақта жинайтын комбайн.

-Ал, «өзімнің шығармашылық шыңым» деп бағалайтыныңыз қайсысы?

-Мақта жинайтын комбайн.

Мен таңғалдым. Секең астық оратын ұшақты айтады деп күткенмін. Себебі, одан артық қандай «сумасшедшая идея» болуы мүмкін?

-Неге?

-Өйткені, мен бірінші рет өмірімде қиялымдағы идеяны техника түрінде жасап шығаруға шамам жетпей қала ма деп күмәндандым. Жоқ, Құдайға шүкір, жасауға шамам жетті.

Шынында да, бұл бір ғажап дүние! Өмірінде мақта деген өсімдікті көрмеген жанның кәдімгі адамның қолы сияқты ашылып-жабылатын, жүйектің екі жағындағы әр бұтақта айнала әрқилы деңгейде өсетін 15-тен 30-ға дейінгі қаптаған қауашақтан мақтаны жинап ала алатын темір қолдарды жасап шығаруы! Бұның қаншалықты фантастика екенін біз секілді мақта теру деген «тажал» жұмыс-

ты басынан өткізген адамдар ғана бағалай алады…

-Ал, ең пайдалы жарағыңыз деп қайсысын атайсыз?

-Кен қазғыш машинаны.

Мен тағы таңғалдым. Бұл жолы Секең тұқымсепкішті атайтын шығар деп отыр едім.

-Неге? Ол тек көмір ғана қазбай ма?

-Жоқ, ол әмбебап машина. Оның көмір қазғаннан гөрі жол салғанда пайдасы көбірек тиеді. Себебі, менің машинам жол табанына топырақ төсеп таптайтын, сосын гравий төсеп таптайтын, сосын қиыршық тас төсеп таптайтын, пәленбай рет қайталанатын операцияны бір-ақ рет жүріп жасайды және пәленбай рет жасағаннан артық етіп жасайды. Өйткені, менің машинам әдеттегідей өзінің салмағымен таптамайды, ол ұрғылап таптайды.

Мен ол кезде «Жалында» жауапты хатшымын, әрі «Жас Алашта» жарты ставкіде істеймін. Секең «Жас Алашқа» жиі мақала береді. Жазғанының бәрі әдеттегідей балталасаң бұза алмайтындай болып қисынға, дерекке, дәлелге құрылады. Сол жылдың ұмытпасам тамызында тағы да өзінің жарақтары туралы «Облыс әкімдеріне ашық хат» деген тақырыппен мақала әкелді. Маған тастап кетті, мен оны редакторымыз Жүсіпбек Қорғасбекке алып бардым.

-Өмеке, — деді редактор, — біз ол кісінің жазғандарын қайтармай басып жүрміз ғой, бірақ, бұлай жаза бергеннен ешнәрсе шықпайды.

-Шығатын жолы қандай, Жүсеке, мен айтайын ағайға.

-Шығатын жолы Машкевичтерге бару…

Жүрсін Ерманның «айтыс аман қалу үшін мен шайтанмен болсын амалын тауып жұмыс істей беремін» деген сөзі есімде, Секеңе бардым.

-Жоқ, қазаққа керек болса істетіп алар, мен еврейлерге бармаймын!

Бармады. Біз мақаланы бастық. Ешнәрсе шықпады…

Ешнәрсе шықпауының бір себебін, мен ол кісінің өз заманынан озып туғандығынан, ойлап шығарған заттарының ерекше, бір қарағанда жоғарыдағыдай ақылға сыймайтындығынан көрем…

ҚАТЕЛІК ЖАСАҒАННАН ОНЫ ЖӨНДЕМЕУ ҚАТЕРЛІ…

Бұлайша ойлау қабілетін орысша «парадоксальное мышление» деп атайды. Мен өзім дәл сол Сейілбек марқұмдай ойлай алатын өнертапқыштар алты миллиард адамзат баласының арасынан ары барса бес-алтау ғана табылады деп білем. Сондықтан кезінде «Евразия» апталығында «Миллиард ішінен бір жалғыз» деп үш нөмірге көлемді мақала берген едім. Секең сол 2004 жылдың аяғында қатардағы операциядан тұрмай қалды. Қабырының басындағы құлпытасқа ағайындары менің сол сөзімді жаздырыпты…

Жүз емес, мың жылда бір ғана келетін адам қазақтың маңдайына сыймай кетті. Енді біз, тірілер не істеуіміз керек? «Ештен кеш жақсы», кеш те болса Секеңнің теңдессіз дүниелерін жарыққа шығаруға тырысуымыз керек.

Секең өзінің «Арпалысының» 254-256-беттерінде 1996 жылы 30-желтоқсанда Н.Назарбаевтың журналистермен кездесуін, онда Әшірбек Амангелдінің: «Нұреке, сіз әр кез «Қазақстан шын мәнінде Тәуелсіз мемлекет болу үшін өз техникасы, өз технологиясы болу керек» дейсіз» дей келіп, өзінің, Сейілбек Қышқашұлының тар жол, тайғақ кешуі жайлы Президентке айтқанын, Президенттің Қырымбек Көшербаевты (баспасөз хатшысын) көрсетіп:

«-Ол кісі барлық ұсынысын Қырымбекке әкеп берсін. Өзім ол кісіні қабылдаймын, — деді» деп жазады. «1997 жылдың 14-қаңтарында екінші рет қабылдағанда Қырымбек қолымдағы сызбаларды көрсетіп:

-Сізге керегі осыларды жасату ма? Мен жасаттырам, — деді.

Сөйтіп, Нұрсұлтанға кірейін деп тұрып, кіре алмадым. Менің «Нұрсұлтанның айналасындағы көмекшілері Нұрсұлтан мені қабылдаймын десе  де қабылдатпайды» деуім осыдан» деп жазады.

Секең тағы былай жазады. «1999 жылы 5-қазанда Ұлттық академияда ұлы бабамыз Мұхаммед Хайдар Дулаттың туғанына 500 жыл толуына орай арнайы халықаралық конференция өтті. Оған Көшербаев та қатысты. Ол кезде ол Білім және ғылым

министрі. «Айналайын, сен мені танисың ба?» деп едім, арада екі жыл өтсе де ұмытпапты: «Аға, мен Алматыға 11-күні қайта келем, сонда кеңсеге келіңіз» деп, қабылдау бөлмесінің телефонын берді. Сезіп отырған шығарсыздар, Көшербаев бұл уәдесін де орындамады» дейді…

Соғыста күйрей жеңіліп, орасан зор контрибуция төлеген Жапония инновацияны енгізуге барлық жағдай жасағаны себепті әлемнің алдында тұр. Сөзімізге бір ғана дәлел. Эдгар Деминг атты америкалық ғалым «сапаны басқару керек» деген идеясын өз елінде өткізе алмады. Қай жерге барса да оны күлкі етті: «Адамды басқаруға болады, сапаны басқару деген немене тағы?» 1950 жылы ойламаған жерден Жапонияға  жолы түсті оның. «Сіздер менің айтқанымды істеңіздер, сонда 5 жылдан соң менің отандастарым алдарыңызға құлдық ұрып келетін болады. Ары қарай істей берсеңіздер, тағы 5 жылдан соң күллі әлем аяқтарыңыздың астында жатады» деді. Жапондар жабыса кетті. Демингтің айтқаны айдай келді – сапа жөнінен сол кезде шырқап алға шығып кеткен жапондар әлі күнге ешкімге қарасын көрсетпей келеді.  Жеңімпаз КСРО қолдағы барын бағалай білмейтін сол сорлы күйінде қалып қойды. Ақыры осы кемшілігі оның түбіне жеткен көп себептің бірі болды.

Ал, біз, бүгінгі тәуелсіз Қазақстан, не істеп отырмыз? «Арпалыста» Секең Президентіміз Н.Назарбаевтың 1991 жылы жазылған «Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства» деген кітабынан үзінді келтіреді: «В-четвертых, богатый, не востребованный по-настоящему прежней системой арсенал научных идей, открытий и изобретений, но пока, к сожалению, не находящих государственной поддержки из-за живучести бюрократических традиции, невосприимчивых к риску, ко всякому новому, выходящему за рамки обыденных представлений». Не өзгерді? Ешнәрсе де! Ол ол ма, Президент Н.Назарбаев 2010 жылы «Нұр Отанның» кезектен тыс сиезінде керемет сөз айтты. «Инновация – біздің ұлттық идеямыз болуға тиіс!» деді. Іліп әкеткен ия бір министр, ия бір әкім болсайшы!

«Қайтсем халықты бір идеямен оятамын» деп жүрген Президент жақында «Мәңгілік ел боламыз» деді. Міне, бұл сөз басшыларымызға қатты ұнап қалды. Неге? Өйткені, ол инновация емес, нақты ешқандай іс істемей-ақ неше түрлі етіп құр сөзбен құлпыртып айта беруге болады.

Ал, біз инновация енгізуге құмарлықсыз, жаңалықты енгізуге құштарлықсыз ешқашан мәңгілік ел бола алмаймыз! Өйткені, сөзге мазмұн керек. Аяққа тіреу, арқаға сүйеу, қолтыққа демеу болатын нәрсе керек. Ол – тағы да инновация. Бірінші кезекте – техникада! Технологияда! Өндірісте! Өндіріс – өмір өзегі.

Батыстың бар өндірісін өзіне көшіріп алған Қытайдың дағдарыстан қылшығы қисайды ма? Жоқ, қайта Батыстың зауыттарының бәрін арзан бағамен сыпыра сатып алып жатыр! Дағдарыс – ақшаны Құдай санайтын Батыста!

Біз Қырымбек Көшербаевтай ел азаматын жазғырудан, кінә тағудан аулақпыз. Жұмыс істемеген адам ғана қателеспейді. Кезінде Секеңе берген екі уәдесін орындамаса қолынан келмей қалған шығар, тәжірибесі жетпеген шығар. Ал, бүгін Көшербаев кемеліне келген, кемеріне толған, ыстық-суықтың бәрін көрген, сүзгіден өткен, он бес жылдан бері аттан түспей келе жатқан, Президенттің сенімді серігінің, белді нөкерінің бірі. Батыста жалаң идеяны эксперименттік техникалық нұсқаға айналдыратын, сосын оны сынақтан өткізетін, «старт-ап» деп аталатын кезеңнің бар шығынын мемлекет түгелдей өз мойнына алады (бізге ол әлі қол жетпес арман). Сосын жекеменшік фирмаларға ұран тастайды: «Мына дайын машинаны кім өндіріске қойып жасап шығарады?» дейді. Жалаң идея емес, «жаны бар» техникаға жұрт таласа-тармаса жабысады енді. Мұнайлы, газды білдей бір облыстың әкімі де Сейілбек Қышқашұлының ең болмаса бір жаңа жарағын сондай кезеңнен өткізіп береді, сөйтіп, Қазақстанның шын мәнінде тә-

уелсіз болып қалуына өз үлесін қосады деп үміттенеміз. Жекелеген жігіттер емес, шын мәнінде халқымыз түгел байысын десек, әруақтарды риза етуіміз керек қой. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деп дана қазақ бекер айтты дейсің бе…

Өмірзақ АҚЖІГІТ

The post Қырымбек Көшербаевтың қатесін кім түзейді? appeared first on Қазақия газеті.