Қазақия газеті » Білім

Жалыққаннан емес, жаныма батқаннан жазып отырмын
Бұл мақаланы жазудағы себебім, біреуді қаралау, не кінәлау, ұлтты, тілді кемсіту  емес. Жаныма батқан мәселені оқырманмен бөлісу немесе балаларын орыс мектебіне беретін қазақ ата-аналарға ой тастау.

Әңгімені ашығынан бастасам: жаныма бататыны, өзге тілде сайрап, өз тілінде бір де бір сөз білмейтін жас бүлдіршіндер. Яғни, қаны қазақ бола тұра олардың орыс тілінде еркін шүлдірлеуі. Қазақ ата-аналарының балаларын орыс мектебіне беруі, анығырақ айтқанда, қазақ балаларының орыс мектебінің партасында отыруы қабырғамды қатты қайыстырады. Ауданымыздағы кез-келген №1, №2 орыс мектебіне барып, бір сыныптың есігін ашып қарасаңыз жартысына жуығы өзіміздің қаракөздер. Шындығын айтар болсақ, ата-аналар өздерін ойлап балаларын орыс мектебіне беріп жатады. Өзін ойлауы, қазақша екі сөздің басын біріктіре алмайтын ата-ана, баламды қазақ мектебіне берсем, үй жұмысын жасауда, жиналыстарда, тағы да басқа шараларда қиналамын, ұятқа батамын деп өзін ойлап, бейкүнә баланы да ана тілінен айырып жатады. Сондай-ақ, қазақ тілін жақсы білсе де, әртүрлі қаңқу сөзге еріп немесе балам орыс мектебінде 4-5-ке оқиды, қазақ мектебінде 3-ке түсіп қалады деп ойлайтын ата-аналар да бар. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», деген жақсы сөз бар қазақта. Жат тілде 5-ке оқығанша, өз ана сүтімен дарыған, ана тіліңде 3-ке болса да оқығанға не жетсін. Болашақта 3-ке оқыдың деп оған ешкімнің күлмейтіні анық. Ал, оны «өз ана тілін білмейтін, шала қазақ, мәңгүрт» деп өзгелердің келемеждемесіне кім кепіл. Ер жеткенде балаңыз сізді «мені неге кезінде қазақ  мектебіне бермедіңіздер?» десе, не деп сылтау айтпақсыз?

Құрметті ата-ана! «Ештен кеш жақсы». Әлі де кеш емес, балаларыңызды кез-келген уақытта қазақ мектебіне беруіңізге немесе ауыстыруыңызға болады. Өзіңіз де балаңызбен қосылып қазақ тілінде сөйлеп, жазуды үйренетін боласыз. Кешегі ар-намыс үшін жанын қиятын қазақтың бүгінгі ұрпағы ұсақталып бара жатыр ма, қалай? Жалпы өз басым, болашақта қазақ тілінің мәртебесі артып, әлі-ақ барлық іс-қағаздар қазақ тілінде жүргізілетіне сенемін, ол күн алыс та емес.

Жаңа оқу жылының жақындай бастауы, дайындық, бірінші сыныпқа балаларын бергісі келетін ата-ананың бала өміріндегі маңызды шешім қабылдайтын кезеңдердің басы. Маңызды болатыны, жоғарыда айтылғандай, қазір елімізде тілге, соның ішінде мемлекеттік тілге көп көңіл бөлінуде. Бірінші сыныптан өз ана тілінде білім алған балаға тілді тез меңгеру қиынға соқпайды. Бауыр еті балаңыздың болашағын ойласаңыз, дұрыс таңдау жасай біліңіз, бала болашағының тамырына балта шаба көрмеңіз! Балаңыз ешқашан орыс тілін ұмытпайды, бәрібір орыс тілінде сөйлей алатын болады. Себебі, орыс тілі оның ең бірінші меңгерген тілі. Бұл мәселелер тек қазақ ата-аналарына ғана арнап айтылған деген қатып қалған қағида жоқ, әрине. Өзге ұлт өкілдері де балаларын қазақ мектебіне беріп, балалары мемлекеттік тілде сөйлеп жатса бір ғанибет емес пе?  Орайы келгенде айта кетейін. Қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлы немересін қазақ мектебіне бергісі келіпті. Ал, баласы Бақытжан: «Қайтесіз әуре болып, қазақ мектебінде орын жоқ» дейтін көрінеді. Сонда, намысқой батыр атамыз: «Сен болғанда ешқайда бармаушы едім, немерем үшін, оның қазақ болып қалуы үшін бәріне де дайынмын» -деп, немересін қолынан жетектеп қазақ мектебіне өзі апарған екен. Бауыржандай немересінің болашағына бей-жай қарамайтын ата-әжелеріміз көп болғай. Айту мен жазу — менен, шешім қабылдау сізден — ата-ана!

Сәкен Алдабергенұлы, Павлодар облысынан

The post Жалыққаннан емес, жаныма батқаннан жазып отырмын appeared first on Қазақия газеті.

Реформадан көз ашпаған салаға жан кірді ме?
2015 жылы ғылым саласының басты бағыттарын дамытуға республикалық бюджеттен 43 миллиард теңге бөлінетін көрінеді. ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов жасаған ұсыныс бойынша аталмыш қаржы бөлінетін болды.  Таратып айтар болсақ, аталған соманың 16 миллиард теңгесі бағдарламалық-мақсатты қаржыландыруға, 21,6 миллиарды гранттық қаржыландыруға, 5,4 миллиард теңгесі базалық зерттеу ғылымына жұмсалады.

2015-2017 жылдарға арналған бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру бойынша сайысты өткізу барысында алғаш рет басты бағыттарды анықтау тәжірибесі қолданылмақ екен. Премьер-Министр К.Мәсімовтың төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысында аталмыш мәлімет айтылды.

Сонымен қатар,  ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерциялау мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазақстанда 2014 жылы ҚР білім және ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банк жүзеге асыратын «Технологияларды коммерциялау» жобасы аясында 710 млн теңге көлеміндегі қаржылай қолдауға 16 жоба ие болған екен.

Министрліктің мәліметінше, жалпы 2014 жылы ҚР БҒМ «Технологияны коммерциялау орталығы» ЖШС технологияларды коммерциялау гранттары бағдарламасына қатысуға 2014 жылы берілген жалпы өтінім саны 526-ке жеткен.  Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаевтың мәлімдеуіне қарағанда, «Технологияны коммерциялау» жобасының жалпы бюджеті 9,5 миллиард теңгені құраса, оған республикалық бюджеттен 7,5 млрд теңге бөлінбек.

«Бағдарлама мақсаты – өтініш берушілердің идеяларын коммерциялау, технологияны лицензиялау мақсатында оларды қаржыландыру, стартап компаниялар құру мен алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибемен жоғары технологиялы өнім сату», — дегенді ерекше атап көрсетті құзырлы министрліктің орынбасары.

Гранттық қаржыландыруды бөлу 2 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Сонымен, тұжырымдаманы негіздеу, техникалық құжаттаманы жасау және оны сертификаттау 22 млн теңге көлемінде 6 айға дейінгі мерзімде қаржыландырылады, өнімнің өнеркәсіптік үлгісін жасау 18 айға дейінгі мерзімге 74 млн теңгені бөлуді қарастырады.

Бұдан өзге, ғылыми қызметкерлердің аға және төменгі топтарына гранттар бөлу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осылайша, бүгінде қаржыландыру жалпы сома 4,5 млрд теңгеге 33 ғылыми жобаға жасалмақшы екен.

«Қаржыландыру көлемі мынадай: аға ғылыми қызметкерлер үшін 1,5 млн долларға дейін болса, төменгі санаттағы ғылыми қызметкерлер үшін 600 мың долларға дейін», болатындығын Т. Балықбаев мәлімдеді.

Айталық, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін жанынан Халықаралық материалтану орталығы ашылған. Аталмыш  орталықтың мақсаты заманауи зертхана орталығының үлгісін жасақтау, ғылым саласындағы жүйелік қызметті дамыту және ғылыми журнал, веб-портал секілді түрлі ақпараттық ресурсты жасақтауды көздейді.

«Бұл жобаны жүзеге асыруға 300 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді, бүгінде бұл орталық жұмыс жасап, әлемдік зертханалар деңгейіне жетуге ұмтылады», — деп қортындылады вице-министр.

Білім  мен ғылым саласында жасалатын қызметтер мұнымен шектелмейтін сыңайлы. Қыркүйек айына қарай техникалық білім беру саласын реттейтін 17 нормативтік-құқықтық актіге өзгертулер енгізу жоспарланған, деп мәлімдейді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

«Қазіргі таңда кәсіпкерлік маман тапшылығы бар. Соның ішінде орта деңгейдегі мамандардың жетіспеушілігі көзге ұрып көрініп отыр. ҚР БҒМ-мен бірлесіп, 17 нормативті-құқықтық актіге өзгертулер енгізілді, бұл өзгертулерді ведомствоаралық комиссия бекітті. Таяу арада оларды Үкіметке енгізіледі, қыркүйек айына дейін бұл 17 акт өзгертіледі деген үміттеміз», — деді Н. Әлтаев.

Оның айтуынша, аталған өзгертулер ҚР ҰКП, ҚР БҒМ мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арасында құрылған меморандум аясында енгізіледі. Құжат сонымен қатар «Білім беру туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

Еліміздің 400 кәсіпорны үшін 10 мыңнан астам маман Дуалды оқыту жол картасы бойынша даярланады, деп мәлімдеген Нұржан Әлтаев «400 кәсіпорын бүгінгі таңда 10 мыңнан астам маман дайындауға өтінім берді», — деп ерекше атады.

Оның мәліметіне қарағанда, дуалды оқытуды енгізудің жол картасы өңірдің 11 басым саласынан тұрады, олардың ішінде ауыл шаруашылығы, ветеринария, экология, металлургия, машина жасау, медицина, фармацевтика, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, сервис, басқару және көлік бар.

Жол картасында 2015-2019 жылдарға арналған өңірлердің үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалары мен облыстардың әрқайсысы бойынша басым салалар енгізілді. «Әр облыс бойынша кәсіпкерлерге қажетті мамандықтар тізімі жасалған, бұл мамандықтардың жалпы тізімі 83 мамандықты құрады. Тізімге 173 колледж енді», — деп түсіндірді палата басшысының орынбасары.

Сонымен қатар, ол қазіргі уақытта колледждерге тапсырыс беретін кәсіпорындардың арасында 3-4 тарапты келісім-шартқа қол қою процесі басталғанын айтты. «Кәсіпкерлік мамандарын дайындау барысында білім беру процесіне белсенді араласады. Олар оқушылардың оқу уақытының 60 пайызын тәжірибе мен жұмыста өткізуі үшін тәжірибелік алаң ұсынады. Осы орайда кәсіпкерлік студенттердің стипендиясын төлеуді де мойындарына алып отыр. Ең бастысы, оқу біткеннен кейін жұмыспен қамтамасыз етіледі», — дейді. Осылайша, реформадан көз ашпаған білім мен ғылым саласы енді нақты қадам жасауға тырысып жатыр. Бұған қарап салаға жан кірген бе деген ойда қалады екенсің.

Ризабек Алтайбай

The post Реформадан көз ашпаған салаға жан кірді ме? appeared first on Қазақия газеті.

Уәлихан Бишімбаев, Мәжіліс депутаты: «Оқу орындарын оңтайландыру сапаны көздейді»
- Уәлихан Қозыкеұлы, еліміздің Ғылым және Білім министрлігі тағы бір реформаны бастап жіберді. Бұл саладағы ендігі өзгеріс негізінен жоғары оқу орындарын оңтайландыруға қатысты болатын секілді. Негізге алынып отырған мәселе — көбейіп кеткен мұндай оқу орындарында білім сапасының төмендеп кеткендігі. Бірақ, ұлттық университеттердің білім сапасы да көңіл көншітпейді. Нарықтық экономика заңына  сай жекеменшік оқу орындарының көбеюі адал бәсекеге жол ашып, нәтижесінде  білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге тиіс еді. Бізде  бәрі керісінше болғаны ма?

- Бұл шара тек жекеменшік қана емес, мемлекеттік жоғары оқу орындарын да қамтиды. Оқу орындарын оңтайландырудағы басты мақсат – бәсекеге қабілетті мемлекеттік пен жекеменшік жоғары оқу орындарын түгелдей  тең деңгейде көрініс табатын жоғары оқу орындары жүйесін қалыптастыру.  Шыны керек, соңғы кезде бізде жоғары білімнің сапасы тек жекеменшік қана емес, мемлекеттік жоғары оқу орындарында да төмендеп кетті. Мұның айқын көрінісін бүгінгі еңбек нарығынан көріп отырмыз. Онда біздің еліміздің  заманауи бағдарламасын жүзеге асыратын мамандар жоққа тән болып отыр. Сондықтан, оңтайландыру ісі  дер кезінде қолға алынып отырған шара  деп ойлаймын. Әрине, бұл жұмысты жүргізу оңай емес.

Өйткені, жоғары оқу орындарының барлығының  артында   мүдделі топтар бар. Олар өз мүмкіндігіне сай бұл шараға кедергі жасауға тырысады. Мұның сыртында  әрбір оқу орнында жүздеген студенттер мен оқытушы ғалымдар мәселесін де шешу оңайлыққа түспейді. Олардың ешқайсысы  оңтайландырудың салдарынан қиындық көрмеуі қажет. Бүгінде жоғары оқу орындарын оңтайландыру барысының ашықтығын әрі оған жасалатын пәрменді  қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін Республикалық қоғамдық кеңес құрылған. Меніңше, бұл тұрғыда министрлік үлкен жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған дейін еліміздегі 149 университеттің 10-ы жабылған болса, таяудағы 2 жылда олардың жалпы саны 100-ге азайтылмақ.

Нәтижесінде, көптеген аймақтарда бір мемлекеттік және бір ірі жекеменшік жоғары оқу орны ғана қалады. Алдағы 3 жыл ішінде еліміздегі ақылы жоғары оқу орындарының саны 2 есеге дейін қысқармақ. Барлығы ретімен шешілсе, жоғары оқу орындарын оңтайландыру кадрлар дайындау ісіне елеулі ілгерілеушілік алып келеді деп ойлаймын. Әрине, бұл тұрғыда ескеретін мәселелер де баршылық.

- Ол қандай мәселелер? Парламентте «Жоғары оқу орындарын оңтайландыру туралы» заң жобасы таныстырылған кезде әріптесіңіз Дариға Назарбаева қыруар шараларға қарамастан, жекеменшік оқу орындарының жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтай қаптап келе жатқанын айтып,  «Бұл Білім министрлігінің кемшілігі, сапасыз оқу ордалары өздігінен жабылатындай нақты бір жүйе қабылдануы керек» деген мәлімдеме жасады. Сіздіңше, бұл мәселені қалай шешуге болады?

- Шынында да, олардың қаулап бара жатқаны сонша бір тас лақтырып қалсаң ол барып жоғары оқу орнының төбесіне түседі. Олардың біреуін жауып жатсаң екіншісі ашылып жатады. Меніңше бұл жоғары оқу орындарына қойылатын талаптың төмендігінен. Сонау тоқсаныншы жылдардағы экономикамыздың дағдарысты  кезеңінде қабылданған жоғары оқу орындарында бір студентке алты шаршы метр алаң болу  стандарты әлі күнге өмір сүріп келе жатыр. Егер ол гуманитарлық сала мамандарын дайындау ісінде қолданыла берсе әңгіме басқа. Бізде бүгінде жоғары оқу орындарында металлургтер де, ауылшаруашылығы кадрлары да, инженерлер де, музыка мамандары да түгел дерлік  жоғары оқу орындарында осындай алты шаршы метр жерде дайындалып жатыр.

Ал, әлем бойынша мәселен, ауылшаруашылығы маманы үшін ЖОО-да белгіленген стандарт кемінде он сегіз шаршы метр болу керек. Өйткені, онда болашақ маманды оқытуға қажет құралдар тұрады. Өкінішке орай, біздегі қабылданған стандарт мұның біріне сәйкес келмейді. Ал, бұл жоғары оқу орындарын ашуды бизнеске айналдырып алғандардың оң жамбасына келіп тұр. Бүгінде біздегі әрбір студент үшін жеткілікті алты шаршы метр алаң жертөлелердің де оқу орнына айналуының бірден бір себебі. Сондықтан, алдағы уақытта министрлік оқу орындарын ашуға жоғары талаптар белгілеп, оны жүзеге асыратын тиімді тетік, яғни стандарттарды жасап іске қосу керек. Сонда саңырауқұлақтай қаптаған  материалдық базасы төмен, оқытушы профессорлық құрамы әлсіз оқу орындары өздері жабылып, бұл нарықтан жоғалатын болады.   Мұндай талап кеңес өкіметі тұсында да болған. Онда өзінің жобалық қуатынан тыс бірде бір оқу орны артық студент алмайтын. Бізде осыған жетуіміз қажет.

- Оңтайландыру үрдісіне қатысты не айтар едіңіз? Бұл шара өзінің тиімді нәтижесін беріп, шын мәніндегі білім сапасына қол жеткізуі үшін қалай жүзеге асуы керек деп ойлайсыз?

- Меніңше, бұл шара механикалық түрде жүзеге аспау керек. Яғни, жекеменшік оқу орындары жаппай жабылып, немесе, бір-біріне  орынсыз біріктірілмегені жөн. Олардың арасында материалдық базасы жұтаң болғанымен оқытушылар құрамы жақсы, нарыққа қажет мамандарды дайындап жатқан оқу орындары бар. Оларды жойып жібермей, сала-сала бойынша біріктіру керек. Бізде қазір өкініштісі сол, барлық оқу орындары металлургтер дайындайды, немесе заңгер, экономистерді оқытады. Бұл дұрыс емес. Бізде еңбек нарқына қажетті мамандар әр аймақтың сұранысына сай әзірленуі керек. Әр аймақтың өзіне қажет мамандары өздерінде бар, бұрыннан келе жатқан оқу орындарында әзірленсе құба-құп.

Мәселен, Қарағанды үшін қажет металлург мамандарын Қарағандыдағы политехникалық оқу орындарынан артық  қандай оқу орындары оқыта алады? Қайткен күнде де оқу орындарын сала-сала бойынша біріктіру ұтымды болмақ. Өйткені, бір оқу орнында ауыл шаруашылығы немесе музыка маманы үшін қажетті жағдай жасау мүмкін емес. Оңтайландыру ісінде осы мәселелер ескерілуі қажет. Біз ойымызды министрлік өкілдеріне жеткізіп жүрміз.

Ұсыныс-ескертпелеріміз бұл реформаны жүзеге асыру барысында назарға алынады деп үміттенеміз.

The post Уәлихан Бишімбаев, Мәжіліс депутаты: «Оқу орындарын оңтайландыру сапаны көздейді» appeared first on Қазақия газеті.

Жүйесіз реформалар жүйкені жұқартты
…У-шу болған ҰБТ жазда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы 500-ден аса оқушы мен ата-аналарды 3 күн бойы көшеге шығартқан болатын. Өйтпегенде ше? Құпия тестік құжаттарды тапа-тал түсте «үндемес» мекеменің екі қызметкері 7 миллон тенгеге сатып жіберген. Ұзақ айқайдан соң екі ұры сотталып тынды. Енді аузы күйген үрлеп ішпек болып, бұл министірлік ҰБТ-дан құтылмаққа әрекет етіп жатыр. Соны кеңесіп барып неге кеспеген қасқа бастар?! Есесіне көзін тырнап аша алмай жүрген бірінші сыныптағы пақырларға ағылшын тілін жапсырып әуреге түсіп жатыр. Ал, ана тілің жабықтан жетімше жалтақтап қарап жүргеніне ешкімнің жаны ауырмайды.

Қазақта «Тисе — терекке, тимесе — бұтаққа» дейтін сөз бар. Білім мен Денсаулық  сақтау министрліктеріне бағытталып айтылған қағида  іспетті. Бұл екі министрлік те ғұмыры аз, болашағы бұлыңғыр реформалар мен баянсыз бағдарламаларды қабылдауға құмар. Оның арты шулығанға ұшырап, жұрттың жүйкесін жұқартып жатса да үкімет оларға жайбарақат қараумен келеді.

Оның бер жағында патшамыздың «Барлық капитал білімге жұмсалсын, қайтарымы болады», «100 мектеп, 100 аурухана» деген қанатты қағидасын қағып алған аудан, облыс әкімдері білгендерін істеп жатыр. Оны жаппай науқанға айналдырып алды. Арал ауданының бұрынғы әкімі Н.Мұсабаев қарасордың қақ ортасынан зәулім мектеп салдыртты. «Күштінің дүмі диірмен тартады» деген сол. Жалағаш ауданы орталығынан да 1500 орындық мектеп бой көтерді.  Онда небары 600-дей ғана бала оқиды. Қалған бөлмелері қаңырап тұр,  кейбірі балалардың әжетханасына айналумен келеді. Өйткені сонша орынға аудандағы балаларды тоғыта алмайсың. Бәрі де өзінің үйіне жақын оқу ұяларын қимайды. Десе де бала санының соншалық аздығына қарамастан зәулім жаңа мектеп салудан «атан жарыс» Қазақияда  қарқынды жүріп жатыр. Қайран, қаржы-ай!..

Жеткер Жүсіп

The post Жүйесіз реформалар  жүйкені жұқартты appeared first on Қазақия газеті.

Насколько обеспечена информационная безопасность страны?
За 22 года мы привыкли к тому, что определенная часть наших  граждан поневоле зависят от информационного влияния соседних стран — Узбекистана и России. Жители Сарыагашского, Казыгуртского, Мактааралских районов Южно-Казахстанской области обеспокоены тем, что они больше смотрят узбекские каналы, чем казахстанские. Их показывают без помех, а из казахстанских присутствуют только «Хабар» и «Казахстан», да и те с помехами.  О какой информационной безопасности страны может идти речь, если наши граждане обширных южных регионов живут по новостям и развлекательным программам другой страны? Необходимо признать культурное, информационное и языковое влияние Узбекистана на узбекоговорящую и даже казахоговорящую аудиторию южного Казахстана. Не установив там своего полного информационного присутствия, Казахстан не может “адекватно реагировать на информационные вызовы и внешние угрозы”. Ташкент активно заполняет информационный вакуум. Трансляции телекомпаний Узбекистана более привлекательны с точки зрения качества и содержания программ. В результате южные районы нашей страны открыты для радиовещательного экспансионизма. Данную территорию с легкостью охватывают каналы Национальной телерадиокомпании Узбекистана УзТВ-1 и УзТВ-2, а также частные и местные узбекские телерадиостанции — Новое ТВ, Яшлар, Спорт Узбекистон, Тошкент ТВ. Все передачи и фильмы исключительно на государственном — узбекском языке.

Широкую популярность в северных, северо-западных, северо-восточных регионах Казахстана обрели российские телеканалы. В Казахстане в данное время продаются больше российских печатных изданий, чем казахстанских. Этому причина несовершенство закона о СМИ РК и отсутствие должного контроля за этим сектором рынка. Например в Актобе показывают всяческие государственные и коммерческие телеканалы России, а вот в соседнем Оренбурге, по ту сторону границы, ситуация совсем иная. Пару лет назад  я был там, в приграничных селах и районах, где компактно проживают в основном казахи, так вот там не показывают казахстанские телеканалы, не слушают казахстанские радио и не читают наши печатные издания. Получается, у них запрещено продавать и реализовывать иностранные СМИ, а почему в Казахстане должно быть иначе?

Потому, что их власти думают о будущем страны и народа, и не хотят, чтобы иностранные СМИ присутствовали на их информационном поле, тем более в активном варианте, как сейчас они присутствуют у нас. Мы понимаем, что в рыночное время каждый волен продавать и покупать, что ему угодно, но если мы в скором времени не наведем порядка в этом секторе рынка, то мы всегда будем информационно зависимы от соседних стран. Это опасно для любого независимого государства мира, тем более для такой малочисленной страны, как наша республика, поскольку патриотизм граждан только формируется и нельзя допустить, чтобы она была подвержена влиянию извне.

Газиз Тортбаев

The post Насколько обеспечена информационная безопасность страны? appeared first on Қазақия газеті.

Қазақ тарихшылары үшін хронология ойыншық па?
Қазақ тарихшылары ғылымының хронологиясына жеңіл қарайтыны барған сайын көзге оғаш көрінуде. Мысалы, Абайдың туған күнін 170 жыл бойы 10 тамызда атап келдік. Зорға дегенде жаңа күнтізбемен 23 тамызға 2013 жылы ғана түзеттік. Бүгінгі күнтізбеден қашып құтылмайтын жағдайда  хронологияны ұмытылған күнтізбеден ажыратқысы келмейтін ғалымдардың ойын  түсіну қиын. Осындай ғалымдар ескі күнтізбені тықпалап, халықты шатастырып бітті. Бір топ алаштанушылар да Әлихан Бөкейхановтың туған күнін 5 наурыз деп атап келеді, шын мәнінде ол ескіше — 5 наурыз, жаңаша — 18 наурыз.

Белгілі қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Серік Ерғали Алаш партиясының 2- құрылтайын ескіше 5-13, ал жаңаша 18-26 желтоқсан деп көрсетіп, жұртты шатастырмайық десе, бір топ алашшылдар «ойбай, ұят болады, солай қалдырайық» дегенге саяды.

Болат Мүрсәлім:   Абайдың туған күнін 23-не тойласақ, онда Әлиханның туған күнін 6 наурыз емес, 19 наурызға тойлайық. Бірақ, солай істейміз деп, онсыз да әрең қалыптасып келе жатқан тәп-тәуір дәстүрлерді бүлдіріп алмайық.

Амангелді Құрметұлы:  Меніңше, қалыптасып келе жатқан даталарды өзгертуге талпынбаған дұрыс. Жыл сайын 13-желтоқсанда «Алаш күніне» арнап отырыс өткізіп келген «Аманат» келер жылы 25 желтоқсанға секірсе КТК мен «Время», «Зона.кз» сияқтылар бірден шабуылдың астына алып, «ақымақ қазақтар» дейтін болады. Оның үстіне 20 желтоқсаннан кейін Жаңа жылдың салмағы бәрібір басып кетеді. Орыстың ақпараттық ықпалы тұрғанда, тіпті орыстың өзі жер бетінде жүргенде Жаңа жылды Сіз айтып жүргендей түркілік негізге тарту жүзеге аспайтын іс.

Серік Ерғали: Хронологияны мойындау дәстүрге қандай зиян келтірмек? Керісінше, жұрт шатаспас үшін жақшаға ескіні, сыртына бүгінгі күнтізбелік датаны қойсақ, құда да, құдағи да тыныш емес пе? Ал, Әлиханның туған күнін шынында да 19-на көшіру керек. Тарихи хронологияны мойындау деген осы. Айғақ пен дерек — тарихи құндылық. Оның үстіне ресми түрде Алаш күні әлі қарастырылған да жоқ. Алаш тарихы қазақтың құндылығы болғанмен бүкіладамзаттық тарихтың объектісі, ертең алаштануды зерттеуші жапондар көрсе күлмей ме? Олар онсыз да біздің тарихты мықтап қолға алып жатыр, сонда қатеміз әлемге әйгі болмай ма? Дата — айғақ, оны бұрмалауға әсте болмайды. Тарих ең әуелі ғылым, содан кейін ғана идеология. Әділет үшін тарихты ғылым ретінде жазайық, ал идеологияны жүргізе берейік. Бірақ ескі күнтізбені тықпалаудың қазақ идеологиясына қандай қатысы бар? Ертең ешбір оқулық бүгінгі күнтізбемен кешегі 13 желтоқсанды кіргізбейді, кіргізсе «26 (13) желтоқсанда Алаш орда өкіметі жарияланды» дейді.  ХХІ ғасырда ХІХ ғасырдың күнтізбесімен кім өмір сүреді? Тарихтың хронологиясын бұрмалау қарапайым логикаға жатпайды, оны ештеңемен ақтау мүмкін емес… Және ешбір дәстүрдің қатысы жоқ. «Ақымақ қазақ болу» жалған датаны оқулық пен ғылыми кітапқа енгізгенде болады әлі. Оны басқалар көрмей тұрып, жайлап қана түзете қойған жөн.

Алтай Бұқарбаев

«Қазақия». Біздіңше, Серік Ерғалидың сөзі – сөз. Бізге жұрттың не дейтіні қажет емес, қажеті – ақиқат. «Ит үреді, керуен көшеді», көшімізді ертерек ың-шыңсыз түзей берейік. Ең бастысы қазақтың ісі алға басу үшін емес, өз нанын адалдау үшін үретін әр қанденге көңіл бөлетін болсақ, ешқашан түзелмейміз.

The post Қазақ тарихшылары үшін хронология ойыншық па? appeared first on Қазақия газеті.

Қазақ ғалымы қолдауға зәру
«Абай дейтін хакім, данышпан кісі еді. Әттең туған жері қазақтың іші болғандықтан қадірі азырақ білінді» Шәкерім

Жасалып жатқан реформалардың бетіне қаймақ болып ұлттық құндылықтарымыз шығатын уақыт жетті. Ұлттық таным, ұлттық ғылым, ұлттық білім мен ұлттық сана сараптамаған реформа қашанда халықтан қолдау табады дей қою қиын. Бүгінге дейін (әлі қаншаға жалғасары белгісіз) кеңестік дәуірде жата-жастана оқыған немесе тәжірибелеріне пайдаланған ресейлік педагогтар Шаталов, Амоношвили, Селевко, Эрдинеев, т.б. секілді аты-жөндері, оқыту мен тәрбиелеудегі әдістемелері ұстаздарымыз жазған ғылыми еңбектерде, жинақтарда басты ұстаным ретінде жиі қолданылады. Мысалы, қазақта әлі күнге математика саласында ғалымдар аз ба, әлде олардың еңбектері Қазақстан ғылымы үшін жарамсыз ба? Олай болса кеше ғана мың жылдық есепті шешкен Мұқтарбай Өтелбаев, қазақтан бұрын Америка мойындаған Уәлибай Өмірбаев, барлығымыз жақсы танитын Асқар Жұмаділдаевтар не істеп жүр? Бүгінгі әңгімеміз Шымкент қаласындағы №15 мектептің математика пәнінің мұғалімі Қалмырза Ізтілеуұлы туралы.

- Сізді қызметтестеріңіз «Үздік педогог-зерттеуші» деп атайды. Әрі 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында өткен осы аттас ғылыми-әдістемелік конкурстың жеңімпазы болған екенсіз. Бұл тегіннен тегін келген жеңіс емес болар?

- Ұстаз болған күннен бастап өз ісімнің қиындықтарын шешу жолдарын қарастырумен келемін. Соның нәтижесінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізе алдым. Мысалы 1976 жылдары математика пәнін оқытуда «термометрдің моделі» деген аспап жасап шығардым. Бұдан соң декарттық кординаталарды оқытуда пайдалану үшін «математикалық тақта» жасадым. Ал бастауыш сыныптар пәндерін біріктіріп, байланыстыра оқыту мәселесін шешу үшін «Әмбебап тақта» деген тақта ойлап шығардым. Сол кезде мектеп директорының оқу ісі жөніндегі жауапты орынбасары едім. Бұл еңбегімді әдістемелік ретінде мектепте пайдалануға нұсқау беру арқылы бастаған едік. Күні бүгін бұл үрдіс жалғасуда.

- Ол кезде қайда қызмет істейтін едіңіз?

- Ол кезде Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданына қарасты Бөген орта мектебінде қызмет атқаратын едім. Осы еңбегімнің барлығы да 41 жыл сол ауылда жүргенде жарыққа шықты. Мектепте ғылыммен айналысуға ден қойдым. Мен «бұрыштар» деп аталатын аспап та жасап шығардым. Ондық бөлшектерді жазу, шығару кезінде пайдаланатын көрнекі құрал ойлап таптым. Каменский: «Кез келген ұғымды мүмкіндік болса ұстатып көрсет, тіпті дәмін де таттырып көрсет» дейді. Мен де көрнекілік – білімнің кілті деп есептеймін. Сол үшін әрбір түйіні шешілмес есепке көрнекі құрал жасап, пайдалануды қолға алдым.

- Қөрнекі құралдарыңыз мектеп бағдарламасында пайдаланыла ма?

-Бөгенннен басқа мектепте қолдану үшін Білім және ғылым министрлігінің рұқсаты, ғалымдардың «қолдануға болады» деген пікірі керек. Ал, мемлекет, министрлік тарапынан «мынауыңыз жақсы екен, қолданысқа кіргізейік» деген адам болған жоқ. Бұл еңбектерім жайлы республикалық ақпарат құралдарында жазылды, өзім де жаздым. Сол жазылған мақала күйінде қалды.

- Авторлық құқық алу мәселесін қарастырмадыңыз ба?

- Алғашында жаңалық ашу, оны иелену деген ой болған емес. Тек оқушыларға жеңілірек болу жағын қарастырдым, елдің барлығы пайдаланғанын қаладым. Сол үшін республикалық БАҚ-та жарияладым да. «Әр еңбегіңді өз атыңа патенттетіп алмайсың ба» деген сөзден кейін ғана ойландым. Алайда, авторлық құқығымды сақтаудың жолын таппай жүрмін. Өзім жақсы араласатын, ғалым елағаларымыздан көмек күтіп, солардың демеуімен ғылыми кеңеске беріп қойып едік, одан әлі күнге жауап келмеді. Оған да екі жылдан асып барады. Енді өз бетімше ізденіп, интернет арқылы авторлық құқығымды қалпына келтірсем бе деген ойым бар.

- Осы еңбегіңіз арқылы жетістікке жеткен шәкірттеріңіз бар ма?

-Бұл мектеп қабырғасында ғана пайдаланатын құралдар. Ал аудандық, облыстық семинарларда, тәжірибе алмасу конференцияларында менен естуі бойынша қолдан жасап алып, өз мектебінде пайдаланып жүрген ұстаздар бар. Және өте тиімді болғандығын айтып, алғыс жаудырып жатады.

- Математикалық формулаларды оңай шешу жолын қарастырып көрмедіңіз бе?

-Иә, бұл жолда да біраз еңбек еттім. 1995 жылы трапеция фигурасының түрлерін классификациялаумен айналысып, оны жетілдіргеннен кейін жаңа қасиетін таптым. Және оның ауданын табудың жаңа формуласын шығардым. Бұл жөнінде сол кезде аудандық, облыстық педагогикалық оқуларда, Шымкенттегі М.Әуезов атындағы, Көкшетаудағы Ш.Уәлиханов атындағы университеттерде өткен халықаралық ғылыми конференцияларда осы тақырып бойынша баяндамалар жасадым.

2002 жылы М.Әуезов университетінде осы жұмысым жайлы арнайы семинар өткіздім. Өзбекстаннан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 20-дай ғалым сол жиында менің бұл еңбегімді талқылады. Соның нәтижесінде «Трапецияны классификациялауды мектеп оқулығына енгізуге болады екен» деген пікірлерін жазып берді. Алайда, оны ешбір оқулыққа енгізе алмадым. Себебі, жаңалықтарымды Білім және ғылым министрлігіне жазған емеспін. Тек сабақтарда қолдандым. Халықаралық олимпиадаға қатысқан бір оқушым есепті менің формулам арқылы жеңіл түрде шығаруға болатындығын айтып, республикалық «Алгоритм» журналына жазды.

- «Трапецияның бұрыштары» жайлы толығырақ тоқталсаңыз?

- Трапецияның «тік бұрышты» және «сүйір бұрышты» деп аталатын екі түрі ғана бар. Қалғандарының арнайы атауы жоқ. Мен трапецияны 4 топқа  — «сүйір бұрышты», «тік бұрышты», «доғал бұрышты» және «тең бүйірлі трапеция» деп атадым.Бұл еңбегім ғалымдар тарапынан жоғары бағаланды. Анықтамалары мен ғылыми формулаларын жасадым.

Математикалық ұғымдарды тереңдете саралап, жіктеген (классификациялаған) сайын ол жеңілдей береді. Соның нәтижесінде жоғарыда айтқан трапецияның қасиетін анықтауға қол жеткіздім. Ол трапецияның табаны мен диагоналдарының арасындағы байланыс. Кей ғалымдар, осы саланың ұстаздары «бұл басқа математикалық әдебиеттерде болуы мүмкін» дегенді алға тартты. Бірақ, мен өз басым әлі кездестірген жоқпын. Интернеттен де іздеп көрдік, табылмады.  Осы формуланы трапецияның ауданын табудың классикалық формуласы деп аталатын (кей әдебиеттерде «Фараби формуласы» делініп жүр) формуладағы өз орындарына қою арқылы трапецияның ауданын табуға болады. Бұл жерде айта кететін бір жай, дәл осы мен ойлап тапқан формуланы классикалық формулаға сала отырып, оқушылар кез келген олипиадалық есептерді ауызша шығаруға мүмкіндік алды. Бірақ, бұл жетістік ешбір жерде ауызға алынбай жатқандығы қынжылтады мені.

Маған кездескен ғалымдардың, оқытушылардың, математика саласын зерттеп жүрген адамдардың көбі ауызша «тамаша еңбек» екендігін айтқанымен, өз ғылыми жұмыстарында бұл жайлы тіс жармайды. Ал трапеция ауданын табуда баяғы формулалар пайдаланылып келеді. Бұл ұзақ уақыт есептеп барып нәтиже берер формула. Мен ойлап тапқан формула арқылы тез әрі жылдам есептеп шығаруға болады.

1999-2001 жылдары Қазақ-Түрік университетінің доценті Жасұзақ Бейсеков ағамен бірге мектептегі математика пәнінің мұғалімдеріне арналған, «7-11 сыныптарға дейінгі алгебра мен геометрияны оқыту» деп аталатын, 10 кітаптан тұратын әдістемелік құрал жазған едік. Соның 8-і ғана баспадан шықты. 11 сыныптарға арналған екі кітап қаржы жоқтықтан шықпай қалды. 9 сыныптарға арналған нұсқада трапецияны есептеу мәселесі қаралады. Ол да арнайы республика көлемінде жарық көрмегендіктен, көпшілік оқушыға жетпеді.

- Ашқан жаңалықтарыңыздың рухани бағасын ала алдыңыз ба?

- Кеңес уақытында Алтынсарин орденінің иегері, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің лауреаты атандым. 1998 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» атандым. Бұл менің ұстаздық еңбегіме берілген баға. Ғылыми еңбегім үшін емес. Марапаттың барлығын байқауға қатысып алдым, сондағы жетістіктерім. Ал, былайша еңбегіңнің бағаланғанын қалайсың ғой, әрине.

Осы еңбектеріме өз бетімше авторлық құқық алғым келіп, аудандық, облыстық білім бөлімдеріне барғанымда маған қайда қалай баратынымды, қандай құжаттар тапсыратынымды түсіндіріп беретін бір маман табылмады. Қазіргі білім-ғылымға көңіл бөлініп, күнделікті жаңа жетістіктерге қол жеткізіп отырған заманда облыстық білім департаменттерінің жанында осы сұрақа жауап бере алатын бір маман болғаны ұстаздар үшін өте тиімді болар еді. Бізде кез келген мәселені шешу жолдары табылған, бірақ, іске асыру жоқ. Осы еңбектерімді жинақтап, бір ізге түсіріп, кандидаттық жұмысымды 2010 жылы жазып бітіргенімде Білім және ғылым министрлігінің кандидаттық қорғауды тоқтату туралы жарлығы шықты да, сол бойы қалып қойды.

- Әңгімеңізге рахмет!

Асқар Жұмаділдаев бір сұхбатында: «Қазақ халқының бар екенін әлем жаңа біліп жатыр. Ал еврейлер мен ағылшындар, немістер мен жапондар әлемді барлық сала бойынша билеп-төстеуге үйреніп алған. Олардың миына «қазақ жаңалық жасайды» деген ой кіріп те шықпайды» дегені бар еді. Басқаны қойып қазақтың өзінің санасына сіңген бұл ұғым өз мықтыларымызды мойындауымызға жол бермей отыр. Алайда, қолда бар алтынның қадірін білетін уақытымыз әлдеқашан жетті. Қалмырза Ізтілеуұлының жаңалығына ел болып қолдау көрсету — барлығымызға міндет.

Шәкербай Найман

The post Қазақ ғалымы қолдауға зәру appeared first on Қазақия газеті.

Жемқорлықтан көз ашпайтын мектеп
Астананың  іргесінде орналасқан Қоянды ауылында биылғы оқу жылында жаңа мектеп бой көтеріп, тұрғындардың төбесі көкке екі елі ғана жетпегендей еді. Енді ше?! Бүлдіршіндер он үш шақырым жерден қалаға қатынап оқыса, кейбірі ескі балабақшаны мектебім деп есептеп келген. Алайда, қояндылықтардың қуанышы ұзаққа бармаған сыңайлы. Себебі, бір топ ата-аналар қауымы оқу ордасындағы білімнің сапасы мен тәртіпке қатысты шағым айтып отыр.

Мәселенің мән-жайын мектеп директоры Жәди Шәкенұлының мекен-жайына бағыттаған қояндылықтардың айтары көп. Ел орталығына жақын жатқан елді мекенде бой көтерген тұңғыш қазақ мектебінде оқулық жеткіліксіз. Оқушы саны күн санап өсіп жатса да, басты қазына – кітапты есепке алмаған орта мектеп шәкірттері сатып алуға мәжбүр. «Дүкендерге сатылымға түсетін оқулықтардың бағдарламасы әр түрлі. Тіпті, кейбірі келесі жылға жарамай қалып жатады» дейді көп балалы ананың бірі.

Оқу кестесі де екінші оқу тоқсаны аяқталғанша тұрақталмаған. Автобуспен қатынап оқитындар ретсіздіктің кесірінен көлік келгенше бос жүруге мәжбүр. Уақыттары сәйкес келмейтіндіктен, кей пәндерді дұрыс оқымаған баланың ертеңінен не күтуге болады?! Ата-аналар жиналысы мүлдем өткізілмейтіндігін алға тартқан қауым қақаған аязда пана болмайтын ғимарат жайын да айналып өтпеді. Өзі суық сыныпта екінші аяқ киім ауыстырып киюге мәжбүрлейтіндіктен, балалар ауру-сырқаудан көз ашпайтын көрінеді.

Өкінішке қарай, онсыз да жемқорлықтан көз ашпай отырған қоғамда мектеп қабырғасында да ақша жинау толастар емес. Әр ұсақ-түйекке 100-150 теңгеден жинағанда, 1200 баладан қаншалықты пайда түсетінін есептей беріңіз.

Ұстаздар қауымының да өкпесі қара қазандай. Шәкірт тәрбиелеп жүргендеріне қанша жыл болған мұғалімдер жоғарыда айтылғандардың барлығы ұят та болса шындық деп отыр. Олардың айтуынша, Жәди Шәкенұлы басшылық қызметке тұрған қыркүйек айынан бері былық  көбейіпті.  Қытай  елінен қоныс аударған директор жеті жыл сол елде мұғалім болғанымен, Қазақстанға келгесін педагогика саласында жұмыс істемеген. Отандық жүйеде тәжірибесі жоқ адамның жоғары категориялы ұстаз атанып, мектептің тізгінін қолына алып отырғанына таңымыз бар дейді әріптестері. Тіптен, басында әдебиеттен сабақ беремін деген директор кейіннен тарихшымын деп мың құбылған.

Сондай-ақ,  мамандарды қызметке алу барысында бөле-жарушылық та бар көрінеді. Ата-аналар айтқан шағымға сүйенсек, мұғалімдердің сауаттылық деңгейі туралы сөз қозғаудың өзі ыңғайсыз секілді. Яғни, ұстаздардың тілінде қытайша акцент басым, балалар кейде түсінбей қалып жатады. Жоғарғы сыныпта оқитын қыз балалар тарапынан дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері өздеріне әйел заты ретінде қарайтынын айтып, жиі шағымданады екен.

«Қояндыда тұрғаныма 8 жылдан асты. Осы уақыт аралығында алға жылжуды байқаған жоқпын. Үлкен ұстаздарға айтар шағымым жоқ. Тек кейіннен жұмысқа тұрған білім берушілер этика, эстетика деген ұғымға жақын болса екен деген тілегім бар. Қайбір жылы 2000  теңгеден ақша жинатқан оқу бөлімінің басшысын қызметінен босаттырғанбыз. Балаларыма мұндай әрекеттердің заңсыз екенін түсіндіргім келгенімен, олар ақша тапсырып жатқан өзге замандастарынан қысылып, намыстанады. Аудандық басшы да жыл сайын ауысады» дейді ашынған ата-ананың бірі Баян Ахметова.

Рухани байлықпен сусындататын шаңырақта ара-тұра ұрлық та пайда болған. Асхананың қызметі де көңіл көншітерлік емес. Аналардың айтары: «Тамақ сапасыз, тағам қуыратын май ауыстырылмайтындықтан, балаларымызды тамақтандыруға қорқатын болдық». Ал дәретханадағы су мектепке тексеріс келгенде ғана ағызылады. Мектептің алдындағы аялдама қоқысханаға айналған. Тазалықтан ада болғандықтан, барлық иттер сол жерде. Қояндылықтардың айтуынша, су мен қоқысқа директордың жұбайы жауапты. Демек, ай сайын әр отбасыдан қоқыс төгуге жиналатын 1500 теңгенің барар жері белгілі.

Бұл мәселе бұған дейін аудан, облыс көлемінде  4-5 рет тексерілген екен. Әйтсе де, нәтиже байқалмайды. Адам саны күн санап өсіп жатқан ауылдық округ тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Ішкі істер департаментінің өкілі мәселенің тексерусіз қалмайтынына уәде берді…

Мақпал ЖҰМАШОВА, Астана

The post Жемқорлықтан көз ашпайтын мектеп appeared first on Қазақия газеті.