Қазақия газеті » Бердібай Кемал

Аймағамбетов айды аспанға шығарды
Бұл жағдай биыл сәуірдің басында болған еді.

Ақтөбе қалалық мәслихаты Қазақстанда өкілетті орган — мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толуына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қазақстан Республикасының жергілікті мәслихаттары: кеше, бүгін, ертең» атты ғылыми-практикалық конференция өткізді. Жиынға өкілетті органдар өкілдерімен қатар университеттің оқытушылары мен студенттері бар — барлығы 600-дей адам қатысты.

Қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова мәжілісті қазақ тілінде жүргізіп отырды. Мінберге көтерілгендердің бәрі де мемлекеттік тілде сөйлеп жатты. Алайда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Кеңес одағы құлар алдындағы шақырылымның депутаты болған, кезінде «мызғымайтын бас дәрігер» атанған зейнеткер Ізбасқан Аймағамбетов ағамыз сөз алып күлкіге қалды.

«Осы залда отырғандар қазақ тілін жақсы біледі, қуанышты жағдай» деп бастады сөзін Аймағамбетов. Оның осы сөзін мақұлдаған және ризашылықпен қабылдаған студенттер қол соғып жіберді. Бірақ ағамыз одан әрі: «Мен екі тілде де жақсы білемін» деп алып, «түсінікті тілде» сөйлейтінін айтқан кезде залдағы студенттер уілдеп-гуілдеп қоя берді. Бірақ бұған қысыла қоймаған, жастардың наразылығын құлағына ілмеген Аймағамбетов орысша сайрай жөнелді. Ол өз ойын орыс тілінде кімге жеткізбек болғанын кім біліпті? Біздің білетініміз — конференцияның төрінде отырған университеттің департамент директоры Константин Цхай қазақ тілінде еркін сөйлейді.

Соғыс және еңбек ардагері Федор Чемоданов мемлекеттік тілде сөйлемесе де, жақсы түсінеді. Ал залдағы жастардың орысы да, орманы да қазақ тілінен құралақан емес. Сонда Аймағамбетов секілді ел танитын, дәрігер ретінде сырттай құрметпен қарайтын ағаларымыз мемлекеттік тілді «түсініксіз тіл» деп бағаласа, жастарға көрсеткен қай өнегесі? Бұған қалай ренжімессің?! Елбасын әбден мақтап-мақтап келіп (Елбасы оның мақтауына зәру емес шығар), еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайының қарыштап дамып отырғанын айызы қанғанша айтты. Бір кезде «артық кетіп қалған жоқпын ба» деп ойлады ма, «Недостатки есть, они у всех стран мира есть. Недостатки являются стимулом для дальнейшего развития государства» деп соқты.

Еліміз дамыған 30 елдің қатарына тезірек енуі үшін кемшіліктерге, кері кетушіліктерге, жемқорлық пен сыбайластыққа, жерлестікке, тамыр-таныстыққа көбірек жол берейік, 2025 жылға қарай Қазақстан халқының 85 пайызы қазақ тілінде сөйлеуі үшін әрбір жиналысымызды «түсінікті» тілде сөйлейік дегені ме сонда?! Жол сілтер ағалар осылай дегесін, «арбаның соңғы доғалағы қайда жүретіні» белгілі емес пе?

The post Аймағамбетов айды аспанға шығарды appeared first on Қазақия газеті.